Қоғамдық қауіпсіздік
Ішкі істер департаментінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында Ішкі істер департаментінің жеке құрамына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шұғыл кәсіби деңгейде қызмет атқаруға 1 085,3 млн. теңге және 1238 дана «Бейне жетон» құрылғысын алуға, деректерді сақтау құрылғысы, «бейне деректерді көшіріп алу бекеті» құрал жабдығына, серверлер құрал жабдығына, 5 дана қызметтік автокөлік алуға қаржы қарастырылған.
Облыста ағымдағы жылдың 6 айында аса ауыр қылмыстардың саны 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 2,6 пайызға өскен. Қасақана кісі өлтіру қылмысы 1,8 пайызға, мал ұрлығы 3,5 пайызға кеміді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ауыр қылмыстарының ашылымы 76,3-тен 95,3 пайызға, қасақана кісі өлтіру қылмысының ашылымы 79,5-тен 93,5 пайызға жоғарылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Ағымдағы жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментімен бірлесіп, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдармен атқарылатын жоспар бекітілді.
Жоспарға сәйкес, облыстың құқық қорғау органдары, басқа да мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдерінің, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықсыз – Болашақ» атты айлық ақпараттық-насихат акциялары өткізілуде.
Сонымен қатар, облысымыздың барлық құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру мақсатында қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін барынша азайтуға бағытталған, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде іс-шаралар жоспары жасалды.
Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, онымен күресу тақырыптарында жүйелі түрде дәрістер, семинарлар өткізілуде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО департаметімен бірлесіп, білім саласы бойынша 250 адам қатысқан семинар-кеңес өткізілді.
Сонымен қатар, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды.
Облыс, аудан әкімдіктері және «Нұр Отан» партиясының 16 қоғамдық қабылдау бөлмелері айына 4 рет «Бірыңғай қоғамдық қабылдау күнін» өткізуде.
Қоғамдық Кеңестер мемлекеттік мекеме басшыларының есептерін ай сайын тыңдауда.
Жүктелген міндеттердің орындалу тиімділігін арттыру және ұйымдастыру шараларын жүйелендіру туралы облыс әкімінің арнайы Өкімі қабылданған. Онда, облыс әкімінің орынбасарлары мен бас инспекторлары айына 2 рет міндетті түрде аудан, қалаларға шығып, тұрғындарды қабылдауда. Қабылдау алдын-ала жергілікті БАҚ-нан хабарланып отырады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тексеру қорытындыларының орындалуы, арыз-шағымдар бойынша «Нұр Отан» партиясының аудандық, қалалық филиалдарымен бірге сол аудан мен қалаларда осы мәселелердіде қарап отыру жүктелген.
Кадрлық саясат
Облыс әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда 4573 штаттық бірлік бар. Оның 7-уі саяси, 19-і «А» корпусы, 4547-і «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
2015 жылдың І-жартыжылдығында Ұлттық комиссияның шешімімен «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резерві ішінен 2 ауданның әкімі тағайындалды.
Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы, қазіргі таңда жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің 1013-ы (23,4%) әйел азаматтар, 1100-і (26%) 21 мен 30 жас аралығындағы жастар.
Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 39,3%-ды құрайды, 93,1%-ның жоғары білімі болса, ал қалған 6,9%-ы орта кәсіптік білімділер, 659 мемлекеттік қызметшінің екі және одан көп жоғары білімі болса, 19 қызметшінің ғылыми атақтары бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері 5-еу.
Мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiктерiн арттыруға 26 млн. теңге бөлiнiп, олардың 432-і біліктілігін арттырудан, 368-і қайта даярлаудан, 678-і жалпыға бірдей құқықтық оқытудан өтті, сонымен бірге облысымызда жастар арасынан жасақталған «Алтын қор» кадрлар резервіне жоғарғы оқу орындарынан 31 оқу озаты оқытылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен тәжірибесін арттыру мақсатында облыс әкімі аппаратындағы бөлімдерінде 32 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңына сәйкес, ауылдық округ әкімінің құзыретіне бірқатар функциялар берілуіне байланысты олардың ережелері қайта әзірленіп, бір жүйеге келтірілді.
Әр ауыл округтерінің халық санына және сала бойынша атқаратын функциялық міндеттеріне қарай типтік штаттық бірлік құрылымы, сонымен қатар, ауыл округтерінің әкімдеріне бірдеңгейлі рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне бюджет шығыстарын беру үшін талдау жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында 16 бағыт бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің шығыстары көзделген.
Талдау қорытындысымен аудан, қаладағы ауыл округтерінің әкімдіктерін 2014 жылы 11 бағыт (оның ішінде 5 бағыт бойынша толығымен қаржыландырылып келсе, қалған 6 бағыт пилоттық жобада іске асырылған шығындар), 2015 жылы – 11 бағыт бойынша шығындарды толығымен қаржыландыруды, 2016 жылы – 12 бағыт бойынша қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Құжаттардың орындалуы
2015 жылдың І жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан іске асыру үшін облыс әкімінің аппаратына жалпы 4532 құжат түскен, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен – 275,
Премьер-Министрнің Кеңсесінен - 1075,
Министрліктер мен ведомстволардан – 3182.
Облыс әкімдігінің 190 қаулысы, облыс әкімінің 31 шешімі және 203 өкімі қабылданып, жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің аппаратына азаматтардан 1761 жазбаша өтініш түсті, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 8,9% азайды.
Облыс әкiмi мен орынбасарларымен 278 азамат қабылданды.
Облыс тұрғындарының түрлі инстанцияларға жүгінулерінің себептері мен уәждемелеріне жүйелі түрде талдау жасалынып, көтерілген проблемалар мен мәселелерді іске асыру жөнінде уақытылы тиісті шаралар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |