Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2015 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Ауданда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және халықтың әлеуметтік осал таптарына материалдық көмек көрсету бойынша белгілі жұмыс атқарылуда.
Әлеуметтік төлемдерге 2015 жылы 82943,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде келесі бағдарламалар бойынша:
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» - 265,0,0 мың теңге;
- «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар» - 5546,0 мың теңге;
- «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» - 35753,0 мың теңге;
- «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» - 786,0 мың теңге;
- «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қолмен көрсететін тіл маманының, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну» - 11182,0 мың теңге;
- «Ауылдық жерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету» - 13139,0 мың теңге;
Республикалық бюджеттен:
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шара жоспарын орындау» - 12072,0 мың тенге;
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70- жылдығын мерекелеу іс- шаралары» - 4200,0 мың тенге.
Бөлім жұмысындағы басым мәселелерінің бірі аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүгедектерді, соғыс, еңбек ардагерлерін, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді қолдау болып табылады.
18 жасқа толмаған балалар үшін мемлекеттік жәрдемақы 102 отбасына тағайындалып төленді, яғни 298 балаға 2777,0 мың теңгеге.
2015 жылғы 1 шілде бойынша атаулы көмек және жәрдемақылар алушылар ішінен тұрақты жұмыстарға 5 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 9 адам тартылды, кәсіптік оқуға 1 адам жіберілді.
«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» 007 бағдарламасы бойынша 20727,8 мың теңгеге 693 адамға түрлі көмек көрсетілді, соның ішінде емделуге 15 адам 297,2 мың теңгеге, жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға 7 адам 1387,4 мың теңгеге бір жолғы материалдық көмек алды.
Осы бағдарлама бойынша 2002 жылдан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне облыстың жоғары оқу мекемелеріндегі оқуын өтеу үшін көмек көрсетіледі.
Қазіргі кезде оқитын студенттер саны 25 адам, соның ішінде оқу мекемелері бойынша:
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 12 студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты - 12 студент, Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық институт - 1 студент. Түлектер оқуын аяқтағаннан соң үшжақты келісім-шарттарға және жоғары оқу орындарының жолдамаларына сәйкес жұмысқа орналастырылады.
Барлығы (2007 жылдан 2014 жылға дейін) облыс әкімінің гранты бойынша 62 студент оқуын бітіріп, қазіргі кезде жұмыспен қамтылды.
Оқу үшін төлем жылына екі рет фактілік құны бойынша жүзеге асырылады. Осыдан басқа, ай сайын студенттер жатақхана, тамақтану және жол жүру үшін 15235 теңге әлеуметтік көмек (шәкіртақы) алады. Осындай көмек 8825,2 мың теңге сомасына тағайындалды.
«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 010 бағдарламасы бойынша 372,6 мың теңге сомасына 21 мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шара жоспарын орындау бойынша» - 3364,0 мың тенге меңгерілді;
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70- жылдығын мерекелеу іс- шаралары» - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70- жылдығына бір жолғы әлеуметтік көмек 151 адамға берілді: 2 – соғыс ардагеріне, 16- марапатталған тыл ардагеріне, 122 – соғыс кезінде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларға, 3- құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, 8- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне.
Павлодар ауданында 2015 жылғы 01 шілде жағдай бойынша 1588 мүгедек тұрады, олардан 679 адам Мичурин ауылындағы психохрониктерге арналған үйде тұрады.
топтар бойынша
|
аудан бойынша мүгедектердің барлығы
|
соның ішінде
|
психохрониктер үйінде
|
ауылдық округтерде
|
1-топтағы мүгедектер
|
136
|
55
|
81
|
2-топтағы мүгедектер
|
1012
|
624
|
388
|
3-топтағы мүгедектер
|
356
|
|
356
|
мүгедек балалар
|
84
|
|
84
|
Барлығы
|
1588
|
679
|
909
|
2015 жылдың 1 маусымы бойынша міндетті гигиеналық құралдармен 123 мүгедек қамтамасыз етілді, қолмен көрсететін тіл маманының қызметтері 6 мүгедекке, жеке көмекшінің қызметтері 33 мүгедекке көрсетілді.
2015 жылдың 1 шілде бойынша мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша 97 жеке оңалту бағдарламасы әзірленді, олардың 52 бағдарламасы орындалып, атқарылуы 53,6 % құрады.
27 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін «Ортопрот» ЖШС жолдама берілді, соның ішінде 20 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді (ортопедиялық аяқ-киім, жетек арбалар, жіңішке таяқтар, балдақтар).
2015 жылы 11 мүгедек 11 кресло-арбалармен қамтамасыз етілді.
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың арасынан 7 адам жұмыспен қамту органдарына жүгінді, 2 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам кәсіби оқуға жіберілді, қоғамдық жұмысқа 5 адам жіберілді. Қазіргі уақытта тіркеуде 6 адам тұр.
33 мүгедек және егде адам «Ардагерлер үйі» Павлодар облыстық мүгедектер мен егде адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-да өз денсаулығын жақсартты, оның ішінде 12 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер.
39 мүгедекке жолдама берілді, оның ішінде 13 - адам Алматы облысындағы Талғар қаласындағы «Спутник» шипажайында демалып, өз денсаулығын жақсартты, Ақмола облысы «Щучинск» шипажайында - 18 адам, Мойылды шипажайында - 8 адам.
Ауданда 49 әлеуметтік қызметкер психоневрологиялық ауруымен ауратын 8 мүгедекке, 90 жалғызбасты және жалғыз тұратын егде зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.
Жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша халықтың деңгейін үлкейту белсенді тұлғасына жәрдемдесу.
2015 жылғы 01 шілде бойынша жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде 114 адам тіркелді, жыл басынан жұмысқа орналастыру бойынша 226 адам шағымданды, жұмыссыздықтан әлеуметік қорғау шараларымен 282 адам қамтылды, соның ішінен 122 адам жұмысқа орналастырылды (олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 30 адам), қоғамдық жұмыстарға 104 адам қатысты, кәсіптік даярлау және қайта даярлауға – 20 адам жіберілді.
Жұмыссыз деңгейі:
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
|
жоспар
|
дерек
|
жоспар
|
дерек
|
жоспар
|
дерек
|
Жұмыссыз деңгейі:
|
3,0
|
2,8
|
3,0
|
2,5
|
3,0
|
2,5
|
2015 жылда жұмыспен қамту бағдарламары бойынша 13 млн 271 мың теңге бөлінді, оның ішінен бағдарламалар бойынша:
«Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы 9 млн 354 мың теңге бөлінді.
Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар санынан 190 адамды қатыстыру жоспарланды.
01.06.2015 ж. қоғамдық жұмыстарға 82 адам жіберілді, 3 млн 800 мың тенге меңгерілді.
«Кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша 1 млн 354 мың теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен жоспар бойынша 10 адам келесі мамандықтарына жіберілді : аспазшы - 5 адам, кондитер-5 адам.
2015.01.07 5 аспазшы курстарды бітіріп, жұмысқа орналастырылды.
Жылдын ағымдағы наурыз айында жергілікті бюджеттен 10 адам келесі мамандықтар бойынша: тракторшы-механизатор-5 адам, аспазшы-5 адам курстарға жіберілді. 2015 жылғы маусым айында курстарын бітіріп, жұмысқа орналастырылды.
«Әлеуметтік жұмыс орындар» бағдарламасы бойынша 2 млн. 563 мың теңге бөлінді.
Бұл бағдарлама бойынша 30 жұмыссыз адамдар халықтың мақсатты топтарынан жұмысқа орналастырылды.
. Аудан 5 кәсіпорындарымен келісім құрылды: ШҚ «Арина», ШҚ «Витковская», ЖШС «Авангард ПВ», ЖК «Солдатова», ЖК «Блялова».
2015 жылға 772 жаңа жұмыс орындарды құруды жоспарлануда, олардың ішінде 141 тұрақты және 631 уақытша-маусымдық жұмыс орындар.
2015 жылғы 01 шілде айына ауданда 545 жаңа жұмыс орындары құрылып, оның ішінде 34 адам тұрақты және уақытша-маусымдық жұмыс орындарына 511 адам жұмысқа орналастырылды.
Жылдың ағымдағы ақпанайында «Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өзара түсінушілік туралы» 68 үш жақты меморандумдар жасалды.
230 кәсіпорынмен 68 меморандум жасалды, жұмыс істейтін саны – 2390 адам. Бұл:
2 ірі кәсіпорынмен – («Киров» ЖШС және «Луганск» ӨК, оларда 594 адам жұмыс істейді);
2 орта кәсіпорынмен – («Маяк» ШҚ және «Зерноград» ЖШС), оларда 325 адам жұмыс істейді.
Кіші кәсіпорындармен – 64 меморандум, 226 – шаруа қожалығымен, оларда 1471 адам жұмыс істейді.
2015 жылғы 01 шілде бойынша статистика басқармасының мәліметтер бойынша ауданда 137 кәсіпкер орындары мен ұжымдар тіркелуде, оның ішінде 65- мемлекеттік (1-ірі, 2- орта, 62- кіші) және 72 жеке кәсіпкер (1-ірі, 2-орта, 69-кіші).
48 кәсіп орындарда 15 жұмысшылары азды болса, онда ұжымдық шарт жасалынба, үйткені ықылас тобы бұл ұжымда жоқ.
2015.01.07. ж. 89 ұжымдық шарттары жасалынды (100% проценттік ара қатынасы).
Жұмыс бұл бағытта жалғастырылады.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Б.Файзулин
Достарыңызбен бөлісу: |