Бизнестің жол картасы 2020
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бөлімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметенің 2010.07.13 № 711 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
Бағдарламаның «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы атауы Әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық - негіздеме инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Бағдарламаның Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу мақсаты және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету Бағдарламаның
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау міндеттері
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту Іске асыру 2010 - 2020 жылдар мерзімі Нысаналы Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру индикаторлары мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады: кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандату; 2015 жылға: ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту; жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту; шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту Қаржыландыру Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы көздері мен көлемі 2020» бағдарламасын іске асыруға:
2010 - 15,4 млрд. теңге;
2011 - 41,2 млрд. теңге;
2012 - 70,3 млрд. теңге;
2013 - 70,3 млрд. теңге көзделген.
2. Кіріспе
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде: жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — банктер) және "Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму банкі) және лизингтік компаниялар (бұдан әрі – лизингтік компаниялар) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.
Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар банктердің кредиттері/Банктің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың қаржы лизингінің шарттары пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
Осы кәсіпорынды сауықтыруға/дамытуға, жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламасы бар жобаларды қоспағанда, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған қарыздарды субсидиялауға тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
Мынадай:
Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер;
қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде берілетін;
тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды.
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында Даму Банкі берген кредиттерді/қаржы лизинг шарттарын қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде банктер/Даму Банкі/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
Мемлекеттік комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;
білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер жүргізу арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым және "Іскер байланыстар" жобасына қатысушылардың шет елдерде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу;
өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші - іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
қаржы агенті - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:
пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге/Даму Банкіне/лизингтік компанияларға қаржы қаражатын аудару;
Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;
борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу;
кредиторлар комитеті - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;
өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;
қатысушы - Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша банктің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның, өңірлік үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының ұсынысы бойынша оң шешімі бар кәсіпкер;";
"борышкер - кредит(тер)/қаржы лизингі шарты(тары) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу бойынша қиындыққа ұшыраған кәсіпкер.
Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.
Құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.
Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.
Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.
Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:
қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.
Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаћандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:
темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);
кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);
алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);
үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс).
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелері
4.1 Бағдарламаның мақсаты
Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
4.2 Нысаналы индикаторлары
Нысаналы индекаторлар:
жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;
шикізат емес экспорт көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.
2020 жылға дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.
4.3 Міндеттері
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.
Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:
өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;
өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;
өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;
мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.
Бағдарлама шеңберінде субсидиялау мен кепілдендіруге бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша Қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдендіруге, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.
Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты гранттар ұсыну бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес жобаларды экономиканың шикізат емес секторларында іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
жобаларды іске асыру үшін банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
банктердің/Даму Банкінің/ лизингтік компаниялардың жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша ішінара кепілдік беру;
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту.
Гранттар ұсыну жөніндегі мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі–ЭҚЖЖ) сәйкес) экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушысы бола алады.
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушы бола алмайды.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.
Сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін, 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін алынған қарыздарды/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.
Банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның сыйақы ставкаларын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржы лизингі шарттар бойынша жүзеге асырылады.
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің)/қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін (қаржы лизингі шарты бойынша 5 (бес) жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзартуды қаржы агенті мен банк/Даму Банкі/лизингтік компания кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сыйақы ставкасын субсидиялау 7%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар банктердің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
6%-нан аспайтын Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін 13%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Даму Банкі:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақы ставкасын субсидиялау сондай-ақ 7%-ынан аспайтын Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар банктердің/лизингтік компаниялардың Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнін арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;
4) кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер/қаржы лизингі шарттары да субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
"Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11 %-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал 5% мемлекет өтейді.
Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сомалар кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі
1. Өтінім беруші банкке/Даму Банкіне/лизингтік компанияға өтініш береді.
2. Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге/қаржы лизингі шартын жасауға дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.
3. Өтінім беруші банктің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның оң шешімімен осы жобаны ӨҮҚ қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
4. ӨҮК жобаларды Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) бойынша шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалардың тізбесін субсидиялау шарттары бойынша тиісті Банкке/Даму Банкіне/лизингтік компанияларға, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.
6. Кредит беру/Қаржы лизингі шартын жасасу бойынша банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары
Кепілдіктер тек жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана беріледі.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан жоғары болмауы тиіс. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 70%-ынан жоғары болмауы тиіс, бұл ретте кредиттің ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс.
Кәсіпкерлер үшін кепілдіктер ақылы негізде ұсынылады.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылса, кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ кредит сомасының 30%-ынан аспайды. Сондай-ақ айналым қаражатын 100% толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі кредитке кепілдік беруге рұқсат етіледі (жалақы, салықтық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізуді, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызметтер көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуді және Өтінім берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланыссыз өзге де мақсаттарды қоспағанда).
Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 20%-ынан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы ставкасы 14%-дан жоғары бола алмайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Даму Банкі сыйақысының ставкасы 13%-дан жоғары бола алмайды. Бұл ретте, Банк және Даму Банкі:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын қоспағанда, кредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі
1. Өтінім беруші банкке кредит алу үшін өтініммен жүгінеді.
2. Банк дербес, банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес жобаға кешенді сараптама жүргізеді және өтінім беруші ұсынған кепілді мүліктің бағасы туралы қорытындының негізінде өтінім берушіні қамтамасыз етудің кепілді құнына бағалау жүргізеді, одан кейін Қаржы агентінің ішінара кепілдігімен жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
3. Кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда Қаржы агенті банкке кепілдік беру мүмкіндігі туралы Қаржы агентінің оң шешімі бар хатты жібереді.
4. Банк Қаржы агентінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін кепілдік берілетін қажетті соманың есебін көрсете отырып жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хатты өтінім берушіге жібереді.
5. Банктен хатты алғаннан кейін өтінім беруші банктің қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хатын қоса отырып, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне өтініш береді.
6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жобаны ӨҮК қарауына шығарады.
7. ӨҮК жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады және өңірлердің басымдықтарына сәйкес кепілдендіру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Қаржы агентіне және тиісті банктерге жібереді, сондай-ақ өтінім берушіні жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді.
9. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік берудің келісілгені туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті банкке алдын ала кепілдік хатын жібереді.
10. Банк Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын және Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін өтінім берушімен кредит шартын, кепілдік(тер) шартын(тарын) жасасады, көшірмесін Қаржы агентіне жібереді.
11. Банк пен өтінім беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, Қаржы агенті және өтінім беруші кепілдік шартына қол қояды.
12. Қаржы агенті өтінім берушінің жобасы бойынша кепілдікті ұсынғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентіне ақы төлейді.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру:
"Гранттар беру шарттары"
Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – Кәсіпкерлер) нысаналы гранттар бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Бір Кәсіпкер үшін ең жоғары Грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
Гранттар түріндегі қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Грант қаражатын мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді іріктеу бойынша нысаналы гранттар ұсынуға арналған конкурс қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – Үйлестіруші) арқылы ұсынады. Бұл ретте Кәсіпкерлердің (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін "Бизнес-кеңесші" экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Конкурсты өткізу үшін Үйлестіруші гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірдей болуы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақты зерттелуі мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қараған кезде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемдері негізінде ұсынымдар береді:
бизнес-идеялардың жаңалығы мен бірегейлігі;
бизнес-жобалардың бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, Кәсіпкерді орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
Бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің 20 пайызынан кем емес мөлшерде Кәсіпкердің қоса қаржыландыруы оның міндетті шарттары болып табылады.
Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:
негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
материалдық емес активтерді сатып алу;
технологияларды сатып алу;
франшиза құқығын сатып алу;
зерттеу жұмыстарына, жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты шығыстар.
Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
"Гранттар ұсыну тетігі":
1. Кәсіпкер Конкурстық комиссияның жұмыс органына конкурсқа қатысуға өтінім береді.
2. Конкурстық комиссияның жұмыс органы кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін:
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді;
ұсыныстар, Конкурстық комиссияның күн тәртібін қалыптастыруды, Конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындауды жүзеге асырады, бұл туралы Конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
3. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
4. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемдерінің негізінде ұсынымдар береді:
бизнес-жобалардың бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, Кәсіпкерді орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
бизнес-идеяның жаңалығы.
5. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы ұсынымдар грантты беру/бермеу мүмкіндігінің себептері көрсетіле отырып, Конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
6. Өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша Конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК-нің қарауына жібереді.
7. Өткізілген отырыстың шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
грант қаражатын беру/бермеу бойынша Конкурстық комиссияның ұсынымдарын қарау:
Кәсіпкердің бизнес-жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктейді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте хаттамада жекелеген бизнес-жобалардан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
8. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделген сәттен бастап:
Кәсіпкерге ӨҮК-нің шешімі туралы хабарламаны;
Кәсіпкермен грант беру туралы Шарт жасасуға байланысты дайындық іс-шараларын жүргізу үшін мақұлданған/мақұлданбаған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасын Кәсіпкермен Грант ұсыну бойынша шарт жасасу үшін Конкурстық комиссияның мүшелері мен Қаржы агентіне жібереді.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.
Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңартуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі
Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:
1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.
3. ӨҮК Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігі мәніне өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
"Бизнес-Насихат:
"Бизнес-Насихат" құрамдауышы Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеясын танымал ету мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың тобына түсіндіруге бағытталған шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
"Бизнес-Насихат" құрамдауышы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды білдіреді:
Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерліктің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларын танымал ету;
кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
кәсіпкерлік идеяларын насихаттау;
"Бизнес-Насихат" құрамдауышын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және тираждауды;
ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;
материалдардың ақпараттық-талдамалық кешенін дайындауды (баспасөз-кит);
кәсіпкерлікті қолдау бойынша өткізілген іс-шаралардың фотогалереясын дайындауды;
өңірлік және республикалық БАҚ-та ақпараттық (схемалар мен суреттер) дайындауды және орналастыруды;
кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шарттарын түсіндіру үшін Оператордың Сall-орталығының қызметін ұйымдастыруды;
Оператордың бизнес-порталының жұмысын қамтамасыз етуді;
ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОБ-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОБ секторының шолуын, ШОБ субъектілерін қаржылық және қаржылық емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОБ дамуының жай-күйі туралы жыл сайын жасалатын есепті қоса алғанда, ШОБ секторы бойынша үнемі есептер әзірлеуді;
ШОБ-ты дамыту, микроқаржы секторы, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық үдерістер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерліктің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер ("Жетістіктер тарихтары") әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
өңірлік және республикалық телеарналарда "Арнайы репортаж" жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;
БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы Кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын тираждауды және таратуды;
жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
"Жылдың үздік кәсіпкері" конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
жалпы білім беретін және оқу орындарында "Жас бизнесмен мектептерін" ұйымдастыруды;
ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық лекциялар, мастер-кластар өткізуді;
Оператордың қолданыстағы Бизнес-порталының базасында "Жас іскер" жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлім шығаруды;
жас/жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік жасауға даяр бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін вэб-алаңдар құруды;
іскер баспа басылымдарында кәсіпкерлік бойынша айдарлар ұйымдастыруды;
арнайы журнал шығаруды;
әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блоктар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.
Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:
борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;
борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;
қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) сәйкес).
Сауда жүйелерін салуға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған, мыналарды қамтыған қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы, қолданыстағы кредиттері бар кәсіпкерлер:
кемінде 2 жыл мерзімге тауарлар жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілермен шарттар жасасу;
қазақстандық өндірушілердің тауарларын сату - тауар ассортименті кемінде 30%;
қазақстандық тауарлардың тауар айналымы - есепті жылдың алдындағы жылғы жалпы тауар айналымының кемінде 60%;
азық-түлік, оның ішінде азық-түлік себетіне кіретін тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыру;
сауда объектісінің аумағында қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы ауданның кемінде 60% сауда алаңын беру;
өндірушілер аффилиирлеген қазақстандық өндірушілердің тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілер немесе кәсіпкерлер алдында тауарларға ақы төлеуді жүзеге асыру - қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
сауда сөрелерінде қазақстандық тауарларды орналастыру бойынша ең пайдалы жағдай жасау;
қазақстандық өндірушілер үшін кіру бонустарын жою;
сауда желілері есебінен сауда желілері жүргізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық акцияларын жүзеге асыру;
негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен сауда кәсіпорындары арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу.
Банктердің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу өлшемдері:
қызметтің негізгі түрі бойынша жұмыспен қамтылған, штаттық саны кемінде 100 адамнан тұратын бөлшек сауданы жүзеге асыру;
дүкендердің жалпы жиынтық ауданы - кемінде 2 000 шаршы м;
акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;
кәсіпорынның саладағы жұмыс кезеңі - кемінде 2 жыл;
2 және одан көп сауда объектісінің болуы.
7. Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өндірушілерді қолдаудың жоғарыда көрсетілген шарттарының сақталу мониторингін Қаржы агенті жүзеге асыратын болады.
Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;
кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары
Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 және 2011 жылдарда бере алады.
2012 жылы Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға арналған жобаларды қарауға Банктердің Қаржы агентіне 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізген өтінімдері жатады.
Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аса алмайды.
Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды;
субсидиялау қызметтің негізгі түрімен байланысты емес коммерциялық жылжымайтын мүлікті алуға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде 7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:
өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналымдық қаражатын толықтыруға және/немесе кредитті қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сауда желілерінің айналым қаражатын толықтыру үшін алынған кредиттер/кредиттердің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды (егер осы шарттарда өзгеше көздемесе).
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 10 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аударған күнге белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.
Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сыйақы ставкасы 11,5%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6,5%-нан аспайтынын Бағдарламаның Қатысушысы төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебіне алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5 %-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 4,5 %-на дейін борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді.
Қолданыстағы кредиттерге банктер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін берген, Бағдарламаның екінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін кредиттер жатады.
Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, Банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады.
Пайыздық ставканы субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11,5%-ға дейін төмендететін, оның 6,5%-нан аспайтынын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 11,5%-дан төмен болған жағдайда, Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.
Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.
Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары
Кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Екінші бағытты іске асыру тетігі
1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан әрі - ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.
2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса беріледі:
Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;
кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар).
3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.
4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар
кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне
сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.
Егер борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және ақпаратты толық ашу келісіміне тиісті банк қол қояды.
Борышкердің тілегі бойынша кредиторлар комитетіне тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.
5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.
6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентіне жібереді.
7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.
9. Жұмыс тобы Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын қарастырады және қарастыру қорытындысы бойынша борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды. Борышкердің жобаларын қарау тәртібі мен шарттарын Жұмыс тобы дербес айқындайды.
10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзімін ұзарту;
Жоспар шеңберінде басқа да шаралар бойынша.
11. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.
12. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.
13. Мемлекеттік комиссия борышкердің Сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен:
1) салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеудің мерзімін ұзарту ұсынылған (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа);
2) Жоспар шеңберінде басқа да шаралар ұсынылған жағдайда мақұлдайды.
Үшінші бағыт:
Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін және тиісінше валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін азайту үшін қолда бар ұлттық және/немесе шетелдік валютадағы кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қолдау Банктерде/Даму Банкінде/Лизингтік компанияларда бар кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері
Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер қатыса алады:
тау-кен өнеркәсібі;
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.
Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің)/Қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы Кәсіпкердің кредиті бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін (Қаржы лизингі шарты бойынша 5 жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға дейін мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзартуды қаржы агент пен Банктер/Даму Банкі/ Лизингтік компаниялар кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
Пайыздық ставканы субсидиялау 8%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар Банктердің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Егер Банктің кредиті бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14%-дан кем болған жағдайда, онда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.
Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 5%-на дейін Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін 13%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер Даму Банкінің кредиті бойынша сыйақы ставкасы жылдық 13% кем болған жағдайда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.
Бұл ретте Даму Банкі:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ 7%-ын – мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар Лизингтік компаниялардың/Банктің Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Лизингтік компаниялар/Банк/Даму Банкі:
1) Борышкер бастама жасайтын қаржы лизингі шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнді арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;
4) Кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау сыйақы ставкасын Даму Банкі 12%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) сыйақы ставкасын банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) сыйақы ставкасын Даму Банкі 13%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
Үшінші бағытты іске асыру тетігі
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылындағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10% мөлшерінде валюталық пайдасы барын растайтын ақпарат пен құжаттарды қоса бере отырып, Банктің/ Даму Банкінің/Лизингтің компанияның сыйақы ставкасын субсидиялауға жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес кәсіпкер Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтің компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
4. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания арасында кәсіпкер және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен кәсіпкер сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға төлейді.
Төртінші бағыт:
Кәсіпкердің әлеуетін күшейту:
Төртінші бағыт өндірістерді жаңғырту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы моделдерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету:
ісін жаңа бастаған кәсіпкерліктерді қолдау (старт-ап жобалары);
жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау;
шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұдан әрі – "Іскерлік байланыстар" жобасы").
Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
Еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды және «жастар практикасын» ұйымдастыруды қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы осы бағыт бойынша Бағдарламаның Операторы (бұдан әрі - Оператор) болып табылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:
кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қысқа мерзімді оқыту ("Бизнес-кеңесші" жобасы);
кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартын пакетін ұсыну;
ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің Оператордың бизнес-порталына еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;
экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.
Қысқа мерзімді оқу үдерісінде кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу материалдары, құрылтай құжаттарын, үлгі бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, кредит алуға арналған құжаттарды, сала бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін, сондай-ақ шағын бизнес үшін идеялар анықтамалығын қамтитын құжаттардың стандартты пакеттері берілетін болады.
Құжаттардың стандартты пакеттері кәсіпекерлерге "Бизнес-кеңесші" жобасының шеңберінде оқыту барысында да, сол сияқты кәсіпкерлердің сұрауы бойынша жекелеген негізде де қағаз және/немесе электронды тасығыштарда ұсынылатын болады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшада көзделген экономиканың басым секторларында қызметін жоспарлаған және жүзеге асыратын әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге басым түрде қолдау көрсетілетін болады.
"Бизнес-Насихат" құрамдауышын іске асыру тетігі
1. Оператор және Жұмыс органы "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
2. Шарттың негізінде Оператор Жұмыс органына егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын ұсынады.
3. Оператор "Бизнес-Насихат" құрамдауышын іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін талаптарды ескере отырып, қызметтер тізбесін қалыптастырады және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалдарына сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және меншік немесе сенімді басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың қызметтерді көрсетушілерін айқындайды.
4. Оператор әрбір қызмет түрі бойынша бекітілген техникалық ерекшелікке сәйкес мамандандырылған қызметтер көрсетуге арналған қызметтерге қызметтерді көрсетушілермен Шарт жасасады.
5. Қызметтерді көрсетуші шартта бекітілген қызметтер құнына сәйкес Операторға қызметтер ұсынады. Айыппұлдарды, өсімпұлдарды және басқаларын қоса алғанда, қызметтерді толығынан және сапалы көрсету жауапкершілігі қызметтерді көрсетушіге жүктеледі.
6. Қызметтерді көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуі қызметтердің тиісті көлемде тиісінше сапада көрсетілгені расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Ұсынылатын қызметтер сапасының мониторингін Оператор жүргізеді.
8. Оператор Жұмыс жоспарын іске асырудың барысы туралы Жұмыс органын тұрақты негізде хабардар етеді.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) тетігі
1. Оператор жергілікті атқарушы органдарды, кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы хабар етеді.
2. Оператор жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу курстарының кестесін, қатысушылардың құрамын қалыптастырады және Өтінім берушіге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші техникалық талаптар бойынша оқу өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды тұрақты негізде беретін болады.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Операторға кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді мемлекеттік және орыс тілдерінде "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша тегін курстар және жергілікті телеарнарда жүгіртпе жолдағы хабарландыру түріндегі ақпараттар туралы хабардар ететін "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша жергілікті телеарналарда тегін негізде бейнероликтер орналастыруда көмек көрсетеді.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:
1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, мыналарды қоса алғанда:
салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар;
салық заңнамасы саласындағы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама саласындағы консультациялар;
бастапқы құжаттарды өңдеу бойынша консультациялар, салықтар мен бюджетке басқа да түсімдерді есептеу;
кәсіпорынның есепке алу саясатын әзірлеу;
бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
бухгалтерлік есепті жүргізу бойында консультациялар;
1 С-Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;
үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру бойынша консультация беру;
үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру;
салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
салықтық есептерді дайындау және тапсыру;
басқа ұйымдар қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құру бойынша консультация беру;
басқа ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау;
статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
электронды статистикалық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша консультация беру;
2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер:
кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;
нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;
сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;
Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;
сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.
3. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация беру және толық сүйемелдеу:
Құжаттарды халықаралық ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын қорғау менеджменті жүйесі) стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатына консультация беру және дайындау;
персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкестікке оқыту;
қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдері менеджменті жүйесі), OHSAS 8001:2007 (Денсаулық және қауіпсіздік техникалары менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкестікке талдау;
менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша консультация беру;
менеджменттің кіріктірілген жүйелерін әзірлеу және енгізу саласында консультация беру;
ішкі аудитті жүргізуге консультациялық көмек;
сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консультация беру;
4. Мыналарды қоса алғанда заң қызметтерін көрсету:
кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер;
кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;
шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру;
шарттар жобаларын әзірлеу;
азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;
құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру;
ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру;
бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;
кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;
ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;
құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.
5. Мыналарды қоса алғанда маркетинг мәселелері бойынша қызметтер:
баға саясатын әзірлеу бойынша консультация;
нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру;
бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;
тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру;
ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;
бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру;
нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;
сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультация беру;
сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.
6. Мыналарды қоса алғанда ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультациялар беру:
интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
есептерді электронды тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау (қандай электронды есептер екендігін нақтылау қажет);
"1 С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы басқа да қызметтер.
7. Мыналарды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер:
конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;
конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;
интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;
сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;
кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);
сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
қазақстандық қамтудың есебі;
сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;
қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілетін болады және қызметтерді қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған қызметтер тегін көрсетілетін болады.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
1. Оператор Сервистік компанияға қойылатын талаптарды айқындайды және оларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жолдайды.
Сервистік қолдау көрсету мақсатында сервистік компания мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
консалтингтік қызметтер көрсету нарығында тиісті түрі бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
тиісті салада біліктілігі бар және осы тақырып бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес жұмысшылардың жұмыс істеп тұрған штаты. Бұл ретте, әрбір сервистік қызметке жеке маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп). Қажет болған жағдайда, компания тиісті біліктілігі мен жұмыс өтілі бар қосымша мамандарды жалдай алады;
сатып алынатын қызметтер тізіміне кіретін қызметтің тиісті түрімен айналысуға заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттары мен лицензияларының болуы (қажет болған жағдайда);
салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
қызметтерді сатып алу сәтінде көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасы бойынша талаптық-соттық сипаты бар даулардың болмауы;
өңірдің барлық аудандарына сервистік қызметтер беру;
жоғарыда санамаланған сервистік қызметтерді "жалғыз терезе" (бір орында) қағидаты бойынша беру;
қызметтерді клиенттің түсінуі үшін ыңғайлы мемлекеттік және/немесе орыс тілінде беру.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сервистік компанияны айқындайды. Бұл ретте Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші конкурстық құжаттаманың тізбесіне қызметтердің түрлерін және осы қызметтердің тиісті сомаларын көрсете отырып прайс-парақты қосуы тиіс. Қызметтің құны өңірдегі сервистік қызметтерге арналған орта нарықтық бағалардан аспауы тиіс.
Осы өңірде қызметін жүзеге асыратын компанияларға басымдық беріледі. Осы өңірде қойылатын талаптарға сәйкес келетін компаниялар болмаған жағдайда Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші басқа өңірде тіркелген, бірақ осы өңірде филиалы немесе өкілдігі бар компаниямен Шарт жасай алады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Сервистік компаниямен мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету шартын жасайды. Осы өңірде қызметін жүзеге асыратын компанияларға басымдық беріледі.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған сервистік қызметтердің басталуы және көрсетілу орны туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірлердің кәсіпкерлерін ай сайын хабардар етуді жүргізеді.
5. Өтінім беруші мамандандырылған сервистік қызмет көрсету өтінімімен Сервистік компанияға өтініш жасайды.
6. Шартта бекітілген қызмет құнына сәйкес Сервистік компания Өтінім берушіге қызметтер көрсетеді. Кәсіпкер алған әр қызмет құжатпен расталуы тиіс. Айыппұлды, өсімпұлды және өзгелерді қоса алғанда, толық және сапалы қызмет көрсету жауапкершілігі Сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның қызметтеріне ақы төлеу тиісті сапамен кәсіпкер қызметтерді толық көлемде алғаны расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші сервистік қызметтерді "жалғыз терезе" қағидаты бойынша бір үй-жайда беруді қамтамасыз етеді.
8. Оператор көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді.
9. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мен Сервистік компания Оператордың Сервистік компаниялардың сервистік қолдау беру үдерісіне мониторингке, оның ішінде сервистік қолдауларды іске асыруға қатысты құжаттарға толық қол жетімділігін қамтамасыз етулері тиіс.
10. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне (онына) дейінгі мерзімде операторға оператор белгілеген нысанға сәйкес есеп береді.
11. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған қызметтерді алатын кәсіпкерлердің базасын қалыптастырады және операторға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін тізімді береді.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту шарттары
Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Бағдарламаның қатысушысы бола алады.
Бағдарламаға қатысушылар оқуға барып-келуін және тұратын орнын дербес төлейді.
Қатысушылардың оқу шығыстарын төлеу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігі
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға конкурстық іріктеудің басталғаны туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
2. Өтінім беруші операторға белгіленген нысанда оқуға арналған өтінім береді. Бұл ретте, Өтінім беруші жобаны іске асырумен байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Жұмыс органы айқындайтын квоталарға сәйкес Оператор жиынтық өтінімдер қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығару үшін Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестірушісіне жібереді.
3. ӨҮК кандидатураларды талқылау нәтижелері бойынша іріктеу өткізеді және Өтінім берушінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Уәкілетті органға ӨҮК мақұлдаған жиынтық өтінімді келісуге жібереді.
5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
7. Уәкілетті орган «Назарбаев Университеті» ДБҰ-на мақұлданған Бағдарлама қатысушыларының тізбесін жібереді.
Оператор «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.
"Іскерлік байланыстар" жобасы (бұдан әрі - жоба) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Жоба екі кезеңнен тұратын болады:
Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.
Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін, маркетингті үйретуге, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға және басқаларына бағытталған бизнес-тренингтер (бұдан әрі - Бизнес-тренинг) ұйымдастыру арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жүргізілетін болады. Оқу процесінде Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін, маркетингті үйретуге, бизнес-серіктестіктермен және т.б. іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған бизнес-тренингтер өткізіледі. Оқу процесінде Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысушылар алынған консультацияларға сәйкес бизнес-жоспарларын дербес пысықтайды және кейіннен Жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Екінші кезең Жобаға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату үшін көздейді және мыналарды қамтиды:
ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдама;
мына мәселелер бойынша іскерлік байланыстар орнату:
технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу;
франшиз сатып алу;
халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу;
бірлескен кәсіпорындар құру.
Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар жәрдемдесетін болады.
Кәсіпкерлерді даярлау және оларды одан әрі шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу өңірдің қажеттілігіне сол немесе басқа да мамандықтар бойынша, сондай-ақ өңірдің даму басымдықтарына сәйкес болуы қажет.
Жоба шеңберінде «Жергілікті жеткізуші» құрамдауышы іске асырылады, оның шеңберінде ірі инвесторларға (ұлттық компаниялар, мұнай өндіру және кен металлургия кешені және басқа да жүйе құраушы кәсіпорындар) өз тапсырыстарын жергілікті жеткізушілер арасында орналастыру бойынша ынтымақтастықтық тетігі ұсынылады. Ірі инвесторлар сатып алынатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер), осы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар бойынша ақпарат береді.
"Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру Жобаның бірінші кезеңіндегі бизнес-тренингтер өткізу үдерісінде де, сол сияқты Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу бойынша да консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды тартуға бағдарланған.
"Аға Сеньорлар" құрамдауышын Қазақстан аумағында сүйемелдеуді білім беру мекемесі жүзеге асыратын болады.
"Іскерлік байланыстар" жобасын іске асыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлайтын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Жобаның қатысушысы бола алады.
Жобаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты халықаралық және шетелдік ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының, сондай-ақ Жобаға қатысушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Қатысушы Қазақстанның аумағында көліктік және кәсіпорынға тікелей тартылатын шетел сарапшыларының тұру шығыстарын дербес төлейді.
Бірінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-тренинг бойынша шығыстарын төлеу, сондай-ақ «Аға Сеньорлар» құрамдауышы бойынша шетел сарапшыларын тарту республикалық бюджет қаражаты және байланысты және байланысты емес гранттар есебінен жүзеге асырылады.
Екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Жобаға Қатысушылардың шет елдердегі тақырыптық бизнес-тағылымдамасын қаржыландыру жергілікті атқарушы органдар мен Оператор арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады және оның ішінде көліктік шығыстарға ақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушылардың шетелдегі тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша қызметтер байланысты және байланысты гранттардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
"Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес бағдарламаның қатысушылары, сондай-ақ экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Бағдарламаға қатысушы бола алады.
"Аға Сеньорлар" құрамдауышы бойынша шетел сарапшыларын тарту шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты және байланысты және байланысты емес гранттар есебінен жүзеге асырылады.
Шетелдік сарапшылардың ұшып келіп-кету шығыстарына ақы төлеу және қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Көлік және тәуліктік шығыстар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұру кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жобаға қатысушылар Қазақстан аумағында тұру, оқу орнына баратын және қайтатын жолын өздері төлейді.
Жобаға қатысушылардың тағылымдамадан өту еліне дейін және кері көліктік шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жоба қатысушыларының шетелдерде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, оның ішінде визалық қолдауы мен тұруы халықаралық және шетелдік ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру тетігі
«Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңін іске асыру тетігі
1. Өтінім беруші операторға белгіленген нысанда жобаға қатысуға өтінім береді. Бұл ретте, өтінім беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды.
2. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін оператор 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінімдерді қарайды және кәсіпкерлердің өтінімдеріне іріктеу жасайды. Іріктелген өтінімдерден оператор жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар (кіші салалар) бойынша топтайды және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті салалар бойынша бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды жұмыс орнына келісу үшін жібереді.
3. Жұмыс органы жобаға қатысушылардың мақұлданған тізімін Бизнес-тренингтер дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін білім беру мекемелеріне жібереді.
4. Білім беру мекемесі оқыту бағдарламасын әзірлейді, оны оператормен келіседі және жұмыс органына бекітуге жібереді.
5. Оқыту бағдарламасын Жұмыс органы бекіткеннен кейін білім беру мекемесі жобаның қатысушылары үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады, оның негізінде жобаның қатысушылары өзінің кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
6. Білім беру мекемесі бизнес-тренингтер өткізу үшін осы салада (кіші салада) тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-тренерлер мен сарапшыларды тартады.
7. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаның екінші кезеңіне қатысқысы келетін жобаның қатысушылары тікелей кәсіпорынға арналған бизнес-жоспарларды өздерінің бизнес-жоспарларын пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларды білім беру мекемелеріне ұсынады.
8. Білім беру мекемелері Жобаның қатысушылары үшін "Аға сеньорлар" құрамдауыштары шеңберінде шетел мамандарын тартуды қамтамасыз етеді.
Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ның бизнес-мектебі базасында Бағдарлама шеңберінде оқудан өткен кәсіпкерлер де өтінім бере алады.
«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
1. Халықаралық және шетелдік ұйымдар оператормен және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен бірлесіп, Жобаның бірінші кезеңінде әзірленіп, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылардың тізбесін Жұмыс органға енгізеді.
2. Халықаралық және шетелдік ұйымдар, топтық бағдарламалардың күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін серіктес-кәсіпорындар іздестіруді жүзеге асырады және бағдарламаға қатысушыларды тағылымдамаға жібереді.
3. Қатысушылар тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білім, тәжірибе және технологияны есепке ала отырып егжей-тегжейлі даму жоспарын дайындайды.
4. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторингі жүргізеді.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру тетігі
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау шарттары
Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
Кадрлардың біліктілігін арттыру шарттары
Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
Мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тетігі
Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру
Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 N 357 Қаулысымен.
"Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру тетігі
1. Оператор Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісімен бірге Бағдарламаның қатысушылары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін "Аға сеньорлар" құрамдауышын іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
2. Өтінім беруші Операторға белгіленген нысанда шетелдік мамандарды тартуға өтінім береді.
3. Оператор өтінімдерді қарайды және іріктеу жүргізеді. Іріктелген өтінімдерден Оператор жиынтық өтінімді қалыптастырады және Жұмыс органына келісуге жібереді.
4. Жұмыс органы қатысушылардың келісілген тізімін шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдық іс-шараларды жүзеге асыру үшін білім беру мекемесіне жібереді.
5. Білім беру мекемесі Халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді.
6. Оператор "Аға сеньорлар" құрамдауышын іске асыру мониторингін жүзеге асырады.
7. Білім беру мекемесі шетелдік мамандардың жұмыс нәтижелерін қамтитын атқарылған жұмыс туралы есепті ай сайын Операторға ұсынады.
"Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту"
"Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышы Бағдарламаны іске асыру шарттарын түсіндіруге және жобаларды қаржылық талдаудың тәжірибелік дағдыларын әзірлеуге бағытталған.
Оқыту Астана және Алматы қалаларында теориялық сабақтарды, топтық жұмыс пен талқылауларды, сондай-ақ тренингтің жалпы ұзақтығының жартысынан көбін құрайтын практикалық сабақтарды қамтитын мамандандырылған тренингтер түрінде жүргізілетін болады. Барлық тренингтер қағаз және электронды тасығыштарда таратылатын теориялық және практикалық материалдармен сүйемелденіп отырады.
Оқыту бағдарламасы қатысушылардың екі санатына бағытталған: екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау, бизнес-жоспарларды талдау бойынша курстар, сондай-ақ жобаларды талдау, Бағдарламаны іске асыру шарттары мен рәсімдері бойынша кейстер және т.б. көзделген. Әкімдіктердің қызметкерлері үшін курстар да Бағдарламаны іске асыру рәсімдерін зерделеуді болжайды.
"Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышын іске асыру шарттары
Бағдарламаны іске асырумен тікелей айналысатын екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлері оқуға қатысушылар бола алады.
Оқуға қатысушылар келу және кету, сондай-ақ тұру ақысын өздері төлейді.
Қатысушыларды оқыту шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
"Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту" құрамдауышын іске асыру тетігі
1. Оператор тікелей екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктерді оқытуды жүргізудің басталғаны туралы хабардар етеді.
2. Екінші деңгейдегі банктер мен әкімдіктер Операторға белгіленген нысанда қызметкерлердің тізімдерін ұсынады.
3. Оператор оқуға қатысушылардың жиынтық тізімін жасайды және Жұмыс органына келісуге жібереді.
4. Жұмыс органы оқуға қатысушылардың келісілген тізімін оқыту ұйымына жібереді.
5. Оқытатын ұйым оқыту бағдарламасын әзірлейді және кестесін жасайды, оларды Оператормен келіседі және Жұмыс органына бекітуге жібереді.
6. Жұмыс органы оқыту бағдарламасы мен кестесін бекіткеннен кейін Оқыту ұйымы тренинг ұйымдастырады.
7. Тренингті өткізу басталғанға дейін Оқыту ұйымы білім деңгейі мен дағдыларын айқындау мәніне қатысушыларға тестілеу жүргізеді.
8. Тренинг аяқталған соң қатысушы тестілеуден өтеді, оның қорытындылары бойынша сертификат тапсырылады.
9. Тренингтер өткізу сапасының мониторингін Оператор жүзеге асырады.
Тренингтер аяқталғаннан кейін Оқыту ұйымы Операторға қатысушыларды тестілеу нәтижелері қамтылған атқарылған жұмыс туралы есепті береді.
Достарыңызбен бөлісу: |