Жшс " " «Бекітемін» жшс директоры



бет1/5
Дата18.05.2022
өлшемі28.39 Kb.
#456903
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
кескіндеме


ЖШС "_________________"
«Бекітемін»
ЖШС «____________________________»
директоры: ___________________
«Кескіндеме, сурет салу» үйірмесінің 2022-2023 оқу жылына арналған
бағдарламасы

Кіріспе

Көркем сурет сабақтары моториканы жақсы дамытады. Сурет салу – ойлауды, сөйлеуді, көруді және мидың екі жарты шарларын, яғни, мидың екі бөлігін дамытады. Сурет салу кезінде мидың екі жарты шарлары да қатысады, нейрондық байланыстар белсенді түрде пайда болады. Бала сурет салған сайын, миындағы шығармашылық, өнерпаздық нейрондар бір-бірімен байланысады. Сөйтіп, кеңістіктік ақыл-ой мен қиялды дамытады. Сурет салу процесінде, нақты нәтиже алады, яғни, бала алдына мақсат қоюды, сол қойған мақсатына қадам арқылы жетуге үйретеді. Біз емес, сурет салу! Сонымен қоса, сурет салу - баланы тыныштыққа үйретеді. Әсіресе мынау, қырсық-қыңыр болудан сақтайды. Депрессияға және неврозға бейім балаларға сурет салу өте пайдалы. Кескіндеме арқылы балалар қоршаған әлемді шығармашылық тұрғыдан түсінуге үйренеді және әр адамның өзінің шындықты қабылдауы, объектілер мен құбылыстарды өзіндік көзқарасы бар екенін түсінеді.


Сурет салу - бұл эксперименттерді, шығармашылықты, объектілерді жеке көруді қамтитын процесс. Сызбада жұмыс жасау барысында бала жаңа және ерекше нәрсені жасау мүмкіндігі ретінде өзінің қателіктерін түсінуді үйренеді. Бұл тәсіл суретшінің еркін болуына, тәуелсіз және табысты болуына көмектеседі. Бұл дегеніміз, баланың миында шектеу болмайды. Яғни, шаблон болмайды. Сурет сала білген бала, шектеусіз, істей алмайтын , адам миына сыймайтын дүниелерді ойлап табуына көмегі өте зор. Суреттермен танысып, бояғышты таңдап, жұмысты жетілдіре отырып, бала нюанстарды ажырата білуге, жалпылама және ерекше көрінуге, салыстыруға үйренеді.
Сурет салу балаларға эстетикалық тәрбие тұрғысынан беретін басты нәрсе - бейнелеу өнері арқылы дүниежүзілік мәдениетпен танысу. Яғни, табиғатты, жан-жануарларды, жалпы дүние жүзін көре отыра және оны салып мұқият танысады. Сөйтіп, бала табиғатқа жақын болады. Табиғатқа жақын болған бала мейірімді, кең пейілді, адал болады. Ассоциативті ойлауы кең дамиды. Сурет салу - оқушыларға математикалық, физикалық модельдерді түсінудің және басқа пәндерді игерудің кілті ретінде маңызды.
Үйірме сабағы балалардың көркем қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар, сурет салу процесінде коммуникативтік дағдыларын да дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың сурет салу барысында белгілі бір білім, білік, дағдыларын меңгеруі, балаға өз қабілетін анықтап, түсінуге қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет