Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Реферат
Тақырыбы: «»
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Педагогика ғылымының орны
2.2 Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары мен адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орны
2.3 Басқа ғылымдармен байланысы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1Кіріспе
Бір ғана құбылыс немесе затты зерттей отырып, әр ғылым өз зерттеу объектісін бөліп алады, яғни қоғам мен табиғат даму үрдісінің белгілі бір жағын, объективті дүние болмысының формасын. Тәрбиені объективті өмір сүретін қиын құбылыс ретінде көп ғылым зерттейді. Мысалы, тарихи материализм тәрбиені қоғам дамуының, оның өндіруші күші мен өндірістік қатынастар жеке моменті ретінде; тарих – тарихтың таптық күресі мен таптық саясат жеке моменті ретінде; психология – дамушы адам тұлғасының қалыптасуын зерттеуге байланысты қарастырады. Кез келген ғылымның тәуелсіздігі ерекше және өзінің, басқа ғылым зерттемейтін зерттеу объектісінің болуымен анықталады.
Жалпы ғылымдар жүйесінде педагогика адам тәрбиесін зерттейтін жалғыз ғылым. Кез – келген ғылым мәнін түсіну келесі сұрақтардан басталады: бұл ғылым қалай пайда болды және дамыды, негізгі зерттейтін проблемасы қандай?
Шын мәнісінде, әр ғылымның өз тарихы бар өзі зерттейтін қоғамдық немесе табиғи құбылыс нақты объектісі және оның теориялық негізін түсіну үшін маңызы бар білім. Онсыз ол ғылым дами алмайды. Сол себепті оқу – тәрбие орындары саны өсуде, балаларға қажетті дайындық беретін халық мектептері жүйесі кеңеюде, мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылуда, педагогика ерекше ғылым пәні ретінде оқытылуда. Осының барлығы педагогикалық ғылымның дамуына себепші болды.
Бала мен жастар тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде пайда бола отырып, тәрбие шекарасының және қоғам өміріне субъективті факторлар әсер ету аймағының өсуіне байланысты педагогика барлық жастағы адамдарға тәрбиелік әсер ету жалпы заңдылықтары жайлы ғылымға айналуда.
Әрбір ғылым, дами отырып, өз теориясын толықтырады, жаңа мазмұнға ие болады және өз зерттеуінің көлемін ұлғайтады. Бүгінгі күнде «педагогика» ұғымында педагогикалық ғылымдардың тұтас жүйесі қарастырылады.
Педагогика ғылым ретінде, жекелеген педагогикалық пәндерге бөлінеді:
1. Жалпы педагогика, адам тәрбиесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді; тәрбиенің мәні, мақсаты, міндеттері мен заңдылықтарын, оның қоғам өміріндегі ролін және тұлғаның дамуын, білім беру мен оқыту үрдісін ашып көрсетеді.
2. Жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік даму кезеңдеріндегі адам тәрбиесі ерекшеліктерін зерттейді.;
3. Арнайы педагогика – дефектология, аномальды балалар тәрбиесі мен оқыту, даму ерекшеліктерін зерттейді. Ол өз кезегінде келесідей бөлінеді: изучающая особенности развития, обучения и воспитания аномальных детей. Которая в свою очередь распадается на ряд отраслей: сурдопедагогика – саңырау және мылқау балалар тәрбиесі мен оқыту сұрақтары, соқыр және нашар көрушілер – тифлопедагогика, ақыл – есі төмен – олигофренопедагогика, тілінде мүкісі бар балалар – логопедия;
4. Жеке әдістеме, жекелеген пәнді (шетел тілі, математика, тарих, физика, биология, зимия және т. б.) оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдану ерекшеліктерін зерттейді;
5. Педагогика тарихы, түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар дамуы мен тәрбие тәжірибесін зерттейді.
Педагогика ғылымының басқа да жекелеген салалары дамуда, яғни олар кәсіби техникалық білім беру, жоғарғы мектеп педагогикасы, әскери педагогика, түзетуші – еңбек педагогикасы. Педагогиканың келесі бөлімдері қалыптасуда: мектептану, отбасы тәрбиесі педагогикасы, балалар және жасөспірімдер педагогикасы, мәдени – ағарту жұмыстары педагогикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |