Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға қабылдаудың қағидалары



Дата19.06.2016
өлшемі151.36 Kb.
#148036
Бекітемін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры ______________ Н. Аршабеков 2012 жылғы 1 маусым

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға қабылдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалары) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген.



2. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) және жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады. 3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасынын азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, егер олар осы денгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі. Шетелдіктердін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады. 4. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардын өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы бітірушілер, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарынын бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі. 6. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша (3 жыл) ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы жүзеге асырылады. Ұқсас мамандықтар тізбесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімге (2 жыл) оқуға қабылдауды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы жүзеге асырылады. 7. Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавриат мамандықтарының тізбесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. 8. Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтарға (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі - шығармашылық емтихандар) есебінен жүзеге асырылады. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы жүргізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар бір ғана шығармашылық мамандықты көрсетеді. 9. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға түсетіндерден шығармашылық емтихан қабылдайды. Шығармашылық емтихандар саны - 2. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне он күндік мерзімде шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтардың көшірмесін ұсынады.

2. Кешенді тестілеуді өткізу

10. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы өкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ мен кешенді тестілеудің бейінді пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. ПМПИ - жоғары білім алуға құжаттарды қабылдайтын және кешенді тестілеуді өткізетін базалық жоғарғы оқу орны. 11. ПМПИ-ге оқуға түсетін талапкерлерді қабылдау өтініш бойынша конкурстық негінде ҰБТ сертификатының немесе кешенді тестілеудің балдарына сәйкес жүргізіледі. 12. Ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәртіпті сақтау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары оқу орындарынына түсетін тұлғаларға кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құрылады. 13. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ПМПИ-ге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіледі. 14. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші ПМПИ-дің қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады: - белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; - аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа); - тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек; - 3х4 көлеміндегі екі фотосурет; - 086-У нысанындағы медициналық анықтама; - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. 15. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді ќабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында ПМПИ - дің қабылдау комиссиясы қабылдайды. 16. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. 17. Кешенді тестілеуден өтуге келген талапкер жеке куәлігін және кешенді тестілеуге рұқсаттамасың көрсетеді. 18. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі. 19. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеудің қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі) және Қазақстан тарихы пәндерінің балдары саналады. 20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді. 21. Кешенді тестілеу өткізу кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге жол берілмейді. 22. Түсуші осы қағидалардың 21-тармағын бұзған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тыйым салынған затты тәркілеу және үміткерді шығару актісін жасайды және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды. 23. Кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін түсуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасайды. Бұл ретте аталған тұлғаның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді. 24. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. 25. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған ПМПИ-де өткізіледі. 26. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді. 27. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды. 28. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді. 29. Кешенді тестілеудің нәтижелерімен келіспеген талапкердің апелляцияға құқығы бар. 30. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия құрылады. ПМПИ-де апелляциялық комиссия кешенді тестілеудің нәтижелерімен және/немесе тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен, құрамы ПМПИ қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі. 31. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек. 32. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды. 33. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның тұлғаға балдар қосу туралы ұсынысының негіздемесін қарайды және шешім қабылдайды. 34. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға және барлық комиссия мөшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Мемлекеттіқ Білім беру гранттар беру тәртібі
35. Мемлекеттік Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құратын Комиссия өткізеді.

36. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл.



37. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.

38. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.



39. Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

40. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

41. Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

42. Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде:

1) “Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар. Олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәндеріне сәйкес мамандықтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

43. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

44. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

45. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі.

46. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс былайша өткізіледі: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайызы грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен білім беру грантының иегерлері ауылдық жерге (бұдан әрі – ауыл) жұмысқа жіберіледі.

Педагогикалық мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен білім беру гранты иегерлері үшін білім беру қызметтерін ұсынуға арналған шарт жасасқан кезде олардың оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылда орналасқан білім беру ұйымдарында жұмысты өтеуі міндетті шарт болып табылады.

47. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгіленген үлгідегі куәлік береді. Куәліктерге сәйкес грант иегерлерінің тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде жарияланады.
4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

48. Студенттер қатарына қабылдауды ПМПИ-дің қабылдау комиссиясы 10-25 тамыз аралығында өткізеді. Оқуға түсушілер ПМПИ-дің қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге: - жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатын (түпнұсқа); - ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын; - білім беру грантын тағайындау туралы куәлігін (бар болса); - 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін; - 086-У нысанындағы медициналық анықтамасын; - флюорография суретін; - әскерге тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесін (бозбалаларға); - шарт және алғашқы төлемақы тубіртегінің көшірмесін қоса тапсырады. 49. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады. Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады. 50. ПМПИ-ге ақылы оқу негізінде кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. 51. Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі. Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі. 52. Институтқа түсетін талапкерлер осы жылғы 5 қыркүйекке дейін білім беру қызметі туралы шарт жасасады. 53. Күндізгі оқу түріне қашықтан білім беру технологиясы бойынша түсу үшін талапкер ауыстыру туралы өтініш жазады және сауалнама толтырады. 54. Жоғарғы кәсіби білімі бар, қысқартылған оқу нысаны бойынша ақылы негізінде түсетін талапкерлер үшін іріктеу комиссиясы құрылады. Оның құрамына факультет деканы мен кафедра меңгерушілері кіреді. Іріктеу комиссиясы мамандық дайындайтын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жасаған және факультет деканы бекіткен бағдарлама бойынша әңгіме жүргізеді. Факультеттер мамандығына талапкерлерді іріктеу комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі ПМПИ-дің қабылдау комиссиясына тапсырылады. 55. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдесе, ол құжаттарын сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған жағдайда ПМПИ-дің студенттер қатарына қабылданады. Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап төрт аптаға жарамды. 56. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді. 57. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабылдау комиссиясы ҚР Білім және ғылым министрлігіне белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (Т.А.Ж., мамандығы) ұсынады. Осы қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді ПМПИ-дің қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 1-қосымша Нысан



Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған талапкерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тіркіленуі туралы акт

_________________________________________________________________________ ( ЖОО атауы)

20_____ж.________________ _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі____________________________________________ ( тегі, аты-жөні) Аудитория кезекшісі_________________________________________ (тегі, аты-жөні)

Талапкердін: Тегі,аты-жөні________________________________________ ТЖК_____________, аудитория №______, орын №______, нұсқа №____ Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгі ережесінің 21-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:_____________________________________________________________ (ұялы телефоның маркасы, саны және мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)

Осы деректі ескере отырып, қаулы етілді:

емтихан материалдары алынсын; Талапкер: Тегі, аты-жөні___________________________________, ТЖК_____№_____аудиториядан шығарылсын және талапкердің емтихан материалдары жойылсын._____________________________________________________________ (осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары мен аты-жөні, тегі) Актімен таныстым:_____________________________________________________________ (талапкердің, қолы мен аты-жөні, тегі ) Актімен таныстым: ___________________________________________ ( ЖОО-ның жауапты хатшысының қолы мен аты-жөні, тегі)

М.О. (ЖОО мөрі)



Қүні:___________

Жоғары білім берудің кәсіптік 


оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға  
қабылдаудың үлгі қағидаларына 
2-қосымша          

Нысан


Тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін
талапкердің емтихан материалдарын тапсырудан бас тарту фактісін тіркеу туралы
акт

      _________________________________________________


 ( ЖОО атауы)

   20_____ж. ____________                 _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі ______________________________________________  ( тегі, аты-жөні)
Аудитория кезекшісі __________________________________________
                                         ( тегі, аты-жөні) Талапкердің: Тегі, аты-жөні____________________________________________,
ТЖК___________№_____аудитория, №_______ орын, №_________нұсқа Тестілеуге берілген уақыт аяқталуына байланысты, емтихан материалдарын тапсырудан бас тартты. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгі ережесінің 23-тармағының бұзылғандығы болып есептеледі.

Осы деректі ескере отырып, қаулы етілді:

  емтихан материалдары алынсын;
      Талапкер: Тегі, аты-жөні_________________________________________,
      ТЖК_____№_____аудиториядан шығарылсын және талапкердің емтихан материалдары жойылсын.
      ______________________________________________________________
               (осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары мен аты-жөні, тегі)
      актімен таныстым:_____________________________________________
                                 (талапкердің қолы мен аты-жөні, тегі)
      актімен таныстым:_____________________________________________
                         ( ЖОО-ның жауапты хатшысының қолы мен аты-жөні)

      М.О.


       ( ЖОО мөрі)                           

Қүні:___________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет