Жұмыс бағдарламасы «Жалпы психология»



Дата30.03.2016
өлшемі337.32 Kb.
#61210
түріЖұмыс бағдарламасы
 

Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06




Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы

«Жалпы психология» пәні бойынша

050103 «Педагогика және психология»

мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Лист утверждения к рабочей Форма



программе дисциплины, ФСО ПГУ 7.18.1/06

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типовой учебной программы



БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректоры

________________ Пфейфер Н.Э.

«___»_____________200___ ж.

Құрастырушы: аға оқытушы Жунусова А.Р.



Психология және педагогика кафедрасы


Жұмыс бағдарламасы



«Жалпы психология» пәні бойынша

050103 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы 050103–“Педагогика және психология” мамандықтың Мемлекеттік стандарты және типтік оқу жоспары негізінде әзірленді. Қазақстан Республикасы бiлiм жене ғылым Министрлiгiнiң Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм жөніндегі Кеңес жиналысының 22.06.06 жылғы Хаттама шешiмiмен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі _____________ Е.И.Бурдина

Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “___” _________ 200 ж. Хаттама № ____

ОӘК Төрайымы ____________ Е.Н.Жуманкулова



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ___________ Ж.Т. Сарбалаев “____”________200 ж.



ОӘБ МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ бастығы ________________ А.А. Варакута “____”________200 ж.




1 Пәннің міндеттері мен мақсаттары:
1.1 Кіріспе

Жалпы психология курсы бағдарламасы педагогикалық университеттерде бұрыннан оқытылып келедi, дегенмен де егемендi елiмiздiң оқу ағарту саласының барлығына бiрдей жаңа талап, жаңа бағдарлама жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттау талабына сәйкес кредиттiк технологияға жаппай кешiрiлуiн қадағалауда. Қазiргi жаңару кезеңiнде әрбiр адамнын жеке басын қалыптастыруда, психологиясын жанаша өзгертуде айрықша көңіл бөлiнiп отыр. Өсiп келе жатқан болашақ ұрпаққа жеке адам ретiнде саналы тәрбие мен жетiк бiлiм қалыптастыруда жалпы психология пәнiнiң тиiмдiлiгiн, тәжiрибе жүзiнде жемiстi нәтижелерiн берген. Тұрақты тақырыптары мен бөлiмдерi, осы және психология пенiнiц баск:а да салаларын ок:ып уйренуге жол ашатын пан. студенттер мен қоғамдағы адамдардың даралық ерекшелiктерi мен олардың қоршаған ортадағы өмірінің, коллективтегi психологиялык мәселелерiн дұрыс шешу ғылымның осы саласының еншiсiнде.

Қазiргi жана кезенде әрбiр адамның жеке басын қалыптастыруда психологиясын жаңаша өзгертуде айрықша көңіл аударыльш отыр. Соған байланысты жоғарғы оқу орындарының оқу системасы Қазақстан Республикасының Мемлекeттiк стандарттау талабына сәйкес, кредиттiк технологияға жаппай кешуiн қадагалауда.

Психология пәнi осы мақсат-мiндеттердi жүзеге асыруда психологияның барлық салаларына лайықты оқу пәндерiн адамның әлеуметтiк қажеттiлiгiмен жеке басын қалыптастыруда жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жүргiзудi негiзге алып, алыс-жақын шет ел психологтарының тәжiрибелерiн оқытудың психологиялық мәселелерiн кредиттiк технология бойынша жургiзудi студенттерге меңгерту, оқып үйрету. Осы бағытта мемлекетiмiздiң одан әpi дамуын қамтамасыз eтетін азаматтарды тәрбислеп, оұытып шығаруға мүдделі.



1.2 «Жалпы психология» курсының мақсаты—ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын бiлу мен қатар, ғылыми психологиялық ойлау жүйесiн дамытудың жолдарын менгерту.

1.3 «Жалпы психология» оқытудың міндеттері:

-ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру;

-жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;

-адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.



2 Пререквизиттер: философия, социология, политология, педагогика, психологиялық мамандыққа кіріспе, педагогикалық мамандыққа кіріспе, психодиагностика негіздері.
Тематический план Форма дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07

3. Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары (к/о бөлімі, с/о бөлімі)




Тақырыптардың атауы

Сағат саны

к/о бөлімі ОСО

с/о бөлімі ОСО


Дәр

Тәж

СӨЖ

Дәр

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1 семестр

1

Кіріспе. Психология пәні

1

3

7

1

1

9

2

Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері

2

3

7

1

1

9

3

Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру

2

-

7

2

-

9

Жануарлар мен адам психикасының ерекшелiктерi

-

3

7

-

1

9

4

Іс-әрекет

2

3

8

2

2

9

5

Қарым-қатынас

2

-

8

2

-

9

6

Ұжым-топтар

3

-

8

2

-

9

7

Жеке адам

3

3

8

2

1

9




Барлығы: 90 с.

15

15

60

12

6

72

2 семестр

8

Темперамент

3

3

8

0,5

2

11

9

Мінез

2

3

8

0,5

1

11

10

Қабілет

2

3

8

0,5

1

11

Таным процестерi

2

3

8

0,5

1

11

11

Зейін

3

3

8

1

1

11

12

Түйсік және қабылдау

3

-

8

0,5

-

12

13

Ес

3

-

8

0,5

-

11

14

Ойлау мен сөйлеу


3

-

8

0,5

-

12

15

Қиял

3

-

8

0,5

-

11

16

Сезім-эмоция

3

-

9

0,5

-

11

17

Ерік

3

-

9

0,5

-

11




Барлығы: 135 с.

30

15

90

6

6

123




Барлығы: 225 с.

45

30

150

18

12

195



3.2 Теориялық курстың мазмұны

1 семестр

1 тақырып. Кіріспе. Психология пәні. Психология ғылымының анықтамасы. Психологияның негізгi даму кезеңдерi. Ерте кездегi психологияның мән-жайын калай түсiнгендiгi туралы. Демокриттің материалдық тiршiлiктiң жемісі "жанды" оттың атомдарына теңеуi. Психикалык құбылыстардың дамуы жайындағы теориялар мен принциптер. Француз ғалымы П.Л.Лапластын "түрткі кандай болса, одан шығатын нәтиже де сондай" деген пiкiрi.

2 тақырып. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Қазiргi заман психологиясы жене оның мақсат-мiндеттерi мен әдiстерi, ғылымдар жүйесiнде алатын орны. Психология және ғылыми-техникалық прогресс. Психология ғылымының құрылысы. Психология салаларын топтастыру, классификациялау принципi және қазiргi заман психологиясы ғылымының құрылысы.

3 тақырып. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Сыртқы шындық пен акиқатты бейнелеу формаларының дамуы. Психиканың пайда болуы мен материяның дамуының эволюциясының жемiсi. Психикалық әрекеттi талдағыштық және бiрiктiргiштiк қызметi. Сананың дaмуындағы еңбектiң рөлi. Сананың коғамдық мәні. Саналы қызметтi қамтамасыз ететін ми сыңарлары қабығының дамуы. Сана және тiл.

4 тақырып. Іс-әрекет. Ic-әрекет туралы түciнік. Адамньщ iс-әрекстiнде құрал-саймандарды колдануы. Ic-әрекет пен субъекттiң белсендiлiгi. Адамның қажеттiлiгi мен ic-әрекетке ниеттiлiгi. Адам санасы мен iс-әрекеттiң құрылысы. Әрекеттену адамның алдына қойған мақсат-мүддеciн орындауға ұмтылуы. Әрекет және қимыл. Адамның өз әpeкeтiн реттеуi және оны бақылауы. Адамның iшкi жан тебiренiстерi оның сыртқы практикалық iс-әрскеттерiнiң әcepiнен пайда болып отыруы интериоризация. Адамнын iшкi жан тербелiстерi сыртқа шығып экстериоризация: оның қимыл-қозғалыстары сөйлеyi арқылы психикалык жан күйiнiң заңдылықтары.

5 тақырып. Қарым-қатынас. Қарым-катынас туралы түciнік. Қарым-қатынастың сан салалары. Коммуникативтi қатынас. Интерактивтi және персептивтi қатынастар. Қатынас жасау және хабар алмасу. Қарым-қатынас және тiл. Қатынас адамдардың өзара iс-әрекеттерiн реттеп отыру туралы. Қоғамдық өмiрде адамдардың әлеуметтiк қарым-катынас процесiндегi концепциясы.

