Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет3/12
Дата11.04.2024
өлшемі299.25 Kb.
#498409
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
СПЗ1 Силлабус

Пәннің міндеттері:
1. Негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2. Қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3. Заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4. Студенттердің әлеуметтік, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5. Әлеуметтік, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану.

2

Сағат саны

Лекция - 15 сағат
Практикалық сабақтар- 30 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)-75сағат (соның ішінде ОБӨЖ 3 сағат)
Барлығы – 120 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Әлеуметтанудың мәнін, құрылымын және функцияларын, негізгі заңдар мен категорияларды; қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі кезеңдері мен қоғамдық даму факторларын; әлеуметтік өзара әрекет пен қатынастардың мәні мен формаларын; тұлғаның әлеуметтену үрдісі мен кезеңдерін; әлеуметтік бақылаудың әрекет ету тетігін; әлеуметтік теңсіздік пен стратификацияның тарихи типтерін; көлденең және тік сипаттағы әлеуметтік ұтқырлықтың сипаты мен себептерін; әлеуметтік ұйымдардың типтері мен құрылымын, оларды басқару тетігін; қазіргі қоғамдағы әлеуметтік үрдістерді басқарудың негізгі тетіктерін, әлеуметтік тұрақтылық пен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етуді; топтардағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін; ресми және бейресми қатынастардың ерекшеліктерін; көшбасшылық және функционалдық жауапкершіліктің сипатын білу.
Әлеуметтік білім негіздерін қызметтік-кәсіби әрекетте және әртүрлі әлеуметтік құбылыстарды талдауда қолдана білу; өзінің әлеуметтік білімін жүйелеу және тереңдету мақсатында әдебиеттермен және дереккөздермен өз бетінше жұмыс жасай білу.

4

Білімін бағалау

Глоссарий 5*3=15 балл
Эссе 4*6 =24 балл
Презентация 5*3 =15 балл
Студент белсенділігі: 6*1=6 балл

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (тест)

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі жәнеқосымша әдебиеттертізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет