Жоспар: Тустық атаулар сыры



Дата11.06.2016
өлшемі199 Kb.
#128860
Үш жрт

Жоспар:
1.Тустық атаулар сыры.

2.Үш жұрт

3.Туыстық қатынастар және оның тәлім тәрбиелік мағынасы.



Өз жұртың күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күнейі, жаман болсаң жүндейі.

Қайын жұртың –міншіл , қолыңның ұзындығына қайрайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.

Нағашы жұртың – сыншл, жақсылығына сүйнейді, жамандығына күйінді, әрқашан тілеуіңді тілейді. Тілеуқор қаиөоршы болады.

Тегін айтыллеаған бұл қағиданың шындығы.

Жұртпан басталып, жақындық, іліктік қатынас « ағайн» , « туыс», «нағашылы- жиенді», « ілік», « жамағайын», « жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Мұны бір сөзбен» «туыстық атау» деймыз. Азақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін- бірі бөтен санамаған. «Сұраса келе қарын бөле шығамыз» деп аты- жөйнін, іліктік қатынасы да сұрастырып, білім отыру дәстүрге айналған. « мыңнын түсін білгенше, бірдің отын біл» дейді. Бұл қазақ үшін бұлжымас заң.

Халқымызда туыстық, іліктік, қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол- жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқЕскерте кететін бір жай туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі.


  1. Ағайын жұрт

Ағайын Туыс- деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін айтады. « Ағайын» немесе» туыс» деп те атала береді. Бұлар бір қауым, бір ауыл болып, бір- біріне қамқорлық жасап қиын

сәтте қол сәттте қол беруге

туыстар тату, бірлікшілік бір- біріне қорғаныш болу керек. Ағайн, туыстан бөлініп кетпейді жақындары өте, туыстан бөлініп кетпейді. Бөлінгенді бөрі жейді деген бар.

Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды . Қазақтың бұл заңының ғылыми – генетикалық жағынан да дәлдігі анықталп отыр. Жеті атаға толғаннан кейін ру аұасқалдары, дін басшылары жиылып, боз бие сойып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге рухсат етеді. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталып әрі жалғасып келеді.

Туысы бірдің - уысы бір.

Тусқан өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

Туысы жаман туғанын жаманжайды.

Ағайын, туыс кімді жоқ, сыйласпаса

Жат жуық.

Ата (ер) - әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел – жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы. Мұндай кісілер төрде орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетеді. «Ауылңда қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей ата ел ұйтқысы , батағөйі; ақымиысы, қамқоры болып есептелеі. Жастар атадан бата алуы тиіс.

«Атаның айтқаны кейінгіге заң, ісі-үлгілі. Ол ел бірлігін, тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлап, байкал отыратын дана, көреген қария.

. Атабалаға сыншы.

. Атадан л туса игі.

. Ата жолын қса игі

. Аталы ел – баталы ел.

Әже (әйел) - әкенің шешесі. Ел іші, от басының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы. Ол сарт - әстүрді сақтап, кейінгі жастарға от басының, дастархан берекесінің, ағайын, абысындардың бірлігін сақтайтын тәрбиеші әрі ақылғөйі деп есептеледі. Ұлы мен келіні әжесінің тапсырмасы мен өтінішін сөзсіз орындауға тиіс. Қазақ халқының заңы бойыгша, әжені де, атаны да, әрбір адам тынысын, танымасын сәлем берін, құрметтер көрсетуге тиіс. Бұл кісілер өз ұұрпақтары ғана емес, жалпы елге ата, әже болып есептелеі. Әжелері жұрт «кейуана», «қария», «әже» деп құрмет ттып, сый сияпат ұсынып, батасын алады.

Ата мен әженің әке – шешелері оның ұрпақтары үшін « баба», «лы ата», «ұлы әже» деп аталады.

. Әжеле - әженің әрі.

. Деменіз әжем кәрі,

Кәрінің сөзі дәрі.

Ана (әйел) - өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата анаға мәңгі қарызда. Ұрпақтары бұл адамдддарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ретжітуне айтқанын орындасауға болмайды. Махамбет пайғамрдың хадисіне « Ата анасын ренжіткендерді. Алла тағала жақсы көрмейді» деген. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың қасиетті ұғым. Ананың өз балаларына ақ сүтімді ақтаы деуі үлкен баға. Керісінше өзіне зәбір балаларына ана «ақ сүтін көкке сауып қарғыстың ең жаманы осы.

Ана- өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші, тілеуқор, ақ ниетті мейірбан. Ол от басының берекесі, ырысы, ақылшысы.

Ана алдында батыр да, ғылым да кіші.

. Ата көрген – оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

. Аяғын көріп- асын іш,

. Анасынның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Әке (ер) – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауылы, ру

Қамқоршысы, үлкен - кіміге бірдей қамқор азамат, ел ағасы ретінде

қөрінеді.

Өмірде әке мен ана қатар аталады. Олардың қызметі туған балалары үшін шексіз. Атаның күші, ананың сүті ұрпақ үшін шексіз де, өмшеусіз. «АНаңы Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызыңды өтей аллмайсыз» деген сөз осының куасы. Бұл парызды әр ұрпақ өзінің ата – анасына деген қрметімен, шын пейімімен, ризалық ісімен ғана отей алады.

Жақсы ата - ана, ер мен әйел ұрпақтың, елдің мақтанышы.

« Ақылжы ерің ішінде,

алтын ерлі ат жатар.

Ақылды әйел ішінде,

Алтын бесіті ұл жатар» - деген мақалды тәрбиелік маңызы зор

Көрегендік жатыр. Ер мен әйел егіз ғым, егіз тұлға.

Олардың бір – бірінен бөйіл қарауға болмайды.

«Әйелдер жерден шыққан жақ,

Ол да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ ,

әйел оның анасы» -

деген халық сөзі осының айғағы.

Халық тілінде жанұя басы – ер адамды « отағасы», әйел – ананы « от анасы», « жұбайы», « зайыбы», «әйелі» деп сыпайлап атайды.

. Әке асқар тау, шеше ағар бұлақ.

. Әкеге қарап ұл өседі,

шшеге қарап қыз өсеі.

. Ата – ананың қаірін балалы болғанда білерсің.

Бала ұл деп ата – анадан тарған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», « қыз» деп аталады. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген дана халқымыз. « бала көңідің гүлі, көзің нұры». Ата – ана өз балаларын тәрбиелі өнегелі, саналы, білімі етіп өсіруге міндетті. Халықта « балаңды бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бестен әрі онымен досыңдай ақылдас» дегн ғибратты қағиа бар.

Қазақ халқы бірінші туған боланы «тұңғышым», одан кейінгілерін « ортаншы», ең соңғы туғанын « кенже» деп атайы. Ол әке – шешесін асырауға, атайы, күтуге міндетті. әке мұрасы сол кенже ұлға қалады. Оның үйі «қарашаңырақ» (яғни үлкен үй деген мағынада ) деп аталады. Балалар ата- аналарын төбейне көтеріп асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс.

« Аамарға біз ата- аналарына жақсылық жасауы бйырық» деп жазылған құран Кәрімде жазылған құран кәрімде.

. ата- бәйтерек, бала – жапырақ.

. балалы үй базар, баласыз үй қу базар.

. Бала – аамның бауыр еті.

. жақсы бала – сүйік, жамане бала – күйік.

Ағайындылар. Бір ата – анадан туған л, қызар, ағалы – інілілер мен апалы – сіңілілерді бір сөзбен ағайынылар дейді.

. Жыласуға жақын жақсы.

. сыйласуға жат жақсы.

. Жалғыз басты жігіттің шығар – шықпас жаны бар.

Ұл ер – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кінігінің жалғасы деп есептеледі

Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды

Ұл туғанда – күн туар

Ұлға – отыз үйден тыю,

Қазға – қырық үйден тыю.

Немере «ер» - ұлдын баласын «немере» дейді. Немере ата, әже үшін ыстық. Көбінесе олар түнғыш немерсын бауырына салып «өз балам» деп өсіреді. Немере қанша жақсы көргенмен өз балаңдай болмайды, өз балаңның көрсететін қызметін жасай алмайды. Өйткені оның өз әке – шешесі бар. Ол алдымен төл міндетін өз әке – шешесі алдында атқаруға тиіс. Немере етін жеп сүйегін береді.

Шөбере «ер» - немеренің баласы. Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлдем басқа. Қазақта «шөберенің қолынан су ішкен адам тозақ отына күймейді» деген сөз бар. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.

Аға «ер» - бір әке – шешеден туған «немесе рулас ағайын - туыс» жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де жолыда үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса жастар «мен істейін» деп қол ұшін беруі керек. Аға жасы кішілері үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Үйткені «ағасы бардың жағасы бар» ғой.

Ағаның үйі – ақжайлау

Жеңім жаман болса да, жаған жақсы,

Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.

Көп ақымақтың ағасы болғанша,

Бір ақылдының інісі бол.

Іні «ер» - бірге туған ағайынды адамдардың жасы кішісін «іні» деп атайды. Оның жасы кіші болғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға – апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиыс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс.Өйткені інісі бардың-тынысы бар. Іні-аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қолқанаты, сенімі,үміті. Ескере жүретін бір жай інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді, яғни інісінің баласы іні болды.

Інісі бардың тынысы бар.

Аға-бордан, іні зордан.

Апа (ӘЙЕЛ) бірге туған және туыстардын жасы үлкен қыздары онын інілеры мен сінілері келіндері үшін «апа» болады. Бүлардан апанын жолы үлкен және оған «Апай» деп қүрмет көрсетәледі ., Апа оларға еркән батыл адуындылау ,базыналы болады.

Кішілеры оны көтере білуі ілтепат көрсету онын алдында қурдау жорғалап , сыйлау керек . оның өтініші бұйрығы сөзсіз орындалғаны жөн . Апа жақсы аға інілерін ,туыстарын мақтаныш етін , өсіп отырыды . Ал ағаін бірлігін ,ел намысын қорғауғада үлкен жұмыстар істейды . Өз туістарынің кемшелегін батыл айта алады. Апаның куйеуі жезде , баласы жиен болады Апама да барайін , тайымды да үйрете келейн.

Апама жездем сай

Карындас «әйел» ағайындылар ішінде жаса кіші кыз ағалар үшін карындас болады . бұлар аға іні үшін қымбат та Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды

Ұл туғанда – күн туар

Ұлға – отыз үйден тыю,

Қазға – қырық үйден тыю.

Немере «ер» - ұлдын баласын «немере» дейді. Немере ата, әже үшін ыстық. Көбінесе олар түнғыш немерсын бауырына салып «өз балам» деп өсіреді. Немере қанша жақсы көргенмен өз балаңдай болмайды, өз балаңның көрсететін қызметін жасай алмайды. Өйткені оның өз әке – шешесі бар. Ол алдымен төл міндетін өз әке – шешесі алдында атқаруға тиіс. Немере етін жеп сүйегін береді.

Шөбере «ер» - немеренің баласы. Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлдем басқа. Қазақта «шөберенің қолынан су ішкен адам тозақ отына күймейді» деген сөз бар. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.

Аға «ер» - бір әке – шешеден туған «немесе рулас ағайын - туыс» жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де жолыда үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса жастар «мен істейін» деп қол ұшін беруі керек. Аға жасы кішілері үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Үйткені «ағасы бардың жағасы бар» ғой.

Ағаның үйі – ақжайлау

Жеңім жаман болса да, жаған жақсы,

Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.

Көп ақымақтың ағасы болғанша,

Бір ақылдының інісі бол.

Іні «ер» - бірге туған ағайынды адамдардың жасы кішісін «іні» деп атайды. Оның жасы кіші болғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға – апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиыс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс.Өйткені інісі бардың-тынысы бар. Іні-аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қолқанаты, сенімі,үміті. Ескере жүретін бір жай інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді, яғни інісінің баласы іні болды.

Інісі бардың тынысы бар.

Аға-бордан, іні зордан.

Апа (ӘЙЕЛ) бірге туған және туыстардын жасы үлкен қыздары онын інілеры мен сінілері келіндері үшін «апа» болады. Бүлардан апанын жолы үлкен және оған «Апай» деп қүрмет көрсетәледі ., Апа оларға еркән батыл адуындылау ,базыналы болады.

Кішілеры оны көтере білуі ілтепат көрсету онын алдында қурдау жорғалап , сыйлау керек . оның өтініші бұйрығы сөзсіз орындалғаны жөн . Апа жақсы аға інілерін ,туыстарын мақтаныш етін , өсіп отырыды . Ал ағаін бірлігін ,ел намысын қорғауғада үлкен жұмыстар істейды . Өз туістарынің кемшелегін батыл айта алады.

Апаның куйеуі жезде , баласы жиен болады

Апама да барайін , тайымды да үйрете келейн.

Апама жездем сай

Карындас «әйел» ағайындылар ішінде жаса кіші кыз ағалар үшін карындас болады . бұлар аға іні үшін қымбат та

=6=


Қимас жандар. Басқа елге,басқа әлерге ұзатылған қыздың ауылда қалғанбауырларын сағынуы,көрсе керемет қуанып асты – үстіне түсіп бәйек бол жатуы,қалынан келген қамқорын аяамауы, әйтеуір жақсылық жасап жаның жаздыратын жетберуге тырысу, бауырым ғой деп ерекше атап, елжіреп тұрды, көнілінің төрініе орын беруі,қазақ қатынастың айрықша бір ажарлы үлгісі дерлік. Қарындастың күйеуі «куйеуі бала балалары әжиен» деп аталды. .Қаба – қаба сөйлеуге қарындастың бары игі.

.Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келді.

Сінілі (әйел) – Бірге туған апасы (жақын туыстары) қыздардың кейісін сіңілі дейді.

=17=


Аға, апа (әке) алдында сінілімен інілерің құқы бірдей болғанымен «қыздың жолы жеңішке» деп жол көбінесе қызға тиеді. Сінілімен қарындас өзінен үлкендер алдында батылдау да, еркелеу, еркіндеу болады. Және олардың бұл еркелігін аға, апалары көтеруі керек.

.Анасы киген сәукелені сінілісі де киеді.

Жеңге (әйел) – ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін» кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім – тәрбие үшін орны айрықша. Ол әсіресе, өзінен кимі қайнылары мен қайынсіңілері үшін әзіл, қалжыңы араласа жүретін сүйкімді де сыйлы адам. Жеңге қайнылары мен қайнысінілері өз атыменатамай оларға өзіме «сырғалым» «шашбаулым» «ерке бала» «мырза жігіт» «бойжеткенім»

=18=


«Күлімқозым» деп ат қояды. Кейде ерсі мінездеріне қарай күлкілі ат қоюы да мүлекін. Мұның бәрі сыйластықтың белгісі ретінде қаралады.

Жолы болар жігіттің женгесі шығар алдынан.

Ағам женгем сай.

Қыздың сырын жеңгесі білер.

Қайының (ер) – женгелер үшін күйеуінін

Да келін үшін үлкен сын.

«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

« Келелі сөзді келінге айтады»

« Келінің бетін кім ашса –сол ыстық..

Абысым (әйел) –Ағайынды жігітердін әйелдері бір-біріне «абысым» болады.

Абысындар өз-ара жақын, сырлас, мұндас болады, бірігін ынтымақты жұмыс істейді. Бір-бірің өкпе, назын, әзілқалшынын сайлысымен көтереді. Абысындардын үлкені «шешей», кішісі «келін» деп аталады.

Халықтын тағылымдары

«абысын асы» деген дәстүр бар. Ері жалға шыққанда олар абысындарын шақырып, дастархан жайып, әңгіме –дүкен құрады. Бұл дәстүр олардың сайластық, татулық, бірлік-ынтымағының белгісі әрі ұлтық тәрбиенің бір түрі.

«Абысын тату болса –ас көп,

Ағайын тату болса –ат көп.

Қыз (әйел) –Ата –ананың, ауылдан сүйікті баласы. Оң жақта отарған байжеткен. Елдің назы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз –ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяуласы, басқа елдің болашақ келінгі, анасы, «Қыз -өріс, қыз –қонақ» деп туған туысқандары оларды аялап мәжелеп өсірген. Қыз қатты сөз айтылмауға тиіс.

Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Бір рудың ұзатылған қызы жас, кәрілігіне қарамастан сол елдің «қызы» деп аталады, ауыл адамдары туыс –туғандар оны «Қыз деп атап дәріптейді. Үлкендер оны «Қыз деп атап дәріптейді. Үлкендер оны «қызымыз» деп, кішілері «апай» деп ерекше сыйлауға, сәлем беруге тиіс.

Қыз ауыл ақсақалдарымен, жаз болса отырады. Жеңгелеріне әмір бере сөйлеп, мен сенің қожаңмын деп айбат көрсетуге де жақсы бар. Жеңгелері оны мойындап, айтқанын көтеруге тиісті. Будан олар арасындағы татулық пен сыйластық қалпы бұзылмайды. Қыздын сыбағасы-төс, орны-төр, жолы үлкен деп есептеледі. Қызға кәрі жілік, өкпе тартылмайды.

«Қызы бар үйдің –назы бар,

« Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе жардің көркі,

Төркін «туытық атау) –Ұзатылған ( тұрмысқа шыққан) қыздың туыс –туғындары «төркін» деп аталады. Қыз үшін жоғарыда айтылған үш жұрттық бірі осы төркін жұрт. Төркін деген сөз әйел адамға қолданылады. Алайды ол оң жақта отырған (тұрмысқа шықпаған) қызға қолданылмайды. Бұл ұят әрі әбестік болып саналады.

Төркін десе-қыз төзбейді,

Көкпен десе-түйе төзбейді.

Төре қыз төркінін танымас.

Төркіні жақын қаздын төсегі жиналмас.

Кіндік шеше (әйел) –нәресте туғанда оның кіндігін кескен әйел осылай деп аталады. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шешеге кіндік кескені үшін жылқы, сияр тғы басқа мал, қамбат бұым беріледі. Бала үшін кіндік шеше өте қадірліадам.Оны өз анасынан кем санауға болмайды. Кідік шешенің баланын өз шешесімен таласып, «бұл менің балам» деп айтысып жататын күндері де болады.

Тәлім –тәрбие, дәстүрде кіндік шешенің орны бөлек екенін ұмытпаған жөн және балаларға кіндік шешесін таныстырып қою керек. Бала кіндік шешеге де тартады.

Өгей әке (ер), өгей шеше (әйел) –тағдырдың жазуымен кейде ер адам екінші рет үйленіп, әйелге екінші біреуге тұрмысқа шыққанда оның балаларына екінші әкесі немесе шешесі «өгей әке»,

Өгей шешенің өңі кірмес,

Шешең өгей болса әкең өзіндікі емес

Әменгер(ер) –күйеуі қайтыс болған әйелдін иесі және оны әйелдікке алуға жақы бар адам.Қазақ дәстүрі мен заңы бойынша әменгерлікке қайтыс болған адамның туған немесе жақын қайнағалары мен қайнылары жатады. Бұл жерде олардың жасы мен дәулеті, отбасылық жайы және ескеріледі. Кейде жайыр әйелге таңдау беріледі. Мұндай жағдай халық биіне жиі кездеседі. Шариғат жолында қайтыс болған жігіттің әкесі келіне әменгер бола алмайды.

Ерден кетсе де,елден кетпейді.

Балалы үйрек көлден кетпес,

Балалы әйел елден кетпес.

Әмеңгердің де әмірі бар.

Жесір (әйел) –деп күйеуі қайтыс болған әйелді айтады. « Жетім бала, жесір қатын» деген сөз тіркесі осыдан шаққан. Күйеуі қайтыс болса әйел сол рудың « жесірі» деп аталады. Күйеуінің туған-туыстары әйелге және оның балаларына әрқашан Қамқорлық жасап отырады. Немесе жесір әйел өз қалауы бойынша жақындарының біріне әменгерлік жолмен тұрмысқа шығады. Бұрынғы кезде жесір әйелге басқа бір елге кетуге немесе тұрмысқа шығуға рұқсат берілмеген. « Бір жаманы үйленіп жеңгесіне, Бір жақсысы-жесірін қанғыртпаған» деп дәл суретеген.

Жесір қатын желбуаз.

Жас өседі, жесір жетеді.

Жетім (ер әйел) -әкесі мен шешесі немесе әке-шешесі бірдей қайтыс болған балаларды « жетім» дейді. Кейде бір рудын жетімі деп те аталады. Әке шешеденайрылу жас бала үшін өте ауыр қайғы әрі өмір азабы. Алайда, жақын туған-туыстары қамқорлыққа алуы немесе асырап алуы керек. Бұл өте зор адамгершілік іс. « Кіле де кім өзінің немесе өзгелердін жетім балаларын балиғатқа толғанша тәрбиелеп, адам етіп өсірсе, оның орны жәннат болады»-деген Махамбат Пайғамбар.

Жетім бала кекшіл.

Жетім, жетім демеңіз.

Жетімнің ақысын жеменіз.

Л-мүліктін иесі. Егер әкесі, шешесі қайтыс болса оның жиғантергені, барлық қазына мал-мүлік оның баласына қалады. Ол баланы мұрагер деп атайды.

Мұрагер бірнешеу болса мұра қайтыс өсіеті бойынша немесе заң жолымен шешіледі.

Аға өлсе- іні мурагер.

2. Нағашысы жұрт

Нағашысы «ер. әйел) –ананың төркін журты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртын «сыншыл» дейтін үш жұртық ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудын барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді, керісінше оның азаматығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.

Нағашы журттық еркек -әйелдердін жиендері « нағашы ана» « нағашы женге», «нағашы қарындас», нағашы іні», нағашы аға», нағашы ата », «нағашы әже» деп атайды.

Балалығаң устаса –нағашыңа

Өзі жаман туады. Нағашысынан бар көреді.

Нағашымен күрескен көреді жиен жығылады.

Жиен (ер, әйел)-қыздан туған бала. « Қыздан туғанның қиығы жоқ яғни бөтендігі жоқ» дейді халық.Нағашы ауылы үшін ерке, әрі аса құқылы бар адам осы жиен. Ол нағашыларынан нені қаласа да үш рет алуға қақулы, ал нағашылары қымбат зат болса да оны сөзсіз беруге тиіс. Оны –«жиен-құрық» деп атайды. Жиен сол елдің келешілігін, қатесін ойынды-шынды батыл айтып отырады. Осындай батыл сөздер үшін нағашылары «жиен ел болмас» деп мақалдайды. Сонымен бірге «жиен мыңнан үлкен» деп тағы да қатты сыйлайды. Нағашылы- жиенділер кездескен жерде бір-бірімен әділдесіп, ойнап –күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. «Балалығын устаса нағашыңа бар» деген осыдан шыққан. Нағашы мен жиен бірін-бірі ешқашан күндемейді, керісінше олар бірін-бірі жақсы болса мақтаныш тутады.

Жиен кейде нағашылардан қыз алады. Оны жиен-күйеу дейді. Әрі жиендігіне, күйелігіне басып ол еркілікті адам әрі жиендігіне, күйеулігіне басып ол еркілікті одан әрі үдете түседі.

Ал нағашылары әрі қайнылары оны көтере береді.

Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен,

Жиен назары жаман.

Жиен келді дегенше- жеті бөрі келді де.

Жиен ел болмас, желке ас балмас.

Жиен ел болады-малы болса.

Желке ас болады-жалы болса.

Жиеншар(ер,әйел) –жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады. Оның баласы «дегеншар», оның баласы «көгеншар», оның баласы «жүрекжат», оның баласы «туажат» деп аталады.Кейбірлеулер «жүреат» пен «таужатты», «шөпшектен» кей»н тіркейді. Бұл әлі анықтай түзіду қажет етеді.

Бөле (ер,әйел) – апалы-сінілі қыздардын бал аналиайды. Олар да нағашы-жиенді адамдар сияқты бір-бірімен әділдесіп ойнайды. Нағашыларына барғанда екеуі бірігіп кетеді. Олар тату жүреді. «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату»-деген әдемі мақал бар.

Ең жақын бөлелерді яғни бір жануядан өрбіген өыздардын балаларын баласын « қарын бөле» дейді.

Екі аяқтыда бөле тату,

Төрт аяөтыда бөта тату.

Жөн сұраса келе қарын бөле шығады.

3. Қайын жұрт

Құда(ер) –қыз алып, қыз беріскен ер адамды «құда» деп айтады. Құдалық жолмен келген адамдардың үлкенін немесе жолы үлкенін ( басшысын) бас құда деп атайды. Қыз бен жігіттің әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады. Бұл ертеде құда болғандар құдалыққа сойған қойдын бауыздау қанына құдалардын қол батырып, бірін-бірі тануынан шаққан екен. Аталған құдалардын рулас туған-туыстары да бір-біріне құдалы яғни «құда, құдағи» болып саналады.

Құдалар қазақ арасында өте сыйлы, құрметті адам, төрде отырады. Оған арналуы мал сөйылып, бас, жамбас, тартылады. Халық «құданы құдай, досы періште қосады» «Құда мың жылдық» жейді. Кейде ежелгі құдалар бұрынғы құдалық сыйластықты жылғастыру үшін тағы да құда түсіп, қыз алып, қыз беріседі. Муны « сүйек жанғырту» дейді. Құдалықтын басқа да түрлері бар. Құдалар әлі тумаған іштегі балаларына да құда түседі. Мұны «бел құда» немесе кей жерлерде « қарып құда», « құрсақ құда» деп те айтады.

Кейбірлеулер бесікте жатқан ұл, қыздық бірін-біріне аттастырады. Мұны «бесік құда» дейді. Кейде қыз берген құда, сол құдасының қызын өз ұлына келін етіп алып береді. Мундай құдалық «қарсы құда» деп аталады.

Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық

Қуданы құдай қосады,

Үйірі басқаны ноқта қосады.

Алыс жерге құда болсан-түйе ас келер.

Жақын жерге құда болсаң

Түйе-түйе сөз келер.

Құдай ұрған құдасымен ұрыссар.

Құдағи (әйел)- құдалардың бәйбішелері (әйелдері) яғни қыз бен жігіттің әке –шешелері немесе құда жағынан әйелдерді құдаға деп аталады. Құдасына келгенде бұларды сыйлы кісілер ретінде құрмет көрсетілеу тите « Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш –дегендей келін анасына қарап бағаланады. Бас қосуда немесе жол-жора кезінде жол құдағиға тиеді.

Құдағи басқа қонақтардан жоғары отырады.

Құдағи сыйымен жарасады

Қуырдақ майымен жарасады

Құрдақ құрдасындай болсын,

Құдағиын сырласындай болсын,

Қайын ата (ер) -әйелге күйеудін әкесі, күйеуге әйелдін әкесі «қайын ата» деп аталады. Бұл кісілерге өз әкесіндей құрмет көрсеткені жөн. Күйеу баласымен келіні ата дейді.

Қанша жақсы болса да

Ата әкемдей болмас,

Ене шешемдей болмас.

Қайын ене ( әйел) -әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші атасы.

Ене елдің үлкен-кішісі мен жақын- туығын, туыс-туғанын келінмен таныстыруға тиіс.

Үй тәрбиесі, қазан жабдығы, бала тәрбиелеу, халықтың салт-дәстүрін түсіндіру де ененің міндеті. Ененің айтқанын келін үшін –бұлжымас жарғы. Ене мен келін тату –тәтті, сыйласып өмір сүруі керек.

Ақ қалпақты көрінсе-атаскем демеймін бе,

Ақ жаулықта көрінсе енекем демеймін бе,

Келін қайынененің топырағынан жаралады.

Өкіл әке(ер), өкіл шеше (әйел) –жас келін басқа жерге түскеннін кейін өз әке-шешесін сағынады. Мұңаяды. Жанында бұрынғыдай жақын –жуық, достары да жоқ. Сондықтан барған жерінде жас келінге өз әке-шешесі орнына жүретін өкіл шеше белгіленеді. Оған сый-сияпат ұсынылады. Ол жас келінге өз қызындай қарап, қамқоршы болып, ақыл береді. Бұл дәстүр Қазақстынның оңтүстігіне кездеседі.

Ағаеке (аға-еке), (ер)- келін өзін әкелуге (көбінесе бас құда) құда болып барған адамды «ағаекем» деп қабылдайды және солай таниды. Оны басқа қайнағаларынан гөрі жақын тартып, өкпе-назы, өтініші, шаруасы болса соған айтады. Ағаекесі оны жерге қалдырмай тыңдап, қажетті жерінде қолдап, көмектесіп, сөзін сөйлеуге тиіс.

Құдаша (әйел)- егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағынан «құдаша» болып саналады.

Құдағи мен құдашаның орны мен мағынасы мүлде бөлек. Оны шатастыруға болмайды.

Дәстүр бойынша құда ауылының жастары құдашалармен ойнап, күліп, әзілдесіп отырады, бірақ әдептен аспауы тиіс. Сонымен бірге олар сыйлы, құрметті жастар деп саналады.

Құдашамен құда ойнар,

Қошақанмен бөрі ойнар.

Құдабала (ер)- жігіттің немесе келіннің інілері- жас балалар «құда бала» деп аталады.

Құдалар жағы онымен әзілдесіп, ойнап отырады. Құда балалар

асы бір –біріне «бөле» болады. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын ілік қатарына жатады, бөтенге с « Өгей шеше « болады». Балаларын да «өгей бала» дейді. Айтылуы өгей дегенмен бұл кісілердін немесе балалардың бірін-бірі жатырқамай, кейде туған әке –шешеден де артық жарасып кететіреді жиі кездеседі. Әдеп бойынша бұларға «өгей» деп айту, ескерту әбестік болып саналады. Дегенмен кейде өгей шеше мен әкенің балаларға қаталқарайтыны рас, Ойынға ашуланбай, оларға ұтымды сөзбен жауап қайтарып отыруға тиіс. «құда бала, құйрығы шұбар бала»

Қалындық (әйел)- күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта отырған бойжеткенді осылай атаған.

Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда түсңп қойған қызға ешкімнің құда түсуіне хақы жоқ.

Әкеміз күйеу, шешеміз қалыңдық болған.

Қалыңдығына өкпелеген қайнағасына сәлем бермейді.

Күйеу (ер)- бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі де, сол ел оның қайын жұрты деп аталады. Қайнылары алдында күйеудің жолы кіші болғанымен, сыйлы адамдардың бірі. «Әзілің жарасса- атаңмен ойна» деп, күйеу де біріспейді.

Бірақ бұлар сыпайы әзілдеседі. Күйеу еркелей де алады, ойын арасында «осы елден тағы бір қыз аламын» деп айтуға толық хақысы бар. Оның бір сөзін ешкім ерсі көрмейді. Күйеу жақсы, сыйлы болса үлкендердің өзі «Е, береміх ғой» деп мәрттік танытады. Әйелінің ағалары күйеуге қайнаға болады. Әйелінің ағасы күйеуден жасы кіші болса да қайнаға дейді.

Күйеу әйелінің апаларын «Қайынбикем» деп, сіңілілері мен інілерін «Балдызым» деп, онымен әзілдесіп ойнап береді. Кейде күйеудің әйелі қайтыс болса, онда оның қайын жұртына тағы бір қыз (әрине жас болса) алуға, сұрауға хақы бар. «Күйеу- жүз жылдық» деген сөз осындайдан қалса керек. Қонақасы бергендекүйеуге төс тартылады.

Күйеу төрге отырмайды, бас ұстамайды. Жас күйеу табаққа бата бермейді.

Күйеу жүзден үлкен, жиен мыңнан үлкен.

Күйеу келсе- қыз тұрмас,

Пайғамбар да күйеуін сыйлаған

Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

Жаман күйеу қайынсақ.

Жезде (ер)- әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдеседі. Олар тату болады. Дәстүр бойынша балдыздары жезденің құлағынан тартып ойнайды.

Балдыздың әйелі жездеге келін болады, бірақ ол да «жезде» деп әзілдесуге хақы бар. «жезде- балдыздың жанашыры, қамқоршысы. Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ деген де жезденің беделін көтере түсетін сөз.»

Апама жездем сай.

Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ.

Жетім бала секілді жездем бақыр.

Қайынбике (әйел)- әйелінің апалары күйеуге қайынбике болады. Ол да күйеу баламен ойнап, әзілдеседі. Алайда ол балдыздардай емес, көбінесе әдеп сақтап отырады.

Балдыз(ер, әйел)-әйелінің інілері мен сіңілілері «балдыз» деп аталады. Жезде мен балдыз бір-бірімен өте тату болады, бірін-бірі ренжітпеуге тырысады. Олардың жарасымды әзіл, қалжындары өле-өлгенше таусылмауға тиіс. Мұндай әзілде апалары да туыс жағынан бұрылып кетеді. балдыз жезде үшін ең жақын адамдардың бірі.

Балдыз балдан тәтті.

Бажа (ер)- апалы-сіңілілі қыздардың күйеулері бір-біріне бажа болады. Қайын жұрт арқылы жалғасатын ілік. Олар бірін-бірі көргенде әзілдесіп қалады.

Олар өздерін бөтенбіз деп есептемейді, қолдан келгенше көмек жасап, бірін-бірі қатты сыйлайды. Алайда қазақтың «ілік жаманы-бажа» деп мақалдайтыны тағы бар.

Бұл сөз де тегін айтылмаса керек.

Құс жаманы-шажа,

Ілік жаманы-бажа.



Пайдаланған әдебиет.

Сейіт Кенжеахметұлы «Туыстық атаулар сыры» 2003.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет