Жоба
Алматы қаласын 2022 жылы ХХIV қысқы Олимпиада және
XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін орын ретінде өтінімді ілгерілету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Алматы қаласында 2022 жылы ХХIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізу құқығына Қазақстанның өтінімін сапалы даярлау үшін:
1. Қоса берілген Алматы қаласын 2022 жылы ХХIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін орын ретінде өтінімді ілгерілету жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін (бұдан әрі – Жұмыс тобы).
2. Қоса берілген Жұмыс тобының Іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Жұмыс тобы осы өкімді іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Достарыңызбен бөлісу: |