Режимдік сәттер, іс-әрекет
|
Балалармен жұмыс құралдары мен түрлері
|
Балаларды далада қабылдау
|
Балаларды қабылдау, әр балада жайлы психо-эмоционалдық көңіл-күй қалыптасуына жағдай жасау. Серуендеу, балалармен әңгімелесу, басқа балаларды қабылдап болғанша өз бетімен еркін ойнауға немесе басқа балалармен бірге ойнауға болатын ойын түрлері,
ойыншықтары бар ойын алаңдарын дайындау және т.б.
|
Таңғы гимнастика
|
Бала ағзасының физиологиялық белсенділігін арттыратын ойын, жүгіру, ырғақты қимыл-қозғалысты қамтитын кешенді гимнастикалық жаттығу түрі. Жаттығу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын
бақылауда ұстау.
|
Гигиеналық шаралар
|
Салқын сумен жуыну. Сүртіну. Шектеу шараларына байланысты залалсыздандыру үшін қосымша санитарлық талаптар қойылған болса орындау. Қажеттілігіне қарай, балаларға көмектесу арқылы өз-өзіне
қызмет етуге баулу (педагогтің көмегі, бір-біріне көмектесу).
|
Таңғы асқа
дайындық
|
Балалармен бірге ойыншықтарды орнына жинау, олардың
жауапкершіліктерін арттыру мақсатында кезекшілік ұйымдастыру. Тамақтанар алдында қол жуу ережесін сақтап жуғызу.
|
Таңғы ас
|
Ас қабылдау алдында бір-біріне жақсы тәбет тілеп, лебіз айтуға үйрету. Тамақтану ережесін сақтау, ас құрал-жабдықтарын дұрыс
пайдалану. Әдепті тамақтану.
|
Тәрбиеші
мен балалардың еркін әрекеті
|
Балалардың білім, білік және дағдыларын еркін іс-әрекетте көрсетуі үшін заттық-кеңістіктік ортаны дайындау. Балалардың өз бастамасы бойынша ұйымдастырылған ойындарға еркіндік беру. Қажеттілігіне қарай жеке жұмыс түрін ұйымдастыру. Проблемалық жағдаяттарды шешу. Балалардың қызығушылықтары бойынша дамыту жұмыстарын мақсатты ойын арқылы, танымдық-зерттеушілік жұмыс, музыкалық-көркем образ, қимыл-қозғалыс, коммуникативтік
байланыс, оқыту, еңбекке баулу арқылы қамту.
|
Серуенге дайындық
|
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Киінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Бір-біріне көмек көрсету (тәрбиешінің және белсенді балалардың көмегі), серуенге мотивация (мазмұны, проблемалық жағдаяттар), көркем сөзбен ынталандыру (мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, өлеңдер).
Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
|
Күндізгі серуен
|
1) Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру (қимылды дидактикалық ойындар, ережелері бар қимылды ойындар, ойын жаттығулары, жарыстар, ұлттық ойындар және басқа). Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Мақсатты серуендер, танымдық әңгімелер, бақылаулар, табиғатты бақылау тәсілдерін көрсету, сенсорлық бақшадағы тәжірибелер.
Балалардың шынайы өмірді көркем-эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.
Аумақтық кеңістікте немесе оның сыртында табиғатты тамашалау. Сенсорлық бақшада тірі және өлі табиғат нысандарын, табиғат құбылыстарын бақылау. Балалардың дербес шығармашылық әрекетіне мүмкіндік беру.
|
|
Еңбекке баулу үшін балабақша ауласында баланың қызығушылығын оятатын кеңістік құру.
Балаға ересектердің еңбек етуін бақылату және оларға көмектесуге, бірлесіп жұмыс істеуге тарту.
Балалардың ойын, идеясын жүзеге асыру. Серуенге алып шыққан заттарымен ойнату.
Музыка жетекшісі мен дене шынықтыру нұсқаушының жоспары бойынша жүргізілетін шаралар немесе бірлескен жұмыстар.
|
Серуеннен оралу
|
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Шешінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Ұқыптылық дағдыларын үйрету, киім
мен аяқ киімді дұрыс күтуге және орнына жинауға қалыптастыру. Бір- біріне көмектесуге баулу.
|
Гигиеналық шаралар
|
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап жуыну. Шектеу шараларына байланысты залалсыздандыру үшін қосымша санитарлық талаптар қойылған болса, оны орындау. Қажеттілігіне қарай, балаларға көмектесу арқылы өз-өзіне қызмет етуге баулу (педагогтің
көмегі, бір-біріне көмектесу).
|
Түскі асқа дайындық
|
Қажет болса, тамақтанар алдында балалармен бірге ойыншықтарды орнына жинау, қолдарын жуғызу.
|
Түскі ас
|
Ас қабылдау алдында бір-біріне жақсы тәбет тілеп, лебіз айтуға үйрету. Тамақтану ережесін сақтау, ас құрал-жабдықтарын дұрыс
пайдалану. Әдепті тамақтану.
|
Күндізгі ұйқы
|
Баланың психофизикалық әлеуетін қалпына келтіру. Желдету.
Тыныштық режимін сақтау.
|
Ұйқыдан тұру
|
Балаларды ұйқысынан ояту. Балалар ағзасының физиологиялық белсенділігін арттыру мақсатында ояту гимнастикасын жасату (шынықтыру жаттығулары, тренажерлық жүгіру жолдарын пайдалану, музыкалық жаттығулар, қимыл-қозғалысқа құрылған санамақ және
басқа).
|
Бесін асқа дайындық. Бесін ас.
|
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру (жуыну, тамақты шаю). Гигиеналық емшараларды орындау технологиясының алгоритмін сақтау.
Үстел басында өзін әдепті ұстауға қалыптастыру.
|
Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті
|
Балалардың қызығушылықтарын мақсатты ойын арқылы, танымдық-зерттеушілік жұмыс, музыкалық-көркем образ, қимыл- қозғалыс, коммуникативтік байланыс, оқыту, еңбекке баулу арқылы дамыту (оның ішінде өңірлік ерекшелікті ескерумен). Балалардың ойы мен идеяларын ескеру арқылы олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік
беру.
|
Серуенге дайындық
|
өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Киінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Бір-біріне көмек көрсету (тәрбиешінің және белсенді балалардың көмегі), серуенге мотивация (мазмұны, проблемалық жағдаяттар), көркем сөзбен ынталандыру (мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, өлеңдер).
Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
|
Серуендеу
|
Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру (қимылды дидактикалық ойындар, ережелері бар қимылды ойындар, ойын жаттығулары, жарыстар,
ұлттық ойындар және басқа). Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.
|
|
Мақсатты серуендер, танымдық әңгімелер, бақылаулар, табиғатты бақылау тәсілдерін көрсету.
Еркін ойындар, балалардың ойын, идеясын жүзеге асыру.
Серуенге алып шыққан заттарымен ойнату.
|
Үйге қайту
Ата-анаға кеңес
|
Ата-анамен күн нәтижесі және алдағы күнге жоспарланған күн
тәртібі туралы әңгімелесу. Жеке кеңестер, пікір алмасу.
|
|