6 тақырып. Ұжым-топтар. Топтар және оның классификациясы. Топтың түрлерi: шартты уакытша топ, түпкiлiктi топ, үлкен топтар мен кiшi топтар, ресми топтар, ресми емес топтар. Топтардың даму деңгейi. Топтардың даму деңгейiнiң өcyiнe қарай бөлiнуi: ұжымдар, әлеуметтiк ассоциациялар, диффузды, корпорациялар және аралас топтар. Ұжым топтың ең жоғарғы түpi. Ұжым iшiнде адамдардьщ ic­әpeкетi аркылы өзара қатынастардьщ сипаты. Топтар мен ұжымдардын майда бөлшектерге бөлiнуi. Өзара таңдау. Социометрия. Референттiк iрiктелген топ және оны зерттеп бiлудiң әдiсi. Лидерлiк жетекшiлiк топ. Оқушылардьщ бiрлесiп атқаратын iстері ұжымдастықты өрiстетiп отырушы фактор. Ұжымдастық және оқытуды топтастыра отырып, шебер ұйымдастыра бiлу.

7 тақырып. Жеке адам. Жеке адам туралы психологиялық түciнік. Даралық және жеке адам. Жеке адамның бойындағы әлеуметтiк сапалары және жүйелi түрдегi құрылысы. Жеке адамньщ белсендiлiгi. Жеке адамның әрекетшiлдiгi мен оның өмір тiршiлiгiнде ұстанған жолы. Жеке адамның бағыт бағдары. Мiнезiндегi ниет-тiлектерi. Ниеттерiнiң түр сипаты. Қызығулары. Жеке адамның ceнiмi мен дүниетанымы. Жеке адамның мақсат-мүддесi және оны қалыптастыру жолдары. Жеке адамньщ өзiндiк санасы.


2 семестр

8 тақырып. Темперамент. Темперамент туралы жалпы ұғым. Жеке адамньщ дамуындағы темпераменттің турақтылығы мен орнықтылығы. Темпераменттер туралы iлiм терминологиясының тарихи мәнi. Темпераменттерге тән психикалық қасиеттердiн. ауқымы. Жеке темперамент типтер және олардың психологиялықисипаттамасы. Темпераменттiн физиологиялық негiздерi. Жоғарғы нерв қызметiнiң типтерi және темперамент.

9 тақырып. Мінез. Мiнез туралы жалпы түсінік. Мiнез және адамның даралық өзгешелiгi. Мiнез бiтiстерi. Мiнездiң құрылысы. Мiнез қасиеттерінің жиынтығы арқылы адамның жеке басының сипатталуы. Адамның жеке мiнез-құлық ерекшелiктерiнiн әлеуметтiк орта мен өмip сүрген жағдайына байланысты өзгеруi. Мiнез сапаларындағы айрықша ерекшелiктер. Мнез бiтiмi мен оның көpiнici.

10 тақырып. Қабілет. Қа6iлет туралы жалпы ұғым. Қабiлет және ic-әрекет. Қабiлеттiң көлем және сапа жағынан сипаттамасы. Қабiлеттiң құрылысы. Қабiлеттiлiктi анықтау, өлшеy мәселелерi. Қабiлеттiң дамуында кездесетiн бiр ортаның қызметiн екiншi ортаның өзiне алуы компенцациялау. Қабiлеттiлiктiң жалпы түpi мен жеке түрлерi. Творчестволық кабiлет. Талант жене оның пайда болуы. Талантты дамытып қалыптастыруда еңбектiң рөлi.

11 тақырып. Зейін. Зейiн туралы жалпы ұғым. Ырқсыз және ырықты зейiн: зейiннiң бұл түрлерiнiң пайда болу себептерiнiң мән-жайы. Мектептегі процесiндегi зейiн. Оқу iсiнде мектеп оқушыларыньщ зейіннің тұрақтануы оны қажеттi нәрселерге бағдарлап отырудың жолдары. Зейiннiң физиологиялық негiздерi.

12 тақырып. Түйсік және қабылдау. Түйсiк пен қабылдау туралы түciнік. Түйсiктердiц рефлекторлық табиғаты. Рецепторлар мен талдағыштар. Түйсiктiц түрлерi. Түйсiктiн қасиетгерi. Сезгiштiк табалдырығы. Адаптация. Синестезия. Сенсибилизация. Қабылдаудың зат түрiнде болуы, тұтастығы, құрылысы, тұрақтылығы және мәндi түрде ретгелуi. Апперцепция.

13 тақырып. Ес. Ес туралы жалпы түciнік. Ес туралы теориялар. Аристотель, А.А.Смирнов, В.П.Запорожец. Ecтiң физиологияльщ негiздерi. Eстeгi елестер. Естің түрлерi: қысқа, ұзақ, оперативтi, механикалық, логикалық, ерiктi, ерiксiз, мнемониялық. Ecтiң типтерi: көру, есту, қимыл, аралас. Ес процестерi. Есте қалдыру және ic-әрекет. Қыска мерзiмдi есте қалдыру мен түпкiлiктi есте қалдыру. Есте қалдырудың мақсаттары. Мағынасына қарай есте калдыру мен жаттау аркылы есте қалдыру. Қайта жаңғырту түрлеpi: iргелестiк, ұксастык, карама-карсылык заңдылыктары.

14 тақырып. Ойлау мен сөйлеу. Ойлау әpeкеті туралы түciнік. Ойлау және жеке адам. Ойлаудьщ физиологиялык негiзi. Ойлау әpeкeттepi. Ойлаудың түрлерi және олардың өзiне тән даралық ерекшелiктерi. Ойлау таным процестерiнiн жоғарғы сатысы. Сөзбен ойдың бiрлестiгi. Сөйлеу туралы жалпы ұғым.

15 тақырып. Қиял. Қиял туралы түciнік. Қиялдың тарихи даму жолдары: қиял және ауыз әдебиетi. Қиял және ғылыми прогресс. Қиялдың ерiксiз және ерiктi түрлерiне сипаттама. Арман және практикалық ic-әрскет. Қиялдың талдау мен бiрiктiрушi сипаты.
16 тақырып. Сезім-эмоция. Сезiм туралы түсінік. Сезiмнiң когнетивтiк процестерде, жеке бас көрiнiетерiнде aтқаратын рөлi. Сезiм мен эмоцияның психофизиологиялық негiздерi. П.В.Симонов, П.М.Якобсон эмоцияның психологиялық теориялары. Ч.Дарвин, У.Джеймс, КЛанге, С.Шехтер. Сезiм және жеке адам. Аффектер. Көңiл күйi. Эмоциялық стресс. Жоғарғы сезiмдердiц мазмұны мен мәні. Ақыл-ой және эстетикалық сезiмдер, сезiмнiң бұл түрлерiн мектеп оқушыларының бойына қалыптастыру. Сүйiспеншiлiк сезiмi.

17 тақырып. Ерік. Epiк туралы түсінік. Ерiктiң когнетивтi процестермен байланысы. Мотивтердiң iшкi күpeci, epiк әрекетiнiң басталуы, тоқтамға келуi. Ерiктi әрекет сатылары. Ерiктi әрекет және оның құрылысы. Epiк сапаларын қалыпастырып отырудың жолдары. Epiктi әрекеттердi қалыптастыруда ұжымның рөлi. Бақылауды шектеу. Жауапкершiлiк. Epiк және адамның өз epкін тәрбиелеудiң мiндеттерi.
3.3 Практикалық сабақтарының мазмұны

1 семестр

1тақырып. Жалпы психология пәні, салалары. Механикалық детерминизм. Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түciндiру. Психологиялық зaңдылықтардың объективтi сипаты. Ми және психика. Психика эволюциялық дамудың жемiсi және нәтижесi. Психика жане сана. Сана және санадан тыс процестер. Сананың ең жоғарғы даму сатысы.

2 тақырып. Жалпы психологияның зерттеу әдістері. Психологияның зерттеу әдicтepi. Зерттеу әдiстерiнiң түрлерiн сипаттау. Бақылау, өзiн-өзi бақылау, эксперименттiк әдiс түрлерi. Қосымша әдiстер: әңгiмелесу, анкета арқылы зерттеу, психологиялық тестер, социометриялық, биографиялық зерттеу түрлерi.

3 тақырып. Жануарлар мен адам психикасының ерекшелiктерi. Психиканың филогенезде дамуы. Жәндiктер дүниесiндегi дамудың әр түрлi сатыларында мiнез-құлықтың түрлерi: тропизмдер, инстинкт, үйрену, интеллектуалдык әрекеттер. Психиканьың қызметі және органдардың құрылысы. Психикалык функция және орта. Қатынас және жәндiктердiң "тiлi". Психика және нерв жүйесiнiң эволюциясы. Жануарлар мен адам apaсындағы психиканың өзгешелiктерi.

4 тақырып. Ic-әрекет психологиясы. Дағдыны қалыптастыру және жаттаудың негiзгi заңдылықтары: дағдының құрылысы. Дағдының бiр-бiрiне әcеpi. Ептiлiктiң пайда болуы. Әдет және оның адамньщ мiнез-құлқы мен iс-әрекетiндегi маңызы. Адамнын неriзгi ic-әрекет түрлерi. Ойын және оның психологиялык сипаты. Ойынньщ баланың дамып жетiлуiндегi рөлi. Оқу әpeкетi және онң психологиялық сипаты. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты. Ұстаздық сипат.

5 тақырып. Жеке адам және оның бағыты. Жеке адамды психологиялық тұрғыдан қорғау. Жеке адамды калыптастыру. Жеке адамды қалыптастырудағы психология мен педагогикадағы түciнiктер. Жеке адамды дамытудың қорғаушы күшi. Оқушының жеке басын зерттеу әдicтepi. Жеке адамды зерттеуде эксперименттік тәсiлдiң мәні. Л.Ф.Лазурский, Г.Олпорт, Р.Кеттел зерттеулерiнiн құнды жақтары. А.Н.Леонтьевтiң жеке адам жөнiндегi негiзгi пiкiрлерi.
2 семестр

6 тақырып. Темперамент. Темпераменттердiң өзгерiлу проблемалары. Темперамент қасиеттерiнiн. пайда болуына тұқым қуалаушылық арқылы берiлетiн факторлардьщ әcepi. Мектеп окушыларыньщ темперамент өзгешелiктерi мен санаса отырып оқу-тәрбие жумысые жүргiзу. Темперамент туралы Гиппократ пен Галеннiң пiкiрлерi. Э.Кречмер, У .Шолден көзқарастары.

7 тақырып. Мінез. Мiнез және темперамент. Адам мiнезiндегi туа пайда болатын өзгешеліктер мен жүре пайда болатын қасиеттер. Мiнездiң қалыптасуы. Мiнез психологиясын зерттеуде Н.Д.Левитов, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов т.6. қосқан үлестерi. Мiнездiң сапалық қасиеттерi.

8 тақырып. Зейін. Адам санасыньщ белгiлi бір объектiге шоғырлануын қамтамасыз етiп отыратындығын ми қызметінің механизмдері жайындағы И.П.Павлов пен А.А.Ухтомскийдің зерттеулері. 3ейiннiң құрылысы мен қасиеттерi. 3ейiннiң тұрақтылығы. 3ейiннiн ауысуы. Зейiннiң бөлiнуi. 3ейiннiн көлемi. 3ейiндiлiкке тәрбиелеу.

9 тақырып. Қабілет. Қабiлеттiң iштей туа берiлетiн және жүре пайда болатын қасиеттерi. Қабiлеттiлiктi қалыптастыру. Қабiлеттердiң қалыптасуында ықылас-ынтаның, еңбектің алатын орны. Қабiлет жөнiндегi теориялар. B.A.Kpyтетцкий, В.Н.Мясищев, Г.А.Ковалев т.б. қабiлеттi aнықтay, бағалау мәселелерi.

10 тақырып. Таным процестерi. Таным субъектісін анықтау. Сонымен қатар танымдық процестер психологиясын анықтау. Танымдық процестер туралы жалпы түсінік. Танымдық процестердің атап кететін ерекшеліктері. Психикалық үрдістер. Тұлғалық қасиеттер.
3.4 Күндізгі оқу бөлімінің СӨЖ мазмұны (ОСО)




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Тексеру түрі

Сағат саны

к/б ОСО

Сағат саны

с/б ОСО

1

Дәріс сабақтарға дайындалу.

конспект

Сабаққа қатысу

45

18

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабаққа қатысу

30

12

3

СӨЖ сабақтарға дайындалу

конспект

Сабаққа қатысу

38

20

4

Тақырып бойынша шетел және отандық әдібиеттерді талдау

Сызбаларды құрастыру

Қорғау

4

4

5

Курстық жұмысын орындау

Курстық жұмыс


ҚЖ қорғау

15

20

6

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

конспект

Есеп беру


13

111

7

Бақылау іс-шараларына дайындалу




РК1, тестілеу

-

10

8

Бақылау іс-шараларына дайындалу




РК1, РК2, тестілеу

10

-

Всего:

150

195

3.5 Курстық жұмыс тақырыптары


  1. Психология ғылым ретінде. Психология пәнінің қалыптасуы

  2. Адамды еңбектің танымның және қатынастың субъектісі ретінде психологиялық талдау

  3. Адам психикасының пайда болуы мен дамуы

  4. Психиканың қоғамдық тарихи табиғаты

  5. Іс-әрекет субъектісі: мотивациялар, эмоциялар, тұлға психологиясы проблемалары

  6. Ес психологиясының негізгі заңдылықтары

  7. Мнемикалық процестерді өлшеу әдістері: жаттау, антиципация және сақтау

  8. Қазіргі психологиядағы тұлға ұғымының көп мәндігі

  9. Таным субъектісі. Танымдық процестер психологиясы

  10. Психологиялық процестер және қызметтер

  11. Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі

  12. Психология пәні және міндеттері.Батыс психологияның негізгі бағыттары.

  13. Әлемдік психологиялық теориялар

  14. Психологияның ғылым жүйесінде алатын орны

  15. Адамның эмоциялық және ерік әрекеттері

  16. Жеке адамның іс-әрекеті мен қарым-қатынасы

  17. Адам мен жануарлар психикасының дамуы

  18. Адам психикасының жаратылыстану ғылымының негіздері

  19. Топ және ұжым психологиясы
  20. Эмоция және сезім

  21. Іс-әрекет психологиясы

  22. Қазіргі замандағы жеке адам теориялары

  23. Психика дамуының жоғары деңгейлеріндегі психикалық процестердің мәдени-әлеуметтік детерминациясы

  24. Психологиялық педагогика

  25. Тарихи-мәдениетті психологияся

  26. Жас ерекшелік және жалпы психологиясы

  27. Генетикалық психологиясы

  28. Гештальтпсихология

  29. Жалпы және педагогикалық психология

  30. Психикалық жоғары қызметтері

  31. Психикалық қызметі

  32. Психикалық құбылыстар

  33. Психосоматика

  34. Психикалық қарымқатынастары

  35. Психолог маманы: диагност, кеңес беруші, жаттығушы

  36. Педагогикалық кабілеттер

  37. Психологиялық қабілеттер

  38. Психолог маманның жеке тұлғасы ретінде

  39. Педагог маманның жеке тұлғасы ретінде

  40. Презентация және репрезентация

  41. Репрезентативтік жүйелер

  42. Іс-әрекет субъектісі: мотивациялар, эмоциялар, тұлға психологиясы проблемалары

  43. Психиканың қоғамдық тарихи табиғаты

  44. Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде.

  45. Педагогикалық шеберлікті меңгерудің психологиялық мәселелері.

  46. Білім беру технологияларының психологиялық негіздері

  47. Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде.

  48. Қабілет және дарындылық психологиясы

  49. Елестің эмперикалық сипаттамасы.

  50. Елес және қиял өткен немесе мүмкін болашақ бейне ретінде

  51. Жаңа бейнені құрудың механизмдері

  52. Ойлау және сөйлеудің генетикалық түбірі

  53. Сөйлеу бойынша тұлғаны диагностикалау

  54. Тұлға белсенділігі және оның қайнар көздері

  55. Тұлға дамуындағы факторлар және детерминанттар

  56. Тұлға дамуындағы қайнар көздер және қозғаушы күштер

  57. Жеке даралық писхологиясы

  58. Индивидтік және тұлғалық қасиеттердің арақатынасы

  59. Дарындылық және оның түрлері (қабілеттілік, интеллект, еңбекке қабілеттілік)

  60. Арман және практикалық ic-әрскет



Жалпы психология пәні бойынша СОӨЖ

сабақтардың тақырыптары

1 семестр

1 тақырып. Психология пәні мен зерттеу әдістері. Табиғи және лабораториялық эксперименттер. Психикодиагостикалық тесттер. Сананы зерттеудің психосемантикалық әдістері. Жеке адамды зерттеудің психобиографиялық әдістері.

2 тақырып. Сана және психика. Психика тірі жандылардың объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және тірі емес дүниедегі бейнелеу формалары. Психикалық бейнелеу объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары. Сана және бейсаналық.

3 тақырып. Темперамент-Мінез. Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

4 тақырып. Сезім-Эмоция. Эмоцияларды интерпретациялау және негізгі тенденциялар, олардың сипаттамалары. В. Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч. Дарвиннің эмоцияның көрінуі туралы түсінігі. Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындагы ролі. Эмоцияның физиологиялық теориясы. И.П.Павлов эмоция туралы. Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары.

5 тақырып. Қабілет және нышан. Нышан және қабiлет. Қабілет - белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезі деп атайды. Қабілет және нышан. Бейімділік және қабілет.

6 тақырып. Зейін. Зейін анықтамасының көп жақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің психикалық статусы мен табиғаты жайлы пікір-талас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминанта, ми қабығындағы козу, екінші сигналды жүйе).

2 семестр

7 тақырып. Ерік. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерікті қозғалыстарды орындау. Еріктің амалдың кезеңдері. Ерік сапалары. Ерік тәрбиесі.

8 тақырып. Түйсік. Қабылдаудың объектiсi мен фоны. Кеңiстiктi қабылдау. Уақытты қабылдау.

9 тақырып. Қабылдау. Иллюзия. Қабылдау заңдылықтарының психофизиологиялық зерттеулерi. Рецепторлық алап. Қабылдауда қимыл әpeкeттiң алатын орны.

10 тақырып. Ес. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Естің индивидуалды психологиялық ерекшелігі.

11 тақырып. Ойлау. Ойлау –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейлеленуі.Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

12 тақырып. Сөйлеу. Сөйлеуді психологиялық талдау. Сөйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, хат. Психолингивистиканың әдістері мен негізгі мәселелёрі, сөйлеу іс-әрекет мен сөйлеу әрекет түсінігі. Сөйлеудің түрі және функциясы. Ауызша, жазбаша, диалогты, монологті сөйлеу, ішкі сөйлеу. Сөйлеудің функциялары: коммуникативті, сигнификативті, экспрессивті, интеллектуадды.

13 тақырып. Қиял. Қиялдау кезiнде бейнелердi iрiктеп алып, бiртұтас образ жасау амалдары. Қиялдың "бейнелi ой" екендiгі. Қиялдың жасалу жолдары.

14 тақырып. Жеке адам. Жеке адам теорияларын жүйелеудегі бес параметр бойынша негіз. Олар: мінез-құлықты түсіндіру тәсілі; жеке адам туралы мағлұмат алу тәсілі, жеке адамға деген көзқарас тұрғысы; жастық диапазоны; жеке адамды суреттеудегі пайдаланатын ұғымдар. Осыларға байланысты психодинамикалық, социодинамикалық, интеракционистік теориялардың типтері.

15тақырып. Жалпы психология салаларына шолу. Психологияның салалары және психологиялық практика міндеттері. Фундаменталды психологиялық ғылымдар. Қолданбалы психология ғылымдары.
Жалпы психология пәні бойынша СӨЖ

сабақтардың тақырыптары

1 семестр

1тақырып. Психологияны оқыту әдiстемесiндегi негiзгi концепция. Оку пәні мазмұнын таңдаудың негізгі принциптері. Меңгеруді ұйымдастырудың психологиялык ерекшеліктері. Жалпы және абстрактілік сипатты білдіретін білімді меңгеру. Оқу пәнін конструктілейтін білім немесе оның негізгі тараулары. Психологиялық білім объектісінің мазмұны және кұрылымы. Білімді үлгі тұргысынан қайта шығару. Жекеленген білімдердің жүйесінде зерттелетін объектінің алғашқы, барлығына жалпы катынасты нақтылау.

2тақырып. Жоғарғы оқу орындарындағы лекцияны талдау әдістемесі. Лекцияға оқу мазмұнын таңдау. Уақытты бағдарламаның басқа тақырыптарын оқытуда ескеретін лекция-әңгімені жоспарлау. Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт. Аудиовизуальдық және көрнекі құралдарды қолдану. Материалдың түсініктілігі принципінің психологиялық ерекшеліктері. Материалды түсіндірудің түсініктілігі. Түсіндіру стилі. Сабақтағы оқушының іс-әрекетін белсендіру.


3тақырып. Мектеп психологының кәсiби әрекетiнің ерекшелiктерi. Оқушылармен психокоррекциялық және қолданбалы жұмыс. Оқушыларды, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне кеңес беру және ағарту. Кеңес берудің негізгі бағыттары. Әлеуметтік-диспетчерлік іс-әрекет. Орта мектеп буынында оқитын оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесінің мазмұны. Жоғары сынып оқушысының психологиялық-педагогикалық мәртебесі. Психолог – мектеп әкімшілігі. Психолог – педагогикалық ұжым. Психолог – оқушылар. Психолог – ата-аналар. Психолог - мектеп әкімшілігі: бағыну мәселесі. Тәуелсіздік пен дербестік дәрежесі. Мектеп пихологының кәсіби даярлығы мәселесі.

4тақырып. Жеке адамның әлеуметтiк қарым-қатынастарының психологиялық ерекшелiктерi. К.Левин ұсынған формуласы бойынша теориялар типтерін жіктеу. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Бихевиоризм. Гештальт психология. А.Маслоудың өзін-өзі актуалды ету теориясы. Жеке адам дамуының кезеңдері туралы Э. Эриксонның концепциясы.

5тақырып. Балаларды мектептегi оқуға психологиялық дайындығын эксперименталды зерттеу. Психологиядағы қосалқы әдістер: әңгімелесу, тест, сауалнама (анкета), қызмет нәтижелерін зерттеу. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Психикалық процестерді қалыптастыру мен моделдеу зерттеу әдісі ретінде.Салыстырмалы-патологиялық әдіс.Психологиялық зерттеулерде математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.

2 семестр

6тақырып. Психологиядағы қарым-қатынас мәселелерi. Өзара қарым-катынастың нығайып, араларында кездескен кедерriлердi жеңiп отыру жолында ұстаздардың тиiмдi ықпалы. Қарым-катынаста адамдардың бір-бiрiн жете түciнyi. Қарым-катынастағы кepi байласыстарды болдырмау жолдары. Әлеуметтiк ортадағы карым-қатынаста психолог маманның қызметi.

7тақырып. Зейiннiң оқу-тәрбие процесiндегi алатын орны. Зейін теориялары жэне олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының көп жақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің психикалық статусы мен табиғаты жайлы пікір-талас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминанта, ми қабығындағы козу, екінші сигналды жүйе).

8тақырып. Eстің адамдардың жас ерекшелiгiне қарай өзгеру деңгейi. Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Мнемикалық тапсырмаға субьектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің үйренуге, еске әсері. Іс-әрекеттің үзілісінің еске әсері. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Субьектінің материалды ұйымдастыруының мәні. Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті ұйымдастыру: Жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі.

9тақырып. Мектеп жасына дейiнгi балаларда ойлау мен сөйлеудiң даму деңгейі. Сөйлеудiн түрлерi және ойлаудың мәні. Iштей және сыртгай сойлеу. Диалогты және монологгы сөйлеу. Ауызша және жазбаша сөйлеу. Ойлау мен сөйлеудi дамытудың жолдары.

10тақырып. Дарынды балалардың қабiлетiнiң психологиялық ерекшелiктерi. Дарынды балалардың шығармашылық қабiлетiнiң дамуының жалпы шарты. Оқу іс әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс әрекеті ретінде. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды сатылар қалыптастыру (П.Я.Гальперин). Бастауыш мектеп жасындығы баланың психикалық процестерінің дамуының негізгі заңдылықтары. Жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасынң дамуы (Г.Г.Кравцова). Бастауыш мектеп жасындығы баланың мінезінің дамуы. Рефлексияның алғашқы формалары.Құрбыларымен қарым қатынасы.

Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.1/10

050103- «Педагогика және психология»

мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірмесі



Пәннің атауы Жалпы психология





Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағ. бойынша студенттердің жұм. көлемі

Семестр және курс бойынша сағаттың бөлінуі


емтихан

сынақ

КЖ

КР

РГР

Бақылау жұмысы

барлығы

Дәріс

Тәж

СӨЖ




Дәріс

Тәж

СӨЖ




ОСӨЖ

жалпы

ауд

СӨЖ

МБ

ВМП

ОСО базасында күндізгі

1, 2







2







225

75

150

1 семестр

2 семестр




15

15

15




30

15

22,5


























































1 семестр

2 семестр







ОСО

базасында сырттай



1, 2







2







225

30

195

12

6


МБ

ВМП

6

6







3



9

2

6

















Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Ж.Аймауытов. Психология оку құралы. Алматы.1994ж.

  2. Ә.К;.Алдамуратов Жалпы психология. Алматы. 1996ж.

  3. А.С.Выготский. Психология.(аударма) Алматы. 2005ж.

  4. Р.С.Немов. Психология. I-П-Ш-том. 2003ж.

  5. Қ.Б.Жарьщбаев. Психология. Алматы. 2003ж.

  6. С.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003ж.

  7. М.А.Асылханова.- Психология. Алматы. 2004ж.

Көмекші:

  1. К.Б.Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы.2003ж.

  2. К.Б.Жарықбаев. Психология негіздері. Алматы.2005ж.

  3. М.А.Асылханова. Психология таным процестерi. 2004ж.

  4. Ә.Қ.Алдамуратов.Қызықты психология. Алматы.1992ж.

  5. Қ.Б.Жарықбаев. Жантану негiздерi. Алматы. 2004ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет