Қабылдаған: Қалдыгозова М Орындаған: Узақбаева У Мамандық: В18МРОЗ-1 Сыртқы орта дегеніміз — ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады. Сыртқы орта сипаттамалары: Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б. Сыртқы ортаның қозғалмалылығы; Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі; Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.
Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде:
- жабдықтаушылар;
- материалдар, капитал, еңбек ресурстары;
- тұтынушылар;
- бәсекелестер қарастырылады.
- Тура әсер ететін факторлар – деп ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады. - Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттеп отыра алмайды. Жанама әсер ететін факторларға жататындар: -саяси жағдай; -табиғаттық; -экологиялық; -әлеуметтік; -мәдени; -ғылыми-техникалық факторлар болып табылады. Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз – ішкі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторларды ұйымның ішкі айнымалылары деп те атайды. Оған жататындар: . Ол кез-келген ұйымның қажетті және жеткілікті нәтижесі болып табылады. Ұйымдардың көздеген мақсаттары көп болғандықтан, «әр түрлі бағыттағы мақсаттар теориясын» қолданады. Ұйым мақсатының келесідей сипаттамалары бар: -Уақыт факторының негізделуі; -Қойылатын мақсаттың нақты болып келуі; -Мақсаттың қол жетімді болып келуі.
Достарыңызбен бөлісу: |