Сабақ Сабақтың тақырыбы: Математиканы оқыту әдістемесі пәні Сабақ мақсаты математиканы оқыту әдістемесі пәнімен танысып,талдау



бет1/14
Дата10.10.2023
өлшемі45.69 Kb.
#480315
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
практика дайын


1 Сабақ


1.Сабақтың тақырыбы:Математиканы оқыту әдістемесі пәні
2.Сабақ мақсаты математиканы оқыту әдістемесі пәнімен танысып,талдау
3.Оқыту әдістері Дәріс слайттары мен интерактивті тақтаны пайдалану
4. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1) Математиканы оқыту әдістемесі


2) Жалпы математика ғылымының даму тарихын неше кезеңге бөледі
3) Математиканың пайда болу кезеңі
4) Элементар математика кезеңі
5) Айнымалы шамалар математикасының даму кезеңі
6) Қазіргі математика кезеңі.
7) математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты сұрақтарға жауап іздейді
8) Математиканы оқыту әдістемесінің міндеті
9) Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы міндеттері
10) Әдістеменің дамуына
11)Осыған орай жеке міндеттер
12) Математиканы мектепте оқыту
13) Математикада жаңа идеялар мен әдістер
14) математика тарихы
15) Математиканы оқыту әдістерінің жүйесі

1-тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына талдау жасаңыздар.


2-тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.


3-тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі:


1) Математиканың пайда болу кезеңі.
2) Элементар математиканың қалыптасуы.
3) Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі.
4) Қазіргі математика кезеңі. Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдіс- тәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?

4-тапсырма. Орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады?


5-тапсырма. Орта мектепте геометрияны оқыту 3 кезеңде өтіледі: 1) 5-6 сыныптар; 2) 7-9 сыныптар; 3) 10-11 сыныптар. Әр этап бойынша геометриялық материалдың мазмұны мен әдістемелік негіздерінің оқытылуына сипаттама беріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет