~
101 ~
• Аяқ тырнақтарының бұрыштарын тым дөңгелектемей тікелей
алу керек. Егер тырнақ қалың және қайшымен алу қиын болса - оны
егеу керек.
• Егер аяқтағы қажалу орны немесе өскен тырнақтар кетпесе,
дәрігерге қаралыңыз.
• Аяқтарыңызды құрғақ ұстаңыз, аяқтарға арналған арнайы
ұнтақтарды (присыпки) қолданып, саусақтардың арасында ылғалдың
пайда болуын болдырмаңыз.
• Егер аяқ терісі тым құрғақ болса, жарылып кетпес үшін
аяғыңызға ылғалдандырғыш крем жағыңыз, бірақ саусақтарыңыздың
арасына крем жағуға болмайды.
• Табиғи материалдардан жасалған ыңғайлы, жақсы қонымды
аяқ киім киіңіз, бірақ қысатын аяқ киімді кимеңіз; Бастапқыда
қысатын (немесе созу керек болған) аяқ киімді сатып алмаңыз. Басы
тар немесе аяқтың саусақтарын қысатын аяқ киім киюге болмайды.
Аяқ киімді түстен кейін сатып алуға тырысыңыз: мөлшерін дәлірек
анықтай аласыз, өйткені осы уақытта аяқтар сәл ісінеді;
Егер сіздің аяғыңыз сезімтал болса, аяқтың картон баспасын
сатып алыңыз (аяғыңызды қалың қағазға қойыңыз, ізін дөңгелетіп,
ішкі ойықты кесіңіз - «аяқтың ізін») және оны аяқ киімге салыңыз,
егер қағаз ұлтарақ шетіне бүгілетін болса, мұндай аяқ киім қысатын
болады және қажалулар мен сырылуларға әкеледі;
Аяқтың едәуір деформациясы кезінде арнайы ортопедиялық
аяқ киім қажет. Ешқашан жалаң аяққа далаға киюге арналған аяқ киім
киюге болмайды. Ешқашан белбеуі саусақтарыңыздың арасынан
өтетін сандал немесе белбеуі бар аяқ киімдер киюге болмайды. Жалаң
аяқпен жүрмеңіз, әсіресе ыстық жерде;
Жарақат алған жағдайда: йод, «марганцовка», этиль спирті
және «зеленка» тотығу әсеріне байланысты қарсы көрсетілімге ие.
Жаралар, кесулер және т.б. жарақаттарды сутегі асқын тотығымен
(3% ерітінді), ал одан да жақсырақ арнайы құралдармен (мирамистин,
хлоргексидин, диоксидин) емдеңіз және зарарсыздандырылған
таңғышты жағыңыз.
Ешқашан химиялық заттарды немесе препараттарды аяқтың
қажалу орнын жұмсарту үшін пайдаланбаңыз. Ешқашан кескіш
құралдармен (ұстара, скальпель және т.б.) аяқтың қажалған жерін
алмаңыз. Осы мақсатта пемза және ұқсас арнайы құрылғыларды
қолданыңыз;
|