Жұмыс дәптері: Несеп шығару бұзылысы синдромы Студент білуі керек



бет1/6
Дата11.05.2024
өлшемі71.06 Kb.
#500861
  1   2   3   4   5   6
несеп


Жұмыс дәптері: Несеп шығару бұзылысы синдромы
Студент білуі керек:

  • урология туралы түсінік;

  • урологиялық патологиялардың негізгі түрлері;

  • бүйрек,қуықтың жарақатының негізгі белгілерің, дәрігерге дейінгі көмегін;

  • бүйрек шаншуының белгірері, дәрігерге дейінгі көмек;

  • жедел несептін кідіруі, дәрігерге дейінгі көмек;

  • бүйрекке, несепағарға,қуыққа операция жасар алдындағы дайындықтың ерекшелігі;

  • операциядаң кейінгі урологиялық аурулардың күтім ерекшелігі.

Студент істей білуі керек:

  • науқастарды аспаптық және рентгенологиялық зерттеуге дайындықты;

  • операциядаң кейінгі асқынуларды айыра білу;

  • катетермен дренаждарды күту;

  • урологиядағы мейірбике процесін орындауды;

  • қуық катетеризациямен қуықты шаюың орындау;

  • катетермен дренаждарды тазалау.

Урология – несеп шығару жүйесі(ер адамдарда несеп-жыныс жүйесі) ауруларымен шұғылданатың медицина саласы.
Адамның несеп шығару бүйрек , несеп ағар, қуық, уретра кіреді.
Урологиядағы аспаптық зертеуге кіреді:

  • цистоскопия – арнайы аспаппен(цистоскоп) қуықтың шырышты қабатың зерттеу

  • Хромоцистоскопия бүйрек қызметтін зерттеу әдісі.

Қуық ішіне цистоскопты енгізгеннең кейін тамыр ішіне индигокармин ерітіндісін жібереді. Қалыпты жағдайда 3-5 минуттаң кейін несепағар өзектерінен бояу өне бастайды.
Тамырішілік урография-Әдіс бүйрек пен несепағардың анатомиялық және функционалдық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. Сапасы нашар бағдарламаларды алудың басты себебі-ішекте газдың жиналуы. Зерттеуге дейін 2 тәулік ішінде метеоризмді азайту үшін науқас қара нанды, картопты, қырыққабатты пайдалануды шектеуі тиіс. Кешке және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын ол тазалау клизмасын жасайды. Қазіргі уақытта зерттеу үшін молекуладағы үш йод атомы бар рентгеноконтрасты заттар қолданылады (урографин, уротраст, 60-70% концентрациядағы трийотраст).
Йодты препараттарды енгізуге аллергиялық реакциялар мүмкіндігін әрқашан есте сақтау керек және алдын ала ағзаның жеке сезімталдығына сынама жүргізу керек. Ол үшін негізгі дозаның бірінші миллилитрін науқастың жағдайын бақылай отырып, баяу енгізеді. Құрамында йод бар заттарды бейтараптандыратын препарат натрий тиосульфаты болып табылады. Науқастарға экскреторлы урография жүргізу үшін, әдетте, 20 – 60мл 75 % ерітіндісің енгізедң. Науқастың дене салмағының   1 кг-на 1 мл контрасты затты барынша енгізуге болады. Әдетте рентген суреттер контрастты енгізгеннен кейін 7 -10 және 20-25 минуттан кейін жасалады.

  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет