Жоба оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің



бет1/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.54 Mb.
#78615
  1   2   3   4
ЖОБА

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің

оған жүктелген функциялар мен

міндеттердің іске асырылуы жөніндегі

есебі туралы
Облыс әкімінің есебін тыңдап және қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың оған жүктелген функциялар мен міндеттердің асырылуы туралы есебі назарға алынсын.

2. Президент Жолдауын және өңірдің даму бағдарламасын орындау жөнінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері өсіп келе жатқандығы аталсын.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік кәсіпорындармен 286,1 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,4 миллиард теңгеге артты.

2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының 2-ші бесжылдығы бекітіліп, оған жалпы құны 851 миллиард теңгеге 19,2 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 104 жоба енгізілді. Оның ішінде 36 жоба 2015 жылдың үлесінде. Бүгінге жалпы құны 17,7 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 1 190 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 90,9 миллиард теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артты. Егіс көлемі 6 мың гектарға артып, 785 мың гектарға жетті. 2015 жыл басынан бері қосымша 10 мың гектар суармалы жер қосылды, 95,2 гектар жерге жылыжай орналастырылды, 7,5 мың гектар жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілді.

2015 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 461,6 миллиард теңгені құрады.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын және жастар саясатын дамыту жөнінде іс-шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда.

Облыс халқын ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы, автомобиль жолдарын дамыту және басқа да бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3. Облыс әкіміне облыстық мәслихатпен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған облыстың даму бағдарламасын, сондай-ақ облыста іс жүзіндегі мына бағыттардағы басқа да жоспарлар мен іс-шараларды орындауда жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын:

облыс экономикасын одан әрі дамыту, оның ішінде өндірісті дамыту мақсатында Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда, дамып келе жатқан туристік саланы дамытуда отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

білім беру және денсаулық сақтау салаларының мамандарын даярлауда халықаралық тәжірибелерді енгізу негізінде дамыту, заман талабын ескере отырып, материалдық базаларды нығайту;

халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жастар саясатын, бұқаралық спортты дамыту;

облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, басқа да тұрғын үй-коммуналдық салалар қызметтерінің сапасын арттыру;

қылмыстық деңгейін азайту, аймақта тұрақтылық пен келісімді сақтау.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.



Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

Облыс әкімі А. И. Мырзахметовтың

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында

атқарған жұмыстары

бойынша есебі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын және облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Өнеркәсіп

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 286,1 млрд. тг. өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,4 млрд. теңгеге артты, НКИ – 103,6% (ҚР - 100,6%).

2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған 137 жобаның 130 жобалық қуаттылықтың 90-100% шықты. Бұл маңызды көрсеткіш бойынша жоба санының көптігіне қарамастан (Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының 1-ші бесжылдығында іске қосылған әрбір 5-ші жоба облыс үлесінде), өңір республикада алдыңғы қатарда.

Индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыру өңдеуші өнеркәсіптің өркендеуіне оң ықпалын тигізуде. 2008-2014 жылдардағы аймақтар бойынша өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлеміне жасалған талдау бойынша облыста 2008 жылы – 158 млрд. тг. ал 2014 жылы – 414 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 2,6 есе өскен. Бұл аймақтар арасында өсу қарқыны бойынша үшінші орын.

Сонымен бірге, осы жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша да облысымыз көш бастап тұр.

2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының 2-ші бесжылдығы бекітіліп, оған жалпы құны 851 млрд.тг., 19,2 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 104 жоба енгізілді. Оның ішінде 36 жоба 2015 жылдың үлесінде. Бүгінге жалпы құны 17,7 млрд.тг. құрайтын 4 жоба іске қосылып, 1 190 жұмыс орны ашылды:



  • «Амир-А» ЖШС – арматуралық зауыт, құны 500 млн. теңге, 20 жұмыс орны;

- «Kaz Kioti» ЖШС – трактор шығаратын зауыт, 11,7 млрд. теңге, 400 жұмыс орны;

- «South Textiline KZ» ЖШС – тоқыма фабрикасы, 3,8 млрд. теңге, 584 жұмыс орны;

- «Gold Aluminium» ЖШС – аллюминий профильдерінің өндірісі, 1,7 млрд. теңге, 186 жұмыс орны.


  • Бүгінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалдық аймақта (337 га) 45 кәсіпорын жұмыс істеуде, 3,3 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 19,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. 27 жобаның құрылысы жүргізілуде. Жалпы аймақта 76,8 млрд. теңге, 72 жоба, 6699 жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде, бюджеттік 1 (бір) теңгеге 13,2 теңге жеке инвестиция тартылған. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде бұл аймақ ең үздік және толық қанды істеп тұрған жоба ретінде бағаланып, көрсетілді.

Сонымен бірге, Шымкент қаласында көлемі 89 га құрайтын екінші «Тассай» индустриалдық аймағы құрылды. Аймақтың техникалық - экономикалық негіздемесі, ЖСҚ әзірленіп, инфрақұрылым құрылысына 800 млн. теңге қаралып отыр.

Бұл жерде құны 19,0 млрд. теңге, 4438 жаңа жұмыс орындарын құрайтын 16 инвестициялық жоба бекітіліп, жұмыстар басталуда.

Атап айтқанда, «Elimmed» ЖШС – «инфузиялық ерітінділер шығаратын фармацевтикалық зауыт» (3,0 млрд.тг., 144 жұмыс орны), «НПО Зерде» ЖШС – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен санитарлық-гигиеналық құралдарын шығаратын цех құрылысы (1,2 млрд.тг., 40 жұмыс орны), «Фармасинтез Зерде» - дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыт (1,3 млрд.тг., 50 жұмыс орны), «Marai E7 Group» ЖШС – медицинаға арналған бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы (500 млн.тг., 45 жұмыс орны), «Asiatrafo» АҚ – қуаттылығы 110-220 кВ трансформаторлар өндірісі (5 млрд.тг., 400 жұмыс орны), «Жібек жолы транс логистик» - тігін бұйымдарын шығару (1,8 млрд.тг., 3000 жұмыс орны), «Мега Смарт» ЖШС – жылтыр МДФ плиталарын шығару (413,6 млн.тг., 29 жұмыс орны) және жиһаз фабрикасы (200 млн.тг, 40 жұмыс орны), «РАМ» ЖШС – «элиталы жиһаз шығару өндірісі» (450 млн.тг., 200 жұмыс орны), «Казтехникас» ЖШС – светодиодты шырақтар өндірісі (230 млн.тг, 40 жұмыс орны), «Вали Пласт» ЖШС – полиэтилен құбырларын шығару (583 млн.тг, 35 жұмыс орны), «Ди Oil gas» ЖШС – алкогольсіз сусындар шығару (844 млн.тг, 100 жұмыс орны), «Фармасинтез-Зерде» ЖШС – дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыт құрылысы (1,3 млрд.тг, 50 жұмыс орны), «Astana LRS пласт» ЖШС – алюминнен жасалған бұйымдар өндірісі (1,2 млрд.тг, 140 жұмыс орны), «Шымқай» ЖШС – жиһаз өндірісі (750 млн.тг, 25 жұмыс орны).

Нәтижесінде, бюджеттік 1 (бір) теңгеге 14,6 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.



  • Шымкент қаласының халықаралық әуежайы қасынан 50 га жерге үшінші- индустриалдық аймағы (Қазақ-түрік) құрылды. Биыл инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 1,8 млрд.теңге бөлініп, құрылысы басталды.

Бүгінгі таңда, құны 9,8 млрд. теңге, 646 жұмыс орнын құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Madeyra-Company» ЖШС – панельдік, жұмсақ және кеңселік жиһаздар шығару (3,7 млрд.тг., 496 жұмыс орны), «Emek boru Kazakhstan» ЖШС – болат трубаларын шығару (5,6 млрд.тг.100 жұмыс орны), «TurKaz ffp» ЖШС – фибро және фомбетон өндірісі (473 млн.тг., 50 жұмыс орны).
Бұдан бөлек, жалпы құны 14,9 млрд.теңге құрайтын қосымша 8 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

Нәтижесінде, бюджеттік 1 теңгеге 13,7 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.



  • Қазақ -Түрік индустриалдық аймағына іргелес жатқан аумақта төртінші - Бадам индустриалдық аймағын құрып, 153 га жер телімінде құны 47,5 млрд. теңге, 1550 жұмыс орындарын құрайтын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде ағымдағы жылы «KAZKIOTI» ЖШС –корейлік Daedong компаниясымен бірлескен тракторлар өндірісінің бірінші линиясы іске қосылды. Екінші линиясы осы жазда қосылады.

Сонымен қатар, аталған индустриалдық аймақта «РТ-Онтүстік Энерго» ЖШС - өнеркәсіпте пайдаланылатын насостар шығару зауыты (3,3 млрд.тг., 300 жұмыс орны), «Арт Тек Кран» ЖШС – Камаз базасындағы арнайы техника шығару (874 млн.тг., 100 жұмыс орны), «Karlskrona LB AC» ЖШС – болат балқыту зауыты (26,5 млрд.тг., 400 жұмыс орны), «Центрально-Азиатский автомобильный завод» ЖШС – жеңіл автокөлік шығару (5,1 млрд.тг., 300 жұмыс орны) инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде 1 теңгеге 26,4 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.

«Оңтүстік» ИА қоспағанда, облысымыздың барлық аудан, қалаларында индустриалдық аймақтардың құрылысына 1013,5 га жер телімдері бөлінді. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы (103 га) және Созақ (50 га) аудандарындағы индустриалдық аймақтар іске қосылды. Сонымен қатар, алты ауданда (Мақтарал, Қазығұрт, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласы) индустриалдық аймақтың құрылысы 2015 жылы аяқталатын болады. Аудан, қалалардағы индустриалдық аймақтарда жалпы құны 92,5 млрд. теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 8 341 жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 12,3 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, 547 жаңа жұмыс орны ашылды.



«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 21 жоба мақұлданып, оның ішінде 8-і іске қосылды (инвестиция көлемі – 22,0 млрд. тг., 1450 жұмыс орны).

Шетел инвесторларын тарту мақсатында облыста жыл сайын инвестициялық форум өткізу жөнінде шешім қабылданды. Шымкент қаласында 2014 жылы өткізілген бірінші халықаралық форумда 865 млн. АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 17 келісімге қол қойылды.

Іскерлік сапарлардың және қол қойылған мемарандумдардың нәтижесінде, 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 29 шетел жобалары іске асырылуда.

Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан ірі жобалар:



  • «KIOTI» (Оңтүстік Корея) – брендімен жасалынып жатқан трактор шығару жобасы, 40 млн. АҚШ доллары;

  • «KazKoreanTextile» (Оңтүстік Корея) – кешенді тоқыма фабрикасының құрылысы жобасы, 30 млн. АҚШ доллар;

  • «Зерде» МЕҰ» және «Фармасинтез» (Ресей) бірлескен жоба дәрі дәрмектер өндірісі бойынша фармацевтикалық зауыт құрылысы, 30 млн. АҚШ доллар;

  • «Promondis Kazakhstan» (Германия) – 100 МВт қуаттылығымен күн электростанциясының құрылысы жобасы, 275 млн. АҚШ доллар;

  • «Green energy компани» (Германия) – 50 МВт қуаттылығымен күн электростанциясының құрылысы жобасы, 95 млн. АҚШ доллар;

  • «Gold Aluminium» (Түркия) – аллюминий профильдерінің өндірісі, 6,5 млн. АҚШ доллар.

Сонымен қатар, баламалы энергия көздерін қолдану мақсатында жалпы қуаттылығы 760,8 МВт құрайтын, құны 219,3 млрд.тг. 28 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қ. (92 га) «Сауда логистикалық орталығында» 8 ірі жоба жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд.теңгеге инфрақұрылым жүргізілді. Орталықта жобаларды іске асыру үшін 24,3 млрд.теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Бірінші кезеңдегі нысандар ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылады. Орталықтағы қойма алаңдарының жалпы аумағы 230 мың шаршы метр, жүктерді қабылдау қуаттылығы жылына 1,5 млн.тн құрайды.

Мақтарал ауданы (9 га) мен Түркістан қаласында (20 га) сауда логистикалық орталықтарының инженерлік-инфрақұрылым құрылысының ЖСҚ әзірленді.



Кәсіпкерлік

2014 жылы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 127,9 мың бірлікті, өткен жылға 104,2% құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 287,9 мың адамды құрады немесе 104,7%. Шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарған өнімі 722,9 млрд. теңге құрап, нақты көлем индексі 101,1%.



«Максимум» өңірлік даму институтының ауылдарда және елді мекендерде, оған қоса шалғайдағы кәсіпкерлікті қолдауда рөлі маңызды. Жобалардың 90%-ы ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда.

2015 ж. 6 айында 2,9 млрд. тг. 778 жоба қаржыландырылып, 1365 жұмыс орындары ашылды. Жыл соңына дейін 9 млрд. теңгеге 2 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілетін болады.

Есепті мерзімде облыстың барлық аудан, қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Кәсіпкерлік мектептері типтік жобада салынып, ашылды. Бүгіннің өзінде 8,6 мың кәсіпкерге қызмет көрсетті, оның ішінде 746 кәсіпкер рұқсатнама құжаттарын алды, 3 532 адам оқытылып, 41 кәсіпкердің 735,4 млн. теңгеге несие алуына көмектесті.

КҚКО-ның белсенді қатысуымен рұқсаттама құжаттарын алу мерзімі айтарлықтай азайтылды. Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында рұқсаттама құжаттарын алу мерзімі қысқартылды. Атап айтқанда, құрылыс жүргізуге рұқсат алу 151 күннен 36 күнге, газды тұтынуға қосылу техникалық шартын беру мерзімі 90 күннен 10 күнге дейін, электрмен қамтамасыз ету желісіне қосылу шарттары 30 күннен 7 күнге дейін қысқартылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 айында жалпы құны 137,5 млрд. теңгеге (кредит соммасы 19,1 млрд. теңге) 99 жоба мақұлданды. «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша:

- Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға құны 19,5 млрд. теңгені (несие соммасы 12,6 млрд.тг.) құрайтын 44 жоба мақұлданған.

- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге жалпы несие құны 1,3 млрд.тг. (несие соммасы 783,6 млн.тг.) құрайтын 21 жоба мақұлданған.

- Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша құны 108,9 млрд. теңге құрайтын 27 жоба мақұлданған.

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау бойынша құны 7,8 млрд.тг. (несие соммасы 5,7 млрд.тг.) құрайтын 7 жоба мақұлданған.
Ауыл шаруашылығы

Саланы қолдауға мемлекеттен 29 млрд. теңге көлемінде қолдау қаржы бөлініп, 2014 жылдан 1,2 есеге артты.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 90,9 млрд.теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,4 млрд. теңгеге артты, НКИ – 103,7%.

Егіс көлемі өткен жылдан 6 мың га артып, 785 мың га жетті.

Суармалы жерлердің көлемін 292 мың га ұлғайту іс-шарасы бойынша, ағымдағы жылы 29 мың га ұлғайту жоспарланып, 6 айда нақты 10 мың га суармалы жер жаңадан қосылды.

Бұдан басқа, а.ж. жалпы ұзындығы 263,7 ш.қ. құрайтын 43 каналда жөндеу жүргізілуде. Нәтижесінде 18,4 мың га жерді сумен қамтамасыз етуі жақсарып, 1970 га жер жаңадан қосылатын болады. Сонымен қатар, Бәйдібек, Созақ аудандарында және Түркістан қаласында 3 су қоймаларының құрылысы басталды.

Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында, мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық беріліп, дәндік жүгері 43,9 мың га, жаздық арпа 46,8 мың га, жаңа жоңышқа 50 мың га, майлы дақылдар 88 мың га орналастырылып, 2014 ж. салыстырғанда, дәндік жүгері 6,1 мың га, арпа 4,4 мың га, жоңышқа 3 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың га артты.

Есепті мерзімде өткен жылмен салыстырғанда көкөністен 1,6 есе (296,5 мың тонна), бақшадан – 1,2 есе (343,3 мың тн) және картоптан – 7,7 пайыз (123,8 мың тн) өнім артық жиналды.

Облыста, қарқынды бау шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында, 4 072 га жеміс-жидек, оның ішінде 531 га интенсивті бау егіліп, жеміс-жидектің көлемі 20,2 мың га, оның ішінде, интенсивті бау 1 081 га құрады.

2015 ж. бастап қарқынды бау шаруашылығына қажетті көшеттермен облыстың шаруалары толық қамтамасыз етілді. Іс-шараға сәйкес 2016 жылға дейін облыста баудың көлемі 26 мың га, оның ішінде, интенсивті баулар 2,1 мың га жеткізілетін болады.

Облыстың елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында үй іргелік жер телімдерін пайдалануына барлық қала, аудандарда талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 66,4 мың га үй іргелік жердің 25,6 мың га құрылыс салынып, 38 мың га егіс егілгені, 2,8 мың га игерілмегені анықталған.



Үй іргелік жерлерді тиімді пайдаланудың үш жылдық іс-шарасы әзірленді.

Елді мекен тұрғындарын жер телімдерін тиімді пайдалануды ынталандыру үшін «Максимум» АИО» ЖШС арқылы 6 пайыздық несиемен қаржыландыру жоспарланып отыр.

Аталған жоба бойынша 1200 үй іргелік жерлерде жеміс дақылдары мен жүзім екпелерін отырғызып, өсіруге – 279 млн. теңге, сондай-ақ, 1800 үй іргелік жерде көкөніс дақылдарын өсіруге – 78 млн. теңге сомасында несие қарастырылуда.

Тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 41,4 мың га жетті (Республикалық көрсеткіштің 73,8%). Жыл соңына дейін 44 мың га жететін болады.

Жылыжайлардың көлемі 95,2 га ұлғайып, жалпы көлем мың гектардан асты (Республикалық көрсеткіштің 87%). Жыл соңына дейін 1012 га жететін болады.

Облыста жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 220,0 мың тоннаны құрады (Республикалық көрсеткіштің 1/5 бөлігін құрайды).

Биылғы жылы Шымкент қаласында сиымдылығы 67 мың тонналық көкөніс жеміс сақтайтын сауда логистикалық орталығы іске қосылғанда, қоймалардың сиымдылығы 287 мың тоннаға жететін болады.

Терең қопсыту технологиясы 87,4 мың га ендіріліп, 3 есеге артты.

Ет өндіру 106,2% (81,8 мың.тонна), сүт – 101,7% (281,4 мың.тонна), жұмыртқа – 112%-ға (118,2 млн.дана) артты.



«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 17 400 бас аналық ІҚМ алу жоспарланып, жыл басынан 11 183 бас сатып алынып, жоспарға 64,3% құрады. Ал, 2014 ж. салыстырғанда мал басы 7,2 есе немесе 9 637 басқа өсті.

Бүгінгі күні тұқымдық түрлендіруге 32,9 мың бас аналық қатысуда, үлесі 9,4%.



«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 20 мың бас ұсақ мал алу межеленіп, 6 айда 21,8 мың бас мал алынды(2014 ж. меже – 15 мың бас, орындалуы – 8 мың бас). Бұл республикада ең жоғары көрсеткіш.

«Құлан» бағдарламасы аясында 2 680 бас жылқы алу межеленіп, жыл басынан 2 212 бас алынды немесе 83%. Республика бойынша үшінші көрсеткіш (2014 ж. меже 2 000 бас, орындалуы 1 483 бас).

Өңірлік мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бойынша 2015 жылы 7,4 млрд.теңге несиелендіруге қаржы қарастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артып отыр. 6 айда қаржы институттары арқылы 428 жобаға 1 118,6 млн.тг. (о.і.: мал бордақылау алаңдарына 402 жобаға 972,7 млн.тг.; 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 22 жобаға 50,9 млн.тг.; селолық тұтыну кооперациясына 4 жобаға 95,0 млн.тг.) несие берілді.

Нәтижесінде жалпы іс шара аясында 2 022 бірлік мал бордақылау алаңдары (2014 ж. 2 034 бірлік), 456 шағын жанұялық сүт аулалары (112), 18 құс фермасы, 31 сүт қабылдау бекеттері (11), 7 СТК (9) ашылды. Олармен 6,9 мың тонна ет, 34,4 мың литр сүт өндірілді. 5,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Облыста 43 ет, 39 сүт, 39 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды.

2015 жылы өңдеу көлемін арттыру үшін 11,1 мың тонналық ет, 8,8 мың тонналық сүт, 18,5 мың тонналық жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу межеленді. Бүгінге 1 680 тонна ет, 752 тонна сүт, 4200 тонна көкөніс өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығы артты.

Арнайы «Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қабылданды. Оның мақсаты өңірімізде балық шаруашылығы өнімін молайту, балық тұқымдары мен балықтың аналық басын көбейту болып табылады. Жобаны жүзеге асыру үшін қаржы институттары арқылы 27 балық шаруашылығын ашуға 400 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінге 2 шаруашылыққа 132 млн. теңге несие берілді. 70 адам балық шаруашылығы мамандығы бойынша кәсіпкерлік мектебінде оқытылды.

Ветеринария саласында 15 аса жұқпалы ауруларға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, соңғы 2 жыл көлемінде материалдық техникалық құрал жабдықтармен жарақтандырылды. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіріп, вебпорталға енгізу мақсатында, барлық ауыл округтері интернет жүйесіне қосылды. Жүйелі ветеринариялық жұмыстардың арқасында облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты, аса қауіпті аурулар тіркелмеді.

Бюджеттік - салықтық саясат

Облыс бюджетінің көлемі 461,6 млрд. теңгені құрады. Әлеуметтік салаға 300,3 млрд. теңге бағытталды, бұл жалпы бюджет көлемінің 65% құрайды.

Бюджеттің 106,6 млрд. теңгесі құрылыс және қайта құру жұмыстарына, ал, 25,2 млрд. теңгесі күрделі сипаттағы шығындарға бағытталды.

6 айда мемлекеттік бюджет жоспары 109,9%-ға орындалып, (жоспар – 87,1 млрд.т., нақты – 95,7 млрд.т.) 8,6 млрд.теңге артығымен түсті, о.і.:

- республикалық бюджет 104,8%-ға орындалып (жоспар – 47,1 млрд.тг., нақты – 49,3 млрд.тг.), 2,2 млрд.теңгеден астам қосымша кіріс түсті;

- жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 115,6%-ға орындалып (жоспар – 40,0 млрд.т., нақты – 46,3 млрд.т.), 6,3 млрд.теңгеден артық қаржы түсті. Былтырғы жылмен салыстырғанда түсімдер 8,6 млрд.теңгеге өскен.
Білім

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша жыл басынан бері 36 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, нәтижесінде жалпы саны 1 452 бірлікке жетіп 157,5 мың бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Оның ішінде балабақшалар 900 жетті, ал оның 560 - жекеменшік есебінен. Нәтижесінде, мектепке дейінгі ұйымдарға 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 77,5% құрады.

Жыл соңына дейін 95 балабақша пайдалануға беріліп, қосымша 12 000 бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылып, қамту көрсеткіші 80%-ды құрайтын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы республика көлемінде бірінші болып балабақша жүйесін мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде кеңейтуді қолға алған. Бұл бағыт бойынша 617 ұйымда 61 мыңнан астам бала тәрбиленуде.

А.ж. 101 білім нысанының құрылысына жалпы 23,6 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде алты айда 29 нысан іске қосылды, жыл соңына дейін 38 нысан пайдалануға берілетін болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 2,7 млрд. теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Облыстағы 48 апаттық мектептің мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2014 жылы 2 мектептің құрылысы аяқталса, 29-ның құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 14 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 15 мектептің құрылысы тапсырылады. Ал қалған 17 мектептің (оның ішінде 11 мектептің құрылысы басталған) құрылысын жоспарлы түрде 2016-2017 жылдары аяқталатын болады;

Үш ауысымдағы 25 мектептің, біреуі 2014 жылы пайдалануға берілген болса, ағымдағы жылы 3 мектептің құрылысын 1 қыркүйекке дейін тапсыру көзделіп отыр. Қалған 21 мектептің (оның ішінде 9 мектептің құрылысы басталған) құрылысын 2016-2017 жылдары аяқтау жоспарлануда.

Облыста 6,7 млрд. теңгеге 95 білім нысаны күрделі жөндеуден өтуде (2014 жылы 135 нысан 9,2 млрд. теңге).

Жыл сайын жалпы мұғалімдердің 25% біліктілігін арттыру курстарынан (2 910 мұғалім деңгейлік курс, 8 705 мұғалім қысқа мерзімді курстар) өтіп отырады.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы өткен жылдан көтеріліп, 78,7 балды құрады (2014 ж. – 74,5 балл). Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 5 бітірушінің біреуі біздің облыстың түлегі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет