Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке



Дата23.02.2016
өлшемі34.81 Kb.
#4681
Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1142 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 43, 574-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 3 желтоқсан N 272

      "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш pет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2005 жылғы 21 қарашадағы 
N 1142 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс


сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару
қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған
объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету
жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға,
эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту
ережесi

      1. Осы Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Меншiк нысанына қарамастан, соғыс жағдайы кезеңiнде жұмыс iстеуiн жалғастырып жатқан ұйымдар, азаматтар мен еңбекке қабiлеттi жастағы басқа адамдар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы жарияланған кезде қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға (бұдан әрi - қорғаныс сипатындағы жұмыстар) тартылады.

      3. Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға тартуды соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы жергiлiктi атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс бастықтары - әкiмдер арқылы әскери басқару органдары ұйымдастырады.

      4. Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарға тарту туралы шешiм соғыс жағдайы енгiзiлген жергiлiктi атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери басқару органы басшысының тиiстi бұйрығымен жеткiзiледi және ресiмделедi.

      5. Азаматтар және басқа адамдар соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы Азаматтық қорғаныс бастығының шақыртуы бойынша қорғаныс сипатындағы жұмыстар үшiн көрсетiлген орынға және уақытта келедi.

      6. Қорғаныс сипатындағы жұмыстар үшiн тартылатын ұйымдар, азаматтар және басқа адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келiсiмдерде көзделген азаматтық қорғаныстың мiндеттерiн орындайды.

      7. Жергiлiктi атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс бастықтары - әкiмдер тиiстi аумақтағы өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күрестi жүзеге асырған кезде тартылатын адамдарды арнайы киiммен және керек-жарақпен қамтамасыз етедi.

      8. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы ұйымдар, азаматтар және басқа адамдар әскери жағдайды және өздерiне Қазақстан Республикасының  заңнамасында жүктелген өзге де жұмыстарды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың талаптарын орындайды.

      9. Әскери басқару органдары қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды тартқан кезде, осы Ережеге қосымшаға сәйкес олардың осы жұмыстарға қатысқандығын растайтын құжат бередi. Құжатқа әскери басқару органының басшысы қол қояды және мөрмен бекiтiледi.

Ұйымдарды, азаматтарды және басқа 
адамдарды қорғаныс сипатындағы   
жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың
қару қолдануының салдарын жоюға,  
зақымданған, қираған объектiлердi,
халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз
ету жүйесiн қалпына келтiруге,  
сондай-ақ өртке, эпидемияға,    
эпизоотияға қарсы күреске қатысуға
тарту ережесiне          
қосымша               

__________________________________________________________________


  (ұйымның атауы, жұмыстарды орындауға тартылған, азаматтың немесе
                          басқа адамның Т.А.Ә.)

20__ жылғы ______________________________________________ кезеңiнде


________________________________________________________ жұмыстарын
           (жұмыс түрiн көрсету қажет)

орындауға тартылды.

Әскери басқару органының атауы

_________________________________________     Басшының Т.А.Ә.


(әскери басқару органы басшысының қолы)
                                                  M.O.

(қол қойылған күнi)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет