Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-2
|
163232
|
220697
| С-О-5 |
83282
|
112430
| C-O-6 |
74953
|
101604
| С-R-4 |
73288
|
99105
|
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі № 29, анықтама телефондары 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс 55-12-03, e-mail: 724-0200@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі:
1. Кеңсе меңгерушісі, С-О-2 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Кеңсе жұмысын ұйымдастыру; кіріс және шығыс хат-хабарлардың тіркелуін, орындалуын бақылау және есепке алу; соттың іс-қағаздарын жүргізуге қатысты номенклатураны құрастырып, мемлекеттік мұрағатпен келістіруге, бекітілген номенклатураға сәйкес іс-құжаттарын дұрыс жүргізілуін қадағалау; мұрағат, кеңсе қызметкерлерінің, хатшылардың жұмыстарына басшылық жасау; хат-хабарлардың жолданылуына, соттың атқарған жұмысы бойынша статистикалық есеп берудің дұрыстығына жауаптылық; құжаттардың уақытылы да сапалы орындалуын және дұрыс толтырылуын бақылау; сот мөрінің сақталуына жауап беру; сот актілерінің орындалуға жіберілуін қадағалау, сот кеңсесінің жоспарларының орындалуын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) бойынша мамандықтар. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік, С-О-5 санаты.
Функционалды міндеттері: Сот отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сот отырысының хаттамаларын уақытылы және сапалы түрде дайындайды, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып, Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне оларды салады.Істердің, арыздардың, өтініш хаттардың, оларға тіркелген құжаттардың және заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Істер қаралғаннан кейін оларды ресімдеуді жүзеге асырады. Алқаларда қаралған істер мен материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуіне жауапты адамға уақытылы беруді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) бойынша мамандықтар.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
3. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот приставы С-О-6 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Сот отырыстарын өткізуге арналған залдардың дайын болуын бақылау; Ережеге сәйкес кіру режимін қадағалау. Азаматтардың сот үй-жайында және сот отырысы залында болу тәртібін сақтауын қамтамасыз ету; Сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асыру; Қамауда отырған адамдарды күзету және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша айдауыл қызметінің қызметкерлерімен өзара әрекет жасау; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімдерде қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім: Құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы(мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша мамандықтар. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. (Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі №150-1 Заңы, 6-бабының 1-тармағына сәйкес, жас мөлшері 21 жастан төмен емес болу қажет). «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
4. Бас маман, С-R-4 санаты, 2 бірлік: Шиелі аудандық сотының кеңсесіне – 1 бірлік, Қазалы аудандық сотының кеңсесіне -1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Кіріс және шығыс хат хабарларды тіркеу, кіріс хат-хабарларды тіркеу журналын жүргізу және судьяларға, мамандарға істерді уақытылы тапсыру, нарядтарды, арыздарды тіркеу журналын жүргізу, хаттарды, хабарламаларды жолдау, статистикалық есептерді, қаралған істер бойынша талдау жүргізу, автоматты түрде істерді бөлу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: Құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) немесе білім саласы (құқық және экономика негіздері) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша мамандықтар. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
5. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 3 бірлік: Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсесіне-1 бірлік, Қызылорда қалалық сотының кеңсесіне-1 бірлік, Шиелі аудандық сотының кеңсесіне-1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демлыста болған мерзіміне).
Функционалды міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: Құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) немесе білім саласы (құқық және экономика негіздері) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (мемлекеттік және жергілікті басқару)бойынша мамандықтар. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |