Жинақтар. Көзделген мақсатқа қалай жету



Дата03.03.2016
өлшемі52.46 Kb.
#36190
Жинақтар. Көзделген мақсатқа қалай жету.
Мақсат қою барлығына тән. Мақсат қарапайым да болады мысалы, ақшаны қажетіне қарай кейінге қалдыру немесе ірі сатып алынған заттар (машина, үй) немесе лайықты қартыққа жинауға да болады.

Кез келген жағдайларда мақсатты өмірге іске асыруға болады – әрбір шығынды және қорды жоспарлау маңызды.




Қор жинау бойынша Сіздің жоспарыңыз

Қор жинау жоспарын жасау үшін ықтимал мақсаттарын анықтау қажет, мысалы:



  • Сіз үшін ең маңызды?

  • Қанша бұл тұрады?

  • Осыған қалай жете аласыз?


Менің мақсаттарым


Мақсат

Бұл қанша тұрады?

Осыған қашан жете аласыз?

Бір айда маған қанша жинау керек?

Турцияда демалу

270 000 теңге

1 жылдан кейін

4 821 теңге


Өз мақсатыма қашан жетемін?

Қалай үнемдеу керек?

Бір аптада қанша үнемделеді?

Бір айда қанша үнемделеді?

Бір жылда қанша үнемделеді?

Кинотеатрға бару орнына фильмді жалға аламын

1 000 теңге

4 000 теңге

48 000 теңге

Кафеде түскі тамақ орнына жұмысқа үйден түскі тамақ аламын

3 500 теңге

14 000 теңге

168 000 теңге


Қор жинау бойынша жоспарды пайдалану


  1. Өз мақсатыңыздың тізімін жасаңыз (борыштарды төлеу, демалыс, ірі сатып алынған зат) және қажетті уақыт және оларға жету үшін ақшаны есептеңіз.

  2. Өзіңіздің барлық болатын шығыстарды жазыңыз. Олардың ішінен ең маңыздыларын анықтаңыз және оларды қысқартуға уақыт жоспарлаңыз.

  3. Сіздің жасалған жоспарыңызды басып шығарып алыңыз және жоспарға сәйкес іс-әрекет жасап дәлелдеу үшін көрінетін жерге қойыңыз.


Қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттарға жинақтар
Қысқамерзімді мақсаттар өзіне жуық арада екі жыл ішінде (мысалы, кредиттік карточканы өтеуге, телевизор сатып алуға, курортта демалуға) мақсатқа жететін ниетіңізді қамтиды.

Ұзақмерзімді мақсаттар Сіз 5-10 жыл ішінде жететін ниетіңізді қамтиды (мысалы, машина, үй сатып алу, балаларға білім беру).

Ең бастысы – тиімді мақсатты орындау кестесін жасау. Мақсатқа жету үшін үнемдеудің ең жақсы тәсілі бұл керек емес шығыстарды қысқарту (көңіл көтеру, ресторандарда түскі ас және т.б.). Өз ақшаңызды жинақтау және оларды көбейту бойынша шешімдердің бірі банктік салым болып табылады.

Банктік салым шарты бойынша банк салымшыдан ақшаны қабылдауға, ол бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіпте сыйақы төлеуге және осы түрінің салымы үшін заңнамалық актісімен және шартымен көзделген талаптарда және тәртіпте салымды қайтарып беруге.

Салымдарды қайтару талаптарына байланысты олар талап еткенге дейін салымға, мерзімді салымға және шартты салымға бөлінеді.

Талап еткенге дейін салым салымшының бірінші талабы бойынша толығымен немесе ішінара қайтарылуға тиіс.

Мерзімді салым белгіленген мерзімге енгізіледі.

Шартты салым банктік салым шартымен белгіленген жағдайлар басталғанға дейін енгізіледі.

Депозит жағдайы Сізге ыңғайлы екенін анықтау үшін Сіз мыналарды бағалауға тиіссіз:


  • сыйақы мөлшерлемесінің және жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшері, сыйақыны есептеу тәсілдері және төлем мерзімділігі;

  • депозитке қызмет көрсету комиссиясы;

  • салым шартын мерзімнен бұрын бұзған кезде қаншалықты шығындаласыз.

Сондай-ақ Сіз таңдаған банк уәкілетті мемлекеттік органның депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар екеніне көз жеткізу керек. Лицензиясыз депозиттерді қабылдайтын «Казпочта» АҚ болып табылады.

Қазақстандықтардың салымдарының қауіпсіздігіне оның негізгісі салымшыларды қорғау және қаржы жүйесінің тұрақтылығына көмек көрсету болып табылатын Депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді. Қор салымның толық мөлшердегі сомасы бойынша, бірақ 5 000 000 теңгеден астам емес өтейді. Бұл ретте салым бойынша есептелген сыйақыны Қор өтемейді. Өтеу салымның түрі мен валютасына қарамастан барлық салымдар үшін көзделген. Толық ақпаратты www.kdif.kz сайтынан ала аласыз.

Ақиқат қарапайым – неғұрлым көп және ертеден бастап жинай бастасаңыз, соғұрлым Сіз өз жоспарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Салым валютасы
Валюта тәуекелдерді азайту үшін өз шығыстарыңызды қай валютада төлегеніне байланысты депозит ашуға тиімді. Шетел валютасындағы сыйақы мөлшерлемесі теңгемен салыстырғанда екі есеге төмен.
Тиімді сыйақы мөлшерлемесі
Банктер әртүрлі шартта салымдарды: салым сомасына сыйақыны капиталдандырумен ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын төлемімен ұсынады. Кейбір банктер комиссияны өндіріп алады, басқалары – өндіріп ала алмайды.

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы факторларды ескереді және жай пайызы түрінде мәнін білдіреді.

Осы мөлшерлемені білу Сізге банктер ұсынатын қор жинаудың түрлі нұсқаларын бағалауға мүмкіндік береді.

Конец формы

Конец формы
Депозит бойынша сыйақыны есептеу
Сіздің ақшаңыздан көп тиімділігіне жету үшін салымды және инвестициялаудың қолайлы деңгейін сауатты таңдау үшін, Сізге сыйақыны капиталдандырумен және капиталдандырусыз салымдарды орналастыру принциптерін түсіну керек.

Капиталдандырусыз салым бойынша банктік салым шартында айтылған мөлшерде және мерзімде үнемі төленеді.

Сыйақыны капиталдандырумен салымдар бойынша салым сомасына келесі айға сыйақы есептелетін ай сайынғы сыйақы қосылады.

Сыйақыны капиталдандырумен және капиталдандырусыз салымдар бойынша жиынтық сыйақы мөлшерін Ұлттық Банкінің nationalbank.kz сайтында Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау – калькуляторлар – депозит бойынша сыйақыны есептеу бөлігінде салыстыруға болады.



Ақшаны кейінге қалдыра білу – бұл өз өзін баулитын маңызды дағды. Өз кірісінің бір бөлігін үнемі кейінге қалдыруды үйреніп алып, Сіз соншалықты көп жинай алатыңызға таң қаласыз. Салымда тұрақты жинақтау Сізге жақсы қаржылық болашақты қамтамасыз етеді. Бастысы – бұл тұрақтылығы.

Сондай-ақ өз бетімен білім алу. Неғұрлым ертерек өз қаржылық сауаттылығын оқи бастасаңыз соғұрлым жылдамырақ нәтижесіне жетесіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет