Жоспар Кірісп


Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі353.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

1.2. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.


Алла елшісі Мұхамедтің ислам тағлымдарын таратын, ақыретке сенуге шақырғаннан бері 1400-ге жуық уақыт өткен екен. Пайғамбарымыздың оншақты серіктерінің сенімімен басталған мұсылманшылық бұл күнде миллиардтан астам адамның жүрегіне ұялап, пәрменді әлеуметтік күшке айналым отыр.

Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан. Ұлтымызды сақтап, тегімізді бүтіндеу үшін, тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін жас ұрқақты ұлттық сауаттылыққа имандылыққа тәрбиелеуіміз керек. Имандылық тәрбиесінің мақсаты адамзатты ақиқатқа жетектеу болып табылады. Яғни, мемлекетіміздің, қоғамымыздың болашағына жауап беретін адал, мәдениетті, білімді азамат тәрбиелеу. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы.

Қазақ халқының ата бабасынан келе жатқан байырғы діні – Ислам діні. Ислам ұлттық дін емес, ол әлемдік дін болып саналады.

Ислам дінінің бүкіл адамзат баласының мәдени өміріне қосқан үлесінің зор екенін мұсылман әлемі ғана емес, әрбір сауатты, көкірегі ояу азамат біледі.

Ислам діні - адамды рухани жағынан, әдеп, ибалысын, қанағат, мейірім шапағат, жанашырлық, бауырмалдық адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі болды. Ислам тәрбиесі барлық уақытта адам баласына иманды үйретіп, иманға шақырып келді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал Иман дегеніміз – Аллаға, Алланың істеріне күмәнсіз сену дегенді білдіреді.

Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің ,яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарын айқын сеніммен қарай, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көңішл адамды – «иманды» адам дейміз. Иманды адам шығады. Бұл категориялар әрқашан адамның, қимылымен тәртібімен, іс-әректімен тікелей байланыста.

Сыпыра жырау "Бір дегенде не жаман" деп басталатын толғауында қоғамдық тұрмыстағы тәлім тәрбие ісінің өзегі болған үлкен екі мәселеге назар аударады: Ұлды ақылды, білімді етіп өсіру, Қызды әдепті, ибалыққа тәрбиелеу.

Бір дегенде не жаман!

Білімсіз өскен ұя жаман.

Екіншіден не жаман!

Елеусіз өскен қыз жаман.

Жастарды әдептілікке, сыйласымдықөа бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды. Жасы үлкендердің алдында әдептілік сақтап оларға құрмет көрсетуді талап етеді.

Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын
алып береді, той тарқаған соң бір-екі күннен кейін келіп өз отауында қыз келіншектермен сөйлесіп отырып қатты күледі. Атасы сыртта дәрет алып отырып қатты күлгенін ерсі көріп "осыншама сықылдап күлген қай көргенсіздің баласы екен" депті. Содан бастап келін ұялып сөйлемей қояды. Кешке күйеуі келіп бірнеше күнге деиін күтіп, сонан соң шешесіне айтады. келеніңізге бірдеңенің салқыны тиген болар - деп, оны естіген ата-енесі түрлі бақсы балгерлерге емдетеді, бірақ одан ештеңе шықпайды. Келін ата-енссін өте жасы күтеді. Содан 6 жыл өтеді, тілі шықпай қалған соң 7 жылға
қарағанда баласына тоқал алуға рұқсат береді. Баласы біреуді
айттырып үйленеді, ол келмей жатып бұйыра сөйлейді. Сонда жігіттің бірінші әйелі мылқау шығып:

Келін, келін, келін-ай,

Келмей жатып сөзге бақ,

Мен келгелі жеті жыл

Сөйлегенім бүгін-ақ, - депті.

Бұрынғы келіннің сөйлегенің естіген атасы ақсары бас айтты: «Ойбай, балам, ана салпылдаған тоқалды құрт, ақ келіннің садағасы кетсін», - деп жаңа келген келіннің отауын да тіктірместен төркініне апарғызып тастайды. Кейін келіннің 7 жыл сөйлемей қойғаннан естігенде: «Ақ Сақалдыдан кеткен ағаттық, сайтанға болар тояттың» - депті атасы.

Әрине үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болу керек. Үлкенді сыйлау, біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға қатты күлмеуге тиіс.

Әке-шешеге игілік істесеңдер Алла сендерді жарылқайды. Өйткені ол тәуба етушілерді әлбетте жарылқаушы деген сөздерді дәл бүгінгі күндері ата-


аналарын қарттар үйіне тапсырып жүрген қазақ жастарын ұялтары сөзсіз.

Ата-ана туралы қасиетті Мұхамедтің «Жұмақ – шешңнің аяғының астында деген бір ауыз сөзінің құдіреті қандай күшті одан артық теңеу болуы мүмкін емес.

Мұхамед ғ.с.-ге бір кісі келіп: «Құдіретті пайғамбарым, туған туыстарымның ішінен кімді ерекше құрметтеуім керек? - дегенде:

- Шешеңді, деді пайғамбар.

- Одан кейін кімді? — дегенде:

- Шешеңді.-деді пайғамбар.

- Одан соң кімді? - дегенде,

- Тағы да шешеңді —деді пайғамбар.

- Одан соң кімді деп төртінші рет сұрағанда әлгі кісіге:

- Әкеңді,одан соң туыстарыңды құрметте! - деп Пайғамбар жауап берді.

Бұдан байқайтынымыз шешені құрметтеу әкеге қарағанда үш есе артық болу керек дегсн түсінік береді.

Ежелден қазақ ұғымындағы: әке-шешеңді Меккеге үш рет жаяу арқалап апарсаң да қарыздан құтылмайсың деген сөздердің жауапкершілігін түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді.

дүниенің қараңғы тереңде күнделікті тіршілік қамы, жазғы мезгіл
өрісі жайлау үшін, қысқы мал тебіні қыстау ықтасын үшін, осы екі қамға тоғысар ел талау құралы – надан, содыр билік мансап үшін алыс-жұлысты жүргені дау-шар, бодау-барымта, ұрлық-зорлық негізгі әрекет-кәсіп болған; ғылымнан ада болашақ жайы туралы саналы ойдан махрум жұрт та қалған жоқ. Қазақтың даласының соншалықты артта қалғандығы надандығы, "надандық-ғылым-білімнің жоқтығы"-деп осы надандықпен күреске түсті. Мұны өзінің алдына үлкен бағдарлама, зор мақсат етіп қойды. "Мақсатым - тілге ұстартып өнер шапшақ, наданның көзін ойып, көңілін ашпақ", деген нақыл сөзі осы жолда туған. Оның жастарға ең алдымен айтатын ақылы -талапты болу.

Ол: "Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге!!!"-

дейді де, осы "талап қыл" деген сөзін, насихат сөздерінде кеңейтіп былай дейді: "Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар, оларды білмей, іздегенмен табылмас. Әуелі білім-ғылым табылса, ондай мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға "мейірленіп, тезірек қолға түседі".

Абайдың: "Дүниеде өзі, мал да өзі,

Ғылымның көңіл берсеңіз"

деген нақыл сөзі білім-өнердің кілті, өнер-өмір; мағыналы өмір деген пікірді айтады. Ақын қазақтың бұл күнге дейінгі ғылымсыз тіршілігін санатқа қоспай "Ғылымсыз дүние жоқ", деген берік байлам жасайды.

Ақынның нақыл сөздері өнер-білімді күрделі мақсат үшіи үйрену керектігін, жеке болымсыз себептер үшін үйрену ұзаққа бармайтынын аңғартып отырады: "Білім-ғылымды бір нәрсеге себеп қана үшін үйренсең, білімге деген көңіліңнің мейірімі асырап алған шешенің мейірімі сияқты болады".

Еңбекке үндеу ақшаның ең сүйікті тақырыбы. Оның нақыл сөздері өз халқын болашақ жарқын тіршілікке бастайтын еңбек туралы насихатқа толы.

Абай: "Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тезсуалар"

немесе: "Өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңізді сау; еңбек қылсаң, қар жер де береді, құр тастамайды",- дейді.

Еріксіздік – бойға қорлық қана емес, өміріңнің өзі де бір баянсыз, берекесіз күйге келеді. Мұндай күйге түскен адам дүниеде жоқпен тең.

Абайдың адамгершілік тақырыбында айтылған нақыл сөздерінің жастардан рухани дүниесін тәрбиелеуде ерекше маңызы бар.

"Адамшылықтың алды – махаббат, әділет, сезім". Абайда бұл үшеуі бірлікте, олар жеке-жеке күйінде жарамсыз. "Әділет ізгіліктің анасы", "Кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ". Ал, ұят жоқ жерде, туыстық, бауырмалдыққа, махаббатқа орын жоқ. Себебі – ұят тоқтық барша адамгершілік қарыздарлық нормаларына сенімді жоғалтады: "Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ".

Адамды ұят келтіретін барша жөнсіз істерден сырт ұстайтын, оған жібермейтін күш адамның бойындағы ұстамдылық. Бұл болмаса, ақын қанша сезініп тұрғанымен, адам баласы ұя келтіретін қылықтан құр болмайды. Әріпте, ұятты сезінуге ақыл керек, егер ақылдың көзін қайратсыздық, әділетсіздік, жігерсіздік, байлаусыздық бүркесе, ақылды кісінің де адамшылдығы бұзылады.

Сол үшін де Абай: "Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат байлаулықтың жоқтығынап азайды", - дейді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет