Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтінішпен қайырылған жастарды жұмыспен қамту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі25.44 Kb.
#3844
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтінішпен

қайырылған жастарды жұмыспен қамту туралы
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға қайырылған жастар мен оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар өтініш білдірген жұмыссыз азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеуге алып, оларды әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларымен қамтамасыз етеді. Соның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастарға басымдық беріледі.

2012 жылдың қорытындысы бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту уәкілетті органдарына 14-29 жас аралығындағы 10500 жас жұмыспен қамту мәселесі бойынша тіркелуге өтініш жасады. Олардың ішінде 7408 жас (71,0%) тұрақты жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1243 жас, жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын кәсіби оқытуға 282 жас жолданды. 2012 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 1586 жұмыс орындарын құруға барлығы 306,2 млн.теңге қаралды, оның ішінде 630 орын жергілікті бюджет есебінен (98,5 млн.теңге), 956 орын – «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде (207,7 млн.теңге). Жыл қорытындысы бойынша барлығы 2764 түлек жастар практикасымен қамтылды, қаралған қаржылар толық игеріліп, жергілікті бюджет есебінен 1109 жұмыс орны ашылса, республикалық бюджет есебінен 1655 жұмыс орны ашылды. «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде уақытша сипатқа ие болғанымен, осы бағдарлама бойынша уақытша жұмысқа жолдама алғандардың арасынан 874 жас түлек барған жерлерінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Сол сияқты өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 3702 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынса, соның ішінде 2436-сы немесе 66 пайызы жастар болып табылды.

2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 14-29 жас аралығындағы 5078 жас жұмыспен қамту мәселесі бойынша тіркелуге өтініш жасады. Ағымдағы жылдың 7 айының ішінде 3215 жас тұрақты жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 617 жас жолданды, 2012 түлек жастар практикасы бағдарламасы аясында ашылған жұмыс орындарына орналасып, жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын кәсіби оқытуға 163 жас жолданды. 2013 жылдың 1 тамызына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша 3659 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынса, соның ішінде 2215-і жастар (57,1%) болып табылды.

Жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 2012 жылдың 1 тоқсанындағы 5,6%-дан 2013 жылдың 1 тоқсанында 5,3 пайызға дейін төмендеп отыр.

Ағымдағы жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №636 қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бекітіліп, басқа санаттағы азаматтармен бірге Бағдарлама қатысушылары құрамына бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбы, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатысу құғына ие болып отыр.



Осы Бағдарламаға қатысушылар арасында басқа санаттағылармен бірге, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға, он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға басымдық беріліп отыр. Мұның өзі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге өзінің оң әсерін тигізетін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет