Көрсеткіш — белгі (немесе белгілердің жиынтығы), оның негізінде нысандар
мен құбылыстар бағаланады, салыстырылады, жіктеледі.
Крецмейсель — детальдағы жыраларды, шпондық саңылауларды қиюға
арналған жіңішке тіс.
Кронштейн — машинаның шығып тұратын бөліктерін тік жақта бекітуге
арналған тірек деталь. Кронциркуль — аяқтары арасындағы бұрыш микрометрлік бұрамамен
бекітілетін және тұрақтандырылатын циркуль.
Күпшек — дөңгелекті оське немесе білікке орнатуға арналған тесіктері бар
дөңгелектің орталықтағы, әдетте, жуандатылған бөлігі.
Күш құрылғысы — жұмыс тетіктерінің әрекеті үшін энергия көзі ретіндегі
іштен жанатын қозғалтқыш, генератор немесе гидросорғының жиынтығы.
Кілттің шапқысы — гайка кілтінің ашық аузы бар жұмыс бөлігі.
Қабылдау сынағы — сынақтағы немесе жөнделген машина үлгілерін өндіріске
қою немесе қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілетін бақылау
сынақтары.
Қажама —үйкелетін беттердегі жапырылу, бұжырлық немесе ойық түріндегі
ақаулық.
Қалайылау — қышқылданған қабатты жою мақсатында жұқы дәнекер
қабатын жағу арқылы үстіңгі бетті дәнекерлеуге дайындау.
Қалақ — балшықты жағу, бояуды араластыру, ескі бояудан тазарту үшін
қолданылатын шағын қалақ.
Қалдық қор — машинаның (жаналмалы бірліктің) мақсатқа сай қолданысының
қарастырылып отырған кезеңінен қызмет ету мерзімі толық аяқталғанға дейінгі
қоры.
Қалдықсыз технология — өндірістік кәсіпорынның жоғары тиімділік кезінде
табиғи ресурстарды аз жұмсауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын
экологиялық стратегиясы.
Қалдықтар — өндіріс пен жөндеу кезінде пайда болатын және өзінің
тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан шикізат, материал, техника қалдықтары.
Қалтқысыздық — машинаның белгілі уақыт аралығында немесе біраз жұмыс
атқарғаннан кейін жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті.