Жол қозғалыс ережелері Сыныбы: 4 Уақыты



Дата04.12.2023
өлшемі14.36 Kb.
#485334
түріСабақ
жолда жүру қазан 02.10.


Тексерілді:

Жол қозғалыс ережелері

Сыныбы: 4

Уақыты:

Тақырыбы

Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері.

Жалпы мақсаты

Оқушыларды көшеде жүруге тәрбиелеу.Жол ережесімен таныстыру,көшені қалай қиып өтуге,бағдаршамның қай түсіне өтуге болатынын түсіндіру. Топпен және қатармен жүру ережелерімен таныстыру.Оқушыларды байқампаздыққа,зейінділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Жол ережесімен танысады,көшені қалай қиып өтуге,бағдаршамның қай түсіне өтуге болатынын түсінеді. Оқушылар байқампаздыққа,зейінділікке тәрбиеленеді.

Сабақ әдісі, тапсырмалар

Оқыту үшін және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, сыни тұрғыдан ойлау.

Керекті жабдықтар

Суреттер,топшамалар.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ой қозғау.
-Балалар,сендер жолда қалай жүру керек екенін білесіңдер ме?
- Жол тәртібін сақтай отырып,мектепке жету үшін қандай қауіпсіз жолмен жүресіңдер?

Сұрақтарға ойлана отырып, өз ойларын ортаға салады.

Негізгі бөлім

Жолда жүру ережесі:


1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.
2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.
3.Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.
4.Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды.
5.Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

Жол үстінде байқаған-аман болар апаттан-демекші, жолүстінде ойнауға болмайды.Жолдан өткенде алдыменсол, одан кейін оңға қарауды ұмытпаңдар.


Тұрған машина артынан қауіп төнуі мүмкін,жол үстіне жүгіріп шығушы болмаңдар.
Суретпен жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.

- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.


Жұмбақ жасыру.
Жолақ жолмен көшеден
Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?



Жолда жүру ережелерімен танысады.

Суретпен жұмыс жасайды.


Жұмбақты шешеді.



Қорытынды

Балалар ,бүгінгі сабақтан сендер нені естеріңе сақтадыңдар?
Жолдан қалай өту керек екен?
Бағдаршамның қандай пайдасы бар?
Қандай ескерту белгілерін білесіңдер?
(Жаяу жүргіншілер өтетін жол,велосипед жолымен қиылысу,трамвай жолымен қиылысу, жол жұмыстары, тастар түсуі,шлагбаумы жоқ темір жол өткелі,балалар, тайғақ жол.)
Ал бүлдіршіндер, жол бойындағы алғашқы сапарларың сәтті болсын,кездейсоқ оқиғалардан сақ бола алатындай сенімді болыңдар.Олай болса көшеде жүру ережелерін ұмытпай естеріңде сақтаңдар.

Ойланады, сұрақтарға жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет