Жұмыстың мақсаты



бет3/4
Дата12.02.2024
өлшемі72.5 Kb.
#491696
1   2   3   4
ОС лаб1

команда >файл аты – көрсетілген команда көмегімен шыққан хабарламаларды файлға жіберу. Егер бұл сияқты файл бар болған болса, онда ол қайтадан жаңасымен алмастырылады;
команда >> файл аты – көрсетілген команда көмегімен шыққан хабарламаларды файлға жіберу. Егер бұл сияқты файл бар болған болса, хабарламалар файлдың соңынан қосылады;
команда <файл аты – командадағы (бағдарламадағы), енгізілген мәліметтерді пернетақтадан оқу емес, файлдан оқу;
команда | команда – бірінші команда экранға шығарған хабарламаларды екінші команда үшін енгізу мәліметтері ретінде жіберу.
Жеке компьютерде жұмыс жасаған уақытта бір бағдарламаның жабылуы келесі бағдармаланың ашыуы үшін қызмет ететін жағдайлар жиі кездеседі. Бір бағдарламаның стандартты жабылуын екінші бағдарламаның стандартты ашылуы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін ОЖ құралдары конвейер деп аталады.
Конвейер ретінде стандартты енгізу-шығаруды автоматты бағыттауы бар бағдарламалар тізбегі түсініледі. Командалық жолда бағдарламалар тізбегі тік сызық символымен (|)ажыратылады.

1.3.3 Мәтіндік файлдарды құру


Мәтіндік файлдарды құру үшін, мәтіндік файлмен жұмыс істей алатын кез келген редакторды қолдануға болады. Қысқаша мәтіндік файлдарды пернетақта көмегімен енгізуге болады, бірақ бұл ыңғайсыз. Бұл үшін төменде көрсетілген команданы енгіземіз.
copy con файл аты
Бұл команданы енгізіп болған соң файл жолдарын кезегімен енгізу керек. Әрбір жолды соңында Enter пернесін, ал ең соңғы жолды енгізгеннен кейін F6 артынша Enter пернесін басу қажет. Дискте сіз көрсеткен атаумен файл пайда болады.

1.3.4 Файлдардың атын өзгерту, файлдардың көшірмесін алу және біріктіру


Файлдардың атын өзгерту үшін ren (Rename) командасы қолданылады.
Команда форматы: ren файл 1аты файл 2 аты
Файл 1 аты параметрі арқылы аты өзгертілетін файлдардың атын (немесе * және ? символдарымен берілген аттардың шаблоны) көрсетеді, файл 2 аты параметрі файлдың жаңа атын (аттарын) береді.
Файлдардың көшірмесін алу үшін copy командасы қолданылады.
Команда форматы: copy файл 1аты файл 2 аты
немесе copy файл 1аты (каталог 2аты)
Сopy командасында файл аттарының орнына құрылғылардың атауларын қолдануға болады, мысалы:
CON – консоль (пернетақта енгізу, монитор шығару үшін). Пернетақтадан енгізу кезінде файл соңы Ctrl Z немесе F6 арқылы беріледі;
PRN – принтер (тек шығару файлы ретінде).
Сонымен қатар copy командасы бірнеше файлдың ішіндегі ақпаратты біріктіру үшін де қолданылады.
Команда форматы: copy файл аты1 + файл аты2 файл аты
Егер copy командасы біріктіру үшін қолданылса, онда бірінші «+» (плюс) белгісі арқылы біріктірілетін файлдардың аты, олардан кейін біріктірілетін файлардың ішіндегі ақпарат жазылатын файлдың аты енгізіледі.

1.3.5 Файлдарды салыстыру


Файлдарды салыстыру үшін fc бағдарламасы қолданылады.
Команда форматы: fc (параметрлері) файл аты1 файл аты2 (хаттама (протокол) файлдың аты)
Салыстырушы файлдардың атын көрсеткенде * және ? символдарын қолдануға болады. Егер хаттама файлдың аты берілмесе, онда салыстырылған файлдар туралы мағлұмат экранда шығады.
fc бағдарламасы арқылы салыстыру екі түрлі тәсілмен жүргізіледі.
Мәтіндік файлдарды салыстыру немесе жолдық салыстыру. Бұл әдіспен салыстыру барысында fc бағдарламасы файлдар арасында айырмашылықтар тапса, онда ол файлдардың ішінен айырмашылық туындаған нүктеден ары қарай қайтадан бірдей болатын жерлерін іздейді. Соңында fc бағдарламасы файлдардың айырмашылықтары бар жолдарын шығарады.
Басқа (екілік) файлдарды салыстыру немесе байттық салыстыру. Бұл әдіспен салыстыру барысында fc бағдарламасы файлдар арасында айырмашылық тапса, онда ол файлдардың ішінен олар қайтадан бірдей болатын жерлерін іздеуге ешқандай талпыныс жасамайды. Бұл әдіс жоғарыдағы әдіске ұқсас. Соңында fc бағдарламасы файлдардағы байттық айырмашылықтарды шығарады.
Салыстыру тәсілін көрсету үшін келесі параметрлердің бірін көрсете аласыз:
/L – файлдарды жолдық салыстыру тәртібі;
/B – файлдарды байттық салыстыру тәртібі.

1.3.6 Файл атрибуттарының бейнеленуі және өзгертілуі


Әрбір файл үшін каталогтағы оған сәйкес келетін жазбада тек файлдың аты, файлды соңғы өзгерту күні мен уақытынан басқа, файл атрибуттары болады. Файл үшін төрт түрлі атрибут қарастырылған: оқу үшін ғана (read-only), жасырылған (hidden), жүйелік (system) және архивтік (archive). Аталған атрибуттардың орнатылған немесе орнатылмаған болуы мүмкін.
Бұл атрибуттардың қызметі төмендегідей. Мәселен, «оқу үшін ғана» атрибуты файлды өзгертуден сақтайды: файлды өзгерту немесе жою үшін алдыменен бұл атрибутты алып тастау керек. «Жасырылған» және/немесе «жүйелік» атрибуттары көбінде жұйелік файлдарға қолданылады (мысалы, MS DOS – IO.SYS пен MSDOS.SYS негізгі файлдарында аталған екі атрибут та бар). Файлдың «архивтеу» атрибуты файлды құрған немесе өзгерткен кезде орнатылады және көшірмесі мұрағатқа (архивке) салынғандығын көрсету үшін сақтық (резервтік) көшірме алу бағдарламаларымен алынып тасталынады.
Сондықтан көптеген файлдарда тек «архивтеу» атрибуті ғана орнатылған болады. Қалған атрибуттер («оқу үшін ғана», «жасырылған» немесе «жүйелік») көбінесе орнатылмаған болады.

1.3.7 Файлдарды экранға, баспаға шығару


Файлдарды экранға шығару үшін type, ал баспаға шығару үшін copy командасын қолдануға болады.
Команда форматы: type файл аты – ағымдағы каталогтағы файлды экранға шығарады;
copy файл аты prn – файлды баспаға шығару.
Экранды тазалау үшін cls командасы қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет