Жк «ГҮлім» бөбекжай балабақшасының



Дата17.06.2024
өлшемі45.08 Kb.
#502642
Аспазшыға арналған нұсқаулық








–КЕЛІСІЛГЕН

БЕКІТЕМІН

Кәсіподақ комитетінің




төрағасы

ЖК «ГҮЛІМ» бөбекжай балабақшасының
меңгерушісі

___________________ /

_________________________ /

«______»_______201



«______»___________201

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша
аспазшыға арналған
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Қажетті арнаулы киімді дұрыс кию, шашты бас киімнің астына жиыстыру, киімнің жеңін шынтаққа дейін қайыру немесе қолдың білезік тұсынан түймелеу. Арнаулы киімге инелер қадамау, қалталарына түйреуіштер, әйнек және де басқа сынатын заттарды, өткір заттарды салмау.


2. Жұмыс орнын ретке келтіру, өтпелерге заттар үймеу.
3. Дүние-мүлікті қарап шығу, олардың дұрыстығына көз жеткізу.
4. Жабдықтарды қарау кезінде:
– оның ақаусыздығын;
– қоршаулардың болуы мен ақаусыздығын;
– жерлендірудің болуы мен ақаусыздығын тексеру.
5. Жабдықта қандай да бір кемшіліктер немесе ақаулықтар байқалған кезде ЖК «ГҮЛІМ» бөбекжай балабақшасының әкімшілігіне дереу мәлімдеу және олар жойылғанға дейін жұмысқа кіріспеу.
6. Жабдықтарды жөндеуді ЖК «ГҮЛІМ» бөбекжай балабақшасының әкімшілігінің рұқсатынсыз өздігінен жүргізбеу.
7. Жұмысы лауазымдық міндеттеріне кірмейтін таныс емес машиналарда, аппараттарда, қондырғыларда жұмыс істемеу.
8. Еттартқышта арнаулы айлабұйымның немесе салымдық шұңғымадағы сақинаның көмегімен ғана жұмыс істеу.
9. Етті еттартқыштың ұңғысына итеру үшін ағаш келсапшаны пайдалану, етті қолмен итермеу.
10. Көкөніс кескішпен жұмыс істеген кезде сақтандырушы қақпақты немесе торды пайдалану.
11. Тоңазытылған етті боршалауды ол ерігеннен кейін орындау.
12. Пышақпен жұмыс істеген кезде абай болу, азық-түліктерді өңдеу кезінде қол мен пышақты дұрыс ұстау. Пышақтарды арнаулы қаптарда сақтау.
13. Ет шапқан кезде беті тегіс шөркені пайдалану.
14. Балықты ваннадан сымтемірлі шөмішпен алып шығу.
15. Беті тегіс, көтерілген жерлері жоқ ас үй тақташасында жұмыс істеу.
16. Тақташаның үстінде сұйықтық құйылған ыдысты сақтықпен жылжыту.
17. Тақташаның үстіне қыздыруға қойылған майдың жоғары температураның әсерінен тұтанып кетпеуін қадағалау.
18. Котлет, самсалар мен басқа да жартылай дайын өнімдерді майға қуырған кезде оларды өзінен көлбеу етіп салу.
19. Духовкаға көлбеусіз, еркін кіретін қаңылтыр табаларды пайдалану.
20. Қайнату қазандарының, кәстрөлдердің және де басқа ыстық тамағы бар ыдыстардың қақпақтарын өзіне қарай сақтықпен ашу.
21. Ысыған ыдысты немесе ыстық тамағы бар ыдысты бір орыннан басқа орынға қоярдың алдында жанындағы қызметкерлерге ол туралы ескерту. Ыстық тамақты тасымалдаған кезде ыдысты өзіне қарай қысып ұстамау.
22. Жылулық өңдеуден кейін тамағы бар ыдысты орнықты тұғырықтарға қою. Тұғырықтардың беті ыдыс түбінің бетінен үлкен болуы тиіс.
23. Асүйлік ыдысты қолмен ұстамау, сүлгіні пайдалану.
24. Еденге төгілген сұйықтықты, майды, құлап түскен азық-түлікті өз уақытында тазалау.
25. Бөлшектеу тақташаларын үстелдің үстіне қою.
26. Қалбырларды консервілік кілтпен ашу. Қалбырларды пышақпен ашуға тыйым салынады.
27. Белгіленген нормалардан артық жүкті тасымалдамау (әйелдер үшін – 20 кг, ер адамдар үшін – 60 кг).
28. Терлеп-тепшіген күйде көшеге немесе салқын үй-жайға шықпау.
29. Жұмыс кезінде ұқыпты болу, өзін және басқаларды да жұмыстан басқа нәрсеге алаңдатпау.
30. Басқа жұмысқа (тіпті уақытша болса да) ауыстырылған кезде еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқып-үйренуден өту.
31. Жұмысқа байланысты жазатайым оқиға болған кезде ол туралы ЖК «ГҮЛІМ» бөбекжай балабақшасының әкімшілігіне хабарлау.
КЕЛІСІЛГЕН


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инспектор

/ ____________________




Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым


/ ____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет