Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы « География,кадастр және жерге орналастыру »
СӨЖ
Тақырыбы: Өз-өзіне қол жұмсау және оның негізгі түрлері
Орындаған: Қаирбекқызы А.
( кадастр 2- топ)
Тексерген: Арын Д. А.
Алматы, 2023ж
Жоспар:
Өз-өзіне қол жұмсау
Өз-өзіне қол жұмсау — өзін өмірден қасақана айыру, саналы түрде өмір сүруін тоқтату. Яғни, суицид дегеніміз адамның саналы мінез-құлқының актісі болып табылады. Көбінесе суицидті «аутожарақат», «аутоагрессия» терминдерімен байланыстырады. Егер аутоагрессия актісінің соңғы мақсаты- өз-өзіне қол жұмсау болса, онда аутоагрессияны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Бірақ психоз кезінде немесе есі дұрыс емес адамның абайсыз әрекеттерінің нәтижесінде өмірмен қоштасуы суицидке жатпайды. Себебі бұл әрекеттер өз-өзіне қол жұмсауға бағытталмайды. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлық деген анықтама бар. Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойлардың психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары : ішкі нысандар- суицидтік ойлар, уайымдар; ал сыртқы нысандар- суицидтік көріністер, суицид жасауға әрекеттену жатады. Адамның өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлауын кейбір сыртқы іс-әрекеттерінен білуге болады:
үмітсіздік, жалғыздық туралы жиі айтуы
олардың өмір сүруге деген ешқандай себеп-мақсаттары жоқ екенін айтуы
тым көп, не болмаса тым аз уақыт ұйықтауы
тым аз тамақтану немесе керісінше тым көп тамақтану нәтижесінде салмақ қосуы немесе жоғалтуы
басқалармен әлеуметтік қарым-қатынастардан алыс болуы
көңіл-күйінің күрт өзгеруі
өзіне зиян келтіру құралдарын іздеуі және т.б.
Суицидке әрекет етуге тек бір емес, бірнеше факторлар әсер етеді және бұл ұзақ уақыт бойы қалыптасуы мүмкін, мысалы: депрессия, шизофрения, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |