Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет104/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
Абразивтер — абразивті аспапты дайындау үшін қолданылатын ұсақ 
түйіршікті, өте қатты табиғи және жасанды заттар (алмаз, корунд және т.б.).
Автокөлік жолының категориясы — Ресейдің жалпы көлік желісіндегі 
жолдардың шаруашылық мәнін және жолдардағы қозғалыс қарқынын сипаттайтын 
көрсеткіш.
Агрегаттық жөндеудің жылжымалы шеберханасы — машинаға агрегаттық 
әдіспен ағымдық жөндеу жүргізуге арналған жылжымалы шеберхана, оның 
шанағында детальдар мен жөндеу қорының жиналмалы бірліктерін тасымалдауға 
арналған, жауын-шашыннан қорғайтын алаңқай болады.
Ағаш балға  — қаңылтыр жұмыстарына арналған ұратын беті тегіс ағаш балға.
Айналыс жиілігі — айналатын дене айналыс санының айналу уақытына тең 
шама.
Ақаулы жағдай — машинаның нормативтік-техникалық және (немесе) 
конструкторлық (жобалық) құжаттама талаптарының біреуіне ғана сәйкес 
келмейтін жағдайы.
Ақаулық — бұйымның (өнімнің) бекітіліген талаптарға әрбір жеке 
сәйкессіздігі.
Ақаулықты анықтау  — оның машинада бар немесе жоқтығын анықтау.
Ақаулықты жою — детальдардың техникалық жағдайын бағалау және 
оларды техникалық талаптарға сәйкес топтарға бөлу үдерісі.
Ақаулықты іздеу — машинаның жиналмалы бірлігіндегі ақаулықтың орнын 
белгілі дәлдікпен көрсету.
Алгоритм — машиналарды диагностикалау, техникалық қызмет көрсету мен 
жөндеу кезіндегі әрекеттердің ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы.
Алдын-ала сынақ — сынақтағы немесе жөнделген машина үлгілерін қабылдау 
сынағына ұсыну мақсатында жүргізілетін бақылау сынақтары.
Ампер — электр тогі күшінің бірлігі (А). 
Апаттық жағдай — адамдардың күюіне, улануына, зақымдануына, қоршаған 
ортаның ластануына, ғимараттар мен құрылымдардың қирауына алып келуі мүмкін 
қауіпті заттар ыдыстарының бұзылуы салдарынан болатын жарылыс, өрт, улы 
заттардың таралуы.
Ареометр — сұйықтыққа жартылай немесе толық батырылған денеге әсер 
ететін, сұйықтықтың итеруші күші кезіндегі тығыздығын өлшеуге арналған 
статикалық тығыздық өлшегіш (гидрометр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет