Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»


Жобаның жоспарлы нысаналы көрсеткіштері (іске асырылатын жобалар үшін)



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#130738
1   2   3   4   5   6

Жобаның жоспарлы нысаналы көрсеткіштері (іске асырылатын жобалар үшін)


Р/с №

Атауы

Өлшем бірл.

жыл

20….

20….

20….

20…

20…

1

Отын-энергетикалық ресурстарға қажеттілік, оның ішінде:



















1)

электр энергиясы

кВТ.сағ
















2)

жылу энергиясы

Гкал
















3)

газ

жыл. мың. м3/
















4)

көмір

жылына/тонна
















5)

мұнай өнімдері (мазут, дизотын)

тонна
















6)

су

жылына/м3/
















2

Инфрақұрылымға қажеттілік, оның ішінде:



















1)

электр желілері км

ҚС мВт
















2)

жылу желілері

км
















3)

су құбыры желілері

км
















4)

кәріз желілері

км
















5)

теміржол инфрақұрылымы (МЖС, кірме жолдар)

км
















6)

автомобиль жолдары

км
















3

Көлік (қосымша қызметтерге қажеттілік)



















1)

теміржол көлігімен

мың тонна
















2)

су, теңіз көлігімен

мың тонна















Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларына 3-қосымша



«Бекітемін»

__________________

өтінім берушінің лауазымы, Т.А.Ә.

20__ жылғы «___»__________

Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі


Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

1.

*

 

2.







3.








*мысалы:

- ЖСҚ әзірлеу;

- құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша;

- пайдалануға енгізу, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша;

- жобалық қуатқа шығу;
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларына4-қосымша
Инвестициялық жобалар үшін жоба бойынша ақпарат
1. Жобаның түйіндемесі

2. Саланың сипаттамасы

3. Өнімді сату жөніндегі жобалар мен жоспарлар

4. Жобаны іске асыру жоспары

5. Қаржы жоспары және болжамдар

6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар

7. Әлеуметтік аспект

8. Қоршаған ортаға әсері

9. Қосымшалар

1. Жобаның түйіндемесі
Түйіндеме жобаны қысқаша шолу болып табылады және үш парақтан аспайтын көлемде берілетін бөлімдердің ішінде ең маңыздысы болып табылады.

1. Түйіндеме мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1) жобаның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары, жеке өңірге және жалпы елдің экономикасына мультипликативтік әсері, жобаның өтілімдік кезеңіне дейінгі ақша ағымын болжау;

2) инвестицияны қажетсіну, қаржыландыру құрылымы және көздері, күрделі салымдарды қайтару, болжамды кепілдікті қамтамасыз ету тізбесі және олардың нарықтық құны (қажеттілігіне қарай бағалау күнін көрсету);

3) жобаны іске асыру орны;

4) жоба тиімділігінің түйінді экономикалық көрсеткіштері;

5) жобаны іске асырудың жоспар кестесі (іске асырудың бірінші жылы – айлар бойынша);

6) жобаны іске асыру кезінде қандай қатерлер және қандай сыйақылар пайда болуы мүмкін;

7) компанияның қысқаша сипаттамасы;

8) жобаны іске асыру үшін активтердің болуы (жер учаскелері, өндірістік база т.б.)



2. Саланың сипаттамасы

1. Саланың сипаттамасы

1) саланың экономикалық секторын айқындау (өндіріс, бөлу, қызметтер және т.б.);

2) өнеркәсіптің осы саласы ұсынатын негізгі өнімдер мен қызметтердің тізбесі;

3) маусымдылығы;

4) салалық нарықтың географиялық жағдайы (жергілікті, өңірлік, ұлттық, халықаралық);

5) кәсіпорын жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуі болжанатын нарық сегментінің сипаттамасы;

6) қазіргі негізгі клиенттердің сипаттамасы;

7) әлеуетті клиенттердің сипаттамасы;

8) барынша перспективалы клиенттер (азаю тәртібімен көрсету);

9) сала бойынша жалпы сату көлемі мен нарықтың өзгеру үрдісі.

3. Өнімді өткізу жөніндегі жоба мен жоспарлар

3. Өнімнің сипаттамасы

1) өнімнің осы түрін таңдау негіздемесі;

2) номенклатура, болжанатын шығару көлемі;

3) өнімнің өзіне тән қасиеттері;

4) өнімді дамыту кезеңдері (идея, эскиздік жоба, жұмыс жобасы, тәжірибелік партия, қолданыстағы сериялық өндіріс).

4. Өнім нарығының сипаттамасы

1) Сұраныс пен нарық мүмкіндіктерін айқындау;

2) Нарықтың ағымдағы үлесі, жобаны іске асырумен тікелей немесе жанама байланысты болжамды өзгерістер;

3) Негізгі үрдістер мен нарықтың даму бағыттары (экспорттық әлеует).


5. Шикізат, материалдар нарығын және өндірістің өзге де факторларын зерттеу мен талдау

1) өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы;

2) шикізаттың, материалдардың және өндірістің өзге де факторларына қол жетімділік (шикізат, материалдар және өндірістің өзге де факторлары үшін есептер тәртібі);

3) жабдықтау бағдарламасы (жобаның жұмыс істеуінің әрбір жылына, үздіксіз жабдықтау кепілдігі мақсатында шикізатты жеткізу жөніндегі іс-шаралар);

4) жеткізу бағдарламасы (әрбір жылға);

5) еңбек өнімділігі (өндірісті жаңғыртқан жағдайда).

6. Өнімді өткізу бағдарламасы

1) бағаны есептеу және негіздеу, баға белгілеу;

2) өнімнің өзіндік құнын есептеу;

3) сату бағдарламасы (жобаны іске асырудың әр жылына);

4) сатудан күтілетін кіріс (әр жыл бойынша);

5) сату және бөлу кезіндегі шығындар;

6) тұтынушылардың мақсатты тобы (негіздеу);

7) сауда желісінің сипаттамасы;

8) бөлу әдістері мен арналары, жарнама;

9) өткізуді ынталандыру.

7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

1) негізгі бәсекелестер (атауы және қысқаша сипаттама), олардың басты артықшылықтары мен кемшіліктері, нарықтың иеленген үлесі;

2) қолданылатын технологияларды салыстырмалы талдау;

3) негізгі бәсекелестердің бағаларын салыстырмалы талдау;

4) маркетинг және тауарларды (қызметтерді) бөлу стратегиясын салыстырмалы талдау.

8. Жобаны орындаудың заңнамалық және нормативтік базасы

1) лицензия немесе рұқсат алудың қажеттілігі;

2) халықаралық ұйымдардың, республикалық және жергілікті басқару органдарының жобаның іске асырылуын шектеуі/қолдауы;

3) қажетті рұқсат құжаттарының болуы.

4. Жобаны іске асыру жоспары

1. Орналасқан жері (жобаны орналастыру орнын таңдауға ықпал еткен негізгі факторларды көрсету)

1) шикізат көздері мен жеткізушілеріне қатысты орналасуы;

2) өнімдерді (қызметтерді) тұтынушыларға қатысты орналасуы;

3) алаң ішінде бар және жоспарланған алаңның учаскелерінің және алаңның сыртындағы желілер учаскелерінің жерлерін және жүретін жерлерді белгілеп (геодезиялық жағдайлар, алаң аумағының экспликациясы бар ахуалдық жоспары (мұнда жобаны іске асыру жоспарланады) жұмыс істеп тұрған және салуға жоспарланып отырған өндірістік және қосалқы ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың, сақтау орындары мен қоймалардың (пайдаланылуын нақтылап) блоктарының/модельдерінің орналасуы көрсетілген сипаттамасы, және басқа жағдайлар);

4) Таңдап алынған алаңның кәсіпорынның өндірістік қуатына сәйкестігі (жобаны іске асыру алаңындағы объектілерді, оның ішінде: ғимараттарды, құрылыстарды (паспорттық деректері, жай-күйі); имараттарды (эстакадаларды, жерасты қоймаларын, ұңғымаларды және т.б.) қысқаша сипаттау.


10. Инфрақұрылым

1) электрмен жабдықтау – электр жүктемесі (Мвт), электр тұтыну (мың кВтсағ), электр желісіне жалғауға арналған техникалық шарттардың болуы, электр желілері (кВ/км), қосалқы станциялар (дана./МВА), инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзі;

2) жылумен жабдықтау – автономды көздер мен алаң ішіндегі желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

3) сумен жабдықтау - автономды көздер мен алаң ішіндегі желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

4) кәріз – автономды жинақтаушылардың және алаң ішіндегі желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

5) су ағынын бұру, тазарту әдістері, ағынды судың сапасы, жіберу шарттары, жұмыс істеп тұрғандарын пайдалану немесе осы заманғы тазарту құрылғыларын салу;

6) газбен жабдықтау – тарату құрылғылары мен алаң ішіндегі желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;

7) автожолдар – ішкі алаңдық өтпелердің болуы, жай-күйі және ұзындығы;

8) теміржолдар – тұйықтың болуы, жай-күйі және ұзындығы;

9) жүк және жолаушылар терминалдары;

10) абаттандыру объектілері;

11) басқа коммуникациялар);

12) өндірістік алаңға шикізатты жеткізу (алу) тәсілі және оны сақтау.

11. Технологиялық процестің сипаттамасы

1) технологияларды таңдау негіздемесі (әлемдік стандарттарға сәйкестігі, қолданыстағы аналогтарымен салыстыру, жаңалық және/немесе Қазақстанда немесе шетелде басқа жобаларды байқаудан өткізу);

2) таңдалған технологиялардың сипаттамасы тәжірибеде қолданылатын өнімдерді өндіру технологияларының нұсқаларын сипаттау, өнімдер өндірісінің қолданыстағы нұсқаларының негізгі жетістіктері мен кемшіліктерін іске асырылатын жоба үшін нақ осы технологияны таңдауға негіз болған техникалық өлшемдерін және балама нұсқалардың ауытқуын көрсете отырып салыстырмалы талдау жүргізу);

3) технологиялар сатып алуға жұмсалған шығындар (лицензиялар, патенттер, құқықтар, тұрақты төлемдер және басқалары);

4) өндірістік қуаттың негіздемесі.

5) кәсіпорынның қуатты игеру серпіні.

6) технологиялық және өзге жабдықтың, техниканың болуы және қажеттілігі, оларды сатып алу шарттары (қолда бар техника мен жабдықтың тізбесі, олардың ағымдағы жай-күйі, қажетті жабдық пен техниканың тізбесі, бәсекеге қабілетті бағасы, пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі, жабдықты жеткізудің әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау)

7) жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға, коммуникацияларға қажеттілік.

12. Жобаны басқару және кадрларды орналастыру

1) жобаны басқару құрылымы;

2) басшылардың және жобаның негізгі менеджерлерінің қысқаша түйіндемелері;

3) Т.А.Ә., жасы, білімі, институт, мамандығы, қашан бітірді, тәжірибесі, атқаратын лауазымы, атқаратын лауазымында қанша жыл жұмыс істейді;

4) қызметкерлер саны және кадрларды орналастыру;

5) еңбек ресурстарына қажеттілік және оқыту.

13. Жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың кестесі

1) құрылыс кезеңдері (Мысалы: жобалау алдындағы зерттеу, ТЭН әзірлеу, ТЭН, аудандық сәулеттен қорытынды, аудандық мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, ТЭН Мемлекеттік сәулет құрылыс қадағалауға беру, құрылысқа рұқсат алу, мердігермен бас шартты жасасу)

2) құрылыс мерзімдері;

3) жабдықты жеткізу мерзімдері;

4) монтаждау, іске қосу-реттеу және пайдалануға беру мерзімдері;

5) жобалық қуатқа шығу серпіні және одан әрі өндіру;

6) қажет болса, технологиялық карта келтіріледі.

14. Жоба бойынша шығындар құрылымы

1) жер учаскесі;

2) құрылыс-монтаж жұмыстары;

3) өндірістік үй-жайлар;

4) жабдық;

5) тасымалдау;

6) сақтандыру;

7) монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары;

8) өндіріске жұмсалған шығындар, оның ішінде;

9) шикізат нарықтарына талдау жүргізу, негізгі жеткізушілер және шикізатты жеткізу бағдарламалары, электр энергиясы, су және басқа да құрауыштар (жарнама науқаны, дистрибьютивтік желіні салу және т.б.).

5. Қаржы жоспары және болжамдар

1) Қаржыландыру және төлемдер кестесі

2) аванстық төлем енгізу мерзімі

3) сақтандыру және комиссиялық төлемдер мерзімі

4) негізгі қарызды қайтару және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі

16. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығындар сметасы.

17. Сатудан түскен пайданың баптарын толық ашып жазу (ай сайын шығарылатын өнімнің әрбір түрі бойынша сату көлемін көрсете отырып); маусымдық ауытқу болған жағдайда оларды ескеру.

18. Пайда мен шығындар туралы есепті болжау.

1) Шығындардың ірі баптары бойынша түсіндірме беріледі;

2) дайын өнімді сату және шикізатты сатып алу бағасы мен көлемінің маусымдық ауытқуы ескеріледі.

19. Қаржылық бағалаудың қарапайым тәсілінің көмегімен жобаны талдау

1) жобаның өтелуінің қарапайым мерзімі;

2) пайданың қарапайым нормасы (жобаны іске асырудың әрбір жылы бойынша және жалпы жобада);

3) рентабельділік, өтімділік және айналымдық көрсеткіштерін талдау.

20. Дисконттау әдістерінің көмегімен талдау

1) жобаның таза ағымдағы құны (NPV);

2) рентабельділіктің ішкі нормасы (IRR);

3) жоба өтімділігінің дисконтталған мерзімі.

20. Белгісіздік жағдайларындағы талдау

1) сезімталдықты талдау (өндіріс көлемі төмендеген кездегі жобаның тұрақтылығын, сату бағасын, шығын сомасын ұлғайтуды талдау);

2) шығынсыздықты талдау (жылына есептегенде заттай және ақшалай мәндегі шығынсыздық нүктесін айқындау).

6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар

22. Ресурстар тәуекелі, маркетингтік тәуекел, басқару тәуекелі, операциялық-өндірістік тәуекел, салалық тәуекел, құқықтық тәуекел, елдік және өңірлік тәуекелдер, жобаны аяқтау тәуекелі және т.б.

1) Тәуекелдің негізгі факторлары;

2) Болжам сипаттамасы және өзгерістер диапазоны;

3) Тәуекелдерді төмендету және басқарудың болжанатын іс-шаралары, оның ішінде мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары.

7. Әлеуметтік аспект

1) Өңірдегі әлеуметтік-мәдени және демографиялық жағдайдың сипаттамасы

2) Жобаның халықты жұмыспен қамтуға, біліктілікті арттыруға, білім беруге ықпалы және т.б.

8. Қоршаған ортаға әсері

1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің барлық болжанатын ықпалын айқындау және қысқаша мазмұндау;

2) оған қарсы бағытталған жағымсыз әсерді қоса алғанда, әрбір іс-шараның техникалық аспектісін сипаттау;

3) жоба шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі;

4) жобаның жалпы құнына жағымсыз әсерді шектеу бойынша іс-шараларды іске асырумен байланысты бастапқы салымдар мен ағымдағы шығындар ретінде үлгілік сметалар мен қаржыландыру көздерінің тізбесін енгізу;

5) жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.



Қосымшалар

Қосымшада жоба бойынша ұсынылған мәліметтерді растайтын немесе анағұрлым толық түсіндіретін құжаттар қамтылады. Оларға мыналар жатады:

1) кәсіпорын немесе жоба басшыларының, олардың құзыреті мен жұмыс тәжірибесін растайтын өмірбаяндар;

2) маркетингтік зерттеу нәтижелері;

3) аудиторлар қорытындылары;

4) өнім үлгілерінің суреттері немесе бейнероликтері;

5) өнімнің толық техникалық сипаттамасы;

6) кәсіпорын жоспары;

7) өнім жеткізушілермен және тұтынушылармен кепілдік хаттар немесе келісімшарттар;

8) жалға беру, жалдау шарттары, лицензиялық келісімдер;

9) экология және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік қадағалау қызметінің қорытындысы;

10) кәсіпорын қызметі туралы журналдар мен газеттерден мақалалар.

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларына 5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет