ЖҰмыс бағдарламасы тележурналистика 050504 «Журналистика»



Дата17.06.2016
өлшемі199 Kb.
#141395
түріЖұмыс бағдарламасы

Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Тележурналистика


050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Телевизиялық журналистика – бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы, адамзаттың ой-санасына, көзқарасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал, рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі, өркениетті әлемдегі саясат алаңы, аудиторияны зерттеумен айналысатын арнайы әлеуметтік институт, ақпарат таратуды бейнелік сипатта жүзеге асатын шығармашылық қызмет.

Пәннің мақсаты – тележурналистиканың әлеуметтік институт, қоғамдық-саяси қызметтің бір саласы болып табылатын ілім екендігіне тұжырым жасау, студенттердің тележурналистикаға тән принциптер мен заңдылықтарды теориялық негізде шығуларын жүзеге асыру.

Пәннің міндеттері:

- телевизиялық журналистиканың табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктері, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайлы толық мәлімет ұсыну

- әлемдік және қазақстандық тележурналистиканың тарихи кезеңдерін, қазіргі заманғы даму тенденцияларын баяндау, келешегі туралы тұжырым жасау

- сөйлеу техникасы мен режиссураны меңгерулеріне жол ашу

- телехабар сценарийін жазуды, оны жоспарлауды, беттеуді, эфирден қалай беруді үйрету

- телевизиялық журналистиканың жанрлары мен пішіндерін жеке-жеке талдап түсіндіру

- аудитория және оны зерттеу, телехабардың сапалық белгілерін айқындау принциптерін оқыту

- телевизиялық журналистикадағы шығармашылық жұмыс процесімен таныстыру

- әлемдік телевизиялық журналистиканың үздік үрдісінен хабардар ету

- қазіргі заманғы телевизиялық журналистиканың құқықтық негіздерін оқыту

- әр алуан жанрда, түрлі пішінде телехабар жасауды және тікелей эфирде жұмыс істеуді үйрету

2 Пререквизиттер
1.Журналистикаға кіріспе


Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Студиялық

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-




2

Телевизиялық журналистиканың қалыптасу кезеңдері

2

-

3

3

Әлемдік теледидардың қазіргі заманғы сипаты

2

-

5

4

Шетел тележурналистикасы

3

1

4

5

Телевизиялық журналистиканың бейнелеуші құралдары

2

1

4

6

Телехабар

2

1

4

7

Тележурналистика жанрлары

3

-

5

8

Тележурналистиканың пішіндері

2

2,5

4

9

Теледидардағы журналистік мамандықтар

3

2

4

10

Телеарналардағы музыкалық формат

2




5

11

Аудитория және оны зерттеу

3

2,5

4

12

Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі

2

2

4

13

Телебағдарламалардың құрылымдық ерекшеліктері

3

2,5

4

14

Телеиндустрия. Теледидар және интернет




1

5

15

Бейнемонтаж, оның түрлері




1,5

5

16

Телесценарий жазу




1

5

17

Тележурналистикадағы режиссура




1,5

5

18

Телерепортер шеберлігінің кәсіби ережелері мен шарттары




1

5

19

Тікелей эфирден өтетін телехабардың сценарийін әзірлеу




1

5

20

Телехабарды көркемдеуде музыка мен дыбыс эффектілерін пайдалану реті




1

5

21

Экран тілінің негізгі элементтері







5




Барлығы

30

22,5

90

3.2 Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып: Кіріспе

Курстың негізгі мазмұны тележурналистиканың табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерін, тарихын қалыптасуы мен дамуын, қазіргі заманғы сипатын, құрылымы мен ұйымдастырылу принциптерін, жанрлары мен пішінін, бейнелеуші құралдарын, телехабарлардың сапалық белгілерін, сөйлеу техникасы мен оның өзіне тән ерекшеліктері қамтиды.


2 тақырып. Телевизиялық журналистиканың қалыптасу кезеңдері

Теледидардың пайда болуының техникалық алғы шарттары. Экспериментальдік телехабарлар. Кеңестік теледидардың даму кезеңдері. Қазақ теледидарының қалыптасуы.


3 тақырып. Әлемдік теледидардың қазіргі заманғы сипаты

Теледидардың қоғамдық функциялары. Теледидар, саясат және мәдениет. Теледидардың әлеуметтік проблемаларды шешудегі ролі. Қазіргі заманғы телеиндустрия туралы жалпы түсінік.


4 тақырып. Шетел тележурналистикасы

Ресей теледидарының тәжірибелік незідері. Әлемдік теледидардың даму бағыттары мен жаңашыл тенженциялары.


5 тақырып. Телевизиялық журналистиканың бейнелеуші құралдары

Теледидардың спецификалық ерекшеліктері: бейнелілігі, уақыт пен кеңістікті қамтудағы шексіздігі, шектен тыс әсерлілігі, тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыра алатындығы, дәйектілігі, өміршеңдігі, эстетикалық қуатының күштілігі.


6 тақырып. Телехабар

телехабарды жсопарлау, беттеу, эфирден беру қисындары. Теледидардағы жаңалықтар желісі. Телесюжет. Алғысөз. Кадрдегі журналистің сөзі. Кадр сыртындағы мәтін. Қосымша мәлімет. Тікелей эфирді жүзеге асыру принциптері.


7 тақырып. Тележурналистика жанрлары

Тележурналистиканың ақпаратты жанрлары. Телесюжет, оның жанрлық ерекшеліктері. Ақпарат, сұхбат, репортаж, есеп, кадрдегі сөйлетін сөз. Тележурналистиканың талдамалы жанрлары. Телешоу. Телекомментарий. Телеәңгіме.


8 тақырып. Тележурналистиканың пішіндері

Ақпараттық бағдарламалар. Сараптамалық бағдарламалар. Ойын-сауық бағдарламалар. Ғылыми-танымдық бағдарламалар. Конкурстық бағдарламалар.


9 тақырып. Теледидардағы журналистік мамандықтар

Редактор – шығармашылық процесті ұйымдастырушы. Тележүргізуші қызметінің психолингвистикалық аспектілері. Продюссер – телебағдарламала жобасын жүзеге асырушы. Телерепортер – оқиға ортасынан хабар беретін журналист.

10 тақырып. Телеарналардағы музыкалық формат

Саунд-дизайнер. Виджей. Дыбыс режиссері. Дыбыс инженері. Жарық түсіруші. Тележурналистикадағы актерлік шеберлік. Камера алдында жұмыс істеп үйрену.


11 тақырып. Аудитория және оны зерттеу

Телекөрермен аудиториясының құрылымдық ерекшеліктері. Көрермен мүддесін қорғаудың құқықтық негіздері. Телекөрермен аудиториясын зерттеу әдістері. Аудиторияны ғылыми тұрғыда зерттеудің негізгі принциптері.


12 тақырып. Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі

Телехабардың тілі мен стилі. Сөйлеу техникасы. Телехабарды көркемдеуде музыка мен дыбыс эффектілерін пайдалану реті.


13 тақырып. Телебағдарламалардың құрылымдық ерекшеліктері

Сараптамалық бағдарламалардың құрылымдық сипаты. Авторлық бағдарлама. Телебағдарлама құрылымындағы монтаж.



3.3 Студиялық сабақтардың мазмұны




Тақырыптар атауы

Студиялық сабақтардың мазмұны

1

Шетел тележурналистикасы

Шетел телехабарларына шолу жасап, талдау

2

Телевизиялық журналистиканың бейнелеуші құралдары

Экран тілінің элементтері- бейне, дыбыс, сөз, кадр, план, ракурспен жұмыс істеу

3

Телехабар

Тікелей эфирге хабар әзірлеу


4

Тележурналистиканың пішіндері

Телехабарлардың түрлеріне хабар жоспарын құру

5

Теледидардағы журналистік мамандықтар

Теледидардағы журналистік позицияларға жеке-жеке тоқталу

6

Аудитория және оны зерттеу

Сауалнама жүргізу, телефон арқылы пікір алмасу

7

Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі

Музыкалық хабар дайындау

8

Телебағдарламалардың құрылымдық ерекшеліктері

Телебағдарлама құрылымындағы монтажбен жұмыс істеу

9

Телеиндустрия. Теледидар және интернет

Интернеттегі ақпараттардың маңызы

10

Бейнемонтаж, оның түрлері

Бейнемонтаж жасау әдістері

11

Телесценарий жазу

Ақпараттық телехабардың сценарийін жазу

12

Тележурналистикадағы режиссура

Режиссерлік әдіс-тәсілдерді меңгеру


13

Телерепортер шеберлігінің кәсіби ережелері мен шарттары

Негізгі шарттар бойынша репортер қызметі

14

Тікелей эфирден өтетін телехабардың сценарийін әзірлеу

Жаңалықтарды тікелей эфирде оқу

15

Телехабарды көркемдеуде музыка мен дыбыс эффектілерін пайдалану реті

Сазды-салем бағдарламасын әзірлеу


3.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15 (30*0,5)

2

Студиялық сабаққа дайындық

Жұмыс дәптері

Ауызша, жазбаша сұрау

22 (1*22)

3

Жеке жоба

Зерттеу жұмысы

Қорғау

14

4

Курстық жұмыс жазу




Ауызша қорғау

18

5

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект

Бақылау шараларына жіберілуі

15

6

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2, тест

6

Барлығы:

90


Өздік жұмысқа ұсынылатын тақырыптар тізімі
1 тақырып. Тележурналистиканың деректі-көркем жанрлары

Телеочерк. Эссе. Суреттеме. Телеэкрандағы сатиралық жанрлар. Деректі телефильмдер.көркем телефильмдер.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 12-26 б.

2 тақырып. Теледидар түрлері

Интернет. Кабельді теледидар. Мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық теледидар.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 25-44 б.; [6], 85-101б.

3 тақырып. Кабельді және спутниктік телевизия

Кабельді телевизияның тарихы. Спутникатік байланыс идеясы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 59-74 б.

4 тақырып. Телехабарларды таратудың ұлттық ғарыштық жүйесі.

Арнайы мемлекеттік қаулы. Экономикалық тиімділігі. Ғарыш технология.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 35-56 б.; [4], 44-65 б.

5 тақырып. ХХІ ғасыр телевизиясының мүмкіндіктері

Ғылым мен техниканың дамуы. Сандық технология.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 88-120 б.; [5], 67-89б.

Курстық жұмысқа ұсынылатын тақырыптар
1 Тележурналистиканың табиғаты

2 Тележурналистиканың тарихы мен даму кезеңдері

3 Тележурналистиканың функциялары

4 Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары

5 Тележурналистиканың құрылымдық жүйесі

6 Экран тілі

7 Тележурналистиканың жанрлық ерекшеліктері

8 Тележурналистиканың пішіндері

9 Телесценарий

10 Телехабардың сапалық белгілері

11 Тележурналистиканың БАҚ жүйесіндегі алатын орны

12 Қазақ журналистикасының тарихы

13 Тележурнаистикадағы режиссура

14 Экрандағы дизайн

15 Сөйлеу техникасы

16 Тікелей эфир алдындағы шығармашылық ізденіс

17 Теледидардағы журналистік мамандықтар, олардың кәсіби

ерекшеліктері

18 Телехабарды жоспарлау принциптері

19 Телеаудиторияның негізгі крийтерийлері

20 Телехабардың сапалық белгілерін айқындайтын құндылықтар

21 Шетел журналистикасы




Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности




Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме

050504 «Журналистика»

Тележурналистика


Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

Курс пен семестр бойынша сағат санын бөлу

емт.

сынақ

КЖ

барлығы

дәр

студ

СӨЖ

дәр

студ

СӨЖ

бар

ауд

СӨЖ

1 семестр

2 семестр

ЖОБ негізінде күндізгі

2




2

142,5

52,5

90

-

-

-

30

22,5

90


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 М.К. Барманкулов. Жанры печати, радиовещания и телевидения. А., 1974,

215 б.

2 М.К. Барманкулов. Сравнительный анализ жанров. А., 1975, 187б.



3 М.К. Барманкулов. Журналистика для всех. А., 1985., 223б.

4 М.К. Барманкулов. Телевидение: Деньги или власть? А., 1997, 310б.

5 В.В. Ворошилов «Журналистика», базовый курс, 312б.

6 Қ. Тұрсынов. Көгілдір экран құпиясы. А., 2004, 420 б.

7 Е.П. Прохоров «Введение в теорию журналистики». М., 2001, 220б.

8 Қ. Тұрсынов. Тележурнаист анықтамалығы. А., 1998, 423б.


Қосымша:

9 Ш.Р. Елеукенов «Кітаптану негіздері». А., 1999, 194б.

10 В.В. Кихтан «Информационные технологии в журналистике». Ростов на

Дону, 2004, 231б.



11 Ш.И. Нургожина «Введение в журналистику». А., 2001, 211б.

12 Ә. Бөкейханов «Шығармалары». А., 1994, 344б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет