Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы


-БЛОК. Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022



бет17/19
Дата26.09.2022
өлшемі59.41 Kb.
#461402
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жо ары ж не (немесе) жо ары о у орыннан кейінгі білім беру йымд

5-БЛОК. Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.)


Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы. Атқарушы вертикаль ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту. Орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң. Құқық қорғау органдарын (сот, прокуратура, полиция, арнайы қауіпсіздік қызметтерін) құру. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және оның нәтижелері.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы.Қазақстан астанасыныңкөшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. Нарықтық экономикаға өту, жекеменшік институттардың орнығуы және Отандық бизнес негізінің қалануы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиыншылықтар мен кемшіліктер. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
БҰҰ-ның даму жөніндегі Бағдарламасы (БҰҰДБ), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының индексі (АДИ). Қазақстанда Адам дамуы туралы есептің тұңғыш басылымы. БҰҰДБ Қазақстанда АДИ-нің өсуі туралы. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет