Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#124369
  1   2   3




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «9» қазандағы



№ 391-ө-м бұйрығымен бекітілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер


  1. Жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (бұдан әрі - БТБА) (43-шығарылым) «Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өндеу» бөлімінен тұрады.

  2. Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарын есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігін жоғарлату сұраныстары қысылтаяң жағдайларды қоспағанда).

  3. Әр мамандыққа тарифті-біліктілік сипаттама екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі маман орындауға тиісті жұмыстардың сипаттамасы берілген. «Білуі тиіс» бөлімі маманнан талап етілетін арнайы талаптардан тұрады, олар - маманның жұмысқа қатысты арнайы білім дәрежесінің болуы, басшылыққа алатын материалдарды және әдістеме мен құралдардың қолданылу ережелерін білуі.

Бөлімде көрсетілген теориялық және практикалық білімдерімен қоса маман - еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныстың нормалары мен ережелерін, жеке басын қорғау құралдарымен пайдалана білу, орындалып жатқан жұмыстың сапасына қойылатын талаптар, ақау түрлері және олардың алдын алу және жою, өңдірістік дабыл қағу, жұмыс орнында еңбекті рационалды ұйымдастыру талаптарын білуі керек.

  1. Біліктілігі жоғары маман оның тарифті - біліктілік тізімдегі атқаратын міндетімен қоса, тарифті- біліктілігі төмен мамандардың да жұмысын орындай алуы және берілген мамандықтың аясындағы біліктілігі төмен жұмыс топтарын басқара білуі керек. Осыған байланысты тарифті - біліктілік сипаттамада көрсетілген төмен білікті мамандар мен жоғары білікті мамандардың жұмысы көрсетілмеген.

  2. Маманның еңбек кітапшасын толтыру барысында, оның мамандығының тарифті разряды өзгерген жағдайда ол БТБА-ға сәйкес толтырылады.

  3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

  4. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

  5. «Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өндеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2009 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу
1. Тресті дайындаушы аппаратшы
Параграф 1. Тресті дайындаушы аппаратшы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Тресті сулауыш бактар, камералар мен автоклавтарда суландыру және буландыру процессіне кіріспе, біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен өтеді. Шикізатты табандық, контейнер, вагонетка, сығымдауыш және бакка арту барысы технологиялық процесс талаптарына сәйкес өтеді. Шикізатты механикалық сығымдауышта сығу. Вагонеткаларды шынжырмен байлау және оларды автоклавқа арту. Табандық, контейнер және сығымдалған шикізат кипін электротельфер багына, авто және электро тиегішке және автоклав вагонеткаларына орнаған ереже бойынша арту. Камераны жасыру және қысқыш жабдықтарды шешу. Сулы тресты механизмдерді пайдалана отырып белгіленген орынға төсеу. Шикізатты, бакты және камераны сумен жуу. Артылған контейнерлерді сыққыш-жуғыш машинаға тиеу және бос контейнерлерді арту теліміне жеткізу. Көлік құралдарына табандықтарды төсеу, контейнерлерді орнату, кипін шешу, жүкті іліп алғыш жабдықтар мен механизмдерді орнату және шешу. Механизмдер, көлік құралдары және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Жұмыстағы ақаулардың алдын алу және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Өсімдік тін мен сабаннан механизмнің айналғыш бөліктерін тазарту.

  1. Білуі тиіс:

механикалық сығымдаушының бекітілуі мен көтергіш көліктік және басқада механизмдердің жұмыс мақсатын білу, көтеру, орнын ауыстыру, контейнерді, вагонетканы орнату және олардың арту және түсірілу тәсілдерінің ережесін, тресті технологиялық дайындалу үрдісін, шикізаттың негізгі қасиеті мен сапасын білу, шикізатты арту және түсіру ережесі, шикізатты бекітілген тығыздық бойынша орау және бакка салу.

Параграф 2. Тресті дайындаушы аппаратшы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Тресті сулау және булау бактарында, камераларда, автоклавтарда технологиялық тәртіпке сәйкес және автоматты бақылау және процессті бақылау жүйесін пайдалана отырып сулау және булау технологиялық процесіне кіріспе. Суды, буды, қалыпқа келтірілген сұйықтықты, бак пен автоклавқа құюды реттеу. Автоклавта буландыру кезінде және сулы-температура жүйесі мен сұйықтықтың қышқылдық жүйесін сулау барысында тұрақты қысымда сақтау. Сорғы және аэрациялық жабдықтарды жұмыс істеу барысында бақылау- өлшеу құралдарының өрсеткіштерін байқау. Буландыру мен сулау процесін аяқталу уақытын анықтау. Өңделген сұйықтық пен буды ағызу. Сыйымдылықты шикізатты артуға дайындау. Сұйықтықты әзірлеу және оны бак, автоклавтарға құюға дайындау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдық, аппарат, коммуникация, автоматика жүйесіне жарамды және іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету және ақауын жою. Бақылау-өлшеу жабдықтарын, құқбыр және сорғылардың күйін тексеру. Шикізатты бакқа, автоклавқа дұрыс артылуын бақылау және олардан трестерді түсіру. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің ағымдағы жөндеу жұмыстары. Біліктілігі төмен аппаратшылардың жұмысына басшылық жасау.

  1. Білуі тиіс:

автоклав, қысқыш бактарды, аэрациялық жабдықтарды, көтергіш көліктік жабдықтарды орнату және эксплуатациялау ережелері, бақылау-өлшеу жабдықтарын пайдалану ережесі, автоматика құралдарын реттеу және оларды басқару ережелері және оларды бекіту, негізгі құралдар мен шикізаттың сапалы көрсеткішінің тресті өндеу барысына ықпал ету, шикізатты сулау немесе булау барысынының аяқталу үрдісін анықтау, ақауларды жою үрдісі.

2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы


Параграф 2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Өнімді және қалдықтарды орауға жұмсақ ыдысты қолдан дайындау, мақта талшығын, линта және талшықты өнімді кипқа орау үшін шальдардың шеттерін жапсыру. Қапшықты қолдан тігу. Қаптама үшін мата жинағын талдау. Бегітілген өлшем бойынша матаны пішу. Қолданыста болған қапшықтарды өлшемімен сорттау және олардың тозған деңгейін анықтау және оларды жөндеу. Таңбалау үшін бояуды дайындау. Ыдысты таңбалау. Белгіленген орынға материалдар мен ыдысты тасымалдау. Қапшықтар мен ыдысты қоймаға тапасыру.

  1. Білуі тиіс:

матаны пішу, қаптарды сорттау, матаны талдау және жұмсақ ыдысты таңбалау ережесі, шаль мен қаптардың бекітілген өлшемін, таңбалау үшін бояуларды дайындау.

Параграф 2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Тігін машинкада өнімдер мен қалдықтарды орайтын жұмсақ ыдысты дайындау - брезенттерді, қаптарды және шальдерің шетін тігу. Брезент дайындауға арналған матаның қиықтарын тегістеу. Қолданыста болған брезенттердің өлшемін алу және тозған брезенттерді сорттау. Брезенттерді жөңдеу және оларды сіңдіру. Брезенттерді сіңдіруге арналған ерітінді дайындау. Машинаны реттеу және ақауды жою.

  1. Білуі тиіс:

тігін машинасының бекітілуін, жабдығын және онымен жұмыс жасау, брезенттің бекітілген өлшемін, қап, шаль, брезентті тігу тәсілі, брезентті сіңдіру ережесін, тігін машинасының ақауын жою және оның алдын алу.

3. Шикізатты артушы


Параграф 1. Шикізатты артушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мақта шикізатын пневмокөлікте және алдын ала жұмсарту және лас мақта мен бөгде нарселерді жоятын көліктер камераларына қолдан арту. Құбырдың, көліктің және бункер-сіңдіргіштің іркілісін ликвидациялау. Құбырды, көліктерді, бункер-қуат бергіш сепараторды және басқада жабдықтарды профилактикалық тазарту барысына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

шикізатты пневмокөлікке және көлікке жеткізу тәртібі, мақтаның шикізітын пайдалана білу ережесін, мақтаның шикізатын артушы пневмокөліктің және көліктердің бекітілуі мен жұмыс мақсаты.

Параграф 2. Шикізатты артушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Сабағы қысқа шикізатты, ұйысулар және түтудің қалдығын езгілеу машинасына, кудель өндіруші агрегаттың сіңдіргішіне, кендір шикізатын түту машинасының көлікті механизмінің қысқышына немесе амбар, бунт және мақтаны алдына-ала жұмсарту және лас мақта шикізаты мен бөгде нарселерді жоятын қалқа көліктеріне арту. Материалдың қабатын түзу, толассыз және шикізатты машинаға және өте сулы шикізатты теретін және жойып отыратын механизмге шикізатты біркелкі беруді қамтамасыз ету. Шикізаттың бір қабатын төсеніш үстеліне немесе сіңдіргіш транспортер машинасына және механизмына түзу қылып төсеу. Езгілеу және түту, сіңдіргіш машинаның жұмысын бақылау, білік агрегат пен көліктерге қызмет көрсету. Жабдықтардың жұмысында тапқан ақауларды жою. Өнделіп жатқан шикізатты тасу. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыда орау және қағу ликвидациясына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

сабағы қысқа, ұйысқан шикізатты, түту қалдықтары кендір шикізаты мен мақта шикізатын машина мен механизмдерге тиеу ережесін, өнделіп жатқан материалдың қырқылуына байланысты қолданыстағы машина мен механизмдерді реттеу ережесі, шикізат пен түтілген қалдықтардың негізгі сапалы белгісі, өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар, құрамы әртүрлі шикізаттың өндірілуіне қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін машина мен механизмдердің құрылымы мен оларды экплуатациялау ережелері.

Параграф 3. Шикізатты артушы, 4- разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Сабағы ұзын шикізатты езу-түту қабат қалыптастырушы агрегат механизміне және түту-жуу қысу механизді машинасына, түту машинасының езгіш механизміне тінді қолдан арту, сонымен қоса мақта шикізатын пневмокөлікке немесе қозғалатын ленталы транспортерға сұрыптаушы құрылғы жылжымалы пульттің көмегімен арту. Технологиялық құрамына байланысты шикізаттың қабатының қалындығын, қозғалмалы ленталы транспортердың құрылғы сұрыптаушысының жұмыс тәртібін, өнделіп жатқан шикізаттың сапасын ескере отырып түту және түтіп - жуу машинасын технологиялы құрылымын реттеу. Қабат қалыптастыру және қысу механизмдері, езу, түту, түтіп-жуу машинасына және басқа құрылғылардың жұмысын тексеру. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының орамын және бітелулерін ликвидациялау.

  1. Білуі тиіс:

сабағы ұзын шикізатты, тінді және мақта шикізатын машина мен механизмге арту ережесі, сұрыптаушы-құрылғы мен басқару пультін құрылысын, мөлшерлеуші жабдықты реттеу және жөндеу ережесі, езу-түту агрегатының қабат қалыптастырушы механизмінің ережесін, түтіп-жуу машинасының сығу механизмінің және мақта шикізатын алып беруші жабдықтың ережесін.

4. Буманы бақылаушы


Параграф 1. Буманы бақылаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мақта талшығы мен линтты бумаға дұрыс оралуы мен ауқымдылығын тексеру. Лента байлайтын жабдықты тексеру. Буманың салмағын өлшеу және таңбалау. Буманың салмағын таңбалау бойынша және мақта талшығы мен лентаны өңдіру ауысымын есепке алып отыру.

  1. Білуі тиіс:

таразы жабдықтарын және оларға күтім жасау ережесін, буманы таңбалу және орау бойынша мемлекеттік стандарттарды.

5. Сығу-жуу жабдығының машинисі


Параграф 1. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Тресті сығу және жуу процессі алдында дайындық жұмыстарын жүргізу. Табандық пен контейнерлерден бауларды түсіру, оларды сығу-жуу жабдықтарының үстеліне жеткізу. Шикізат орамын шешу, тресті ком бойынша тегістеу, бауларды жұмсарту және бөлу. Белбеулерді түзету. Сығу-жуу машинасының қуат беру транспортеріне трестерді артуға қатысу. Трест пен инвентарьды өңдеу теліміне тиеу.

  1. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинасының бекітілуі мен жұмыс мақсаты, түсіру және бауларды жіберу ережесі, шикізаттың негізгі қасиеті мен оны күтудің ережесі, тресті арту тығыздығы.

Параграф 2. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Сығу-жуу машинасының қуат беру жабдығына күтім жасау. Транспортер мен сығу-жуу машинасының қуат беру механизмының жұмысын тексеру, олардың іркіліксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қуат беру механизмісіз жұмыс істеу барысында бекітілген қалындық пен қабаттың енің сақтай отырып тресты қуат беру транспортерға тиеу. Қуат беру механизмнің жұмысын ретке келтіру.

  1. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинаның қуат беру механизмінің құрылымын және эксплуатациялау ережесін, тресті сығу және жуу технологиялық процесі, қуат беру машинасының жұмысын ретке келтіру ережесі.

Параграф 3. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Тресті жуу және сығу режимін технологиялық реттеу. Сығу-жуу машинасы мен қуат беру механизмін жөндеу. Сығудың сапасы мен процесіне және машина мен механиздердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру, табылған ақаулардың алдын - алу мен оларды жою шараларын жасау. Қуат беруші механизмсіз жұмыс істеу барысында тресті оның жұмсағымен кептіретін машина транспортеріне тиеу үшін қабатын қалыптастыру. Біліктілігі төмен машинисердің жұмысына басшылық жасау.

  1. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинасын және қуат беру механизмін ретке келтіру және жөндеу ережелері, қызмет көрсететің механизмдер мен құрылғылардың жұмыс режимі, тресті сығу режимін регламенттеу, тресті сығу және жуу сапасының талабы, мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі – МС) және салалық стандарттарға сәйкес технологиялық процесті жүргізу ережелері.

6. Тазарту жабдығының машинисі


Параграф 1. Тазарту жабдығының машинисі, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан шнекті тазартқышта тазарту, сонымен қоса тінді дақылдардың тұқымын біліктілігі жоғары машинисің басылығымен тұқымнан тазалағыш машинада тазарту. Мақтаны өндеуде шыққан қалдықты арнайы машиналармен тазарту және тінді дақылдардың талшығын, талшықтарды бөлетін машиналардың өндеген қалдықтарынан ажыратып алу. Улютты барабанда жұмыс жасап жатқанда – улютты және басқада қалдықтарды машинаға тиеу. Тұқымдарды тиейтін бункерге төгу. Конденсордан талшықтарды жіберу және оларды қапшықтарға салу. Стандартты өлшемдегі тұқымдарды өлшеп қапшыққа қаптау. Тұқым, талшық және қалдықтарды белгіленген орынға тасымалдау, жинау, буып-түю және жинау. Қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға бір келкі тиеуді қамтамасыз ету. Машина мен механизмдардің жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғы мен механизмдерден бітелулерді жою орамдарды шешу. Инвентарьды, құралдарды, және қаптау материалдарын тасымалдау. Машина мен механизмдердің жұмысындағы ақауларды жою жұмысына қатысу. Белбеулерді тігу.

  1. Білуі тиіс:

шнекті тазарқыш, тұқым тазартқыш, талшықтарды бөлгіш машиналардың және оларға жанасатын технологиялық және көмекші құралдардың белгіленуі мен жұмыс мақсаты, мақта шикізатын, қабықты дақылдар тұқымын, мақта және інді өнімдердің қалдығынан тазарту технологиялық процессі.

Параграф 2. Тазартушы жабдықтың машинисі, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан оттық-аралау тазартқыштарда, тінді дақылдарды тұқымнан тұқым тазартқыш машиналарда тазарту. Тазартуға түскен тұқымдардың сапасын тексеру. Машина жұмысын технологияның талаптарына сай режимін ретке келтіру. Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету және тазартқыш машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Тұқымдарды сапалы тазалау мен олардың қапталуын қамтамасыз ету. Машинаның құрылысы мен өндеуіне есеп жүргізу. Тазартылған тұқымдарды салмағы мен тазарту класына байланысты тапсыру. Біліктілігі төмен машинисердің жұмысына басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

тазартқыш машина мен оларға ұқсас технологиялық және көмекші құрылғыларды экплуатациялау ережесін және құрылымын, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың жұмыс бөлігінің тетік және ажыратқыш мөлшері, тұқымның қоқымдану деңгейін және сипаты, арам шөп түрлерінің құрамы, себетін және техникалық тұқымның стандарты, анализға алынатын сынаманың таңдау реті, қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыны тиеу ережесін білуі тиісті.



  1. Параграф 3. Тазартушы жабдықтың машинисі, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан ағымдағы тізімге кіретін тазартқыштарда тазарту. Мақта тұқымдарын тұқым тазалағыш машинада тазарту, оларды калибрлеу машинасында өлшемімен сорттау және калибрлеу бойынша жұмыстарды орындау. Тұқымды тұқым тазартқыш машинаға және мақта шикізатын ағымдағы тізімге кіретін жабдықтарға түсуін ретке келтіру. Тазартатын машиналар, ағымдағы тізімге кіретін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Біліктілігі төмен машинисардың жұмысына басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

ағымдағы тізімге кіретін тазартқыш машиналардың құрылымын және олардың жұмыстарын ретке келтіру және болып жатқан жөндеу жұмыстарының ержесін.

7. Технологиялық жабдықты реттеуші


Параграф 1. Технологиялық жабдықты реттеуші, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Реттеу және болып жатқан жөндеу жұмыстары: сексенбестікара джиндарымен және инерциялы омырғыш механизммен мақта талшықтарын өндейтін линтерлар, линт және басқа мақта өнімдерімен вал джиндары, тінді дақылдардан қысқа талшықтар өндейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машина және механизмдер. Жабдықтың, пневмокөліктің ақаусыз күйін бақылау және олардың бекітілген жұмыс режимін қамтамас ету. Агрегат пен машинаның бөлек бөлшектерінің тораптарын ауыстыру. Жабдықтың жұмысын реттеу, тігу және белдіктер кигізу. Түткіш құрылғыда жұмыс істеген кезде лентаны толықтыру және рулонның қалыптасуын бақылау, олардың шешу, тасу және салу, лентаның қалдықтарын ликвидациялау.

  1. Білуі тиіс:

әр түрлі физико-механикалық құрамдағы шикізатты өндеу барысында қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу және оны реттеу түрлері, мақта шикізатын өндеу технологиялық процесі, тінді дақылдардың қысқа талшықтарын өндеу, агрегат пен машиналардың жұмыс істеу режимі, өнделіп жатқан шикізатқа байланысты машинаның жұмыс бөлшектерінің тетік және ажыратқыш мөлшері, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою және олардың алдын алу, бітеу және орауды ликвидациялау, профилактикалық тексеру графикасы және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жөндеу жұмыстарын.

Параграф 2. Технологиялық жабдықты реттеуші, 5- разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Болып жатқан жөндеу жұмыстары және оларды реттеу: жүзотызбес аралық джин және көпсоғатын мықты омыратын, сонымен қоса мақта талшықтарын, линта және басқада мақта өнімдерін өндіретін үлкейтілген жұмыс камерасы бар валды джин механизмімен, стланца трестінен ұзын зығыр және кендір талшықтарын, кенп және тіннен ұзын талшықтар өндейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машиналар, механизмдер. Кептіру жабдығын өнделіп жатқан шикізаттың морфологиялық құрамы және ылғалдығына байланысты тиеу процесін ретке келтіру. Бекітілген режим бойынша шикізатты өндеу барысында технологиялық процестің сақталуын, жабдықтардың және пневмокөліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмыс барысында ақауларын жою.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты ретке келтіру әдістері және құралдарды реттеу, мақта өнімдерін, тінді дақылдар мен зығыр тіннің ұзын талшықтарын өндеудің технологиялы процесі.

Параграф 3. Технологиялық жабдықты реттеуші, 6- разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Сулы және булы трестен ұзын, зығыр және кендір талшықтарын өндеу бойынша ағымдағы тізімнің қатарына кіретін агрегат, машина және механизмдерге жасалып жатқан жөндеу жұмыстары және реттелуі. Автоматты түрде жұмыс жасайтын және ағымдағы тізімге бекітілген техникалық жабдықтардың тоқтамай және жанасып жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жабдықтардың жұмысын бақылау. Бекітілген регламенттелген режимде қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысы үшін негізгі толықтыру параметрлерін сақталуын қамтамсыз ету.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты реттеу және реттеу тәсілдері, сулы және булы трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өндеу процесстерін автоматты түрде ретке келтіру үшін бақылау-өлшеу құралдарын және жабдықтарын экплуатациялау ережесін, осы шикізатты өндеу режимі және технологиялық процесі.

8. Джин жабдығының операторы


Параграф 1. Джин жабдығының операторы, 4- разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Белгіленген режимдағы сексенбесаралық джин мен инертті омыру механизмімен валды джинда мақта шикізатын джиндау процесіне кіріспе. Джинның, технологиялы жанасқан және көмекші жабдықтың батареясына қызмет көрсету. Мақта талшықтарын стандарт талаптарына сай алуды қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Талшық бөлу, арам шөп және тұқым конвейерына, улюк шабу және арам шөп шабу жабдықтарының қуаттандырушысының бітелуін ликвидациялау. Шикізатты білікшені мерзімді лақтыру, кенептерді жұмыс білікшелерінде тазарту, оларды орнату және әртүрлі джиндардың пластинасын ауыстыру барысына қатысу. Араны ауыстыру, технологиялық тетіктер және ажыратқышты реттеуге, қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға жөңдеу жұмыстарын жүргізу барысына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты орнату және экплуатация жасау ережелерін, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың бөлшектерінің арасындағы тетіктің мөлшері, джиндаудың технологиялық процесі, мақта шикізаты, талшықтар, тұқым және қалдықтардың стандартын.

Параграф 2. Джин жабдығының операторы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жүзотызбесаралық джинді белгіленген режимде және көп соғатын мықты омыру механизмымен білікше джинда, мақта шикізатын джиндау және арақашықтықта басқару пультінің автоматты өндірісті процесіне кіріспе. Джиннің қуат беруін реттеу. Машина жұмысында туындаған іркілістер мен басқада ақауларды ликвидациялау және олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Цехқа мақта шикізатының бірдей түскеніне көз шолу жасау. Аралау джиндарындағы шикізат білікшесінің тығыздығын және джиндалғаннан кейінгі тұқым талшықтарының қалдықтарын тексеру. Улюктің бөлінуін ретке келтіру. Өндірістің қалдықтарын уақытында жоюды ұйымдастыру. Білікше джиндарындағы омыратын пластиналарды ретке келтіру және орнату. Технологиялық жабдықтар мен автоматизация жабдықтарды профилактикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау. Біліктілігі төмен оператордың жұмыстарын басқару.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіп жатқан жабдық пен пультты орнату және экплуатация жасау, жабдықты автоматтандырылған дистанционды басқару схемасы, джинді цехтың технологиялық жабдықтарын ретке келтіру ережелері, мақта талшықтарының сапасына қойылатын талаптар.

9. Линтерлі жабдықтың операторы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет