Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 24 қараша №25/234



Дата25.02.2016
өлшемі36.53 Kb.
#24838

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2014 жыл 24 қараша №25/234



Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152

«2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы №20/297 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 қарашадағы №2524 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 20 470 757,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 15 010 036,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 170 964 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 616 383 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 673 374 мың теңге;



  1. шығындар – 21 019 110,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 63 500 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 63 500 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге».

2 тармақтағы екінші, үшінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 23,7 пайыз;

әлеуметтік салық – 23,8 пайыз;».

4 тармақтағы екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он екінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«694 441 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

7 167 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;

4 457 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;

5 363 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

12 288 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

13 511 мың теңге - арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге;

18 158 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге.».

Көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«5. 2014 жылға қалалық бюджетте жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен жалпы сомасы – 2 985 217 мың теңге дамытуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.».

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (С.Кутепов) жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.



Сессия төрағасы,

қалалық мәслихат хатшысы МММ М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

______________З. Төлеш



2014 жыл «24» қараша



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет