Тақырыбы: Атадан қалған –асыл мұра \Б. Момышұлы\ Мақсаты



бет1/4
Дата19.02.2022
өлшемі23.64 Kb.
#455561
  1   2   3   4
Атадан қалған - асыл мұра


Тақырыбы: Атадан қалған –асыл мұра \Б.Момышұлы\
Мақсаты: Оқушының бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу.
Көрнекілігі: Б. Момышұлының үлкен портреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сауалнама.
(Мұғалім тәрбие сағатын ой талқыдан бастайды. Сахна төріне Б.Момышұлының үлкен портреті ілінеді.)
Мұғалім: Амансыңдар ма, балалар? Сендер мына суреттегі кім екенін білесіңдер ме? (Жауап алынады)

  • Ол неге мұнда тұр?

  • Ол кім?

  • Ол қандай ерлік жасады?

  • Бауыржан аталарың жайлы кім не біледі?

  • Оның қандай шығармасын оқыдыңдар?

Мұғалім: Бауыржан атаның сөздік портретін жасадық. Енді оны толықтырайық.
Сауалнама: (тақтаға ілінген сауалнаманы мұғалім айта тұрып толықтырады)
Бауыржан ата кім?

  1. Туған жылы:__________________________________________________

  2. Туған жері: ___________________________________________________

  3. Ата- анасы: ___________________________________________________

  4. Білімі:________________________________________________________

  5. Ерлігі: _______________________________________________________

  6. Әскери шені:__________________________________________________

  7. Қызметі:______________________________________________________

  8. Наградалары: _________________________________________________

  9. Мінезі:_______________________________________________________

  10. Шығармалары:________________________________________________

  11. Мақсаты:_____________________________________________________

  12. Отбасы:______________________________________________________

(Мұғалім әсерлі баяндап береді)
Б.Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жаулы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі-Разия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасында төрт қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында, Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі 1 жаснда қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмамдады. 1921 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітірді. Жиырма жастан сәл асқан кезде,міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен мәңгілікке байланыстырады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қаншама Кеңес адамы сол соғыста мерт болды.
Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты, Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.
Соғыс – адамзат өмірінің трагедиясы.
Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғыста Кеңес Одағының миллиондаған адамы болды. Мазасыз сол күндерде Б.Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де – осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүрді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланған туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.
1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай баталбон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери Академияда әскерипрофессор болды. Б.Момышұлы Еңбек Қызыл ту, 1-жәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. 1955 жылы қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда, әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.
Балалар, мен сауалнаманы толықтыруды Бауыржан ағаның «Ескертпе» өлеңімен аяқтайын. (Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі оқылады)
Найзадан қол босаса, қалам алдым,
Толғанып, оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді
Жалтақтамай, именбей, ашық жаздым.
Осылай деп жырлай отырып, өзінің көптеген ерлікке толы, тәрбиелік мәні зор шығармаларын жазды. Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабы шықты, «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя» кітаптарын оқыған боларсыңдар? Халық батыры, жазушы, ақылшы-ата жайлы кім не деген екен, сонмен танысайық, тақтадағы жазылған парақтарды оқиық.
(Оқушылар біртіндеп оқиды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет