Жылғы 1 желтоқсанға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі76.12 Kb.
#3184


04-34

2008 жылғы 1 желтоқсанға арналған

облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2008 жылдың 1 желтоқсан айында облыс бюджетіне 106156,5 млн. теңге болжаммен 105353,5 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 66099,6 млн. теңге сомасында субвенция, нысаналы трансферттер мен қарыздар түсті.



Меншік кірістер 97,7%-ға орындалды. Аягөз, Жарма аудандары мен Өскемен, Семей қалалары мен облыстық бюджет бойынша кірістер жоспары орындалмады. Әлеуметтік салық (96,1%), орманды пайдаланғаны үшін төлем (64,1%), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (99,5%), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ММ бекітілген мүлікті сатудан түскен түсімдер (1,5%), жер учаскелерін сатудан түскен түсімдерді (52,0%) және жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан түскен төлемдер (96,9%) бойынша болжам орындалған жоқ.

Облыстық бюджеттің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17417,4 млн.теңге болжаммен 16688,5 млн.теңге меншік кірістері немесе 95,8%-ға орындалды.




Р

еспубликалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 106660,8 млн. теңге жұмсалды.

Ағымдағы қаржы жылына облыс бюджетінің жалпы көлемінен айтарлықтай үлесі ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 79,4%-дан келетін іске асыруға 84750,3 млн. теңгесі бағытталды.

Облыстың білім беруге 33503,1 млн. теңге немесе 98,3% жұмсалды, соның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1255,3 млн. теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 20204,9 млн. теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 19905,1 млн. теңге, мектеп-интернаттар – 224,5 млн. теңге, кешкі мектептер - 75,2 млн. теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 2558,8 млн. теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 1414,9 млн. теңге, колледждерге – 1090,3 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың 11 айында білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізіп беруге 457,6 млн. теңге, білім беру жүйесін ақпараттандыруға 172,3 млн. теңге бағытталған.

Жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 652,1 теңге жұмсалды, ол 98,9%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға өткен кезеңде 24419,7 млн. теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2008 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 219,2 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 462,4 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 535,7 млн. теңге көмек көрсетілді, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 457,5 млн. теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 99,7% немесе 409,0 млн. теңгені құрайды.

Жыл басынан бастап Тарбағатай ауданы Үштөбе, Бесқарағай ауданы Беген, Үржар ауданы Қаракөл, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдарындағы және Семей қаласындағы мектептер құрылысын жалғастыруға, Өскемен қаласындағы, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі, Катонқарағай ауданының Өрел ауылындағы, Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы мектептерінің, сондай-ақ Үржар ауданы Благодарное және Науалы ауылдарындағы орта мектеп құрылыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 3085,1 теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттің қаражаттары білім беру объектілерін дамытуға жұмсалып жатыр, Тарбағатай ауданы Шорға, Ұлан ауданы Бестерек және Митрофановка, Катонқарағай ауданы Жаңа Үлгі, Күршім ауданы Аманат ауылдарындағы бұрын басталған мектеп құрылысы және Зырян ауданы Серебрянск қаласындағы «Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің құрылысы аяқталмаған асхана ғимаратын қайта жаңғырту жалғастырылды. Күршім ауданы Теректі-бұлақ ауылындағы орта мектеп құрылысы, сонымен қатар Бородулиха ауданының Бородулиха және Жерновка ауылдары, Зайсан қаласы, Зырян ауданы Серебрянск қаласы, Аягөз ауданы Ақши ауылындағы жаңа мектептердің құрылысына арналған ЖСҚ әзірлеу және де «Нижние Таинты» демалыс базасын Ұлан ауданы Тайынты ауылындағы балалар лагері етіп қайта жаңарту жұмыстары басталды. Облыстық бюджеттің бұл мақсаттарға көзделген шығыстарының жалпы көлемі 984,0 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 11 айында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2336,8 млн. теңге жұмсалды, олар Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы орталық аудандық аурухана және ШҚО Өскемен қаласының онкологиялық диспансеріндегі сәулелі терапия орталығының құрылыстарын жалғастыруға бағытталды. Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы орталық аудандық аурухана, Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы құрылыстары мен Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық бюджет қаражаттарының есебінен 100 орынға арналған Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы аудандық және 50 орынға арналған Ақжар ауылындағы туберкулезбен ауыратындарға арналған аурухананың құрылысы аяқталып келеді, сонымен қатар Зырян ауданы Первороссийское ауылындағы 75 орынға арналған ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына арналған ЖСҚ әзірленуде. Шығысталған облыстық бюджет қаражаттарының жалпы сомасы 9,4 млн. теңгені құрайды.

Елді мекендердің сумен қамту жүйесін дамытуға ағымдағы жылдың 11 айында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 1091,5 млн. теңге жұмсалды. Жарма ауданы Георгиевка, Бородулиха ауданы Бородулиха, Аягөз ауданының Бидайық, Қосағаш, Мәдениет ауылдарындағы және Үржар ауданы Үржар, Көктерек, Южное, Алтыншоқы және Тас-Арық ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Зырян ауданы Октябрьский кентіндегі, Бородулиха ауданы Дмитриевка және Коростели, Үржар ауданы Ақсаковка, Ұлан ауданы Алмасай, Аягөз ауданы Сарыарқа ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту басталды.

Тұрғын үй құрылысын дамыту арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларындағы, Бородулиха мен Абай ауылдарындағы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылыс жұмыстары жалғастырылды, игеру сомасы 887,2 млн. теңгені құрады, Семей және Зайсан қалаларындағы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы, Риддер қаласындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын тұрғын үй етіп қайта жаңарту жұмыстары басталды. Игерілген қаражаттар сомасы 420,6 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Риддер қаласының айналма жолының құрылысын жалғастыруға 652,7 млн. теңге жұмсалды. «Дмитриевка-Вавилонка-Шемонаиха», «Көкпекті-Самар», «Шемонаиха-Секисовка», «Аққайына кіре берісі – көмiр кенiшi» автожолдарын күрделі жөндеу, сондай-ақ «Семей-Қарауыл» автожолын күрделі жөндеуге арналған ЖСҚ әзірлеу жалғастырылуда, «Семей-Курчатов», «Большенарым-Күршім», Семей-Долонь-Бесқарағай», «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды, бұл іс-шараларға 1086,9 млн. теңге бағытталып отыр.

Ішкі істер органдарының базасын нығайту үшін облыстық жол полициясы басқармасының ғимараттарының құрылысы мен қайта жаңғырту жалғастырылды, оған 117,5 млн. теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылы дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту бойынша облыстық бюджет есебінен Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қайта жаңғырту және Семей қаласының спорттық-сауықтыру кешенінің, Үржар ауданы Үржар, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдарының, Ұлан ауданы Молодежный кентінің спорттық модульдерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр, жұмсалған қаражаттардың жалпы көлемі 567,6 млн. теңгені құрады.

Біршама қаражат ауылшаруашылығы салаларын қолдау көрсету және дамытуға жұмсалады. Есепті кезеңінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 3462,8 млн.теңге тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға жұмсалды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 21 ауыл шаруашылық құрылымдарын кредиттеуге 485 млн.теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылдың 11 айында ағымдағы табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге 129,2 млн.теңге бағытталды, оның есебінен Өскемен қаласының атмосфералық ауаның ластану жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар, облыстың бюджет ұйымдары мен тұрғындарынан сынапқұрамды қалдықтарын жинау және көму, сонымен қатар, басқа да ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар жүргізілді.

2008 жылға республикалық бюджеттен дамытуға 21 394,8 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер қарастырылған, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 7 179,5 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер – 14 215,3 млн.теңге, сонымен қатар тұрғын үй құрылысына арналған қарыздар – 1 123,0 млн.теңге қарастырылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысымен түзетілген көрсеткіштерге өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты облыс бойынша нысаналы трансферттер көлемі 19 624,0 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 7 274,0 млн.теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер- 12 350,0 млн. теңге.

11 ай ішінде нақты республикалық бағдарламалардың әкімшілерінен 17 867,8 млн.теңге түсті, оның 16 112,5 млн.теңгесі орындалауды немесе республикалық бюджеттен бөлінген 90,2%-ын құрады. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына 1089,2 млн. теңге кредит алынды, оның 524,7 млн.теңгесі игерілді.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру 93,4%, пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 453,5 млн.теңге; дамытуға арналған нысаналы трансферттер 88,1%-ды, қалдық 1301,8 млн.теңгені құрады. Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 1091,5 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –182,4 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 702,2 млн. теңге, білім беру объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 3085,1 млн. теңге, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 2336,8 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 887,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы дамытуға – 1723,9 млн. теңге, мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға – 19,2 млн. теңге жұмсалды.

орынд. Рыльская Н.И.

Пахомова Г.В.

Кенжетаева Л.К

Слободнянюк С.М.



Манеева Л.А.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет