Үйлестіру кеңесінің №1 шешімі 2014 жылғы



Дата03.07.2016
өлшемі56.5 Kb.
#175702


Үйлестіру кеңесінің

1 шешімі


2014 жылғы «____»__________


  1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету мақсатында:

іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу радиусын 300 километрге дейін белгілеумен облыстардың әкімшілік шекаралары шегінде іздестіру мен құтқару аудандары болып Алматы облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы белгіленсін;

іздестіру-құтқару операциялары (жұмыстары) жүріп жатқан радиустың қамтылуын және іздестіру ауданының айрықша ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтық, эксперименттік және мемлекеттік авиацияның кезекші әуе кемелері Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына немесе қону алаңдарына шоғырландырылып, бөлінсін. Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы тікұшақ техникасымен іздестіру-құтқару операциялары (жұмыстары) бойынша кезекшілікті анықтасын;

Астана, Алматы (Боралдай), Шымкент әуеайлақтарында іздестіру-құтқару операциялары (жұмыстары) бойынша кезекшілік атқару мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен ұйымдастырылсын, оған қосымша Астана, Алматы (Боралдай) әуеайлақтарында кезекшілікті мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен атқаруға рұқсат етіледі;

Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Көкшетау әуеайлақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша кезекшілік атқару азаматтық авиацияның әуе кемелерімен ұйымдастырылсын, аталған әуеайлақтарға қосымша мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен кезекшілік атқаруға рұқсат етіледі;

Петропавл, Семей және Шымкент әуеайлақтарында іздестіру-құтқару операциялары (жұмыстары) бойынша кезекшілікті азаматтық авиацияның әуе кемелерімен атқару тиімсіз, себебі Өскемен – Семей, Көкшетау – Петропавл, Тараз – Шымкент әуеайлақтары арасындағы арақашықтық шамамен 160-170 километрді құрайды, яғни 300 километрге жетпейді және Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Қызылорда әуеайлақтарында шоғырландырылған кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу радиусымен қамтылады;

Астана, Алматы, Боралдай, Атырау, Ақтау, Орал, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Павлодар әуеайлақтарында шоғырланған «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ұшуды,


оның ішінде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiн, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіру-құтқару операцияларын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өтінімдері бойынша орындайды.

  1. Көзбен шолып іздестіру-құтқару жұмыстары үшін әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) кезекшілігі күндізгі уақытқа белгіленсін.

  2. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған ӘК экипаждарының осындай жұмыс түрлерін, оның ішінде әуеден таңдалған алаңға қонуды орындау үшін арнайы дайындығы мен рұқсаты болуға тиіс.

  3. Кезекшілікке жұмылдырылған әуе кемелері, үлгілеріне қарай, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
    20 желтоқсандағы №1353 қаулысының № 3 қосымшасына сәйкес жабдықталған болуы тиіс.

5. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларының» 382-тармағына сәйкес № 3 даярлық дәрежесі белгіленсін:

іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және басқа да іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға даяр және белгіленген орындарында (әуеайлақ, тұрақ немесе гараж) тұр;

парашюттік-десанттық құтқару тобының (бұдан әрі – ПДҚТ) және жердегі іздестіру-құтқару командасының (бұдан әрі – ЖІҚК) ұшқыштар құрамы, техникалық және жеке құрамы оқуда, жұмыста және демалыста;

іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста – 45 минуттан кеш емес.

Демалыс кезінде, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік авиацияның экипаждары үшін (азаматтық авиацияның экипаждары резервте болған кездегі) ұшып шығу уақыты – 2 сағат 20 минуттан кеш емес.

Азаматтық авиацияның кезекшілікке тағайындалған іздестіру-құтқару ӘК, олар іздестіруге ұшып шығу үшін белгіленген мерзімдерін сақтаған жағдайда, жаттығу ұшулары немесе өндірістік қызмет үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

6. Экипаждың және әуе кемесінің белгіленген мерзімде ұшып шығуға үнемі дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазаэронавигация» РМК айына 8 сағаттық жаттығу ұшуларын ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіпте авиакомпаниялармен іздестіру мен құтқару аудандарында кезекшілік атқару туралы шарт жасасын.

Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің кезекшілікті атқару кезінде орындайтын жаттығу ұшулары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген ӘК пайдаланушылардың авиациялық персоналын даярлау бағдарламаларында көзделген болуға тиіс.

ӘК экипаждарының жаттығу ұшуларына мыналар кіреді:

жауапкершілік ауданын айналып ұшу;

белгісіздік жағдайында мәселені анықтау үшін орындалатын алғашқы ұшу;

көзбен шолып іздестіру әдісі бойынша жаттығу;

авариялық радиомаякқа және/немесе ғаламдық орнықтыру жүйелеріне шығу арқылы радиотехникалық іздестіруді қолдануды қамтитын құрамдастырылған әдіс бойынша жаттығу;

жүктерді парашюттік және парашютсіз әдіспен тастау;



ПДҚТ тастау (бар жерде).

Кезекшілік атқарудың бір сағатының, оның ішінде жаттығу ұшуларының бір сағатының құнын есептеу «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығы негізінде «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидасының» 167-тармағына сәйкес жүргізілсін. 

7. Ізедестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдармен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданы бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жоспарын әзірлесін.


Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігі атынан _____________ _______________________

(қолы) (аты-жөні)

_____________ _______________________

(қолы) (аты-жөні)

_____________ _______________________

(қолы) (аты-жөні)


Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі атынан _____________ _______________________

(қолы) (аты-жөні)

_____________ _______________________

(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі атынан______________ _______________

(қолы) (аты-жөні)
_____________ _______________

(қолы) (аты-жөні)


Қазақстан Республикасы ҰҚК

Шекара қызметі атынан ____________ ________________

(қолы) (аты-жөні)
____________ ________________

(қолы) (аты-жөні)


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігі атынан ____________ _______________

(қолы) (аты-жөні)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет