Жоба
«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 21-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Жұмыс орындардың квотасы белгіленсін:
1) Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота жалпы жұмыс орындар санынан «үш пайыз мөлшерінде» белгіленсін.
2) Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жалпы жұмыс орындар санынан «үш пайыз мөлшерінде» белгіленсін.
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы» МКМ қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларды жұмысқа жіберген кезінде осы қаулымен басшылық жасайды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Д.Е. Найденовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Исмағұлов
Достарыңызбен бөлісу: |