Жүкаяқ жасау технологиясы Амантай Сектайович Искаков Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектебінің технология пәні мұғалімі,Астана қаласы. Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі52.8 Kb.
#173828


Жүкаяқ жасау технологиясы
Амантай Сектайович Искаков

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектебінің технология пәні мұғалімі,Астана қаласы.


Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық қолөнерін терең зерттей отырып, бүгінгі өмірге енгізу, оны терең оқып дамыту. Ұлттық қолданбалы өнердің сыры мен қырын терең меңгеру.


а) Білімділігі: ұлттық өнермен таныса отырып, жүкаяқтың

қажеттілігін түсіндіру


ә) Дамытушылық: оқушының кәсіптік бейімділігін, шығармашылық

шеберлігін, еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту


б) Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қолөнерді қастерлеуге,

еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулу


Сабақтың түрі: теориялық
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, сызу, математика
Сабаққа қажетті нұсқау карта, суреттер

көрнекіліктер:

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу,арнаулы киімдерін тексеру, оқушылардың зейінін аударту.


  1. Үй тапсырмасы:

- Техикалық қауіпсіздік ережелері.

- Ағаш неше бөлікке бөлінеді?

- Ағаштарды механикалық тәсілмен қалай өңдейміз?

- Технология сөзін қалай түсінесіз?

- Қандай ою-өрнек түрлерін білесіз?

3.Жаңа сабақ:

Құрметті оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихмен, әдеп-ғұрыпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді еліміздің бүкіл әлемге өзіндік ерекшелігімен таныта білген –қолөнері.

Қазақ халқының қолөнерінің ішінде ағашты, киізді, темірді ұқсату, оларды өңдеп тұрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бұйымдарын жасау тек нағыз шебер-үйшілердің ғана қолынан келген.

Үйші-ұсталар киіз үйдің сүйегін арнайы дайындаған ағаштардан кептіріп, морға салып иіп, сырлап жасаған. Киіз үйдің ағаштан құралатын бөлігіне шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әрбір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған, оған жүкаяқ, ағаш төсек, жастық ағаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып,киіз үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған.

Ағаш - табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан болар біз ағашты күнделікті өмірімізде жиі пайдаланмыз.Мысалы: ағашсыз үй соғылмайды, жиһаз, ыдыс-аяқтар т.б.

Ағаштан жасалған үй жиһаздарының қатарына –ағаш төсек, ағаш жастық, жүкаяқ т.б бұйымдары жатады.

Міне, балалар бүгінгі сабақта қазақ халқының тұрмыстық тіршілікте пайдаланған жүкаяқтың жасалу жолын түсіндіру.

Жалпы жүкаяқ- Қазақстанның көптеген жерлерінде көрпе-жастық, сандық т.б үй ішіндегі бұйымдарды жиыстырып солардың астына қойылатын зат. Жүкаяқтың көлемі негізінен оның үстіне қойылатын заттарға байланысты жасалады. Көбіне, ұзындығы 100-120 см, биіктігі 35-45 см шамасында болады. Жасалу, өңделу әдістері, тәсілдері кебежеге қарағанда қарапайым, күрделі емес. Бұларда да дәстүрлі ою-өрнектердің түрлері,ескі мәдени заттардың формалары, сабақтасып, жалғасып жатады.



  1. Жаңа сабақты қорыту:

а) Жүкаяқтың сүйегі дегеніміз не? (ағаштан)

ә) қазақ халқының үй мүліктерінің түрлері?(ағаш төсек, ағаш жастық, жүкаяқ, кебеже,әбдіре, сандық, ыдыс аяқ)

б) әбдіре дегеніміз не? (сандықтың бір түрі)

в) кебежені не үшін қолданылады? (азық –түлік сақтау)

5. жаңа сабақты бекіту.

Қазақ халқының қолөнерін бағалау құрметтеу.



  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма

  3. Шеберхананы тазалау


Нұсқау карта «Жүкаяқ»



Жұмыстың барысы

Сызбасы

Материалы

Құрал-

саймандары

1

Жүкаяқтың сирағын дайындау, жақтау ағаштың ойығын салу



5х5

брус ағаш



ара, сүргі, қашақ балға, сызғыш, қалам

2

Жақтау ағашты дайындау және кертігін салу




5х5

брус ағаш



ара, сүргі, қашақ балға, сызғыш, қалам

3

Көлденең жақтау ағаштарын дайындау және кертігін салу


5х5

брус ағаш



ара, сүргі, қашақ балға, сызғыш, қалам

4

Жүкаяқтың сүйегін құрастыру





ағаш, балға, желім

5

Алдыңғы бетін даярлау


ДВП немесе фанера

ара, сызғыш, қалам

6

Үстінгі бетін даярлау



ДВП немесе фанера

ара, сызғыш, қалам

7

Бүйір бетін даярлау









8

Шыбықтар даярлау және бекіту



2х2 брустар

шеге балға, сызғыш

9

Даярланған беттерін жүкаяқтың сүйегіне бекіту






шеге, балға, ара

10

әрлеу жұмысы



Ою үлгісі, ойшықтар

әр түрлі бояулар


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет