Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасында
Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартылды
( үзінді)
F. Қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) арызбен Есеп комитетінің 2006 жылғы 16 қарашадағы №29 қаулысында Қоғамнан келісім міндеттемелерінің бұзылғаны үшін 25,9 млн. теңге тұрақсыздық төлемін өндіру көрсетілгенін дәлелдей отырып, сот-қа жүгінген. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт істері жөніндегі комитеті (Тапсырыс беруші, кейіннен тапсырыс беруші Туризм және спорт министрлігі болды) және Қоғам (Мердігер) жасас-қан 2006 жылғы 9 наурыздағы Шарттың 3.4-тармағына сәйкес Щучье қаласында республикалық шаңғы базасының құрылысы бойынша мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға байланысты Тапсырыс беруші Мердігерге 744,0 млн.теңге аванстық төлемді аударған. Мердігер оны төмендегідей мақсатқа жұмсау үшін: 444, 039 725 теңге соманы құрылысқа арналған тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға "Ц." ЖШС-на аударған. Алайда, 2006 жылғы 20 қазанда тауарлар мерзімінде жеткізілмеуіне байланысты ол ақша кері қайтарыл-ған. Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарын орындау үшін шаңғы трамплиндерінің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асырған А. мырзаға 299 960 275 теңге (2,4 млн. АҚШ доллары) төленген. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі типтік келісімнің 41-тармағына сәйкес төленген авансты Мердігер сол келісім бойынша жұмыстардың орындалуы үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтарға және еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс. Мұнымен қоса, бақылау жасаған сәтте дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған 2006 жылғы 28 шілдедегі Министрліктің берген бір рет берілетін рұқсатына сәйкес объектідегі жұмыс-тар орындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, арналған рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Қажетті рұқсатты беру келісімнің 6.6-тармағына сәйкес Тапсырыс берушінің міндеті болып табылады, оны Тапсырыс беруші уақытылы жасамаған. Есеп комитетінің қаулысына сәйкес келісім міндеттемелерін бұзғаны үшін қоғамнан 25,9 млн. теңге тұрақсыздық төлемін өндіріп алу бөлігі заңсыз болып табылады және бұзуға жатады деп көрсетілген.
Астана қаласы сотының 2007 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Қоғамның Есеп комитетіне берген арызы қанағаттандырылған. Есеп комитетінің 25,9 млн. теңге тұрақсыздық төлемін өндіру жөніндегі 2006 жылғы 16 қарашадағы қаулысы заңсыз деп танылып, бұзылып Қоғамның Министрлікке қойған талабы қанағаттандырусыз қалдырыл-ған. Республикалық бюджеттен Қоғамның пайдасына баж салығы түрінде 5460 теңге өндірілген.
Апелляциялық шағымда Есеп комитетінің төрағасы материалдық және іс жүргізу нормаларының бұзылуына сәйкес бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзуды сұраған.
Алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін мына негіздер бойынша бұзу қажет деп тапты.
АІЖК 364-бабы 1-бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге: іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы; бірінші сатыдағы сот шешімін-де баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі; материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы ереженiнің (бұдан әрі - Ереже) 2-тармағы 1) және 4) тармақшаларына сәйкес Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау, республикалық бюджет қаражатының нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуын бақылау болып табылады. Ереженің 8-тармағы 20) тармақшасының негізінде Есеп комитеті Бюджет кодексiне және басқа да нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес, республикалық бюджет қаражатының нысаналы, негiздi және тиiмдi пайдаланылмауын анықтау және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады.
Есеп комитетінің осындай міндеттері, функциялары және өкілеттіктері Бюджет кодексінің (бұдан әрі - кодекс) тиісті баптарымен бекітілген.
Ереженің және Кодекстің осы нормаларын, сондай-ақ Ереженің Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына сырттай бақылау жа-сауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылатынын көздейтін 1-тармағын басшылыққа алып, Есеп комитеті 2006 жылғы 9-16 қазан аралығында Щучье қаласындағы республикалық шаңғы базасының құрылысы бойынша республикалық бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуы бойынша 2006 жылғы 9 наурыздағы мемлекеттік сатып алу туралы Шарт ережелерінің сақталуы бойынша қарсы тексеру жүргізді.
Тексерудің нәтижелерін Есеп комитеті отырысында талқылау қорытындысы бойынша 2006 жылғы 16 қарашада "2004-2005 жылдары және 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында Туризм және спорт министр-лігіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың қорытындылары туралы қаулы шығарылды. Қаулыда республикалық шаңғы базасының құрылысына аударылған 744 млн.теңге аванс 6 ай бойына күнтізбелік кестемен көзделген жұмыстар орындалмастан, мердігер Қоғамның айналымында жатқаны көрсетілді. Қаулының қарар бөлігінің 1-тармағының 4-тармақшасымен Министрлікке келісім міндеттемесін бұзғаны үшін Қоғам филиалынан 25,9 млн.теңге тұрақсыздық төлемін өндіріп алу бойынша шара қабылдау ұсынылды.
Іс материалдарынан белгілі бол-ғандай, Есеп комитетінің 2006 жыл-ғы 16 қарашадағы қаулысы Ми- нистрлікке 2006 жылғы 1 желтоқсанда келіп түскен.
2006 жылғы 20 желтоқсанда Министрлік хатпен Қоғамға 2006 жыл-ғы 28 желтоқсанға дейін 744,0 млн.теңге бюджет қаражатын 6 ай бойы айналымда пайдаланғанынан түскен кіріс ретіндегі 25,9 млн.теңге мөлшеріндегі соманы Министрліктің есеп шотына аудару қажеттігі туралы хабарлаған.
Қоғам Есеп комитетінің қаулысын 2007 жылғы 16 наурызда даулады.
Сонымен бірге, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттiк органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған тұлғалар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
Осыған байланысты, құқықтық акт - Есеп комитетінің 2006 жылғы 16 қарашадағы қаулысының күші Министрлік атынан Қоғамға тұрақсыздық төлемі және Есеп комитетіне 2006 жылғы 28 желтоқсандағы хатпен қабылданған шаралар жөнінде хабардар етілгені туралы шешім түрінде көрсетілген, оны мемлекеттік орган орындаған сәттен бастап тоқтатылды. Есеп комитеті заңдармен және нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндеттерді, функ-цияларды және өкілеттіктерді орындағандықтан, 2006 жылғы 16 қарашадағы қаулының әрекет ету мерзімі 2006 жылғы 28 желтоқсанда бітті, соған сәйкес мемлекеттік органның аталған қаулысы АІЖК 27-тарауымен көзделген сот тәртібімен дауланбайды. Есеп комитеті көрсетілген күннен бастап Қоғаммен құқықтық қатынас субъектісі болып табылмайды. Осындай қатынастар Министрлік және Қоғам арасында болуы мүмкін. Алайда, осы азаматтық іс ше-гінде Қоғамның нақты шешімдері мен әрекеттеріне Министрлік белгіленген тәртіппен шағым жасамаған.
Бұдан басқа, азаматтық іс бойынша сот өндірісінің азаматтық іс жүргізу заңын бұзуы талап арыз өндірісінің ережесі бойынша жүзеге асырылған. Бұл іске Қоғам арызданушы, Есеп комитеті және Министрлік жауапкер ретінде қатысқаны туралы бірінші сатыдағы соттың сот актілерінде көрсетілген. Алайда, Қоғамның 2007 жылғы 16 наурыздағы шағымы сотқа АІЖК 27-тарауымен көзделген, жариялы-құқықтық (биліктік-құқықтық) қатынастар мен реттелетін АІЖК 279-бабындағы тәртіппен берілген. Осы құқықтық қатынастың қатысушылары азамат немесе заңды тұлға бір тараптан және басқа тараптан мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі бас-қару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметші болып табылады.
Есеп комитетінің әрекеттері мен шешімдері заң шегінде жүзеге асы-рылған, өкілеттігін асыра пайдалануға жол берілмеген, апелляциялық шағымда келтірілген дәлелдемелер негізделген.
Алқа Астана қалалық сотының 2007 жылғы 6 маусымдағы шешімінің күшін жойып, іс бойынша арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |