Ұлттық мінез дегеніміз не және оның қалыптасуында тілдің ролі қандай? Синтез эссеге материалдар



Дата04.05.2024
өлшемі20.64 Kb.
#500554
8 дәріс-Синтез эссеге материалдар (1)


«Ұлттық мінез дегеніміз не және оның қалыптасуында тілдің ролі қандай?


СИНТЕЗ эссеге материалдар

Тер-Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл - 320 бет. ISBN 978-601-7943 -07-3


Қорытынды

Тіл - жалпы әлемді көрсететін экран ғана емес, сонымен қатар адамның дүние- танымдық әлемін бейнелейтін айна да. Бұл жағдайда әлем дегеніміз - адамды қоршаған шынайылық. Тіл айналасында бір мезетте адамның өзі, оның өмір сүру салты, оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, жер-жаһандағы мәдениет пен құндылықтар жүйесі. Тіл айна ретінде екі әлемді де: адамнан тыс, яғни оны қоршаған әлемді және адамның ішкі әлемін, яғни өзі жасаған әлемін танытады. Тіл - адамның ішкі-сыртқы жан дүниесі тоғысқан сиқырлы айна. Ол - бейтарап, немқұрайлы емес, әділетті. Сонымен қатар тіл - тұлғаны қалыптастырушы қару әрі құрал. Біз ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тіл арқылы, әрі сол тілде жинақталған мәдениет арқылы өркендедік. Біз ана тілімізді, төл мәдениетімізді, туған жеріміз бен туу уақытымызды таңдай алмаймыз. Біз адамдар әлеміне енеміз, ал тіл бізге дүние туралы (әлем бейнесі), адамдар туралы, олардың құндылықтар жүйесі мен күн көру амалдары туралы түсінігін таңа отырып, өз жұмысын біртіндеп жүзеге асыра бастайды. Бізде бәрібір таңдау жоқ. Біз тіліміздің тұтқынымыз. Қарсыласудан пайда жоқ, тіл - шебер әрі тәжірибелі маман, «адам жанының инженері» - өзіне табынушы миллиондарды қалыптастырды, әлі үздіксіз қалыптастыра бермек. Осы бір баға жетпес байлыққа ие бола отырып, ішкі-сыртқы алып әлемді өз дүние танымына сіңіріп, адам ең басты мәселе - өзге жандармен қарым-қатынасқа, коммуникацияға түседі. Өйткені адам қоғамдық құбылыс және көпшілік арасында өмір сүреді. Алып әрі шағын әлемдегі бүгінгі және болашақ өміріміз - қаншалықты дұрыс, тиімді әрі жақсы қарым-қатынас жасай алатындығымызға тікелей тәуелді.


«Тіл» ұғымына анықтама беріп көрейік.



  1. Тіл - белгілі бір ұлттың өз ойын жеткізуіне көмектесетін барлық сөздердің жиынтығы, олардың дұрыс тіркелуі.




  1. Тіл - индивидтердің (жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатына- сына қызмет етуге жарамды кез келген таңбалар жүйесі




  1. Тіл - адамзат ұжымы мүшелерінің негізгі әрі маңызды қарым-қа- тынас құралы саналатын семиологиялық жүйенің ерекше бір түрі, сондай-ақ бұл жүйе адамзаттың ойлауын дамытатын, тарихи-мәдени дәстүрлерін және т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құрал.




  1. Тіл - адамзат қоғамында стихиялық жолмен пайда болып, да- митын, адамдардың қарым-қатынас жасауына, олардың жара- тылыс туралы бүкіл білгендері мен түйгендерін бейнелеуіне қызмет ететін дискретті (үзік-үзік) дыбыстардың таңбасы.




  1. Тіл - дыбыстық, сөздік, грамматикалық құралдардың тарихи қа- лыптасқан жүйесі, ол ойлау жұмысын шындыққа айналдырушы және қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас жасау, ой алмасу, өзара түсінісу құралы




  1. Тіл - мәдениет айнасы, онда адам айналасындағы шынайы өмір мен оның өмірінің шынайы шарттары ғана емес, сонымен қа- тар халықтың қоғамдық санасы мен менталитеті, өмір сүру салты, дәстүр-салты, мораль, құндылықтар жүйесі, әлемді сезінуі және түйсінуі қамтылған. Тіл - мәдениеттің алтын сандығы, яки баға жетпес қоймасы. Ол - лексика мен грамматикада, идиоматика мен мақал-мәтелдерде, фольклорда, ауызша және жазбаша түрдегі көркем және ғылыми әдебиетте мәдени құндылықтарды сақтайды.




  1. Тіл - тасымал құралы, мәдениетті жеткізуші, ол ұрпақтан-ұр- паққа сақталып келген ұлттық мәдениеттің жауһарларын та- сымалдайды. Балалар ана тілін меңгере отырып, онымен бірге ата-бабаларының бүгінге дейін жинақталған мәдени бай тәжіри- бесін де игереді.




  1. Тіл - қару, мәдениеттің құралы. Адамның, сол тілде сөйлеушінің тұлғалық сипаты тіл арқылы дарыған, тіл арқылы әлемді тануы, менталитеті, адамдармен қарым-қатынасы т.б., яғни қарым-қатынас құралы ретінде сол тілді пайдаланушы халықтың мәдениеті арқылы қалыптасады. Демек, тіл «біздің өмір сүру салтымызды танытатын тәжірибелік дағдыларымыз бен идеяларымыздың әлеуметтік жинағы. тіл - адам өмірінің әртүрлі саласында адамзат қызметі нәтижелерінің жинағы ретінде айқындалатын мәдениеттің (айталық: өндірістік, қоғамдық, рухани) құрамдас бір бөлігі. Алайда ойлауды жүзеге асыру формасы ретінде, бастысы қарым-қатынас құралы ретінде тіл - мәдениетпен бірдей деңгейде тұра алады. Егер тілді оның құрылымы бойынша (қалыптастыру және игеру амалдары (ана тілі немесе шет тілі ретінде) қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік мәдени қабат немесе мәдениет құрамы тілдің бір бөлігі немесе оның шынайы тұрмыстық келбеті. Сөйте тұра мәдениет құрамы - жай ғана тіл арқылы баяндалатын мәдени ақпарат қана емес, бұл оның барлық деңгейі мен салаларына тән тілдің бөлінбес бір бөлігі.




  1. Тіл - ұжымның қоғамдық санасын, дәстүрін, мәдениетін сақтап, жеткізу арқылы адамдар тобынан этносты, ұлтты қалып- тастыратын қуатты қоғамдық қару. «Мәдениеттің ұлттық ерекше құрамдарының ішінде тіл бірінші орында. Тіл, қарым-қатынас мәдениеті ретінде адамдарды өзара байланыстыра да, өзара алшақтата да алады.




  1. Тіл - ол тілде сөйлеуші адамдарды белгілі бір қоғамға телитін белгі. Этностың негізгі ерекше белгісі - тіл. Оны ішкі және сыртқы екі жағынан алып қарастыруға болады: «ішкі» бағыт бойынша ол этникалық интеграцияның негізгі факторы ретінде айқындалады; «сыртқы бағыт» - ол этностың негізгі этнобөлшектену белгісі. Өз бойына осы екі қарама-қайшы қызметті диалектілік тұрғыдан қабыстыра отырып, тіл - этностың өзін-өзі сақтау әрі оны «өзім» және «өзгелер» деп бөлшектеу құралы».


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет