Ұйымдардың тауарларды,жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі51.06 Kb.
#8293
Ұйымдардың тауарларды,жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 688 Қаулысы

   


 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 360-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң 2010 жылғы «20» қыркүйектегі № 964 қаулысымен  
бекiтiлген


Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi

сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң

бiрыңғай әдiстемесi
1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi (бұдан әрі – Бiрыңғай әдiстеме) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарына, «Ұйымдар мен мемлекеттiк органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

2. Бiрыңғай әдiстеме:

1) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

2) ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;

3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген тұлғалардың;

4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингiне жататын ұйымдардың;

5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiне арналған.

3. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:

1) қазақстандық қамту бөлiгiнде сатып алу бойынша мiндеттемелердiң сақталу мониторингi және оны бақылау;

2) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жеткiзудегі отандық кәсiпорындардың тартылу дәрежесiн айқындау;

3) отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн бағалау.

4. Тауарларды жеткiзуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:



мұндағы:



n – тiкелей де, қосалқы мердiгерлiк шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау мақсатында жеткiзушi сатып алған тауарлардың жалпы саны;

i – тауардың реттiк нөмiрi;

ТҚii-тауардың құны;

Қi – «СТ-КZ» сертификатында көрсетiлген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесi;

Қi = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;

S – тауарларды сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

5. Жұмыстарды (қызметтердi) жеткiзуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:



мұндағы:



n – жұмыстарды (қызметтердi) сатып алу шартын орындау мақсатында жеткiзушi және қосалқы мердiгерлер сатып алатын тауарлардың жалпы саны;

i – сатып алынатын тауардың реттiк нөмiрi;

ТҚi i-тауардың құны;

Қi – «СТ-КZ» сертификатында көрсетiлген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесi;

Қi = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;

m – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты (қызметті) жеткізу мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;

j – шарттың реттiк нөмiрi;

ШҚj j-шартының құны;

ЖҚj j-шарты шеңберiнде мердiгер немесе қосалқы мердiгер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

ШЖҚjj-шартын орындау шеңберiнде жасалған қосалқы мердiгерлiк шарттардың жиынтық құны;

Rjj-шартын орындайтын жеткiзушiнiң немесе қосалқы мердiгердiң қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесi;

S – жұмысты (қызметтi) сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

6. Есептi кезеңде тапсырыс берушiнiң сатып алуындағы қазақстандық қамтуды (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:



мұндағы:



n – тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жеткiзушiлермен жасалған шарттардың жалпы саны;

i – шарттың реттiк нөмiрi;

ШҚi – жеткiзушiлермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу туралы жасалған i-шарттың құны;

ҚҚi сатып алу туралы i-шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жеткiзушiнiң қазақстандық қамтуы;

S – тапсырыс берушi есептi кезеңде сатып алған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң жалпы құны.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет