Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы «14» наурыздағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. «Көлік және коммуникация саласындағы» салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-п-м бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қазандағы № 8022 тіркелген, 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2182) «Заң газеті» және 2012 жылғы 24 қараша № 771-775 (27847) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған), Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды көлік және коммуникация саласында жіктейді.
2. СБШ мақсаты – кәсіптік, сертификаттау және білім беру стандарттарын кейіннен әзірлеу үшін саланың технологиялық талаптарын ескере отырып, БҰШ-тың деңгейлік біліктілік құзыреттерін сипаттау.
3. СБШ негізгі пайдаланушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде саланың кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшылар, әзірлеушілер, көлік-коммуникациялар кәсіби қызметі саласындағы жұмыс берушілер, басшылар және мамандар, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері болып табылады.
4. СБШ-та саланың қолданылатын және перспективті технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтік, машықтарына және біліміне қойылатын талаптар сипатталады.
5. СБШ мына қағидаттарды ескере отырып, БҰШ негізінде әзірленеді:
1) салалардың қолданыстағы және болашақтағы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтеріне (қызметтік), машықтарына және біліміне қойылатын БҰШ-тың біліктілік деңгейлерінің талаптарын нақтылау;
2) саланың басымдықтарын айқындау және компанияның бизнес- мүдделерін есепке алу;
3) төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғарғыларына өткен кездегі қызметтердің ауыспалылығы және үздіксіздігі;
4) барлық тұтынушылар үшін біліктілік деңгейлер сипатының ашықтығы;
5) біліктілік деңгейлері иерархиясының еңбек бөлінісі құрылымына және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сәйкестігі;
6) кәсіби қызмет көрсеткіштері арқылы БСШ-ның біліктілік деңгейлерін сипаттау;
7) қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді емес, олардың еңбек қызметінің түрлерін және олардың лауазымдық міндеттерді орындау сапасын сипаттау.
6. СБШ:
1) нақты салада еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, карьералық өсуге әкелетін білім берудің әр түрлі аймақтарын жоспарлауға;
2) көлемді еңбек ұтқырлығын қалыптастыруға;
3) кәсіби және білім беру стандарттарын, кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлегенде қызметкерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
4) білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалау рәсімдерін әзірлеуге, сертификаттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
7. Саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері болып:
1) Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту;
2) көлік-коммуникациялық кешенінің дамуының озық қарқындарына жету;
3) автомобиль жолдары саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
4) темір жол саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
5) су көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
6) автомобиль көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
7) Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту;
8) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды арттыру;
9) Қазақстан Республикасының көліктік кешенің халықаралық көлік желілеріне ықпалдастыру деңгейін жоғарылату табылады.
2. СБШ паспорты
8. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) көлік және коммуникация саласындағы экономикалық қызмет түрлері мынадай кәсіби қызметтік салалары бойынша анықталады:
1) осы СБШ 1-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен жабдықтар паркін дайындау;
2) осы СБШ 2-қосымшасының кестесінде анықталған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну;
3) осы СБШ 3-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту.
9. Еңбек қызметінің түрі мыналарға бөлінеді:
1) басқарушылық;
2) атқарушы-басқарушылық;
3) атқарушы.
10. СБШ осы СБШ 4-қосымшада келтірілген.
Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Кесте
Көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен
құрал-жабдықтар паркін дайындау
ЭҚЖЖ коды
|
Экономикалық қызмет түрлерінің атауы
|
30
|
Басқа көлік құралдардың өндірісі
|
30.2
|
Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамының өндірісі
|
42.1
|
Автомобиль және темір жолдардың құрылысы
|
42.11
|
Жолдар мен автомагистральдердің құрылысы
|
42.12
|
Теміржолдар мен метроның құрылысы
|
42.13
|
Көпірлер мен туннельдердің құрылысы
|
42.9
|
Басқа инженерлік құрылыстардың құрылысы
|
42.91
|
Су құрылыстардың құрылысы
|
42.99
|
Басқа топтарға қосылмаған өзге инженерлік құрылыстардың құрылысы
|
43.1
|
Бар құрылыстарды бұзу және құрылыс үшін алаңды дайындау
|
74.90
|
Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
|
«Көлік және коммуникация саласындағы»
салалық біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Кесте
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну
ҚЖЖ коды
|
Экономикалық қызмет түрлерінің атауы
|
49
|
Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау
|
49.1
|
Жолаушы темір жол көлігі, қалааралық
|
49.2
|
Теміржол жүк көлігі
|
49.3
|
Басқа жолаушылар құрлық құрлықтағы көлік
|
49.31
|
Қалалық және жердегі қала маңайындағы жолаушылар көлігі
|
49.32
|
Такси қызметі
|
49.39
|
Өзге санаттарға жатпаған жердегі қала маңайындағы тасымалдаулардың басқа түрлері
|
49.4
|
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары және тасымалдаулар бойынша қызметтер
|
49.41
|
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары
|
49.42
|
Тасымалдаулар бойынша қызметтер
|
50
|
Су көлігі
|
50.1
|
Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігі
|
50.2
|
Теңіз және су жағасындағы жүк көлігі
|
50.3
|
Өзен жолаушылар көлігі
|
50.4
|
Өзен жүк көлігі
|
52
|
Қоймадағы шаруашылық және қосымша көлік қызметі
|
52.1
|
Жүктің қоймалауы және сақталуы
|
52.2
|
Тасымалдау кезінде қосалқы қызмет түрлері
|
52.21
|
Құрлық құрлықтағы көлік саласында қызметтер
|
52.22
|
Су көлігі саласындағы қызметтер
|
52.24
|
Жүктің көліктік өндеуі
|
52.29
|
Тасымалдау кезінде өзге іліспе қызметтер
|
74.90
|
Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
|
Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
3-қосымша
Кесте
Көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту
ЭҚЖЖ коды
|
Экономикалық қызмет түрлерінің атауы
|
33
|
Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі және орнатылуы
|
33.11
|
Дайын темір бұйымдарды жөндеу
|
33.12
|
Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі
|
33.17
|
Басқа көлік құралдарын жөндеуі және техникалық қызмет көрсету
|
45.2
|
Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
|
45.20
|
Автомобиль көлігі құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу
|
74.90
|
Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
|
Достарыңызбен бөлісу: |