жоба
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласының көшелеріне
атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1)-тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
Абай ауданы бойынша:
Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Абдраш Назарбеков көшесі;
Қызылжар шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Сейітжан Құртаев көшесі;
Әл-Фараби ауданы бойынша:
Наурыз шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Әбдіш Тоқсанбаев көшесі;
Еңбекші ауданы бойынша:
Ұлағат шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Керім Тленшин көшесі;
Қаратау ауданы бойынша:
Тұран шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге - Балғабай Байжігітов көшесі деген.
2.Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Н.Әбішев
Облыстық мәслихат
хатшысы Қ.Ержан
Д.Сатыбалды
Б. Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е. Садыр
С.Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Достарыңызбен бөлісу: |