Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы



Дата12.07.2016
өлшемі222.7 Kb.
#192997
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 11:54:11
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 Қаулысы

(2012.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 44) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберілсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

 


Төраға

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2005 жылғы 26 наурыздағы

109 қаулысымен бекітілген



 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау



ережесі

 

Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.29.10. № 390 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының  2009.05.08 № 187 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:

1) өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын қаржы құралдары;

2) өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;

3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.

Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының ағымдағы құны:

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап - жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 40 (қырық) пайызынан аспайды;

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап - жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап - жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 15 (он бес) пайызынан аспайды;

Қаржы құралын «өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатынан «сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары» санатына ауыстырған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі бірлесіп - ұйым деп аталады), ауыстыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға (уәкілетті орган) осындай шешім қабылдауының себептерін көрсете отырып, ауыстыру туралы хабарлама жібереді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.29.10. № 390 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Сатып алынған бағалы қағаздарды жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатқызу ұйымның инвестициялық комитеті шешімінің негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылады (күшіне енетін мерзімін қара)



2-1. «өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатында мынадай бағалы қағаздар есепке алынады:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігіне шығарылған бағалы қағаздар;

2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен шығарылған облигациялар;

3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды



3-1. Қаржы құралы бастапқыда жинақтаушы зейнетақы қорының активтері құрамында танылған кезде осы қаржы құралы әділ құны бойынша бағаланады. Қаржы құралының әділ құнына осындай қаржы құралын сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты  мәміле шығындары кіреді.

Әділ құны деп осы Ереженің 7, 7-1, 7-2, 8, 8-1 және 9-тармақтарына сәйкес анықталатын құны түсініледі.

ҚР Ұлттық Банкінің 2012.30.01. № 20 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады)

3-2. Зейнетақы қорында 2011 жылғы 31 желтоқсанда болған инвестициялық портфелін консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдеріне бөлуді жүзеге асыруда консервативтік инвестициялық портфельде әділ құны бойынша бағаланатын, өзгерістері кірістің немесе шығынның құрамында көрсетілетін, сату үшін қолда бар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 тамызда № 5794 болып тіркелген) 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары және ақша есепке алынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.29.10. № 390 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша сыйақыны есептеу күн сайын жасалады және қаржы құралын есепке қойған күннен кейінгі күнінен басталады.

Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары бойынша санатына белгіленген дисконт немесе сыйлықақы, қаржы құралдары деректерін сатып алған сәттен бастап оларды қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өтелген мерзімге дейін амортизацияланады.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және екінші деңгейдегі банктер салымдарында орналастырылған активтердің ағымдағы құны банк салымның шартында көрсетілген кезеңіне сыйақы сомасын күн сайын есептеу арқылы белгіленеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Егер сатып алған сәтіне дейін кезеңіне есептелген сыйақымен бағалы қағаздарды ұйымдар сатып алса, онда оларды сатып алған күні сыйақы төлем жасау күнімен дәл келмегенде ұйым немесе қор сатушыға бағалы қағаздар құнынан басқа соңғы төлем сәтінен өткен кезеңіне тиесілі сыйақыны төлейді және оны жеке ескереді. Сыйақының төлемақы мерзімі кезегі келген кезде оны ұйым барлық кезеңіне алады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.29.10. № 390 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.10. № 227 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.30.06 № 98 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 105 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 16 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы тармақпен белгіленген критерийлерге сай оларға қатысты белсенді рынок болғанда, Қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларының белсенді рыногының болу критерийлері ретінде мынадай көрсеткіштер көрсетіледі:

1) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде маркет-мейкерлердің ешқайсысының да бағаланатын акциялары бойынша сұраныс пен ұсыныс арасындағы міндетті баға белгілеудің барынша төмен көлеміне қолдау көрсету және спрэд талаптары, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарымен осы акциялардың маркет-мейкерлері үшін белгіленген басқа міндетті талаптары бұзылған жоқ;

2) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде бағаланатын акциялар бойынша ашық сауда әдісімен өткен сауда-саттық көлемі елу миллионнан кем емес теңгені немесе көрсетілген шамалардың қайсысы ең төменгі болып табылатынына байланысты эмитенттің жекеше капиталы мөлшерінің оннан бір пайызын құрайды;

3) ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.30.06 № 98 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара)



4) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде он мәміле жасалды;

5) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде қор биржасының оннан кем емес мүшесі осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасады.

Спрэд деп маркет-мейкерлер сатып алудың жарияланған бағасы мен өзі хабарлаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған қаржы құралдарын сатудың немесе баға белгілеу тәсілінің (тілегін білдіру) айырымы түсініледі, ол бойынша қор биржасының мүшесі қаржы құралдарының сатып алынатын бағасы мен жарияланған сатудың бағасы және қор биржа мүшесі жариялаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған сату бағасын көрсетеді.

Маркет-мейкер деп маркет-мейкер ретінде қор биржасы таныған және өзіне әрдайым бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес хабарлауға және қолдауға міндеттеме алған қор биржасының мүшесі түсініледі.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы баппен анықталған критерийлерге сәйкес оларды сатып алған сәтте белсенді рынок болмағанда, осы Ереженің 9-бабына сәйкес анықталатын сәйкестендірілген құнын анықтау күніне дейінгі сатып алынатын құны бойынша анықталатын сәйкестендірілген құнын анықтау күніне дейінгі сатып алынатын құны бойынша әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңында жүзеге асырылады.

Егер, бұрын белсенді рынок болмаған акциялар бойынша белсенді рынок белгіленген жағдайда, осы акциялар бұдан әрі Әдістемеге сәйкес әр апта сайын бірінші жұмыс күннің соңындағы жағдай бойынша бағаланады.

Белсенді нарығы болмаған кезеңінде, бұрын белсенді нарығы болған акциялардың құны осы Ереженің 9-тармағына сәйкес анықталатын сәйкестендірілген құны бойынша әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында анықталады.

Қор биржасы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ресми интернет-ресурсында мынадай мәліметтерді орналастырады:

1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес осының алдындағы аптаның соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларына қатысты белсенді нарықтың болуына немесе болмауына қатысты;

2) қор биржасының ресми тізіміне кіргізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының, егер осы бағалы қағаздар бойынша қор биржасы сауда-саттық ашқан жағдайда осы Ереженің 9-1-тармағына сәйкес анықталатын құны туралы;

3) қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталатын өзге мәліметтер.

Құны (кірістілігі) Әдістемеде белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздарды өтімді емес борыштық бағалы қағаздар деп түсінуге болады.

Ұйым 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады. Ұйым 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алған акциялар баланстық құны бойынша есепке алынады.

Осы Ереженің мақсаттары үшін жай акцияларының баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны деп тиісінше уәкілетті органмен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын жай акциялардың құны мен артықшылық берілген акциялардың құны түсініледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.10. № 227 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.15.07. № 105 Қаулысымен 7-1-тармақ жаңа редакцияа (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан өзге, қаржы құралдары деп есептелетін, өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және саудада қолда бар қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін әділ құнына амортизация есебінен ағымдағы жиынтық құны бойынша есептелінеді. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының 2010 жылғы 1 қазаннан кейін сатып алынған өтімді емес борыштық бағалы қағаздары осы Ереженің 9-1-тармағына сәйкес анықталатын және қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын әділ құны бойынша есептелінеді.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарына делистинг жүргізілген жағдайда бағалау мақсаттары үшін қор биржасы соңғы есепті күнге жариялаған осы бағалы қағаздардың  әділ құны пайдаланылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.10. № 227 Қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен 7-2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 7-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-2. Тек халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында ғана айналыста болатын өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының бағалауы әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің орташа бағасы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің, шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы аумағында айналыста болатын борыштық бағалы қағаздардың бағалауы Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің сұраныс пен ұсыныстың соңғы бағаларының арасындағы орташа мәні бойынша жүзеге асырылады.

Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде бағаланатын қаржы құралдары бойынша ақпарат болмаған жағдайда бағалауы осы құралын бағалауды жүзеге асыратын кем дегенде үш қарсы әріптес ұсынған баға белгілеулерінің орташа мәні бойынша жүзеге асырылады.

Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде бағаланатын бағалы қағаздар туралы ақпарат болмаған жағдайда және қарсы әріптестерден бағаланатын қаржы құралы бойынша баға белгілеуді жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы хабарлама алған кезде:

үлестік қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін ағымдағы жиынтық құны пайдаланылады;

борыштық қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін номиналды құнына дейінгі амортизация ескерілген ағымдағы жиынтық құны пайдаланылады.

Осы қаулының мақсаттары үшін қарсы әріптес деп Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәміле жасасуға құқығы бар заңды тұлға танылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының  2008.29.10 № 168 Қаулысымен 7-3-тармақпен толықтырылды

7-3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Тазартылған қымбат металдар Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша апта сайын есептелінеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08. № 152 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Хеджирлеу құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес белгіленген әділ құн бойынша, апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.29.10. № 390 (бұр. ред. қара); 2006.12.08. № 152 Қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08 № 187 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.15.07. № 105 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 16 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді



9. Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары ретінде есепке алынатын, оларға қатысты осы Ереженің 7-тармағында айқындалған критерийлерге сәйкес белсенді нарығы жоқ және (немесе) бағалауы Әдістемеде көзделмеген қаржы құралдарының әділ құны мыналарды есепке алу арқылы анықталады:

1) акциялар сатып алу бағасы бойынша сәйкестендірілген құнын анықтау күніне дейін. Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын қаржылық есептілігінде көрсетілген, не қор биржасының ресми интернет-ресурсында осындай ақпарат болмаған жағдайда «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 76-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес жарияланатын қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын баланстық құнына, мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады:



егер ағымдағы құны баланстық құнынан ауытқуы 1-1,5 есе болса, он екі ай ішінде;

егер ауытқуы 1,5 - 2 есе болса, жиырма төрт ай ішінде;

егер ауытқуы 2 еседен көп болса, отыз алты ай ішінде;

2) мемлекеттік емес облигацияларды және мемлекеттік бағалы қағаздарды, әр апта сайын ағымдағы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында амортизацияланған құны бойынша;

3) пайларды, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған соңғы есептелген құны бойынша.

Ұйымның аптаның бірінші жұмыс күні сатып алынған қаржы құралдары келесі күнінің соңында қайта бағаланады.

Ұйымның аптаның екінші және соңғы жұмыс күнін қоса алғандағы аралықта сатып алынған қаржы құралдары осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес есепке алған күнінен кейін келетін жұмыс күнінің соңында қайта бағаланады.

Principal Protected Notes бағалауы әділ құны бойынша жүзеге асырылады. Principal Protected Notes әділ құны Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күніндегі сұраныстың және ұсыныстардың соңғы бағалары арасындағы орташа мәні бойынша немесе деректер болмаған жағдайда осы құралдың бағалауын жүзеге асыратын қарсы әріптес ұсынатын баға белгілеудің орташа мәні ретінде анықталады. Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің ақпаратын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда немесе қарсы әріптестерден бағаланатын қаржы құралының баға белгілеуін жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоғы туралы хабарлама алған жағдайда бағалау мақсаттары үшін алдыңғы қайта бағалау деректері не ол болмаған жағдайда сатып алу бағасы қолданылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.15.07. № 105 Қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен 9-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құны қор биржасымен мынадай формула бойынша анықталады:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 16 Қаулысымен осы формулаға өзгеріс енгізілді

,

мұнда:

P - борыштық бағалы қағаздың әділ құны, номиналды құнына пайызбен;

i - купондық кезеңнің реттік нөмірі;

n - облигацияның айналыста болу мерзімінде купондық кезеңдердің саны;

Y - дисконттау ставкасы;

T0 - есепті жылдың ұзақтығы, күнмен;

Tn - белгіленген облигацияларды қайта бағалау күні мен облигацияларды өтеу күнінің арасындағы күндер саны;

Tki - белгіленген облигацияларды қайта бағалау күнінің және ол бойынша кезекті купонын төлеу күнінің арасындағы күндер саны;

m - күнмен есептелетін есепті жылдың ұзақтығының күнмен есептелетін купондық кезеңнің ұзақтығына қатынасы;

Ki - жылдық пайызбен есептелетін есепті жылға облигация бойынша купон ставкасының «m» көрсеткішіне қатынасы.

Дисконттау ставкасы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен тоқсанына бір рет қор биржасының ресми тізімінің «Борыштық бағалы қағаздары» секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін Борыштық бағалы қағаздары кірістілігінің орташа мөлшерленген жылдық ставкасын есептеу әдістемесінің негізінде осы тоқсанның алдындағы он екі айдың қорытындысы бойынша тиісті санаттағы (шағын санаттағы) орташа мөлшерленген жылдық кірістілік ставкасына қарай анықталады.

Қор биржасының директорлар кеңесінің осы шешімі уәкілетті органмен келісіліп, есепті тоқсанның бірінші айының он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланады.

2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын анықтау мақсатында, қор биржасы ресми тізімнің «Борыштық бағалы қағаздары» секторының әрбір санаты (шағын санаты) үшін жоғарыда көрсетілген кезеңде осы бағалы қағаздармен сауда-саттықтың көлемі бойынша мөлшерленген нарықтық кірістілігіне қарай есептелген дисконттау ставкасын осы қаулы қабылданған күннен бастап он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей анықтайды.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.15.07. № 105 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2011 ж. 20 қаңтарына дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)



10. Әдістемеге сәйкес бағалауды жүзеге асыруға қажетті халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік мемлекеттерінің бағалы қағаздарына, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұраныс баға белгілеуді Агенттік қор биржасына алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей апта сайын ұсынады.

11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарында белгіленген тәртіпте шешіледі.



 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.10. № 227 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды



Жинақтаушы зейнетақы

қорларының инвестициялық

портфельдеріндегі қаржы

құралдарын бағалау

ережесіне қосымша

 

 



20___ жылғы «___»________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының

акцияларына қатынасты белсенді рыноктың болуы немесе

болмауына қатысты мәліметтер

 

№ №

Акция (оның түрін  және эмитенттің

атауын көрсетіп)

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі акцияның коды

Белсенді рынок

бар/жоқ

1.

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет