Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы. Саяси- экономикалық дамуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi



Дата08.02.2022
өлшемі15.03 Kb.
#455209
Джт Дағдарыс


Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы. Саяси- экономикалық дамуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi - АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлерi Еуропа құрлығына келiп, шiлде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерiн қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркә- сiп орындары тоқтаусыз жұмыс iстеп Еуропа елдерiнiң соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық кор- порация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кiрiсi 33,5 млрд доллар болды.

Соғыстың АҚШ үшiн қорытындысы, Еуропа елдерiне Аме- рика капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретiн елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дү- ниежүзiне өзiнiң саяси экспанциялық саясатын нығайта түстi. Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi Вильсонның сөзiмен айтқанда: «Бiздiң мiндетiмiз дүниежүзiне ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл саясаттың негiзi – АҚШ-тың дүниежүзiлiк гегемондық билiкке шығуы болды.

Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ. 1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшiн дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Экономикалық дағда- рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған едi. 20- жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзiнде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшерi 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жеттi.

1929 жылы қазан айының 24-і күнi қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейiн 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелерi 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтiп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер еттi. Сөйтiп, дүниежүзiлiк капитализм дағдарысы басталды.

Ол АҚШ-тың өнеркәсiп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндiру мен автомобиль шығару 15-16% төмендедi. 285 темiр қорыту пештерiнің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс iстедi.

Экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс жағдай- ын төмендеттi. Әлеуметтiк қайшылық өстi. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жеттi. Жұмыссыздық 30- жылдардағы АҚШ-тың күнделiктi өмiрiндегi қалыпты көрiнiске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды.

Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты. 1933 жылы наурыз айының 9-ы күнi Рузвельт үкiметi АҚШ парламентiнiң арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшiн жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бiрiншi кезеңi 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнiң негiзгi мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық да- муында корпоративтiк құрылымын нығайту болды. Капита- лизмнiң әлеуметтiк негiзiне өзгерiстер жасау арқылы, либерал- дық реформалар жасауға кiрiстi. Жаңа бағыт саясатының алғаш- қы күнiнен бастап АҚШ-та қаржы-банк жүйесiнде қайта құру шаралары жүргізілді.







Джон Мейнард Кейнс (1883 - 1946) - британдық экономист, қаржыгер және журналист. Оның теориялары 20 ғасырдағы макроэкономикалық ой мен саяси экономикаға әсер етті.

Ол неоклассикалық ойлауға қарсы кейнсианизм деп аталатын экономикалық тенденцияны құрушы болды, онда жалақы талаптары икемді болған жағдайда еркін нарық халықтың жалпы жұмыспен қамтылуына ұмтылады деген ұсыныс жасалды.



Жұмыспен қамту, пайыздар мен ақшаның жалпы теориясыол 1935-1936 жылдар аралығында дамытты. Ол тұтынуды ұлғайту, пайыздық мөлшерлемені төмендету және мемлекеттік инвестициялар экономиканы реттейді деп санады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет