Өнеркәсіп өндірісі



Дата23.02.2016
өлшемі56.5 Kb.
#11652
2006 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіп өндірісі

2006 жылғы қаңтар-наурыз айларында Өскемен қаласында қаржыландырылмаған корпорация секторындағы кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы кәсіпорындар, ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын кәсіпорындар құны 43252,8 млн. теңге болатын өнім өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағалармен) 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы деңгейдің 106,7%-ын, 2005 жылдың наурызындағы деңгейдің – 103,2%-ын, 2005 жылғы ақпандағы деңгейдің –92,8%-ын құрады.



Негізгі капиталға инвестиция жұмсау

2006 жылғы қаңтар-наурыз айларында есеп берген кәсіпорындар бойынша 4636,8 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2005 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 47,2%-ға аз. Инвестицияның көп бөлігі (65%) машиналар, жабдықтар, құралдар және жабдықтар сатып алуға, сонымен қатар құрылыс жұмысын жүргізуге, күрделі жөндеуге, және үймерет пен ғимараттарға 32,8%-ы қолданылды.



Ауыл шаруашылығы

2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мал шаруашылығының өнімдерін өндірумен Өскемен қаласында 5 ауылшаруашылық құрылымы, 31 шаруа қожалығы мен қолдарында мал ұстайтын 3,5 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысады.2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында барлық санаттағы шаруашылықтар тірі салмақта 321,1 тонна мал еті мен құс етін союға өткізді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға артық. 1460 тонна сиыр сүті өндірілді (2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қатысты (102,8%), 463 мың дана жұмыртқа алынды (89,8%), Шаруашылықтың барлық санаттарында 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында 41 бас бұзау, 249 бас торай, 42 бас қозы мен лақ, 67 бас құлын алынды.



Көлік

2006 жылғы қаңтар-наурыз айларында қаланың көлік кәсіпорындары 292,9 мың. тонна жүк тасыды. Барлық бағыттағы жүк айналымы 31,6 % млн. тонна-шақырым болды. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында жолаушы тасымалдау көлемі 15058,7 мың жолаушы, жолаушы айналымы –149,1 млн. жолаушы-шақырым құрады.



Сауда және басқа қызмет көрсету

2006 жылғы қаңтар-наурыз айларында Өскемен қаласында бөлшек сауда тауар айналымы барлық сату арналары бойынша (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда) 16921,4 млн. теңгені құрады. Салыстырмалы бағамен бұл 2005 жылғы осы кезеңдегі жалпы сату көлемінің 111,6%-ын құрады. Сату арналары бойынша тауар айналымы төмендегідей болды: жеке тұлғалардың тауар айналымы – 65%, кәсіпорындардікі - 35%.Қаланың көтерме кәсіпорындары 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында 28292,2 млн. теңгенің тауарларын сатты. Сыйақы немесе келісім шарт негізінде (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 37 млн. теңгені құрады.2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында сауда қызметінің көлемі 403,5 млн. теңге болды, оның негізгі үлес салмағын қоғамдық тамақтану қызметін көрсету құрады.Бағалар мен тарифтер индексі 2005 жылғы наурыз айында өткен айға қарағанда өнеркәсіптік өнім шығарушы өндіріс кәсіпорындарының баға индексі, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді есепке ала отырғанда, қала бойынша 106,7% құрады.



Тұтыну тауарлары мен қызметтердің жиынтық баға индексі облыс бойынша

2006 жылдың наурызында, 2005 жылдың желтоқсанына қатысты –102,6%-ды, алдыңғы айға қатысты100,6%-ды құрады.Тауарлардың азық-түлік тобының баға индексі, .. 2006 жылғы наурызда облыс бойынша, 2005 жылғы желтоқсанға қатысты 104,1%-ды, 2006 жылдың ақпанына қатысты 100,7%-ды құрады.. 2006 жылғы наурызда облыс бойынша тауарлардың азық-түлік емес тобының баға индексі, 2005 жылғы желтоқсанға қатысты101,3%-ды, 2006 жылдың ақпанына қатысты 100,7%-ды құрады. 2006 жылдың наурыз айында облыс бойынша халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтер индексі 2005 жылдың желтоқсанына қатысты 101,2%, 2006 жылдың ақпанына 100,2% болды.



Еңбек нарығы

Филиалдарды, сонымен біргесанына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қосқанда 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында орта есеппен 106561 адамды құрады.Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының 1.04.2006 жылғы деректері бойынша қалалық еңбекпен қамту қызметіне 1448 адам өтініш жасапты. Жұмыссыз деп танылғандардың ішінде жыл басынан бері 1156 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 621 адам тартылды, кәсіптік оқуға 176 адам жіберілді. 2006 жылдың 1 қаңтарында қала бойынша жұмыссыздар саны 2796 адамды құрады. Өскемен қаласының жұмыспен қамтамасыз ету орталығына қаланың мекемелері мен өндірістері 2021 бос орын бар деген ақпарат берді.



Еңбекақы

2006 жылдың қаңтар-ақпанында орташа айлық атаулы жалақы (ірі және орта кәсіпорындарды, филиалдарды, сондай-ақ санына қарамастан денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарын, банктерді қосқанда) Өскемен қаласы бойынша орта есеппен 34114 теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 24%-ға жоғары.



Демографиялық жағдай

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жедел деректер бойынша Өскемен қаласында халық саны 299,6 мың адамды құрады. 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,6 мың адамға азайып, 99,4%-ды құрады. Соны ішінде қала халқы – 288,7 мың адам (99%), ауыл халқы -10,9 мың адам (101,9%).Деректер бойынша 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында туылғандардың саны 669 адам, яғни 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға артық. 2006 жылдың қаңтар-ақпанында қайтыс болғандардың саны 772 адам болды, бұл 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға аз .2006 жылдың қаңтар-ақпанында тіркелген неке саны –296, 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда –10,9%, ажырасқандар саны –203, яғни 1%-ға азайды. Қалалық жерде неке саны – 11,8%-ға, ажырасқандар –0,9%-ға артты, ауылдық жерлерде –3 неке қию, 3 ажырасутіркелді.



Халықтың ауруға шалдығуы

2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпалы аурумен ауырған 14718 жағдай, (2005 жылдың қаңтар-ақпанына 66,3%), тұмаумен –15 (2,2%), тыныс жолдарының құрт ауруымен – 75 (90,4), мерезбен –51 (76,4%), қышымамен – 46 (64,3%), педикулезбен –54 (117,4%), вирусты гепатитпен –37 (160,9%), ішектің жедел жұқпалы ауруымен –87 (100), сальмонеллезбен –32 (177,8) тіркелді. Жұқпалы аурулардың көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиді. 2006 жылғы қаңтар-ақпан қала бойынша аурулардың жалпы санынан балалардың 100% - ротовирусты энтеритпен, 47,4% - ішектің бактериалы жұқпалы ауруымен (нақтыланбаған), 17,4% - қышымамен, 26% - педикулезбен тіркелді. Қылмыстылық2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өскемен қаласының құқық қорғау органдарында 961 қылмыстық іс тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 23,4% көп.Сол жағалау, Октябрь, Үлбі аудандарындағы милиция бекеттерінде қылмыс тиісінше 13,9, 13 және 32,7%-ға төмендеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет