Жоба тақырыптары:
1.Биология сабағында дарынды балаларды анықтау, сүйемелдеу және дамыту жүйелері
2.Биология сабағында дарынды балалармен жүйелі жұмысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
3.Биология сабағында оқушылардың жеке және білім жетістіктерін өлшеу мониторингі.
4.Инклюзивті білім беруді биология сабағын өтуде ұйымдастырудың ерекшеліктері
5.Биология сабағын оқытуда қиындық тудыратын оқу мақсаттарын тиімді жоспарлау
6.Биология пәнін оқуда кедергі келтіретін жағдаяттарды болдырмау жолдары
7.Биология пәнін оқыту мен оқуда олқылықтардтың алдын алу мәселелері
8.Генетикалық есептерді шығару тапсырмаларын тиімді жоспарлау
9.Биология сабағында PISA тапсырмаларын жоспарлау ерекшеліктері
10.Биология пәні мазмұнында оқу бағдарламасына оқу мақсатының бағытталуын негіздеу
11.Биология пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының өз ара байланысының маңызы
12.Биология пәнін оқытуда сабақ мақсатын құрастыру негіздері
13.Биология сабағында саралау тапсырмасын жоспарлау мәселелері
14.Биология сабағында пәнарлық байланысты қамтамасыз ету маңызы
15.Биология сабағында құндылықтарды жоспарлау
16.Биология сабағында дамытушы тапсырмаларды жоспарлауда білім платформаларын пайдалану мүмкіндіктері
17.Биология сабағындағы оқу мақсатына бағытталған тиімді белсенді әдіс -тәсілдер
18.Биология сабағын буынға бағдарланған амал негіздерін жобалау
19.Биология сабағында білім алушылардың soft skills дағдыларын дамыту
20.Биология сабағын оқытуда ақпаратпен жұмыс дағдыларын дамыту маңызы
21.Биология сабағын оқыту мен оқуда тілдік мақсаттарды жоспарлаудың ролі
Курстық дайындықтағы жобаның құрылымы
Жоба келесі құрылымдық элементтерден тұруы керек:
1) негізгі бет (7.1-қосымша);
2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымшалар);
3) кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, гипотеза, пайдаланылатын дереккөздер, негізгі мәселенің тұжырымы мен қысқаша сипаттамасы және т. б.);
4) негізгі бөлім (кіріспеде қойылған мәселе дәйекті түрде ашылады, оны шешу жолдары дереккөз материалдарында байқалады, негізделген ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарастар сипатталады және автордың оларға деген көзқарасы көрсетіледі);
5) қорытынды (жобаның алға қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің басты қорытындылары шығарылады, жалпылама тұжырымдар жасалады немесе зерттеу нәтижелерін нақты пайдалану бойынша тәжірибелік ұсынымдар беріледі);
6) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
7) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Достарыңызбен бөлісу: |