Бекітілді
2014 жылғы « »
Бас кеңестің № ___ Қаулысымен
«САЛАЛЫҚ КӘСІБИ ОДАҚ» ҚБ ТИПТІК ЖАРҒЫСЫ
-
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.«_________________ «Салалық кәсіби одақ» қоғамдық бірлестігі (бұдан былай - Кәсіподақ деп аталады) өзінің мүшелерінің еңбек, өндірістік және кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде құрылған тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік болып табылады.
-
Кәсіподақтар орталығының қазақ және орыс тілдеріндегі атауы:
Мемлекеттік тілде: «_________________ «Салалық кәсіби одақ» қоғамдық бірлестігі»;
Орыс тілінде: Общественное объединение «_______ отраслевой профессиональный союз»
-
Сайланбалы органның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі ___________, Астана қаласы ___________________________.
1.2. Кәсіподақ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
1.3. Кәсіподақ өзінің қызметінде мемлекеттік органдардың барлық деңгейінен, саяси партиялардан, жұмыс берушілерден және олардың бірлестіктерінен тәуелсіз, есеп бермейді және оларға бақыланбайды, олардың кәсіподақ қызметіне кедергі келтіруіне және араласуына жол бермейді. Олармен кәсіподақтың қарым-қатынасы тең құқықтық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік негізінде құрылады.
1.4. Кәсіподақ Кәсіподақтар Федерациясының мүшелік ұйымы, республикалық және халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысады, шетелдік кәсіби одақтар және басқа үкіметтік емес ұйымдармен іскерлік қарым-қатынастарға түседі.
-
КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ, МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
2.1. Кәсіподақ өзінің мүшелерінің еңбек, кәсіби, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында еріктілік, тең құқықтық және ынтымақтастық негізінде құрылады және әрекет етеді.
2.2. Кәсіподақ қызметінің нысаны Кәсіподақ және оның құрылымдарының құқықтарын іске асыру, сондай-ақ осы Жарғыда қарастырылған мақсатқа жетудегі ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету болып табылады.
2.3. Кәсіподақ өзінің Жарғылық мақсаттарына жету үшін:
-
кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағыттайды және үйлестіреді;
-
мемлекеттік билік органдары мен жұмыс берушілердің алдында, тартыстарды сотқа дейінгі реттеуде, сотта қарау кезінде өзінің мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етеді және қорғайды, прокуратурадан прокурорлық бақылауда тұрған нормативтік құқықтық актілерге наразылық беру туралы өтініш береді.
-
мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен келіссөздер жүргізеді, салалық келісімдер, ұжымдық келісімшарттарды түзу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы ретінде қатысады және олардың жүзеге асуына бақылау жасайды;
-
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты заңдық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді, олардың құқықтарын бұзатын нормативтік құқықтық актілердің күшін жоюға қол жеткізеді;
-
әлеуметтік-экономикалық қатынастар, соның ішінде еңбекті нормалау мен төлемді ұйымдастыру, бюджеттік және салық саясаты, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша заң жобаларының, басқа нормативтік құқықтық актілерді қарау туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға енгізуге қатысады;
-
Кәсіподақ туралы ҚР заңнамасын бұзатын, салалық келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда қарастырылған міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауапқа тарту туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;
-
еңбек туралы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы заңнаманы сақтауды жүзеге асырады, өндірістегі қайғылы оқиғаларды тексеруге қатысады;
-
ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады;
-
кәсіби кадрлар мен активтердің біліктілігін арттыру, оқыту мен даярлауды ұйымдастырады, соның ішінде медиация мәселелері бойынша;
-
еңбек жағдайлары бойынша өндіріс нысандарын аттестаттауға қатысады;
-
өмір сүру деңгейі, отбасылық бюджет, инфляция, еңбекті сақтауға қатысты зерттеулерді жүргізеді және ммелекеттің осы мәселелер бойынша экономикалық саясатының әлеуметтік бағыттылығына қол жеткізеді;
-
Кәсіподақ мүшелеріне олардың кәсіби дайындығы мен қайта даярлау, медициналық және зейнетақылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, санаториялық-курорттық емдеу және демалыс мәселелері бойынша көмек көрсетеді;
-
өзінің мүшелеріне және құрылымдық бөлімшелеріне ұйымдастыру, кеңес беру, құқықтық, материалдық, қайырымдылық көмек көрсетеді;
-
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жиналыстар, митингтер, демонстрациялар мен көшелік шерулер, ереуілдер мен заңмен анықталған тәртіппен басқа массалық акцияларды ұйымдастырады және өткізеді.
-
Осы Жарғыда қарастырылған мақсаттарды орындау үшін шаруашылық қызметті жүзеге асырады, кәсіпорындарды құрады, ақша қорларын қалыптастырады, акциялар, басқа құнды қағаздарды сатып алады және кәсіпкерлік қызметті дамытады;
-
ақпараттық-кеңес беру, насихат және басылымдық қызметті жүзеге асырады;
-
Кәсіподақтың тиісті құрылымдарының көмегімен Кәсіподақ мүшелерімен тапсырылған басқа функцияларды іске асырады.
-
КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІК
3.1. Кәсіподаққа мүшелік Кәсіподақтың мүшелері жеке тұлғалар, ал мүшелік ұйымдары –заңды тұлғалар болуын қарастырады.
Кәсіподақ Жарғысын мойындайтын және кәсіподақтың мүшелік жарнасын төлейтін жеке тұлғалар:
-
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
-
Жұмыс істеуші немесе уақытша жұмыс істемеуші, зейнеткер, студенттер, оқушылар, Кәсіподақтың мүшесі басқа кәсіподақтарға мүше бола алмайды.
Кәсіподақ Жарғысын мойындайтын және кәсіподақтың мүшелік жарнасын төлейтін заңды тұлғалар:
-
Кәсіподаққа мүшелік ерікті болады. Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару жеке тәртіппен тиісті кәсіподақ ұйымына берілген өтініш бойынша жазбаша түрде жүргізіледі. Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару туралы шешім қабылданады:
-
кәсіподақтың мүшелері 30 адамнан аз болса - бастауыш ұйымның жиналысында;
-
мүшелері 30 адамнан көп болса кәсіподақ бюросы, кәсіподақ комиететінде, бастауыш ұйымның жиналысы (конференциясында) ақпарат берумен.
Кәсіподақ мүшелігіне қабылданғанға бекітілген үлгіде кәсіподақ билеті беріледі. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу бастауыш ұйымда негізгі жұмыс орны, оқу орны бойынша есеп карточкалары бойынша бастауыш ұйымдарда жүзеге асырылады.
-
Мекемеде, кәсіпорында бастауыш ұйым жоқ болған жағдайда мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару туралы шешім Кәсіподақпен қабылданады.
-
Кәсіподақ өтімі Кәсіподақ мүшелігіне қабылдау туралы шешім шыққан күннен бастап есептеледі және Кәсіподақпен ұсынылатын жеңілідктерді пайдалану кезінде ескеріледі.
-
Кәсіподақ өтімі мен Кәсіподақ мүшелігі мүшелік жарналарды уақтылы төлеу шартымен сақталады:
-
жасы бойынша зейнетке шығу, мүгедектікке байланысты жұмысты тоқтатқан Кәсіподақ мүшелерінде;
-
штатты қысқарту, мекеме, кәсіпорынды таратуға байланысты жұмысты тоқтатқан Кәсіподақ мүшелерінде;
-
кәсіподақ мүшелегін өзара тану туралы кәсіподақтар арасында келісімдер болған жағдайда басқа кәсіподақта бұрын мүше болған кәсіподақтың мүшелері.
-
Кәсіподақ мүшелерінің құқығы бар:
-
мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің, соттар мен басқа органдарда кәсіподақ және оның органдары тарапынан өзінің еңбек, кәсіби, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына;
-
кез келген кәсіподақ органына және йұымға кеңес, өтініш, ұсыныспен жүгінуге және өтініштің мәні бойынша жауап алуына;
-
кәсіподақ органдарымен еңбек және басқа дауларды шешу кезінде тегін заң көмегін пайдалануға;
-
Кәсіподақ қаржысынан материалдық, қайырымдылық көмекту алуға;
-
кәсіподақ органдарын сайлауға және сайлануға;
-
Кәсіподақ қызметіне қатысуға, Кәсіподақ қызметімен байланысты барлық мәселелерді кез келген деңгеймен байланысты мәселелерді еркін талқылауға және ұсынуға, сайлау органдары жұмысына баға беруге және олардың қызметі туралы кез келген ақпаратты алуға;
-
Кәсіподақпен түзілген келісімшарттар мен келісімдерде қарастырылған қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларға.
3.7. Кәсіподақ мүшесі міндетті:
-
Жарғыны сақтауға, бастауыш ұйымдарымен жоғарыда тұрған кәсіподақ органдарымен қабылданған шешімдерді орындауға;
-
ай сайын бекітілген көлем және тәртіпте кәсіподақ мүшелік жарнасын төлеуге;
-
еңбек және ұжымдық келісімшарттар, келісімдерде қарастырылған міндеттерді орындауға;
-
Кәсіподақ мүшелерімен олардың құқықтары мен міндеттерін қорғау кезінде ынтымақтастықты танытуға, Кәсіподақтың ұжымдық іс-әрекеттеріне қолдау көрсетуге;
3.8. Кәсіподаққа мүшелік одан шығу немесе шығарылған кезде тоқтатылады.
Кәсіподақтан шығу мәселесі Кәсіподаққа қабылдау құқығы бар Кәсіподақ органдарымен жеке өтініш негізінде қарастырылады.
Кәсіподақтан шығару мәселесі Кәсіподақ мүшесімен жарғылық міндеттерді жүйелі түрде орындамау, сондай-ақ Кәсіподақтың бірлігін бұзатын және оған залал келтіретін іс-әрекеттерді жасағаны үшін қарастырылады.
3.9. Кәсіподақ мүшесі Жарғылық міндеттерді орындамағаны үшін, Кәсіподақпен ұсынылатын жеңілдіктерді пайдалану құқығынан 6 ай мерзімге айырылуы мүмкін.
3.10. Кәсіподақпен ұсынылатын жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айыру және Кәсіподақтан шығару туралы шешімді Кәсіподаққа қабылдау құқығы бар Кәсіподақ органдары, сондай-ақ, бастауыш ұйымға ақпарат берумен, жоғарыда тұрған кәсіподақ органдары қабылдайды.
Бұл шешім Кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен қабылданады. Дәлелді себепсіз бас тартқан жағдайда, оны қарауға қатыспайды, мәселе ол жоқ кезде шешіледі.
Шешім жиналысқа қатысушылардың немесе кворум болған жағдайда оның жиналысында қатысып отырған сайланбалы орган мүшелерінің үштен екісі дауыс берген жағдайда дұрыс деп саналады.
3.11. Кәсіподақ мүшесі оны Кәсіподақтан шығару немесе Кәсіподақпен ұсынылатын жеңілдіктерді пайдалану құқығынан екі ай мерзімге айыру шешімінен соң, қабылданған шешімге жоғарыда тұрған кәсіподақ органдарына шағымдануға құқы бар.
3.12. Кәсіподақтан шығарылғаннан соң, Кәсіподаққа мүшелікке жалпы негіздерде, шығарылғаннан соң кемінде 6 айдан кейін қабылданады.
3.13. Жұмыстан шығу немесе басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты филиалмен және бастауыш ұйыммен байланысын жоғалтқан Кәсіподақ мүшесі филиал және бастауыш ұйымынан тіркеуден шығарылады.
3.14. Жасы бойынша зейнетақыға шығу, мүгедектік, штатты қысқартумен, мекемелерді, кәсіпорындарды таратумен байланысты жұмыстан уақытша айырылғандардан басқа Кәсіподақ мүшесі үш ай қатарынан мүшелік жарнаманы дәлелді себепсіз төлемеген жағдайда, берешегі толық төленгенге дейін Кәсіподақ тарапынан қолдау құқығын жоғалтады. Ары қарай оны Кәсіподақтан шығару мәселесі шешілуі мүмкін.
3.15. Кәсіподақтан шығарылған немесе шыққан Кәсіподақ тарапынан қорғау құқығынан, кәсіподақ меншігіне құқығынан айырылады. Төленген кәсіподақ жарнасының сомасы оған қайтарылмайды.
-
Кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны үшін Кәсіподақ мүшеслері келесі ыныталандыру шараларымен марапатталады:
-
Кәсіподақтың құрметті атақтары мен омырауға тағатын белгілеріменен;
-
алғыс жариялаумен;
-
Салалық кеңес және Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің сайланбалы органдарының грамоталарымен;
-
ақшалай сыйлық, құнды сыйлықтар және сувенирлермен;
-
демалыс үйлері, санаториялық-курорттық емдеу, туристік жолдамалармен.
-
КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ОНЫ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Кәсіподақ өндірістік-салалық сипаты бойынша құрылыады және өзінің қызметін келесі қағидаттар негізінде құрады:
-
Салалық кәсіподақ қозғалысының бірлігі;
-
Кәсіподаққа еркімен кіру және дан шығу еркіндігі;
-
Барлық кәсіподақ органдарының төменнен жоғарыға қарай сайлабылығы, олардың Кәсіподақ мүшелерінің және жоғарыда тұрған кәсіподақ органдарының алдында есептілігі;
-
Кәсіподақтың сайланбалы органдарындағы алқалық, қабылданған шешімдер мен тапсырмаларды орындаудағы жеке жауапкершілік;
-
жоғарыда тұрған Кәсіподақ органдары шешімдерін төменде тұрған кәсіподақ органдары, Кәсіподақ мүшелері мен мүшелік ұйымдары үшін орындау міндеттілігі;
-
жоғарыда тұрған Кәсіподақ органдарымен Кәсіподақ Жарғысын бұзумен қабылданған кәсіподақ органдарының шешімдерін, жоғарыдағы кәсіподақ органдарының шешімдерін тоқтату, күшін жою;
-
біріңғай қаржылық саясатты;
-
кәсіподақ кадрлары мен активтердің біліктілігін көтеру, оқытуға, кадрлық резервтың сапалы дайындығына негізделген біріңғай кадр саясаты.
4.2. Кәсіподақ өзінің практикалық қызметінде кәсіподақтың аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың деңгейінде) бірлестіктерімен тығыз әрекете етеді:
-
Салалық кәсіподақтардың құрамына кіретін локальды кәсіподақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық келіссөздерді жүргізу, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді түзу, еңбек даулары мен тартыстарын шешуде көмек көрсетеді;
-
Сәйкес аумақтың біріңғай заң кеңестерін, кәсіподақ инспекциясын құруға шараларды қабылдайды, жұмыссыздарға көмек және ынтымақтастық қорларын құруға көмектеседі;
-
қала және аудандарда кәсіподақтың өңірлік бірлестіктерін филиал, өкілдіктер мен кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының өкілдерінен өңірлік мәселелерді бірлесіп және келісіп шешу, жергілікті атқару органдарыменен, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті құру, кәсіподақтың қызметкерлері мен кәсіподақтың мүшелерін әлеуметтік қорғау және өзара қолдау көрсету үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында құрады;
-
Кәсіподақтың аумақтық бірлестіктері кеңесінің құрамына кіретін Салалық кәсіподақтың облыстық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері;
-
облыстық құрылымдық бөлімшелері кәсіподақтың аумақтық бірлестіктеріне ақпараттарды, анықтамаларды, статистикалық деректерді ұсынады;
-
бастауыш ұйымдарды құруға, өңір мен саланың дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыру және кәсіподақтық ықпалды күшейту, Федерация органдарының шешімдерін, басқа жалпы федерациялық іс-шараларды орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
-
кәсіподақтың мүшелері мен кәсіподақтың құқықтары мен мүдделрін қорғау үшін бірлескен акцияларды өткізеді.
4.3. Осы Жарғының шегіндегі Кәсіподақтың құрылымы қамтиды:
-
Бастауыш ұйымдарды;
-
филиалдарды;
-
Кәсіподақтың өкілдіктерін:
-
локальды Кәсіподақты.
4.3.1. Кәсіподақтың құрамына мүшелік ұйымдар ретінде Кәсіподақтың Жарғысын мойындайтын және орындайтын локальды кәсіподақтар кіреді.
Локальды кәсіподақтың Салалық кәсіподақтың құрамына кіруі Локальді Кәсіподақтың Салалық Кәсіподаққа жазбаша өтініші негізінде жүзеге асады.
Салалық Кәсіподақтың құрамына кіруге ниет білдірген Локальді Кәсіподақ ұсынады:
-
қосымшамен бірге жазбаша өтініш;
-
сайлаушы органның шешімі, құрылтайшы құжаттар (Кәсіподақтың Жарғысы, тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және т.б.);
-
Локальды кәсіподақтың саны туралы статистикалық деректер;
-
сайлаушы органның мекен—жайы туралы деректер;
-
Кәсіподақтың Жарғысын мойындайтыны және жарғылық жарналарды төлеу туралы міндеттеме;
Салалық Кәсіподақтың құрамына кірген күннен бастап, Локальды кәсіподақ Кәсіподақтың Жарғысымен анықталған көлемде мүшелік жарнаны төлейді.
4.4. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы
4.4.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
4.4.2. Бастауыш ұйымы Кәсіподақтың кемінде үш мүшесі қатысқан, немесе ұйымдастыру-құқықтық үлгісі мен меншік нысанына тәуелсіз бір мекемеде жұмыс істейтін азаматтардың немесе оқу орнында оқушылардың Кәсіподаққа мүше болуға өтініш білдірген құрылтайшы жиналысында құрылады.
4.4.3. Бастауыш ұйымының жиналысы (конференция) қажеттілігіне байланысты, бірақ жылына екі реттен жиі емес өткізіледі. Жиналыстың (конференция) күні, күні тәртібі ме өткізу орны туралы Кәсіподақтың мүшелері анықталған мерзімге дейін кемінде екі апта бұрын хабардар етіледі.
Кезектен тыс жиналыс (конференция) Кәсіподақтың комитетімен (кәсіподақ ұйымдастырушысымен) өзінің бастамасы, ұйым мүшелерінің үштен бірінің бастамасы немесе жоғарыда тұрған кәсіподақ органының шешімі бойынша шақырылады. Кезектен тыс жиналыстың (конференция) күні, күні тәртібі ме өткізу орны туралы Кәсіподақтың мүшелері оны өткізу уақытынан кемінде бір апта бұрын хабардар етіледі.
Жиналыс егерде бастауыш ұйымының кемінде үштен екісі оның жұмысында қатысқан жағдайда құқыққа қабілетті деп саналады.
Конференция егерде сайланған делегаттардың кемінде жартысы оның жұмысына қатысқан жағдайда құқыққа қабілетті деп саналады.
4.4.4. Жиналыс (конференция) бастауыш ұйымының қызметіне қатысты кез келген мәселені шешуге құқылы. Жиналыстың (конференция) ерекше құзіреттеріне жатады:
-
бастауыш ұйымның қызметінің басымды бағыттарын анықтау;
-
кәсіподақ комитетінің, ревизиялық комиссияның жұмысы туралы есептерді тыңдау және талқылау;
-
кәсіподақ комитетінің (кәсіподақ ұйымдастырушысы) және ревизиялық комиссияның бастауыш ұйымының төрағасын сайлау;
-
жұмысты беруші немесе оның өкілдік беретін тұлғаларының, кәсіподақ комитетінің ұжымдық келісімшарттарды орындау туралы тыңдауы.
4.4.5. Бастауыш ұйымында ағымдағы жұмыстарды орындау үшін сайланады:
-
Кәсіподақтың 30 мүшесінен азды біріктіретін ұйымда кәсіподақ ұйымдастырушысы;
-
Кәсіподақтың 30 және одан да көп мүшесін біріктіретін ұйымда төрағамен сайланатын кәсіподақ комитеті;
-
Кәсіподақтың ұйымдарында сәйкес филиалдың шешімі бойынша Салалық кеңеспен бекітілген Ережеге сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыратын Кәсіподақтың өкілі қызметі енгізілуі мүмкін.
Бастауыш ұйымы өзінің қызметін Кәсіподақтың съезімен бекітілген Кәсіподақтың жарғысы мен ол туралы Ережеге сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады.
4.4.6. Кәсіподақ комитетінің отырысы қажеттілігі бойынша бір реттен жиі емес жиілікпен тоқсан сайын өткізіледі.
Кәсіподақтың комитеті өзінің қызметінде жиналысқа (конференция) тікелей қатысы бар бастауыш ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша жиналыс (конференция), жоғарыда тұрған Кәсіподақтың ұйымдары мен Салалық Кәсіподаққа есеп береді.
4.4.7. Кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелерде өз бөлімшесінің аясында ағымдағы мәселелерді шешу мақсатында бастауыш ұйымының құқықтары берілуі мүмкін кәсіподақ топтары, кәсіподақ бюросы (цех комитеттері) құрылады.
4.4.8. Бастауыш ұйымының кәсіподақ және филиалдың есепке алу құжаттарының негізінде бекітілген үлгіде мөрі, бланкісі және штампы болады.
4.4.9. Заңды тұлғаны (мекемені, кәсіпорынды) тарату кезінде, сондай-ақ меншік иесін ауыстыру кезінде кәсіподақтың бастауыш ұйымы бұрын күшінде болған бастауыш ұйымының құқықтық мирасқоры болады, осыдан келіп шығатын кәсіподақтың мүшелері алдындағы мүліктің және басқақ құқықтары мен міндеттемелері бойынша.
4.4.10. Кәсіподақтың бастауыш ұйымының Төрағасы бастауыш ұйымының өкілетті тұлғасы болып табылады және құқыққа қабілетті:
-
кәсіподақтың және жиналыстың (конференция) құзіретіне жатпайтын шұғыл мәселелерді өз бетінше шешуге;
-
ағымдағы мәселелерді және кәсіподақтың және жиналыстың (конференция) шешімдерін өңдеу үшін уақытша комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, кәсіподақтың жұмысына сарапшыларды, мамандарды, кәсіподақтың белсенділерін қатыстыруға;
-
кәсіподақтың мәжілісін шақыруға және жүргізуге, қабылданған шешімдер мен мәжіліс хаттамаларына қолын қоюяға;
-
кәсіподақтың штаттық жұмыскерлерінің жұмысын басқаруға;
-
кәсіподақтың мүшелері және ұйымның жұмыскерлерінің атынан ұжымдық келісімшарттарға қол қоюға;
-
кәсіподақпен келісе отырып ақша операцияларын жүргізуге, басқа келісімшарттарды түзуге;
-
сайлабалы активтің оқуын ұйымдастыруға;
-
кәсіподақтың мүшелерінің келісімімен, егер ед олардың жеке өтініштері болған жағдайда, әкімшілікпен келісімнің негізінде кәсіподақтың мүшелік жарнасын қолма-қолсыз төлеу туралы мәселені шешуге және оны Кәсіподақтың Жарғысымен анықталған көлемде Кәсіподақтың, филиалдың немесе өкілдіктің есеп-шотына уақтылы аударуға;
-
Кәсіподаққа мүшелік кәсіподақтың жарнасын уақтылы, толық көлемде аударылуына жеке жауапты болады.
4.5. Кәсіподақтың Ф и л и а лы:
-
Кәсіподақтың Филиалы Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің шешімі бойынша құрылады.
-
Кәсіподақтың Филиалы әділеттің аумақтық органдарында есептік тіркеден өткеннен соң, банктерде есеп-айырысу шоттарын ашуға, мөр, бланктер және бекітілген үлгіде штамптардың бар болуына құқығы бар.
4.5.3. Кәсіподақтың Филиалының Жоғарғы органы сайланбалы органның (Атқару комитеті) бастамасы немесе бастауыш ұйымның кемінде үштен бірінің талабы немесе Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің шешімі бойынша кемінде ашылғанға дейін бір ай бұрын шақырылатын конференция болады.
Конференцияның күні мен уақыты, өкіліділік нормасы мен конференцияға делегаттарды сайлау тәртібі филиалдың Атқару комитетімен анықталады.
Кезектен тыс конференция сайланбалы органның (Атқару комитеті) бастамасы немесе бастауыш ұйымның кемінде үштен бірінің талабы немесе Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің шешімі бойынша кемінде ашылғанға дейін екі апта бұрын шақырылады.
-
Кәсіподақтың филиалының конференциясы:
-
Филиалдың Кеңесінің және ревизиялық комиссияның қызметі туралы есептерін тыңдайды;
-
Филиалдың қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;
-
Филиалдың Кеңесін тікелей делегациялау қағидаты бойынша қалыптастырады;
-
Филиалдың Кеңесінің Төрағасын Филиалдың Кеңесі мүшелерінің арасынан Салалық Кәсіподақтың ұсынысы бойынша сайлайды.
-
ревизиялық комиссияның мүшелерін сайлайды;
-
Филиал туралы Ережеге толықтырулар мен өзгерістерді енгізу мәселесінен басқа Филиалдың қызметіне қатысты кез келген басқа мәселелерді шешеді;
4.5.5. Кәсіподақтың филиалының басқарушы органы конференциялардың арасында филиалдың төрағасымен басқарылатын Филиалдың кеңесі (Комитет) болып табылады. Кеңестің мәжілісі жылына 2 реттен жиі емес қажеттілік бойынша өткізіледі.
4.5.6. Филиалдың Кеңесі өзінің жұмысын Кәсіподақтың алдында тұрған мақсаттар мен тапсырмаларды есепке алумен ұйымдастырады, сондай-ақ:
-
Кәсіподақтың ұйымының қызметін үйлестіреді, оларға практикалық көмек және қолдау көрсетеді, сәйкес мемлекеттік және сот органдары, жұмыс берушілердің алдында Кәсіподақтың мүшелерінің мүдделеріне өкілдік етеді;
-
Атқару комитетін сайлайды;
-
өкілеттілігі мерзімінен бұрын қықсартылған жағдайда филиалдың төрағасын сайлауды жүргізеді;
-
Филиалдың жарғылық қызметімен және оған кіретін бастауыш ұйымдарымен байланысты басқа мәселелерді шешеді, конференцияны жүргізуге тікелей жататын басқа мәселелерден өзге;
-
өзінің деңгейінде жұмыс берушілерімен, мемлекеттік басқару органдарымен, кәсіподақтың бірлестіктері мен басқа ұйымдарымен келісімді қабылдайды;
-
филиалдың Кеңесі(Комитет) өзінің қызметінде Кәсіподақтың Салалық кеңесіне (Комитет) және Кәсіподақтың филиалының конференциясына есеп береді;
4.5.7. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыру үшін филиалдың Атқару комитеті сайланады, оның мәжілісі қажеттілігіне байланысты тоқсанында 1 реттен жиі емес жиілікпен жүргізіледі.
4.5.8. Филиалдың Атқару комитеті:
-
Кәсіподақтың басқарушы органдары, конференциялары мен филиалдың Кеңесі жиналыстарының шешімдерін, өз шешімдерін іске асыру бойынша нақты іс-әрекеттерді іске асырады және олардың орындалуын бақылайды;
-
Филиалдың төрағасының ұсынысымен оның орынбасарларын сайлайды;
-
Жұмыс берушілер немесе оны өкілідк тұлаларымен келісімдерімен негізгі ережелерді анықтайды;
-
мемлекеттік органдар және жұмыс берушілермен келіссөздерді жүргізу үшін өзінің өкілдерін делегат етіп жібереді;
-
жарғылық тапсырмалар аясында кәсіподақтың аумақтық бірлестіктері өткізетін іс-шараларға қатысады;
-
Бастауыш ұйымдардың қаржылық қызметін, олармен Жарғыны, жоғарыда тұрған органдардың шешімдерін сақтауды үйлестіреді және бақылайды;
-
Жарғыға және Кәсіподақтың алқалы органдарының шешімдеріне қарама-қайшы келетін төменде тұрған кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, осындай шешімдердің мәні бойынша Кәсіподақтың мүшелерін хабардар етеді;
-
Бастауыш ұйымның Төрағасының Жарғыны және кәсіподақ органдарының шешімдерін орындамағаны үшін жеке жауаптылық мәселесін, ал Кәсіподақтың Жарғысын өрескел бұзған жағдайда оны мерзімінен бұрын босату немесе бүкіл кәсіподақ құрамының мерзімінен бұрын сайлаулары туралы шешімді қабылдайды;
-
Кәсіподақтың кадрлары мен активтерінің оқуын ұйымдастырады және жүргізеді, жұмыс тәжірибесін зерттейді және таратады;
-
Филиалға пайдалануға берілген Кәсіподақтың ақшалай қаржыларымен және мүлкіне иелік етеді;
-
Филиалдың және кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының кәсіподақ бюджетінің сметасын, сондай-ақ филиал аппаратының жалдамалы жұмыскерлерінің штаттық санын бекітеді;
-
Бастауыш ұйымының кәсіподақтың төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Егер де қарастыралатын үміткер бекітілмеген жағдайда басқа үміткерлерді ұсынумен қайта сайлау өткізу туралы шешімді қабылдайды;
-
Конференцияға тікелей қатысты мәселелерден басқа филиалдың қызметі бойынша барлық өзге мәселелер бойынша шешімді қабылдайды;
-
Өзінің жұмысында конференцияға, филиалдың Кеңесіне және Кәсіподақтың Салалық кеңесіне есеп береді.
4.5.9. Кәсіподақтың филиалының төрағасы:
-
Салалық Кәсіподақтың сенімхаты негізінде әрекет етеді, материалды-жауапты тұлға болып табылады;
-
Филиалдың қызметіне басшылық жасайды, Кеңестің және филиалдың Атқару комитетінің құзіретіне жатпайтын шұғыл мәселелерді жеке шешеді;
-
Филиалдың аппаратының штаттық жұмыскерлерінің жұмысына басшылық жасайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес олармен еңбек шарттарын түзеді және бұзады;
-
Сенімхатпен жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік басқару органдарымен, кәсіподақтың бірлестіктері және басқа ұйымдарымен келісімдерге қол қояды, соңынан филиалдың Кеңесінің мәжілісінде бекітумен;
-
филиалдың Кеңесі және Атқару комитетінің және Кәсіподақтың жоғарыда тұрған органдарымен анықталған өкілеттіктердің аясында Қаржылық қызметті, ақшалық операцияларды жүзеге асырады;
-
Жарғылық міндеттерді орындауға жеке жауапкершілікке ие болады;
-
Лауазымы бойынша филиалдың Кеңесі және Атқару комитетін басқарады ;
-
филиалдың Атқару комитетінің атынан босатылған кәсіподақ төрағаларменен еңбек келісімшарттарын түзеді және бұзады;
-
филиалдың Кеңесі және Атқару комитеті, сондай-ақ Кәсіподақтың Кеңесі және Атқару комитетімен берілген басқа функцияларды атқарады.
4.6. Бастауыш ұйымдарының, Кәсіподақ филиалдарының және олардың сайланбалы органдарының қызметі осы Жарғымен және Кәсіподақтың съезімен бекітілген немесе оған Кәсіподақтың Салалық кеңесімен арнайы рәсімделіп берілген Ержеге сәйкес реттеледі.
4.7. Сайланбалы органдардың жиналысы, мәжілісі егер де жиналысқа қатысушылардың, сайланбалы органдардың мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқыққа қабілетті деп саналады, конференциялар мен съездар – сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда;
4.8. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының съездары, конференцияларында және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі шешімдер делегаттардың, жиналысқа қатысушылардың, сайланбалы органдардың мүшелерінің көпшілік дауысымен, кворум болған кезде қабылданады, егер де Жарғының басқа тармақтарымен басқа қарастырылмаса.
4.9. Кез келген шешімді (ашық, жабық) қабылдау кезінде дауыс берудің үлгісі съезд, конференция, жиналысқа қатысушылардың, сайланбалы органдардың делегаттарымен анықталады.
5. КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
5.1. Кәсіподақтың басқару органы бес жылда бір рет жиілікпен Салалық Кеңеспен шақырылатын съезд болып табылады. Съезді өткізу күні мен орны, күн тәртібі, өкілділік нормасы, съезд делегаттарын сайлау тәртібі Салалық Кеңеспен съезд басталмас бұрын екі ай бұрын кешіктірілмей анықталады.
Кезектен тыс съезд Салалық Кеңестің шешімі бойынша немесе ұйым Кәсіподағына кіретін кемінде жартысының оны өткізу үшін кемінде бір ай бұрын кешіктірілмей анықталады.
Съезд егер оның жұмысына сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқыққа қабілетті деп саналады.
5.2. Кәсіподақтың Съезді:
-
Кәсіподақтың Бақылау-тексеру комиссиясы және Салалық Кеңес қызметі туралы есебін тыңдайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді;
-
Кәсіподақтың кезекті әрекеттер бағдарламасы мен кезекті мақсаттарын анықтайды;
-
Жарғыны, оған өзгерістер мен толықтыруларды, Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені және Кәсіподақтың Бақылау-тексеру комиссиясын бекітеді. Съездер арасында Жарғы мен Ережеге жеке өзгерістер мен толықтырулар Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің отырысында кейіннен оны съезде бекіту шартымен енгізілуі мүмкін;
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің мүшелерін тікелей делегаттау қағидаты бойынша сайлайды;
-
Кәсіподақтың төрағасын және Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлайды;
-
Кәсіподақтың мүшелік жарнамасының көлемі мен міндетті аударымдар тәртібін және мүшелік жарнаманы таратуды бекітеді;
-
Кәсіподақтың қызметін тоқтату туралы шешімді қабылдайды;
-
Кәсіподақтың қызметімен байланысты басқа кез келген шешімдерді қабылдайды.
5.3. Кәсіподақтың төрағасымен сайланатын Салалық Кеңес Съездер арасында Кәсіподақтың басқарушы органы болып табылады. Салалық Кеңестің отырысы, жылына бір рет жиіліктен көп емес қажеттілік бойынша өткізіледі және оның мүшелерінің құрамына сайланғандардың кемінде жартысы қатысқан кезде құқыққа қабілетті деп саналады.
5.4. Салалық Кеңес олар туралы Ережеге сәйкес әрекет етеді, сондай-ақ:
-
Кәсіподақтың Жарғылық мақсаттары мен съезд шешімдерін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;
-
мемлекеттік, сот, шаруашылық органдары мен қоғамдық ұйымдарда Кәсіподақтың құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етеді және қорғайды;
-
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, оларға ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңес және заңдық көмек көрсетеді;
-
өзінің қызметі туралы съезд алдында есеп еберді;
-
Кәсіподақтың және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының Кәсіподақтың Жарғысын және қабылданған шешімдерді орындау туралы есептерін тыңдайды;
-
Кәсіподақтың төрағасының лауазымына үміткерлерді сайлау тәртібін анықтайды;
-
Атқару комитетін сайлайды;
-
мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған жағдайда Кәсіподақтың төрағасын сайлауды жүргізеді;
-
бірлескен Кәсіподақтың құрамына өзінің өкілдерін делегат етіп жібереді немесе сайлайды;
-
Кәсіподақтағы сайлау мен есептерді жүргізу тәртібі мен мерзімі туралы шешімдерді қабылдайды;
-
Кәсіподақтың тұрақты әрекеттегі комиссиясы жұмысы туралы Ережені бекітеді;
-
съедбен тапсырылған басқа функцияларды атқарады.
5.5. Ағымдағы және шұғыл тапсырмаларды жүргізу үшін Кәсіподақтың Салалық Кеңесі құрамына Кәсіподақтың төрағасы, оның орынбасары (лары) , Атқару комитетінің мүшелері кіретін Атқару комитетін сайлайды. Атқару комитетінің мәжілісі жылына төрт реттен көп емес жиілікпен қажеттілік бойынша өткізіледі және Атқару комитеті мүшелерінің құрамына сайланғандардың жартысынан астамы қатысқан кезде құқыққа қабілетті деп саналады.
5.6. Атқару комитеті:
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің мәжіілстерін шақырады, оның күн тәртібі мен өткізу орнын анықтайды;
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің және съезд шешімдерінің орындалуын бақылайды;
-
Кәсіподақтың төрағасының ұсынысымен оның орынбасарын (ларын) лауазымға сайлайды және босатады;
-
Салалық келісімдердің негізгі ережелерін анықтайды және олардың орындалуы туралы бақылауды жүзеге асырады;
-
Кәсіподақтың кадрлары мен активтерін оқыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді, кәсіподақ қызметінің тәжірибесін жинақтайды және таратады;
-
Кәсіподақ аппаратының құрылымын және штаттық кестесін бекітеді, Төрағаның ұсынысы бойынша құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын бекітеді;
-
Салалық Кәсіподақтың құрамына мүше ұйым ретінде Локальды ұйымның кіруі туралы шешімді қабылдайды;
-
Кәсіподақтың органдарына құрылымдық бөлімшелермен ұсынылатын статистикалық деректердің тізімін анықтайды;
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесімен анықталған өкілеттіктердің шегінде Кәсіподақтың мүлкіне және ақшалай қаржыларына иелік етеді;
-
Кіріс және шығыс сметаларын бекітеді, Кәсіподақтың мүлкін иелік ету, қолдану және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік сипатты шешімдерді қабылдайды;
-
Кәсіподақтағы сайланбалы кәсіподақ жұсыскерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесі мен көлемін анықтайды;
-
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің жарғылық, қаржылық қызметін тексеру туралы шешімді қабылдайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда мәселе түпкілікті шешілгенге дейін олардың банктік операцияларды тоқтатады;
-
Жарғыға және Кәсіподақтың алқалы органдарының шешімдеріне қарама-қайшы келетін төменде тұрған кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, осындай шешімдердің мәні бойынша Кәсіподақтың мүшелерін хабардар етеді;
-
Кәсіподақтағы біріңғай кар саясатын анықтайды, соның ішінде кәсіподақ кадрларын іріктеу, орналастыру және оқыту, Кәсіподақтың басшы лауазымдарына резервті қалыптастыруды;
-
Атқару комитетімен Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері Төрағаларының Жарғыны және жоғарыдағы кәсіподақ органдарының шешімдерін орындамағаны үшін жеке жауаптылық мәселесін, ал Кәсіподақтың Жарғысын өрескел бұзған немесе бұзылудың көрсетілген негіздер болған жағдайда Кәсіподақтың Төрағасының ұсынысы бойынша осы мәселені қарайды және оны лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы шешімді қабылдайды;
-
Қабылданған шешім туралы Кәсіподақтың мүшелерін хабардар етеді;
-
Кәсіподақтың филиалдарының Төрағаларын сайлау туралы шешімдерді бекітеді. Егер де қарастыралатын үміткер бекітілмеген жағдайда басқа үміткерлерді ұсынумен қайта сайлау өткізу туралы шешімді қабылдайды;
-
кәсіподақтың мүшелік жарналарын есептеу және төлеумен байланысты қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін анықтайды;
-
Жалпы Кәсіподақ бойынша жылдық жиынтық қаржылық есептілікті қарайды және бекітеді;
-
Комиссияларды және тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіліктер береді;
-
Салалық Кеңеспен берілген басқа функцияларды орындайды.
Қажетті жағдайда Атқару комитетінің шешімі жазбаша түрде сұрай арқылы қабылдануы мүмкін.
5.7. Кәсіподақтың төрағасы:
-
Кәсіподақтың мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, жұмыс берушілердің бірлестіктері, халықаралық ұйымдарда атынан әрекет етеді;
-
Қажет жағдайда Кәсіподақтың атынан мәлімдемелер жасайды, өтініштер мен шағымдарды жолдайды;
-
Кәсіподақтың атынан жұмыс берушілер және олардың бірлестіктері, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, Кәсіподақтың бірлестіктерімен және басқа ұйымдармен келісімдерді түзеді, кейіннен Салалық Кеңес отырысында ары қарай бекітумен;
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесі аппаратына жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, өкім шығарады, шұғыл сипатты шешімдерді қабылдайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппарат жұмыскерлерімен еңбек шартын түзеді және бұзады;
-
Бекітілген шығын сметасының аясында Кәсіподақтың қаржылық қызметін жүзеге асырады, ақшалай қаржыларға иелік етеді;
-
Жарғылық міндеттемелерді орындағаны үшін дербес жауапты болады;
-
Атқару комитетінің атынан Кәсіподақтың филиалдары Төрағаларымен еңбек келісімшарттарын түзеді және бұзады;
-
Кәсіподақтың Салалық Кеңесі және Атқару комитетімен берілген басқа функцияларды орындайды.
5.7.1. Кәсіподақ Төрағасының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Бір тұлға Кәсіподақ Төрағасының лауазымына екі мерзімнен артық қатарынан сайлана алмайды.
5.8. Кәсіподақ Төрағасының орынбасары (лары) Төрағаның тапсырмасы бойынша әрекет етеді және ол жоқ кезде оның міндеттерін орындайды.
-
КӘСІПОДАҚТАҒЫ САЙЛАУЛАР ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
6.1. Кәсіподаққа сайлау біріңғай мерзімде жүргізіледі. Өкілеттіліктер мерзімі:
-
Кәсіподақ ұйымдастырушылар, кәсіподақ топтары органдары, цех және бастауыш ұйымдары кәсіподақ органдары үшін – бес жыл;
-
Кәсіподақтың басышылық органдары, олардың филиалдары мен локальды кәсіподақ басшылары үшін – бес жыл;
6.2. Кәсіподақтағы есеп беру-сайлау компаниясы мерзімі туралы шешімді Салалық Кеңес қабылдайды.
-
Өкілділік нормасы, конференцияға делегаттарды сайлау тәртібі, сондай-ақ оны өткізу уақыты мен күні ұйымның, филиалдың тиісті кәсіподақ органымен, Кәсіподақтың съезіне Атқару комитетімен анықталады.
Бастауыш ұйымдары, филиалдардың Төрағалары, олардың орынбасарлары конференция делегаттарымен мойындалады, ал Кәсіподақтың төрағасы мен оның орынбасары (лары) лауазымы бойынша Кәсіподақтың съезімен.
-
Филиалдың Кеңестері мен Кәсіподақтың Салалық Кеңесі конференциялар мен съездерде тиісті сайлау органымен анықталған квота бойынша тікелей сайланады немесе шақыру немесе ауыстыру құқығымен тікелеу делегаттау қағидаты бойынша қалыптасады.
Кәсіподақ ұйымдары басшыларын және сайлау органдары мүшелерін сайлау кезінде дауыс беру формасын жиналыс, конференция және съезд анықтайды.
Кәсіподақтың және оның филиалдарының басшысы лауазымына үміткерлер салалық Кәсіподақтың мүшелерінің арасынан кемінде үш жыл кәсіподақтық жұмыс өтілі бар және кәсіподақтық оқыту курстарында дайындықтан өткен мүшелердің арасынан сайланады.
6.5. Басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс алған үміткерлер және жиналыс қатысушылары, конференция, съезд делегаттары, сайланбалы кәсіподақ органының мүшелерінің, жиналыстың жұмысына қатысқандардың кворумы болған жағдайда жартысынан астам дауыстарын алған үміткерлер сайланды деп саналады.
6.6. Жиналыс, конференция, съезде сайланған кәсіподақ ұйымының мүшелері лауазымы бойынша тиісті ұйымдардың сайланбалы кәсіподақ органдары арқылы мойындалады.
6.7. Кәсіподақтан шыққан немесе байланысын үзген сайланбалы органның мүшелері олардың құрамынан тиісті сайланбалы органның шешімімен шығарылады.
6.8. Қажетті жағдайда кәсіподақ органының мерзімге дейінгі сайлауы немесе олардың құрамына қосымша сайлау өткізілуі мүмкін:
-
Бастауыш ұйымдарда – жиналыстар немесе конференцияларда;
-
Кәсіподақтың филиалында – жиналыстарда;
-
Кәсіподақта – Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің отырысында.
Мерзімнен бұрын сайлаулар сайлау органдарымен немесе олардың басшыларымен өкілеттіліктерін тоқтатқан жағдайда немесе жоғарыда тұрған кәсіподақ органының шешімімен кәсіподақ органның қанағаттанарлықсыз жұмысы жағдайында, оның басшысының Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда тоқтатылады.
Кәсіподақ органдарына қосымша сайлаулар сондай-ақ жартылай жаңарту жағдайлары кезінде де қолданылады.
-
КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕНШІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
7.1. ________________________Кәсіподағы бекітілген тәртіпте оған берілген, кәсіподақ жарналары есебінен, сондай-ақ шаруашылық, басылым және басқа заңмен тыйым салынбаған қызметтің есебінен сатып алынған немесе құрылған мүліктің иесі болып табылады.
7.2. Кәсіподақтың мүлкін қалыптастыру көздері болып табылады:
-
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақшалай және басқа үлгіде қалыптастырылатын Кәсіподақтың мүлкі;
-
Кәсіподақтың мүшелік жарнасы;
-
ерікті мүліктік жарналар және аударымдар;
-
шаруашылық, кәсіпкерлік және заңнамамен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлерінен түскен түсімдер (кірістер);
-
заңмен тыйым салынбаған басқа түсімдер.
Кез келген қызмет түрінен алынған кірістер жарғылық мақсаттарға жолданады.
Мүлік Кәсіподаққа жеке меншік құқығында тиесілі. Иелік ету, пайдалану және қолдану тәртібі, меншік үлгісін алмастыру Кәсіподақтың Салалық Кеңесімен анықталады.
Кәсіподақ оған тиесілі мүлікке қатысты заңнамамен тыйым салынбаған кез келген қызметті жасауға құқылы.
-
Бастауыш ұйымдар мен филиалдар Кәсіподақпен берілген мүлікті пайдалануы мүмкін.
-
Кәсіподақтың қаржысы ай сайын төленетін Кәсіподақтың мүшелік жарнасынан, шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет және заңмен тыйым салынбаған басқа кірістерден құралады.
-
Ай сайын төленетін кәсіподақтың мүшелік жарнасы келесі көлемде анықталады:
- жұмыс істеушілердің ай сайынға жалақысының барлық төлемдерінен 1 пайыз;
- студенттер мен оқушылардың шәкіртақысы көлемінен 1 пайыз.
Бастауыш ұйымдарының шешімі бойынша кәсіподақтың мүшелік жарнасының көтерілген көлемі орнатылуы мүмкін.
7.6. __________________________ Кәсіподағында кәсіподақтың мүшелік жарнасын біріңғай жинақтау және тарату тәртібі анықталады.
Кәсіподақтың мүшелік жарналары Кәсіподақтың мүшелерімен төленеді және Кәсіподақтың мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік және сот органдарының, жұмыс берушілердің алдында қорғау үшін төленеді, ұжымдық келісімшартта мен келіссөздерді жүргізу кезінде білікті мамандар- кеңесшілердің еңбекақысына төлеу, Кәсіподақтың мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, Кәсіподақтың мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған ынтымақтастық және басқа қорларды құруға, Кәсіподақтың мүшелерінің заңдық құқықтарын қорғауға арналған акцияларды өткізу мен дайындауға, заңдар мен басқа нормативтікк құқықтық актілердің жобасын сараптамалық бағалауды ұйымдастыруға, ақпараттық және әдістемелік жұмысқа, кәсіподақтың кадрлары мен активтерін оқытуға және басқа жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Мүшелік жарналар кәсіподақтың мүшелерінің өтініштері боынша барлық еңбек ақы түрлерінен қолма-қолсыз төлеу жолыменен төленеді.
Кәсіподақтың мүшелік жарналарын қолма-қолсыз төлеу тәртібі Кәсіподақтың Жарғысымен анықталған көлемде ұжымдық келісімшарттар мен келісімдермен анықталады.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарында жинақталған Кәсіподақтың мүшелік жарналары толық көлемде (жиынтықтың 100 пайызы) филиалдың, Кәсіподақтың өкілдігі немесе локальды кәсіподақтың есеп-айырысу шотына аударылады.
Филиалдан және локальды кәсіподақтан түскен Кәсіподақтың мүшелік жарналары салалық Кәсіподақпен анықталады.
салалық Кәсіподақ Қазақстан Республикасы салалық Кәсіподақтар Федерациясына жалпы түсімнің 2 пайызын аударады.
7.7. Кәсіподақтың және оның құрылымдық бөлімшелерінің сайланбалы органдарының Кәсіподақ бюджеті қаржылары бекітілген немесе осы Жарғымен қарастырылған қызметті қамтамасыз ететін сметаларға сәйкес жаратылады.
7.8. Қаржылық есептер жоғарыда тұрған кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет ұсынылады.
7.9. Дәлелді себептерсіз жоғарыда тұрған органды қаржыландыруда тоқтатқан кәсіподақ ұйымдары оның шешімі бойынша үш ай өткеннен соң Кәсіподақтың осы ұйымдарға қатысты қорғаныс функциялары тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
7.10. Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мүшелік кәсіподақ жарналарының толық жиналуына және міндетті төленуі мен бөлінуі тәртібін сақтауға жеке жауапты болады.
7.11. Кәсіподақтың жеке балансы, банктік шоттары, соның ішінде валюталық есепшоттары болады.
-
КӘСІПОДАҚТЫҢ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
-
Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақтың съездінде, ал құрылымдық бөлімшелердің тексеру комиссиялары олардың конференциялары мен жиналыстарында Кәсіподақтың және құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық-шаруашылық қызметіне, мүшелік кәсіподақ жарналарыныңжәне басқа түсімдердің түсуі мен есептелуіне бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті сайлау органдарындағыдай өкілетті мерзімге сайланады және өзінің қызметінде съездбен бекітілген олар туралы Ережені басшылыққа алады.
-
Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы барлық деңгейдегі сайлау органдарының қызметін тексеруді және бақылауды қаржылық жыл өткеннен кейінгі мерзімде жүзеге асырады.
-
Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы міндетті тәртіп бойынша локальды кәсіподақтарды тексеру мен ревизияны қаржылық жыл өткеннен кейінгі қызметтің бірінші жылында жүзеге асырады. Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің, соның ішінде локальды кәсіподақтарды тексеру комиссиясы өзінің жұмысында Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының алдында есеп беерді және оның шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді.
-
Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерімен сайланады және лауазымы бойынша Кәсіподақтың съезд делегаты болады, филиалдар мен бастауыш ұйымдардың тексеру комиссияларының төрағалары сәйкес конференциялардың делегаттары болады.
9. КӘСІПОДАҚТАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
9.1. Кәсіподақты таратуға негіз болып табылады:
-
Кәсіподақтың мәртебесінің өзгеруі;
-
Кәсіподақтың филиалдары мен Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының құқықтық жағдайының өзгеруі;
-
Кәсіподақтың құрылымының өзгеруі және т.б.
Тарату кезінде Кәсіподақтың барлық құқықтары мен міндеттері оның құқықтық мирасқорына өтеді.
-
Кәсіподақтың қызметі съездің шешімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің саны осы Жарғыда қарастырылған оны құру үшін саннан кем болған жағдайда немесе соттың шешімімен тоқтатылады.
-
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі Кәсіподақтың Салалық кеңестері шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Мекеменің, кәсіпорынның құрылымы өзгерген жағдайда немесе жұмыскерлерді босатумен оны тарату кезінде Салалық кеңестің шешімі бойынша жүргізіледі.
9.4. Шешім қабылданды деп саналады:
-
Кәсіподақты тарату кезінде, егер де оған кворум болған жағдайда съезд делегатарының кемінде 2/3 дауыс берген жағдайда;
-
Кәсіподақтың немесе оның құрылымдық бөлімшесі таратылған (таратылған) жағдайда, егер де оған кворум болған жағдайда съезд, конференция делегаттарының немесе бастауыш ұйымның мүшелерінің кемінде 3/4 дауыс берген жағдайда.
-
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі қызметін тоқтату (тарату) туралы шешім қабылданған жағдайда тарату бойынша барлық ұйымдастыру іс-шаралары сәйкес құрылымдық бөлімшенің ревизиялық комиссиясымен жүзеге асады.
Филиалды тарату туралы ревизиялық комиссияның қорытындысы Кәсіподақтың Салалық кеңесімен бекітіледі.
9.6. Кәсіподақтың жиналысы, бастауыш ұйымның, локальды кәсіподақтың хаттамасы мен ревизиялық комиссияның қорытындысы Кәсіподақтың сәйкес филиалына және Кәсіподақтың Салалық кеңесіне тарату туралы шешім қабылданғаннан соң үш күндік мерзімде жолданады.
Филиал конференциясының хаттамасы мен ревизиялық комиссияның қорытындысы Кәсіподақтың Салалық кеңесіне шешім қабылданғаннан соң үш күндік мерзімде жолданады
9.7. Кәсіподақтың қызметін қысқарту (тарату) туралы шешім қабылданғаннан соң съезд тарату комссиясын тағайындайды, оның құрамына Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі кіреді. Қабылданған шешім туралы әділеттің сәйкес органдары хабардар етіледі.
Тарату комиссиясы Кәсіподақтың қызметін қысқарту (тарату) туралы ақпаратты, сондай-ақ кредиторлардың кінә қоюды мәлімдеу мерзімі мен тәртібі әділеттің орталық органының ресми басылымдарында жарияланады. Кінә қою мерзімі тарату туралы шешім жарияланған кезден бастап екі ай. Кінә қою мерзімі өткеннен соң тарату комиссиясы аралық тарату баласын құрастырады, ол Кәсіподақтың Салалық кеңесімен бекітіледі.
Кәсіподақ немесе оның құрылымдық бөлімшесі таратылғаннан соң қалған мүлік Кәсіподақтың Федерация Жарғысында қарастырылған мақсаттарға немесе оның құқықтық мирасқорларына жолданады.
9.8. Ол туралы заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік тізімдемесіне жазу енгізілгеннен соң Тарату аяқталды ал Кәсіподақ өзінің қызметін тоқтатты деп есептеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. ________________________ Кәсіподақтың заңды тұлға құқығы бар. Бұл құқық заңнамамен, осы Жарғымен, съезд шешімдері, Кәсіподақтың басқару органдары, съезд шешімдері негізінде анықталған тәртіп бойынша әрекет етуші бекітілген Кәсіподақтың Салалық кеңесімен және Атқару комитетімен, Кәсіподақтың Төрағасымен, сондай-ақ заңды тұлғалармен берілген сенімхаттардың негізінде әрекет ететін филиалдар төрағасымен іске асырылады.
10.2. Кәсіподақтың банктік шоттары, соның ішінде валюталық шоттары, мөрі, штампы, бекітілген үлгіде бланктері мен өзінің символикасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |