Регламенті Жалпы ережелер «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»



Дата16.07.2016
өлшемі107.99 Kb.
#202093
түріРегламент


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы

03 қыркүйектегі № 338 қаулысымен бекітілген

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін

медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (№ 11304 болып нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы регламентке
1-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 035-2/е және № 079/е нысандары бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, Тіркелген тұрғындардың тіркелімінен тексереді, статистикалық талон береді және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігердің қабылдауына жібереді – 10 (он) минуттан аспайды;

2) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны қабылдауды жүргізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;

2) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау


7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

медициналық тіркеуші;

дәрігер.

8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің


(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, Тіркелген тұрғындардың тіркелімінен тексереді, статистикалық талон береді және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігердің қабылдауына жібереді – 10 (он) минуттан аспайды;

2) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны қабылдауды жүргізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


9. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін


(іс-қимылдарын), өзара іс-қимылдары реттілігін толық сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін

медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсететін ұйымдардың тізбесі


Р/с №

Ұйымның атауы

Ұйымның мекенжайы

Жұмыс кестесі



Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Петропавл қаласы,

М.Әуезов көшесі, 130

52-70-13


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Петропавл қаласы, Васильев көшесі, 123

50-27-23


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Петропавл қаласы, Юбилейная көшесі, «7а»

53-76-93


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 64

46-44-63


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-18.00 дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Хайыров көшесі 1

8(71533) 2-29-71



дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Ақжар ауданы,

Талшық ауылы,

Әуезов көшесі, 19

8(71546)2-11-32



дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Аққайың орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Аққайың ауданы,

Смирново ауылы, Молодежная көшесі, 6

8(71532) 2-16-28


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Есіл ауданы,

Явленка ауылы,

Амангелді Иманов көшесі, 78

8(71543) 2-16-95



дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы,

Логовая көшесі, 46

8(71544) 2-11-03


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы,

Мира көшесі, 8

8(71531) 2-05-29


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қызылжар ауданы,

Бескөл ауылы,

Пирогов көшесі, 19

8(71538) 2-18-85



дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Мамлют орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Мамлют ауданы,

Мамлютка қаласы

Аурухана қалашығы

8(71541) 2-25-23



дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы,

Мир көшесі, 1

8(71535) 2-13-30


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тайынша орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Крыжановский көшесі, 72 8(71536) 2-12-57

дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Тимирязев ауданы,

Тимирязев ауылы, Горький көшесі, 1

8(71537) 2-05-93


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Уәлиханов орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Уәлиханов ауданы,

Кішкенекөл ауылы, Мәліков көшесі, 100

8(71542) 2-21-97


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы,

Гончаров көшесі, 119

8(71534) 7-91-88


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін





«Денсаулық» коммерциялық емес жеке меншік мекемесі

Петропавл қаласы,

Шухов көшесі, 34

51-19-29


дүйсенбі-жұма аралығында

сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін



«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін

медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



group 234






Шартты белгілер:





autoshape 169





  • мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




rectangle 168

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы




autoshape 225

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет