Практикалық жұмыс № 1 (2 сағат)
Тақырыбы: Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану дәрежесін зерттеу.
Кіріспе. Экологиялық тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.
Мақсаты: Жасыл желек микроклиматты реттеуде маңызды рөл атқарады: топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс қызудан қорғап, ауаны ылғалдандырады және тазартады. Олар ауадағы швң мен ағзалардың 70-80 % сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл газон жолында жер бетінен 1,5 м биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.
Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды төмендетеді.
Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка
Жұмысты орындау барысы -
Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар
-
Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.
-
Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.
-
Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.
Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар
Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар.
Тексеру сұрақтары.
-
Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?
-
Шаңның ағзаларға зияны қандай?
-
Ауадағы шаңның мөлшерін қалай кемітуге болады?
-
Автомобильдер шығаратын газдардың құрамы қандай?
-
Экологиялық таза отын түрлері қандай?
Практикалық жұмыс № 2 (2 сағат)
Тақырыбы: Қоршаған ортатағы антропогенді ластанушыларды анықтау.
Кіріспе. Автотранспорт – атмосфераны азот оксидтерімен ( N0 және N02 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (11) оксидтері (С0), негізгі ластаушылардың бірі. Ауаның транспорттық ластану үлесі осы бойынша жалпы ластануының СО 60 %, N0х 50 % астам үлесін құрайды.
Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарлатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3 – 10 %), көмірсутектер – жанбай қалған отын (3 %) және азот оксидтері (0,8 %), күйе жатады.
Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшері есепке әдіспен бағалауға болады. Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады.
-
автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;
-
автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып кележатқандағы отынның орташа шығынының мөлшері). 7-кесте
Автотранспорт типі
|
Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)
|
Отынның меншікті шығыны У, (1км/л)
|
жең!л автомобиль
|
11 - 13
|
0,11 – 0,13
|
Жүк автомобилі
|
29 – 0,33
|
0,29 – 0,33
|
Автобус
|
41 - 44
|
0,41 – 0,44
|
дизельді жүк машинасы
|
31 - 34
|
0,31 – 0,34
|
Жанармай түріне байланысты автотранспорттын бөліп шығаратын зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген
8 – кесте
Отын түрі
|
Коэффициенттер мәні (К)
|
Көміртегі оксиді (СО)
|
Көмірсулары
|
Азот оксиді
|
бензин
|
0,6
|
0,1
|
0,04
|
дизель отыны
|
0,1
|
0,03
|
0,04
|
К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларвның негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
-
тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.
Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, микрокалькулятор.
Жұмысты орындау барысы
Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін тандап алыңыздар.
-
Қадамыңызды орташа ұзындығын алдын ала анықтап, тандап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар (L М)
-
20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттын санын анықтаңыздар. 9 –кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдерь» қатары толтырылған):
9-кесте
Автокөліктің түрі
|
Саны, дана
|
Барлығы 20 минут ішінде
|
1 сағатта, N1 дана
|
1 сағаттағы жалпы жол, L, км
|
Жеңіл автомобильдер
|
11111111111111
|
14
|
42
|
|
Жүк машинасы
|
|
|
|
|
Автобустар
|
|
|
|
|
Дизельді жүк машиналары
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |