Жұмыс оқу бағдарламасының



Дата28.06.2016
өлшемі381.73 Kb.
#163791



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

Кітаптанудағы және библиографиятанудағы, кітапханатанудағы теоретико-методологиялық пәні бойынша



Пән бағдарламасы (Syllabus)
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған

Павлодар


Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Қапасова Б.Қ.филол.ғыл. кандидаты, доцент


Журналистика кафедрасы

Кітаптанудағы және библиографиятанудағы, кітапханатанудағы теоретико-методологиялық пәні бойынша

6М091000 Кітапхана ісі мамандығы магистранттарына арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Кітаптанудағы және библиографиятанудағы, кітапханатанудағы теоретико-методологиялық негіздері

Таңдау компоненті

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Барлық аудиториялық сағат саны - 30

Дәріс -15

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 60


ОМӨЖ- 15

Барлық сағат саны -90



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Жалпы шетел библиографиясы

Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі



Постреквезиттер Қоғамдық байланыстар

Кітапханалық-библиографиялық

қызметінің маркетингі

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Әлем библиографиясы және халықаралық еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықаралық қатынастардың кеңейіп, тереңдеу түсуінің арқасында толығуы заман талабы болатын. Кезінде әлемдік библиографиялық үдерістер жайында қазақстандық әдебиеттанушылардың еңбектері басылып шықпағандықтан, осы жаңа бөлімнің мақсаты – әлем библиографиясы жайлы жан–жақты зерттеу жүргізіп, магистранттарға әлемдік библиографиялық үдерістің жаңа көрінісін беріп, қазақ библиографиясы сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем библиографиясының бір бөлігі етіп елге таныту.

Кез–келген тарихи дәуірде әр елдің библиографиясының даму ерекшелігі әр түрлі болғаны белгілі, сол себепті қазіргі замандағы болып жатқан әлемдік библиографиялық үдерістерді, олардың өзара байланысу мен ықпалдасу мәселелерін баса назар аударып зерттеу қажет. Тәуелсіздік кезеңінде халықтар арасындағы қарым-қатынас нығайып, ұлттық библиографиялық байланыстар жаңа сатыға көтеріледі.

Кітапханатану – кітапхана ісінің теориясын, тарихын, әдістемесі мен технологиясын зерттейтін ғылыми пән. Терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген «Кітапханатану жөніндегі негізгі басшылықтың іс-тәжірибесі» атты 2 томдық еңбектің авторы, неміс кітапханатанушысы М.Шреттингер (19 ғ.). Кітапханатанудың негізгі салалары: жалпы кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихы. Кітапханалық ой жүйесі қолжазбалық және баспа кітаптарды, басқа да ақпараттық тасымал құралдарын жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын мекеме ретінде кітапханалардың пайда болуымен бірге қалыптасты. Кітапханатану білім саласы ретінде басқа ғылымдардан бөлек өмір сүрмейді. Оның халықаралық байланыстары басқа ғылымдардың әдістері мен іс-тәжірибелерін, нақты материалдарын, теориялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылса, олар өз кезегінде кітапханатанудың теориялық және іс-тәжірибелік қуатын қолданады. Кітапханатану білімінің аса маңызды теориялық қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық кітапханатану білімі қазіргі қоғамдағы кітапхана үрдістерінің даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан белгілейтін қағидаларды жүйеге келтіріп, кітапхана ісінің әлеуметтік мәселелерін, кітапханалардың қоғамдық рөлін, Қазақстан жағдайларындағы халыққа кітапханалық қызмет көрсету түрін жан-жақты зерттейді.



Мақсаты: кітапханатану ісінің негізгі теорияларын оқыту, меңгерту. Әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіру тенденциясы негізінде қазіргі кітапханатану ісінің қызметтерін компьютерлік оқытуға бағындыру, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануды қамтамасыз етудің негіздерін оқыту.

Міндеттері:

- кітапханатану, кітаптану ісінің негізгі теориялық сипаттарын анықтау;

- жалпы кітапханалық жүйені қалыптастырудың басты міндеттері, қызметтері мен әрекетттеріне қатысты жұмыстарды кеңейтудің негіздерін үйрету;

- кітапханалық үдерісте қазіргі жаңашыл әдістерді қолданудың ерекшеліктері;кеңейту мүмкіндіктерін ашу;

- дәстүрлі әдістерді инновациямен сабақтастыра отырып, кітапхана ісінде пайдалану арқылы тиімді, сапалы қызмет көрсету;

- тапсырыс бойынша сайттар мен анықтамаларды, тақырыптарды іріктеу;

- мүделі тақырыпта жедел ақпарат таба алу;

- кітапханатану ісіндегі қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

а) пәнді игертуде магистранттармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кітапханатану ісінің теориясын жетік білу және оны инновациялық әдістер арқылы қызметте пайдалану жолдарын үйрену;

ә) ақпараттық-библиографиялық қызмет түрлерінің теориясын мәліметтермен жұмыс істей білуде қолдана білу;

б) кітапхананың ақпараттық библиографиясын кітапханалық қормен толықтыру, жазу мен оқуді меңгеру;

в) басылым беттеріндегі, кітапхана қоғамдық қызметіндегі кітапханатанудың теориялық, практикалық сипаттарын түсіну үшін өз жұмыс стильдерін қалыптастыру үшін барлық жұмыс тәсілдерін игерулері қажет;

Пәнді оқу қорытындысында мынаны істей алуы керек:

а) кітапханатанудағы анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді талдай білу;

б) кітапханатану пәнінде алған теориялық, тәжірибелік білімдерін анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді кітапхана қызметінің құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп, кез-келген қажетті ақпараттармен жұмыс істей білу;

г) кітапхана жұмысына қажет анықтамалық- библиография заңдылықтарды теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

д) кітапхананың анықтамалық- библиографиялық ресурстарының түрлері және қызметтік қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы;



ж) кітапхана ісіндегі анықтамалық -библиография ресурстарын еркін қолдана алу.


4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

Пәннің мақсат, міндеттері

3

1







9

2

2

Ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау негіздері

3

1







9

2

3

Кітап ісі дамуындағы кітап зерттеу ғылымының рөлі

3

1







9

2

4

Кітап палатасының құрылуы, кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалы


3

1







9

2

5

Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасау

3

1







9

2

6

Кітаптардың библиографиялық көрсеткіші

3

2







9

2

7

Ұлттық ғылыми кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары


3

2







9

2




Барлығы: 90 сағат (2 кредит)

30

15







90

22,5


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Шортанова А. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы.(ХХ ғ. 20-40 жж). Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. –Алматы, 2009.

2.Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.

3. Гаффин А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 2010 (Просто о сложном).

4.Гилстер П. Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 2009.- 735 с.

5.Соломенчук В. Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного обучения.- СПб.: Питер, 2009.- 288 с.: ил.

6. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 2010

7. Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2009.- ақпан.-Б.19



Қосымша:

1. Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.

2 Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш. - ІІ том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1961. – 358 б.


  1. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.

  1. Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). / Құрастыр.: С.С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина. – Алматы: Мектеп, 1986. – 38 б.


6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

1.Пәннің мақсат, міндеттері

Кітаптану - баспасөз шығармаларын зерттеп, олардың пайда болуын, таралу және пайдаланылуын, сондай-ақ осы процестерді іс жүзінде асыратын мәдениет пен халық шаруашылығы салаларын да зерттейтін дербес ғылыми пән.

Кітап берілімі - оқырмандар мен абоненттердің сұранымы бойынша берілген кұжаттардың саны. Ол оқырмандарға кызмет көрсетудегі кітапхана қорының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады, сондай-ақ кордың айналымын, оқылымын және т.б. анықтауда қолданылады.

Кітап ұстағыш - сөреде немесе үстел үстінде кітапты тік ұстайтын (қоятын) тығыз материалдан жасалған тетік.

Кітап тасу - оқырмандарға кітапханадан тыс кызмет көрсету түрі. Жұмыстың бұл түрі бойынша кітапхана белсенділері (кітапханадан немесе көшпелі кітапханадан) оқырмандардың жұмыс орнына болмаса тұратын жерлеріне кітаптарды жеткізіп береді.

Кітаппен қамтамасыз ету - ауданның қаланың, елдің әрбір тұрғынына немесе кітапхананың, кәсіпорын, оқу орны ж.т.б. Ұжымының әрбір оқырмандарына шаққанда олардың әрқайсысына келетін кітапхана кітабының орташа саны. Кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіші кордың көлемін, оқырман санына қатысты сипаттайды.

Кітап алмасу - бір кітапханадан немесе ғылыми мекемелерден екіншісіне тегін немесе арнайы уағдаласқан жағдайларда тұрақты пайдалануға құжаттарды беру.

Кітап басу - 1. Баспа кітабын және жалпы баспасөз туындысын әзірлеп шығару жөніндегі өндіріс процестерінің шоғыры; 2. Полиграфия өнеркәсібіңдегідей өндіріс саласы.

Кітапханаларды кітаппен қаматамасыз ету - кітапханаларды жаңа шығып жатка құжатпен қамтамасыз ету; Мемлекеттік қаулылармен арнаулы келісімдерге негізделген, олар баспаханалардан, баспалардың, кітап сату ұйымдары мен кітапханалардың арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Кітап сауда библиографиялық құрал - баспасөз өнімдерін сатып өткізу мақсатын көздеп шығарылатын және пайдаланылатын библиографиялық кұрал.



2. Ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау негіздері


Құжаттардың әрбір басылымына ғылыми-анықтамалық аппарат жасалады.
      Ғылыми типтегі басылымның ғылыми-анықтамалық аппаратының негізгі міндеті – табылған және жарияланған деректер туралы зертттеушіге барлық мәліметтерді жеткізу.
      Оқу түрлері және ғылыми-көпшілік басылымдағы ғылыми-анықтамалық аппараттардың міндеті – жарияланған құжаттардың мазмұнынжеткізу, сондай-ақ, оқырмандардың білімін кеңейту үшін қосымша мәліметтер беру.
      231. Ғылыми-анықтамалық аппараттар құрамы басылымның түріне, нысаны және формасына байланысты болады. Оның құрамына: алғысөздер, мәтін және мазмұнының ескертулері, көрсеткіштер, хабарлар, қысқарған сөздер тізімі, терминологиялық сөздік, библиография, жарияланған құжаттардың тізімдері, мазмұндары кіреді.
      Ғылыми-анықтамалық аппарат жарияланған құжаттардың мерзімді және жалғастырушы басылымдарында алғысөзден және ескертулерден тұрады.
      232. Ғылыми-анықтамалық аппарат құру үшін деректер ретінде жарияланбаған және жарияланған құжаттар, мерзімді басылымдар, монографиялар, мақалалар, анықтамалар қызмет етеді. Ғылыми-анықтамалық аппарат құру үшін шығармашылық құжаттардың деректері жариялану барысында сондай-ақ, көркем шығармалары болуы мүмкін.
      Ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамдық бөлімінде дәлелді объектілері бойынша біркелкі мәліметтер қайталанбауы керек. Ғылыми-анықтамалық аппараттың редакциясында басылымның барлық және сериялық көлемі бойынша біркелкілік болу керек.
      233. Басылымдарда, оған кірген әр тілдегі құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат немесе оның жеке бөлімдері мақсаты және типіне байланысты басылымдар бір немесе бірнеше тілдерден құралуы мүмкін.

2 параграф. Алғысөз


      234. Құжаттар басылымына алғысөз жасалады. Ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарда алғысөз тарихи және археографиялық бөлімдерден тұрады және де басылымның міндеті, жарияланған құжаттардың құндылығы, оны дайындау тәсілдерінің сипатына жөн сілтейді.
      Мерзімді басылымдар мен жалғастырушы басылымдарда жарияланған құжаттар мәселенің мәнін түсіндіру үшін қандай құжаттар арналғаны туралы қысқаша баяндалған жалпы алғысөзден құралады, құжаттардың сипаты беріледі және және оның сақталу орны көрсетіледі. Кейде алғысөздер құжаттар тобындағы аннотацияларды немесе жекелеген құжаттарды ауыстыруы мүмкін.
      Оқу типіндегі басылымдар да қысқаша жалпы алғысөзден құралады. Арнайы жоғары оқу орындарының хрестоматияларында мұндай алғысөздер кіріспе мақалалармен толықтырылады немесе тарихи және археографиялық бөлімдерден тұратын алғысөзден құрылады.
      235. Ғылыми типтегі басылымдарда алғысөздің тарихи бөлімінің құрамына жататындар:
      басылымның міндеттері мен мақсаттарын анықтау;
      басылым тақырыбының негіздемесі;
      алдыңғы жарияланымдарды талдау;
      тақырып бойынша әдебиеттердің тарихнамалық талдауы;
      тақырыптың деректер базаларының жай-күйінің сипаттамасы;
      деректану және тарихнама бағалауларының жаңадан шығарылған құжаттары;
      автор туралы және жарияланған деректердің шығармашылық тарихы туралы (мемуарлар және эпистолярлық деректер үшін) мәліметтер (биографиялық).
      Қор бойынша басылымдардың алғысөзінің тарихи бөлімінде басылып шығарылатын қордың мемлекеттік мекемелер жүйесіндегі мекеменің орны қарастырылады, оның пайда болуының және оның қызметін тоқтатуының себептері көрсетіледі, оның қызметтері сипатталады.
      Біртектес құжаттар басылымының алғысөзінің тарихи бөлімінде берілген дереккөздің ғылыми маңыздылығы аталады және жинаққа құжаттардың басқа түрлерін енгізу себептері түсіндіріледі.
      Бір тұлғаның құжаттар басылымының алғысөзінің тарихи бөлімінде автордың биографиясы және жарияланған құжаттардың шығармашылық тарихы беріледі.


3. Кітап ісі дамуындағы кітап зерттеу ғылымының рөлі


Кітаптану - баспасөз шығармаларын зерттеп, олардың пайда болуын, таралу және пайдаланылуын, сондай-ақ осы процестерді іс жүзінде асыратын мәдениет пен халық шаруашылығы салаларын да зерттейтін дербес ғылыми пән.

Кітап берілімі - оқырмандар мен абоненттердің сұранымы бойынша берілген кұжаттардың саны. Ол оқырмандарға кызмет көрсетудегі кітапхана қорының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады, сондай-ақ кордың айналымын, оқылымын және т.б. анықтауда қолданылады.

Кітап ұстағыш - сөреде немесе үстел үстінде кітапты тік ұстайтын (қоятын) тығыз материалдан жасалған тетік.

Кітап тасу - оқырмандарға кітапханадан тыс кызмет көрсету түрі. Жұмыстың бұл түрі бойынша кітапхана белсенділері (кітапханадан немесе көшпелі кітапханадан) оқырмандардың жұмыс орнына болмаса тұратын жерлеріне кітаптарды жеткізіп береді.

Кітаппен қамтамасыз ету - ауданның қаланың, елдің әрбір тұрғынына немесе кітапхананың, кәсіпорын, оқу орны ж.т.б. Ұжымының әрбір оқырмандарына шаққанда олардың әрқайсысына келетін кітапхана кітабының орташа саны. Кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіші кордың көлемін, оқырман санына қатысты сипаттайды.

Кітап алмасу - бір кітапханадан немесе ғылыми мекемелерден екіншісіне тегін немесе арнайы уағдаласқан жағдайларда тұрақты пайдалануға құжаттарды беру.

Кітап басу - 1. Баспа кітабын және жалпы баспасөз туындысын әзірлеп шығару жөніндегі өндіріс процестерінің шоғыры; 2. Полиграфия өнеркәсібіңдегідей өндіріс саласы.

Кітапханаларды кітаппен қаматамасыз ету - кітапханаларды жаңа шығып жатка құжатпен қамтамасыз ету; Мемлекеттік қаулылармен арнаулы келісімдерге негізделген, олар баспаханалардан, баспалардың, кітап сату ұйымдары мен кітапханалардың арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Кітап сауда библиографиялық құрал - баспасөз өнімдерін сатып өткізу мақсатын көздеп шығарылатын және пайдаланылатын библиографиялық кұрал.

4. Кітап палатасының құрылуы, кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалы

Кітап сауда бюллетені - баспаның жылдық тақырыптық жоспарына енбеген және басқа да жарнама-ақпарат материалдары қамтитын ақпараттық бюллетень. Бұрынғы «Союзкнига» ВГО ақпарат бюллетені басылымдар туралы мәліметтердің жиналуына қарай (жылына 30-дан 70 нөмірге дейін) шығарылып отырылады. Негізінен кітап сауда ұйымдарына осы басылымдардың таралымын анықтауға көмектеседі.

Кітап сауда каталогы - белгілі бір кітап саудасы ұйымдарының, кітап дүкендерінің ассортиментінде бар әдебиетті көрсететін библиографиялық құрал.

Кітап белгісі - кітаптың қажетті бетін белгілеп қою үшін қатты қағаздан ақпараттық жарнама мәліметтері немесе әртүрлі бейнелерді бар жіңішке ұзын етіп қиып алынған қиыкша. Бұл кітаптың қажетті беттерін белгілеп қою үшін кызмет атқарады.

Кітап қойылатын сөре - кітаптар мен басқа құжаттарды сақтау үшін арнайы жасалған сөре.

Кітап дәптері - кітап шоғырының бөлігін құрайтын және қапталған (бірнеше парақ етіліп бүктелген) баспа бет парағы.

Кітап саудасы - 1. Мерзімді емес басылымдарды кітапты, кітапшыларды, плакаттарды, ашық хаттарды, ноталарды т.б. Сату және сатып алу жөніндегі кызмет; 2. Баспа өнімін тұтынушыларға жеткізу кызметін атқаратын кітаптардың қоғамдық өндірістегі айналым аясын ұйымдастыратын сала.

Кітап басылымы - мұқабада немесе түптеме де кез-келген ауқымдағы баспасөз материалының шоғыр түріндегі мерзімді емес басылым.

Кітап шоғыры - мұқабамен қаптау немесе түптеме қақпағына салу үшін барлық беті және болашақ басылымның белшектері бар бекітілген дәптерлер немесе па рактар шоғыры.

Кітап қоры - кітап басылымы белгілері бар баспасөз туындыларынан тұратын кітапхана қорының бөлігі. Кейде «кітап қоры» терминінің орнына «Кітапхана қоры» деген термин қолданылады.



5. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасау


Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Диссертациялық жұмыста ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы зерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол еңбектердің көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде «құлыпталған» ғылыми мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол кездегі баспа ісінің ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны көрсетіледі. Бұған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және басқа да шаралар куә.

ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру. Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта. Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.

Танымның, рухани өндіріс пен әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды. Ғылым – табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың рухани қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары, шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.

Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап – қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі. Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі; ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап саудасы ұйымдарының тапсырысы 50-60 пайызға қанағаттандырылады. Сараптамаға қарағанда, кітап дүкендерінде саудадағы 10 пайыз кітап қалып қалады.

6. Кітаптардың библиографиялық көрсеткіші


«ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің дамуы» атты бірінші тарауда 1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясаты, Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуы және міндеттері қарастырылады.

Қазақ кітаптарының араб шрифтінде шығарылуының статистикасы А.Г. Каримуллиннің еңбегінде келтірілген. Осы жерде айтып кететін нәрсе Ресейде араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIII ғ. басында пайда болды. 1722 жылы І Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу «Манифест» жарияланған. Ал ХVIII ғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776 ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның «Түрік грамматикасы» араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит Халфиннің «Татар тілінің әліппесі» жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде «Губерния мекемелері» және «Полиция жарғысын», 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.

1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар туралы мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772 жылы Н.П. Рычковтың «Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи» атты еңбегі жарық көреді [20 ].

Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда «Азиат» типографиясы ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі. Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ. ортасына дейін «Азиаттық» баспада діни кітаптар – Құран, Хефтиэк, Иман шарты басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына, оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен европалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт, азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.

А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап – «Киссаи Тамимдарды» 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет – 1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған [12, 176-б.]. Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап «Ер Тарғын» болып есептеледі.

Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен шығарылды. Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда басылып шықты. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап шыққан, оның жалпы тиражы жүздеген мың дана болған [12, 112-б.]. Кеңес дәуіріне дейін Ресейде, қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары шығарылды. Қазақ халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев үлкен үлес қосты.

Қазақ кітаптарын таратуда татарлардың кітап саудасы үлкен септігін тигізді. ХІХ ғ. аяғында құрылған мәдени-ағарту қоғамдарының бұл іске қосқан үлесі де үлкен. Қазақ тіліндегі кітаптардың басылып, оның сатылуы қазақ тілінде жазатын авторлардың да көбеюіне әсер етті. Кітап басу ісі, республикадағы баспасөз шығармашылығы қазақ тілінің синтаксис, грамматика, лексикасын нығайтумен байланысты болды. Шығыс тілдері мәселесі де Кеңес өкіметі үшін өткір мәселе болды. Латын әліпбиіне өту жөнінде 1926 ж. Бакуде І Бүкілодақтық түркологиялық съезде қарастырылды. Ал 1928 жылы Қазақ КСР Орталық Атқару комитетінің ІV сессиясы латын әліпбиіне көшуді заңдастырады. Партиялық бағыттағы басылымдардың негізгі міндеті партия ұстанған саясат пен идеологияны насихаттау болды. Партия мүшелерінің саяси мәселелер жөніндегі ой-пікірлері, идеялары бір жерден тоғысып жатуы тиіс болды.

7. Ұлттық ғылыми кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары

Қазақстанның тарихи жолының объективті бейнесін қалпына келтіру мақсатында ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми мұраларының басылу тарихына талдау жасау мәселенің әлі де жеткілікті түрде зерттелмегенін көрсетеді. Қазақ зиялыларының еңбектерін ешкім білмеді. Бәрі мұрағатта шаң басып жатты, оны алуға рұқсат болған жоқ, себебі олардың қоғам өмірінде орын алған мәселелердің барлығына жан - жақты қалам тартқандығын байқаймыз. Сондықтан ол ғылыми еңбектерді пайдаланбай ХХ ғ. басындағы қазақ тарихы туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылуы мүмкін емес.

Сол кездегі Ғылыми қоғамдардың шығарған басылымдарына да қол жеткізу қиын еді. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымы тарихы тұрпаты жағынан баспа ісімен байланыстырыла зерттеуді қажет етеді. Себебі 20-30-жылдары қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты. Осы жағынан алғанда біздің тақырыбымыз толығымен зерттеу объектісі болады деп есептейміз. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асып жатқанда, кітап – үлкен қазына, нағыз тарихи құндылық. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел экономикасының болашағын барлай отырып «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты биылғы Жолдауы мазмұны жағынан да ерекше, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу арқылы азаматтарды басқа адамдардың тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интелегенцияға да осындай роль жүктеледі» деп көрсетті [1].Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні ғылыми-тарихи сабақтастық қағидасын сақтап өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1917-1940 жж. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.

ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].

ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.

Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.

20-30 жж. мәдени революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.

Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік.

50-70-жж. кеңестік ұлттық баспасөздің қалыптасуы туралы біраз еңбектер жарық көрді. Мысалы, Қазмембаспадан шыққан жинақта Советтік Қазақстандағы мәдени өмірдің бір қыры ретінде ұлттық баспасөз және баспасөздік емес басылымдарды сипаттаған мақалаларда қазақ халқының мәдениеттің түрлі саласында, оның ішінде Кеңес өкіметі тұсында баспа ісінде де қандай жетістікке жеткені туралы мазмұндалған [5]. Кеңестік баспа ісінің алғашқы қадамдары мен полиграфияның дамуы туралы И.С. Смирнов еңбегінде мазмұндалса, А.И. Назаровтың кітабында кеңестік баспа ұйымдары шығарған еңбектердің таралуына сипаттама берілген.

Қазан революциясының 40 жылдығына арналған Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов еңбектерінде Кеңестік мәдениет құрылысы сипатталған. Мәдени революцияның Қазақстанда қалай жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-жақты зерттеген. Кеңестік тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін қалыптастырып, шығыстану мәселесін республикада жолға қоюдың негізін қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихын революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша сипаттаған [6].

«Советтік Қазақстан кітаптары» (1917-1945) атты екі томдық библиографиялық көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа, кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші томға енгізілген [8].

Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К. Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы материалдар да бар.

Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат жүргізудегі роліне назар аударған.

Қазақ кітаптары туралы библиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор, өйткені библиография – білім кілті. Бұл тақырыпқа 80-жылдары жазған ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917 жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап, анықтама берген.

Ә. Бектемісовтың кітабында Қазақстанда кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі, қаз тұрып қадам басуы, оқулық әдебиеттері, қазақ баспагерлері туралы әр жылдарда жазылған естеліктері бар[11].

А.Г. Каримуллин еңбегінде Қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа ісінің қалыптасуын сипаттап, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқтаған [12]. Бұл еңбектің құндылығы Москвада шыққан татар кітаптарына анықтама жасап, Москва, Қазан қалаларындағы мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізгенінде. Бұдан татар және қазақ баспа істері осылайша тығыз байланыста болғанын байқаймыз.

Біз өз зерттеуімізде кітап тарихына қатысты еңбектерді пайдалана отырып, баспалардың қандай бағытта жұмыс атқарғанына талдау жасадық. Кітап баспа ісі туралы Ресейде шыққан еңбектерді тақырыптың кейбір тұстарын ашуда қолдандық. Атап айтқанда, И. Баренбаум еңбегінде кітап тарихына сипаттама жасалған. Кітапта мемлекеттік баспалардың, жалпы Кеңес дәуіріндегі баспаның тарихы ғылыми түрде жазылған. Автор кітап тарихына байланысты ғылыми методологияны ұтымды пайдаланған. Осы бағытта жазылған еңбекке К.И. Абрамовтың зерттеуін жатқызуға болады.

А.К. Бочагов еңбегінде Қазақстандағы кітап баспа ісінің алғашқы бастауындағы атқарылған жұмыстары баяндалған. Ғылым мен кітапты бұқара арасына кең тарату туралы үкімет ұран тастады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кітапхана ісі туралы еңбектер де жарық көрді.

Кеңестік кітап баспа ісінің мәселелері, кітап тарихы туралы пікір-талас материалдарын жариялаған Бүкілодақтық Кітап палатасының «Кітаптар. Зерттеулер мен Материалдар», Қазақ ССР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасының «Вопросы истории и кнгиговедения», ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапханатану, библиография, кітаптану» жинақтарының маңызы зор.

90 жж. біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи тұрғыдан тани бастағанда тарихтың «ақтаңдақ» беттерін жаңа көзқараспен саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. М. Қозыбаевтың еңбегін елдегі мәдени революцияны жаңа көзқараспен сипаттағанымен құнды деп есептейміз. М. Қозыбаев, І. Қозыбаевтың тарихнама туралы жазған кітаптарында Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысы туралы толық мәліметтер бар.

Т. Қожакеевтің еңбегі 1937-1938, 1950 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған және Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жиырмасыншы жылдардың көрнекті публицист баспагер журналистерінің шығармашылық қызметіне арналған.

Ә.Н. Құдайбергеновтің «Мәдени мұра» бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы жайында жазылған мақаласында ХХ ғ. 20-40 жж. республиканың мәдени және ғылыми тынысына қатысты тұжырымдар берілген.[13]

Ө. Озғанбай кітабында Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып, патша үкіметінің отаршылық саясатын аша білген. Алашорданың күрделі мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған К. Нұрпейісов болды. Ол тарихи әдебиетте алғаш рет Ә. Бөкейхановтың «Алаш» партиясын құру, «Алашорданың» төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсеткен. Автордың бұл еңбегінің біз үшін құндылығы сол кездегі баспасөз материалдарына, мұрағат құжаттары бойынша кейбір еңбектер мен мақалаларға сипаттама жасағаны болып табылады. М. Қойгелдиевтің зерттеулерін Алаш зиялы қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға ат салысып атқарған қызметтері мен ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымен құнды деп есептейміз. 20-40 жж. тарихи оқиғаларына ғылыми түрде сипаттама жасап, мұрағат құжаттары мен сол кездегі еңбектерге сараптама жасаған Т.Омарбековтың еңбегі де маңызды болып табылады.

Біз зерттеуімізде ұлттық баспа ісінің бастауында оның қалыптасуына зор еңбек сіңірген Алаш зиялыларының өз еңбектерін де мүмкіндігінше пайдалануға тырыстық. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Тынышбаевтың, С. Сейфуллиннің, М. Дулатовтың еңбектері пайдаланылды. М. Құлмұхамедтің Жақып Ақбаев туралы еңбегі сол кездегі баспадан шыққан материалдарды алуға септігін тигізді. Алаш тарихнамасын зерттеген Р. Нұрмағамбетованың еңбегі ескі және жаңа көзқарастарды салыстыруға көмектесті. М. Тынышбаев туралы Г. Жүгенбаеваның еңбегінде тарихи-танымдық еңбектер қатарына жатқызамыз.

Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы басшылығы 1931 ж. «Қазақстантану» жабық, ерекше (нөлдік) қорында Алаш Орда белсенділерінің кәмпескеленген кітаптарының қорын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстантану» кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де маңызы зор. ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі туралы В.З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстарын ашуда пайдаландық [14]. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына арналған оқу құралында 1945–1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген [15]. Өз зерттеуіміздегі ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық. Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.

Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор, көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.

ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға бастады. Мысалы, Ү.Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілген. Автордың cондай еңбегінің бірін біз төңкеріске дейінгі ғылыми еңбектерді сипаттағанда пайдаландық.

Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу құралын жазған Д.А. Атабаев, Ә.Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады. Қазақстан Ғылыми қоғамдарының жарық көрген еңбектеріне анықтама жасағанда Г.А. Демешеваның библиографиялық көрсеткішін пайдаландық [16]. Е. Валиханов Орыс Географиялық қоғамы, А.Т. Селкебаева Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері мен құрылу тарихы туралы еңбектер жазған [17]. Т.А. Мансұровтың КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы қызметін атқарып, 1928–1936 жж. Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғарғы дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд Арабиясындағы елшісі болған, 1937 ж. «халық жауы» деген айыппен атылған Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуі баспагерлер тұлғасын ашқан үлкен еңбек деп санаймыз. Бұл туралы тарихшылар К.Н. Бурханов пен С.Ф. Мажитовтың мақаласында да жоғары баға берілген.[18]

Қазақстандағы мәдени революция идеологиясы тұжырымдамасы 20-30жж мәдениеті баспа ісі, ғылым және ғылыми қоғамдар тарихы бойынша қорғалған соңғы жылдардағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қатарына Қ.Ә Ахметов., А.Т Қапаева., С.Р Рахимжанова, Д.А. Атабаев, Е.Д. Қасымов, А.Т. Селкебаева т.б. ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады.

Аталған мәселенің зерттелу деңгейі бойынша байқағанымыз біріншіден, бұл тақырып кеңестік жүйедегі мәдени саясат шеңберінде болған үрдістердің ғылыми түрде талдануы үшін әлі де өзекті екендігі. Екіншіден, ХХ ғасырдың 20-40 жж. жарық көрген ғылыми кітаптар мен басылымдарға байланысты осы күнге дейін арнайы зерттеу ісі жұргізіліп, жан-жақты баға берілмегендігі. Үшіншіден, мемлекетіміздегі «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан шараларды жүзеге асыруда ғылыми кітаптардың басылымы, олардың қоғамдағы рөлін анықтау ісі әлі қолға ойдағыдай алынбай жатыр.

Қазақстандағы ғылыми кітаптардың бағыттары, салалары, баспа ісінің дамуы, дайындалу және олардың жарық көру үрдісін зерделеп, оның тарихын жүйелі түрде көрсету.

. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар тарихын жан-жақты зерттеп, оған объктивті баға беру.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихын зерттей отырып, оның Отан тарихында алатын орнын айқындау. Осы мақсатқа орай алға мына міндеттер қойылды:

– 1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайына сипаттама жасау;

– Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясатын талдау;

– Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуын көрсетіп, оның міндеттерін айқындау;

– ХХ ғ. 20-40 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттарын көрсету;

– Оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасау;

– Ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдарға анықтама жасау;

– Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдарына талдау жасау;

– Қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы қызметін көрсету;

– Қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30 жж. даму үрдісі қандай деңгейде болғанын айқындау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғ. 20-40 жж., яғни ел азаматтық қорғаныс кезеңінен бас көтеріп, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, жаңа экономикалық саясат жүргізілген кезде кітап баспа ісінде де өзгерістер болды. 30 - жж. елде ұжымдастыру саясаты жүріп, қалжыраған халық Ұлы Отан соғысын бастан кешірді. 1946 жылы Ғылым Академиясы құрылып, Қазақстан ғылымы бой көтере бастады. Осы уақыттар аралығында бірқатар жаңа баспалар жұмыс істеді.

Зерттеу жұмысының әдістемелік базасына тарихилық қағидалары алынды. Зерттеуге негізгі диалектикалық методология тұрғысынан қарап, салыстырмалы, индуктивтік, дедуктивтік, құрылымдық-функционалдық әдістер бойынша талдау жасалынды. Ғылыми тәсілдер ішінен өркениетті тәсілді қолдануға тырыстық.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістердің дамуын нақты зерттейтін тарихи объективтілік және тарихты диалектикалық заңдылық тұрғысынан қарастыру қағидалары негізге алынды. Кеңес үкіметіне, партиялық материалдарға салыстырмалы-тарихи түрде сыни талдау жасалынды. М.Қ. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, С.Ф. Мажитов, т.б. бірқатар ғалымдардың теориялық маңызы бар еңбектеріндегі методологиялық ой тұжырымдарын негізге алуға талпыныс жасадық.

Зерттеудің деректік негізі. ХХ ғ. 20-30 жж. шыққан басылымдар зерттеу нысанының дерек көзі ретінде алынды. Атап айтқанда, Қазақ АКСР мемлекеттік баспасы туралы 1929 ж. шыққан каталог [19]. Ол қазақ тілінде араб шрифтісімен шыққан. Сол сияқты 1930–1934 жж. басылымдар каталогын, Қаз ССР мемлекеттік библиография орталығының «Кітап шежіресін» атауға болады. Қазақстандағы біріккен мемлекеттік баспасының каталогы да жарық көрген. Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің «Мемлекеттік баспа туралы» декреті кітап баспа ісін қолға алғанын дәлелдейді.

Кеңес Одағының коммунистік партиясының мәдениет бойынша жинақталған құжаттар жинағы партияның баспа ісі саласындағы саясатын талдағанда қолдандық. «Печать Каз ССР » статистикалық материалдар, 1917–1967 жж. Қазақстандағы баспа өнімдері туралы көрсеткіштер бар. КОКП резолюцияларын, партия съездері, Пленумдары материалдарын да дерек көзі ретінде қолдандық.

Баспа ісіндегі Кеңес үкіметінің саясатын ашып көрсету үшін сол кездегі мемлекет құжаттары мен заңдық материалдарын, Кеңес үкіметінің декреттерін тақырыптың кейбір тұстарын дәлелдеуде пайдаландық. Қазақ кітаптарының жиынтық каталогы да сараптама жасағанда дерек ретінде пайдаландық. Қазақстандағы социалистік құрылыс туралы құжаттар мен материалдар жинағынан Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саласындағы саясатын сипаттағанда қолдандық.

Деректердің бір тобын Ғылыми қоғамдардың Еңбектері, Жазбаларындағы материалдар құрады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) Кеңестік кезең қорындағы 30, 929, 1241, 1384, 1386, 693, 1252, ҚР Президент мұрағатының (ҚР ПМ) 720 қорларындағы тақырыпқа байланысты материалдар алдық. Сонымен қатар республикалық кітап мұражайындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының материалдарын да мүмкіндігінше пайдаландық. Республикалық кітап мұражайының сирек кездесетін кітаптар каталогы да негізгі дерек болды.

Деректердің келесі тобын баспасөз материалдары құрайды. Олардың ішінде «Новый Восток», «Сарыарқа», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» т. б. бар. Түркістан қаласындағы газеттерде «Ғылыми хабарлар» рубрикасы шығып тұрды. Баспасөзде қазақ зиялы қауымының мақалалары кезінде көп жарияланған. Мысалы, Н. Төреқұловтың Орталық баспаға 5 жыл толуына байланысты шыққан мақаласы 1929 ж. «Новый Восток» газетінде жарияланған.

Сол сияқты Қ. Сәтпаевтың хаттары, орталыққа жазған баспа істері туралы өтініштері біз үшін маңызды дерек болды.

Анықтамалық материалдардан сөздіктер, энциклопедияларды да қолдандық. Кітаптану туралы энциклопедия да коммунистік идеология тұрғысынан жазылғанына көзіміз жетті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық тарих ғылымында алғаш рет ғылыми тұрғыда Қазақстанда алғашқы жарыққа шыққан ғылыми кітап басылымдарының тарихы қазіргі замана талабына сай талданып отыр. Алынған ғылыми жаңалықтарды былай көрсетуге болады:

– Қазақстан тарих ғылымында алғаш рет ХХ ғ. 20–40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жүйеленіп, кешенді түрде зерттеледі;

– Қазақстандағы кітап баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер жаңа көзқарас тұрғысынан талданады;

– ХХ ғ. басындағы реформаторлық қозғалысты бастаған қазақ зиялыларының ғылыми мұраларын игеру ғылыми кітаптардың тарихын зерттеудің негізі екені дәлелденеді;

– ХХ ғ. 20-40 жж. оқулықтардың тарихи танымдық жағы мен қазақ тіліндегі оқулық жазу талаптары қазіргі кезбен салыстырыла айқындалады;

– КСРО Ғылым Академиясының хабаршылары, бюллетендері республикадағы ғылыми кітаптар басылымының негізі болды;

– нақты деректер негізінде ғылыми кітаптар басылымы қазіргі уақыт талабы тұрғысынан объективті түрде талданды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жалпы ғылыми әдістер негізінде жүйеленді;

– 20-30 жж. қазақ зиялыларының өзі баспагерлік қызметте болғандықтан, қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазыла бастады;

– Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихын Алаш зиялыларының еңбектері бойынша анықтау ұсынылады, өйткені 20–30 жж. Алаш зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес.

– Қазақстандағы ХХ ғ. 30-40 жж. баспа ісінің ерекшелігі арнайы баспалар ашыла бастады («Казтехиздат», «Педагогика»).

– Кітап палатасының құрылуы елімізде кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалын тигізді. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасауға да жеңілдік туғызды.



  • Кеңес үкіметінің баспа ісін ұйымдастырудағы саясатында кеңестік үлгідегі отарлау саясатының белгілері көрініс тапты;

Қазақ мерзімді баспасөздерінде партия құжаттары, В.И. Лениннің, И. Сталиннің сөздері жарияланып тұрды. 1921–1930 жж. қазақ тілінде В.И. Лениннің 31 шығармасы 141 500 данамен шыққан болатын.

1922 ж. күзінде типографияның бастауымен баспа жұмысшыларын дайындау үшін қысқа мерзімді курстар ашылды. Бұл республикадағы қазақ мамандарының бірінші жұмысшы отряды еді.

1920 ж. наурызда Ташкентте алғашқы Орта Азия мен Қазақстанда «Түркістан мемлекеттік баспасы» құрылып, 1921 жылы ол өзбек тілінде 2 147 850, қазақ тілінде 680570, түркімен, тәжік, т. б. тілдерде 233 800 дана кітап, 50 мың дана әліппе, т. б. шығарды. 4 мамыр 1920 ж. Ленин Қазақстан өкілдерін қабылдап Мемлекеттік баспа мен Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесі баспасына типография, қағаз жағынан көмектесу жөнінде тапсырма береді. Бұл қазақ кітап баспа ісін дамытуға септігін тигізді. 3 қараша 1920 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиум мүшелері С. Мендешев, В.А. Радус-Зенькович, С. Сейфуллин т.б. алғаш рет баспа ісін талқылады. Мәжілістің № 9 хаттамасына қарағанда С. Мендешев ҚазАКСР-гі баспа ісінің құқықтары мен міндеттері айқындалған «Мемлекеттік баспа» туралы Ережеге қол қояды. Осылайша қазақ халқы тарихында мемлекеттік баспа Мембаспасы (кейіннен «Қазақстан» баспасы) құрылады. Ол идеологиялық және мәдени жұмыстың орталығы болды.

30-жж. басында Москвада БКП(б) ОК жанында орталықтанған «Партбаспа» жұмыс істей бастады. Ол негізінен партиялық-саяси әдебиеттерді шығарып тұрды. БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1932 ж. 9 мамырда «Партбаспаның» Қазақ бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Орталықтанған билік жүйесі тұсында барлық жұмыс осылай жүргізілді, яғни Москва не істесе, оның көшірмесі шет аймаққа таратылды. 1937 ж. қаңтарда Қазақ КСР ХАК жанынан Қазмембаспасын да, газет-журнал баспасын, республика типографиясын бағындырған полиграфия мен баспа басқармасы құрылады. Мұның өзі қоғамдық-саяси, көркем әдебиет, басқа да әдебиеттерді шығаруға мүмкіндік берді. Дегенмен де, экономика, ауыл шаруашылығы, техника саласы бойынша кітаптар өте аз шықты. Жоғары оқу орындары мен техникумдарға кітаптар, оқу құралдары жетіспеді. Полиграфиялық баспа өнімдері жоғары сапалы деңгейде шықты деп айту қиын.

Жазушы Ғ. Мүсірепов те Қазақстандағы кітап баспа ісінің дамуына көп үлес қосқан. Ол көп жылдар бойы Қазмембаспасының бас редакторы қызметінде болды. Қазақстан жазушылар ұйымының жетекшісі, елдің мәдени қызметкері бола отырып, редакциялық-баспа істеріне белсене қатысып, әсіресе, көркем әдебиеттерді шығаруға көп үлес қосқан.

1937 ж. 19 маусымда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша Қазақ КСР-нің Мемлекеттік кітап палатасы құрылды. Мемлекеттік библиография орталығының дамуы республикадағы баспа ісінің дамуымен тығыз байланыста болды. Содан бастап Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік библиография орталығына айналды. 1939 ж. бастап жылына бір рет «Кітап жылнамасы» мен «Журнал мақалаларының шежіресін» қазақ және орыс тілінде шығарып отырды. Кітап палатасы Советтік Қазақстанда шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткішін «Кітап шежіресі», статистикалық материалдар ретінде Қазақстанда шыққан.


7. Практикалық сабақтардың мазмұны


1- тақырып. Пәннің мақсат, міндеттері

1.Пәннің ерекшеліктері.

2. Библиографиядағы шетелдік үлгі

Тапсырма: Қазақстандағы библиографияның шетелдік үлгісі тақырыбына реферат дайындаңыздар.
2 –тақырып. Кітап ісі дамуындағы кітап зерттеу ғылымының рөлі

1.Шетелдік мұрағаттық казахстаниканы зерттеудің алғашқы ресми қорытындылары.

2. Халықаралық Мұрағаттар Кеңесі

Библиографиядағы шетелдік үлгі



Тапсырма: Казахстаниканың шетелдермен жұмысы тақырыбына материалдар жинаңыздар.
3-тақырып. 1.Құжаттар басылымымен жұмыс.

2.Форматты таңдау (тараптардың басымдығы), түпнұсқамен салыстырғанда көшiрменi үлкейту.



Тапсырма: Форматты таңдау тақырыбына реферат дайындаңыздар.
4-тақырып. Кітап палатасының құрылуы, кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалы
1.Еуропа библиографиясының тарихы.

2. Қазіргі Еуропа библиографиясы



Тапсырма:Франция библиографиясы тақырыбына реферат дайындаңыздар.
5-тақырып. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасау

1.«Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты тұрақты экспозициясы.

2.Тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау.

Тапсырма:Қытай библиографиясы тақырыбына реферат дайындаңыздар.

6-тақырып. Кітаптардың библиографиялық көрсеткіші

1.Жарияланыммен жұмыс.

2.Құжаттарды іріктеу.

7-тақырып. Ұлттық ғылыми кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары

1. Құжатпен жұмыс: шетелдік үлгі.

2. Шығармашылық ізденіс.



8.Өздік жұмыс тақырыптары.

1.Библиографиядағы шетелдік үлгі

2.Шетелдік мұрағаттық казахстаниканы зерттеудің алғашқы ресми қорытындылары.

3. Халықаралық Мұрағаттар Кеңесі

4.Библиографиядағы шетелдік үлгі

5.Құжаттар басылымымен жұмыс.

6.Форматты таңдау (тараптардың басымдығы), түпнұсқамен салыстырғанда көшiрменi үлкейту.

7.Еуропа библиографиясының тарихы.

8. Қазіргі Еуропа библиографиясы

9.«Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты тұрақты экспозициясы.

10.Тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау.

11.Жарияланыммен жұмыс.



12.Құжаттарды іріктеу.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі





Сабақ түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер

15.50-16.40
















2.

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер




15.50-16.40







15.50-16.40




3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер










16.55-17.45







4.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







14.45-15.35











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет